Файл: Кркем ебек сабаында дизайн элементтерін олдану мселесі таырыбында баяндама.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 86

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мұғалімді даярлауда міндетті түрде сабақ жоспарын (конспектілерін) жазуды үйрету кіреді. Түрлі оқу мекемелерінде бұл іс–әрекет түріне түрліше байқалады, дегенмен барлығына ортақ тұстар бар. Ереже бойынша сыныпты атау, сабақ тақырыбын, мақсатын, міндеттерін, құралдарын атап, минут бойынша уақытты біліп сабақ жоспарын жазу және сабақ барысында қолданылатын әңгімелер мазмұнын жазып, пайдаланылған материалдарды, сабақтың әр кезеңіне деген әдістемелік ұсыныстарды жазу керек. Мүмкіндігінше материалдарды орналастыру жоспарын тақтада құрса жақсы, мұнда сабақ конспектісіне көрнекі құралдарды пайдаланған жөн.

Бейнелеу өнеріне үйрету тек қабылдау арқылы ғана практикалық іс –әрекет арқылы да жан дүниені байытады. Көркемдік –шығармашылықпен байланысты әсемдік ақ көңілділікпен алғашқы сабақтары бала өмірінде өмір бойы қалуы мүмкін. Бала шығармашылығына байыппен қарау және оған басшылық ету –сәттіліктің негізгі кездері.

Ең алдымен баланың шығармашылығының дамуна жағдай жасау керек, оның түрлі шығармашылық материалмен жұмыс істеуге, бейнелеу өнерінің тілін түсінуге үйрету керек, көркемдік айқындылық құралдарын пайдалана білу керек. Бұл кезде балалардың ылғидағы көрермендік елестетуін байытып және оларда бар тәжірибені актуалдау қажет.

Содан соң ақырындап бейнелеу сауатын меңгеру арқылы бала қызықты қол жетерлік, кейде ойындық түрде шығармашылық мәселені шешуге дайындалады. Уақытқа сай түрлі әдістермен осылайша оыту әкімнің қабілетін жақсы ашуға себепші болады. Біреулер графикалық салуды, екіншілер кескіндемелік материалды таңдайды, ал үшіншілері декоротивті немесе дизайнерлік композиция құруды ұнатады. Барлықтары үшін өз шеберліктерін іс –әрекет түрінде жүргізуге мүмкіндік туады және «Бейнелеу өнері» пәні түрлі білім алады. 

 Бастауыш мектеп балаға бастапқы әдемілік, сәндік, өнер, табиғат, сондай-ақ дизайн туралы түсінік береді. Оны қазіргі цивилизациясының символы деп қарауға болады.

Суретші дизайнерлер балаларға арнап ойыншық және ыдыс, киім, мебель т.б. түрлерін ойнау үшін дайындайды.

Дизайн – заттардың, үйдің, ішкі бөліктердің көркемдік құрылымы, өнеркәсіп бұйымдарын әсемдік көрікте жобалау. Дизайн, архитектура, бейнелеу және сәндеу өнеріне де қатысты.

«Балаларға арналған дизайн» және «балалар дизайны» дегенді айыра білу керек. Дизайнда баланың ойлау қабілетін ғана дамытпайды және қорытынды шығаруға да, жалпы баланың дамуына әсер етеді. Ересектер тобында балалар бейнелеу өнерінің кейбір түрлерімен таныса алады.


Балалардың дизайнмен айналысудағы іс-әрекеті өздерін үлкендер әрекетімен салыстыра жаңа мінезі пайда болады. Баланың шығармашылық ойлау қабілеті дамып, қарым-қатынаста өзін-өзі ұстауы, өзіндік ұстанымы «Мен» мен «Біз» қалыптасады. Біз өнермен тірі қарым-қатынаста өмір сүреміз, балалар киім-кешектерін әшекейлеуді, бөлмені безендіруге және киімнің фасоны жасауға, ойынға дұрыс жағдай туғызады, ертеңгіліктер, мерекелік шаралар өткізу үшін мұғаліммен бірге өздері дайындап үйренеді.

Балалармен табыста жұмыс жүргізу үшін мұғалім мынаны ұйымдастырады:

- эстетикаға сай ортаны қалыптастыру, балалар бөлмесін әсемдендіріп, әдемі ішкі әлпет интерьер жасау;

- баланың бейнелеу өнеріне деген ынтасына сәйкес, оның өнерге деген ынтасын көркем-әсемдеу әрекетіне байланысты қолдану керек, олар әсем-сәендік-фольклорлық бейнелерден сюжетті-бейнелеуге, сол сәнді-пәндіктен кеңістіктік-сәндік әрекетке, қуыршақты – ойын кеңістігінен балалардың және ересектердің ішкі сәндік интерьеріне дейін;

- табиғат нысанын, ортаны, дизайндық әрекеті және оған қызығушылықты бақылау.

