Файл: Шебер, дгелек, оларды элементтері мен бліктері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 47

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Мурзагалиева Гульнар Изимовна

Пән/Сынып:

Геометрия, 7 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

1-апта 27-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

7.4А бөлім Шеңбер. Геометриялық салулар

Сабақтың тақырыбы:

Шеңбер, дөңгелек, олардың элементтері мен бөліктері .

Оқу мақсаты:

7.1.1.31 нүктелердің геометриялық орнының анықтамасын білу;

7.1.1.28 шеңбер мен дөңгелектің және олардың элементтерінің (центр, радиус, диаметр, хорда) анықтамаларын білу;

7.1.1.29 центрлік бұрыштың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану;

7.1.1.30 шеңбер диаметрі мен хордасының перпендикулярлығы туралы теоремаларды дәлелдеу және қолдану;

Бағалау критерийі:

Оқушылар осы тақырып бойынша білу, түсіну, талдау, қолдану, анализ, синтез ойлау дағдыларын қалыптастыруы тиіс.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру

Тақырып, мақсаттармен таныстыру

Не меңгеретінін білу үшін

Мұғалім оқушылардың мақсатпен танысқанын бақылайды




Презентация №1 бет

7-8 минут

Қайталау сабақ

Қайталау сабақты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру

Қайталау тақырыпты меңгеру

Оқушылардың жаңа сабақты цифрлық ресурстар арқылы игергендерін бақылайды




Презентация №2-4 бет

8 минут



Тәжірибе

1,2 тапсырма орындау (тілдік мақсат орындалу керек)

Қайталау тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру

Оқушылардың жаңа тақырыпты практикалық жұмыс жасау арқылы меңгергендерін бақылайды

Бағалау критерийлерін ұсыну

Презентация №5-6 бет

3 минут



Бекіту

Жеке тапсырма ұсыну

Тақырыпты меңгергенін анықтау

Жаңа тақырыпты меңгерудегі кедергілерді анықтау, түзету жұмыстарын жүргізу

Бағалау критерийлерін ұсыну

Презентация №7-8 бет

Ұжымдық жұмыс

Жаңа сабақты түсіндіру

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Анықтама. Берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелерден тұратын геометриялық фигура шеңбер деп аталады. Берілген нүктені шеңбердің центрі деп атайды. Шеңбердің кез келген нүктесін оның центрімен қосатын кесінді радиус деп аталады.


О нүктесі – шеңбердің центрі,

АО – радиусы.

Белгіленуі: R немесе r.

(O, R) – центрі О нүктесі болатын,

радиусы R-ге тең шеңбер.

Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесіндін хорда деп аталады. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорданы диаметр деп атайды. Диаметр – ең үлкен хорда. Шеңбердің центрі диаметрдің ортасында жатады.


CD, AB, EF – хордалар,

AB – диаметр, AB=2R.

Шеңбердің бөлігі доға деп аталады. Доғаны «» белгісімен белгілейді. Шеңбердің кез келген екі нүктесі оны екі доғаға бөледі.

Екі радиустың арасындағы бұрыш центрлік бұрыш деп аталады.

А ОВ бұрышы – центрлік бұрыш. АВ доғасының градустық өлшемі АОВ центрлік бұрышының градустық өлшеміне тең.
Жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігін дөңгелек деп атайды.

1. Шеңбердің радиусы 2,5 см-ге тең. Шеңбер хордасы 6 см- ге тең болуы мүмкін бе?

Шешуі: D =2 R =2*2,5=5см

d = 5 см, хорда 6 см болуы мүмкін емес

№2. Шеңбердің АВ хордасы АО радиусына тең. АОВ бұрышы неге тең?



Шешуі: АОВ үшбұрышы дұрыс үшбұрыш, олай болса, АОВ бұрышы 600-қа тең.

1. Радиусты диаметр арқылы өрнекте. Диаметрді радиус арқылы өрнекте.

Шешуі: D =2 R; R = D/2

2. Артығын тап, негізде.

  • Центр

  • Радиус

  • Доға

  • Диаметр

  • Ұзындығы

  • Хорда

  • Көлем

  • Циркуль

  • Транспортир

  • Градус

  • Сызу


Жауабы: Көлем, себебі шеңбер де, дөңгелек те жазықтықтың фигуралары. Жазықтық фигураларыының көлемі болмайды.