Баланың көркемдік жағынан дамуына тәрбиенің білімінен, кәсіптік деңгейінен және оның балаларға деген ықылысына және өнерді жақсы түсінуіне байланысты. Баланың өнерге бейімделуі, оның еркіне байланысты сақтанады: бүгін ол сурет салса, ортақ жапсырумен, таңетең құрастырумен, кешке музыка тыңдайды.

Архитектруаны – көркемдік дизайнмен айналысқанда бала үш бағытта жұмыс жасайды: қуыршақ, балалық, үлкендер ортасы. Мұғалім ретімен бала дизайнын жоспарлайды.Бастапқыда бала өз ойын алаңын әдемілейді. Олар түрлі қаттама, балалар арқылы әр түрлі сәндік бұйымдар қолданады. Өз ойын алаңында иегер санайды, өздерін қожа ретінде сезінеді. «Үй», «Жанұя», «Қуыршықтар» атынан ойнайды (1-2 сыныпта). Мұғалім көбінде осыған керекті құралдар дайындайды, бөлмеде және аулада ойынға қолданатын. Балалар үйге керекті бұйымдарды шақтап жасап үйренеді.

Баланың дизайн - әрекеті көркемдік – ойын жағдайы «Жәрмеңке», «Аукцион», «Шеберлер қаласы», т.б. жақсы көрінеді. Мысалы: шеберлер конкурсына мұғалім «Жәрмеңке» композициясын дайындайды, сауда қатары және бұйымдар өз қолөнерлерімен балалар халықтың қазынаға кілемше, саудаға керекті шәйнек, қасық, самауыр жасап саудаға қояды. Олар мерекелік бөлменің ішін безендіреді, бірінші суреттерімен, макеттерімен, сосын тәжірибеде көрсетеді. Мұғалім оқушыларға тақырыптық мерекеге залдың ішін безендіруді ұсынады. Сабақ алдында балалар залдың ішінің әлпетімен танысады. Әсіресе орталық қабырғасымен. Ең жақсы салынған суреттері таңдалып, зал ішінің интерьеріне қажетті түстерді, бояуларды таңдайды. Мереке алдында мұғалім оқушылардың өзінен талап етеді. Осындай жұмысты орындауда авторлық және коллективтік авторлық сезімі оянады.



Дизайн - әрекетінде модельер – балаларды қарастырғанда балалардың күнделікті киетін киімін ажырата алуға тәрбиелейді. Балалар киімді оның қолданысына қарай қию керек. Мода (сән) киімнің тігу, үлгісіне, түрлі халықтар мәдениетіне, салт-дәстүріне, құралдарымен мата барлығына назар аударады. Бейнелеу өнеріне арналған альбомдар көру балаларға жаңа коллекциялар құруға көмектеседі. Мысалы: Сиқыршы қаншайымға арналған коллекция жасау. Мұғалім оқушыларды түрлі маталарға фасон, фасонға сәйкес мата таңдауға үйретеді. Басында мұғалім матаның үстіне бояу мен трафарет қойып түрлі фасонға керек варианттарды ұсынады. Балалар оны бақылай өздері де қиялдарынан түрлі ұсыныстар ұсына бастайды, бұл балалардың өзін қатты қуантады.

Мысалы: Мұғалім сурет, жапсырудан жүргізгенде «Киімдер, бүгін, кешке, ертең». Балалар ертеде шаруалар, әскерлер т.б. қандай киімді кигендерін иллюстрациядан көреді. Балалар дизайнында табиғаттан алған жапырақтар т.б. қолдануға болады. Табиғаттың өлі және тірі түрлерін қолөнерде пайдалану оқушыларды әдемілікке тәрбиелейді. Баланың сенсорлық қасиетін яғни, түр-түсті ажыратуын дамыту үшін жұмсақ-қатты, жылтыр-жылтыр емес заттарды қолданады, бұл баланың көркемдік шығармашылығын дамытады. Мысалы: Балалар осындай заттарды пайдаланып, галстук, түйреуіштерді мерекелік киімдерге әшекейлер ретінде қолданысқа енгізеді немесе мерекелік дастархан элементтерін салфеткалар, гүлдер т.б. жасап үйренеді.

Басқа балалармен бірігіп жұмыс істегенде әр баланың тұлғалық қасиеті көрінеді. Ұлдар мен қыздар жұмысында да өзгешеліктер болады, әсіресе жазуда, орындау техниксында. Сабақтың қорытындысында бала дизайны арқылы табиғат көрінісіне, киімнің әдемілігінедеген эмоционалдық сезім оянады, бейнелеу өнеріне деген өнерге, оның түрлері мен жанрына деген қызығушылығы артады.