Файл: Кірген бетте столдан з балаларыны кздерінен тану арылы отырады.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 39
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Кірген бетте столдан өз балаларының көздерінен тану арқылы отырады.
- Қайырлы күн аналар !
- Көңіл күйлеріңіз қалай!
-Бүгін бізде ерекше күн, қуанышты күн.
- Бүгін, 1 - ші наурыз Ризашылық және Алғыс айту күні екен.
Ризашылық күні адамдар бір - біріне жылы сөздер, жақсы тілектер айту арқылы қуаныш, шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі. Бір - біріне алғыс айтады.
Ризашылық күні - балалар мен ересектердің жадында маңызды,жылы жарасымды, ерекше күн ретінде есте қалатын мереке.
Яғни, бұл нағыз - "Жан рақымының мерекесі". –
Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіріуі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Ең бірінші алғысымызды ата анамызға айтқымыз келеді осы күнге дейін жеткізіп, өсіріп, мәпелеп келе жатқан. Содан кейін “Ұлағатты ұстаздарға” бізге білім нәрімен сусындатып, өз балаларындай көріп, ақылдарын беріп жатыр.
Сонымен тек осы адамдар мен қатар ата, әже, аға, әпке, бауыр бәріңізге рахмет айтамыз
-Ендеше Оқушыларымыздың сіздерге арнаған кішкене өлеңдері бар екен
(жаттаулары)
Ән: Жансая «Анашым анажан»
1)Енді аналар сіздермен көңіл күйлеріңізді көтеруге сенімділіктеріңізді арттыруға , бір-бірлеріңізге деген қарым –қатынасты жақсартуға арналған «Сіз ғажапсыз» атты тренинг өткізгім кеп тұр . 1 Бірінші өздеріңзді таныстырып өтсеңіздер –яғни есімдеріңізді атап өтсеңіздер
Енді менің қолымда қорапшада сұрақтар бар соған қысқа-да нұсқа түрде жауап берсеңіздер
1 . Сіздің есіміңіз нені білдіреді?
2. Сіздің есіміңзді кім қойды?
3. Басқа есімге ауыстырғыңыз келеме? Неге?
4. Есіміңіз нені білдіреді?
5. Сіздің есіміңзбен аталатын атақты адамдарды білесіз бе?
6. Сіздің есеміңіз өзіңізге ұнай ма?
7. Сіздің есіміңіздің лақап аты бар ма?
8. Сізідің есімізбен үйде қалай еркелетіп айтады?
9. Өміріңізде сіздің есіміңіз әсер етті ме?
10. Сіздің есіміңізді кім қойды?
-Керемет сіздер барлықтарыңыз мен үшін ғажап жансыздар , енді алдарыңызда ақ парақ берілген әр қайсыңыз сол параққа күн суретін салып шуақтарын саласыздар сол шуақтарға мен сіздерге «Мен ғажаппын» өйткені .... деген жерге сіздер өздеріңздің қандай екендеріңзді жазасыздар, Яғни, менің қолымнан пісіру келеді, тігу келеді т.б
Жазып болсақ интонациямен оқып шықсақ
Керемет мен үшін барлықтарыңыз ғажап жансыздар!!!Әрқашанда жадырап жүре беріңіздер!!!
Нұрасыл ән « Ұстаз ана»
2) Ортаға 5 ана шықсыншы (Өзіме , көршіме)
1. Менің дәл қазір ән шырқағым келіп тұр
2. Сіз осы жиынға жүрек қалауымен келдіңіз бе?
3. Егер сіз мектеп басшысы болсаңыз не істер едіңіз?
4. Ұстазға қандай тілек тілер едіңі?
5. Бүгінгі күнге айтар тілегіңіз
3) Келесі сіздермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр «Әріптер сөйлейді» деп аталады ортаға 3 ана шықсын Ж, Қ, А сіздер тек сол әріптен басталатын сөздермен жауап беру керексіздер
1, Мектепке кіммен келдіңіз? (Ж, Қ, А)
2. Жақсы көретін түсіңіз? (Ж, Қ, А)
3. Жасыңыз нешеде? (Ж, Қ, А)
4. 10 жылдан кейін өзіңізді қалай елестетесіз? (Ж, Қ, А)
5. Қай жерде саяхаттағанды ұнатасыз? (Ж, Қ, А)
6. Балаңыздың аты кім? (Ж, Қ, А)
7. Сіз тұратын ауыл қалай аталады? (Ж, Қ, А)
Ән: Жұлдыз бен Нүркен «Әкеге алғыс»
4) Енді ортаға барлықтарыңыз балаларыңызбен шықсаңыздар, БҰл кезең «Бала тәрбиесі» деп аталады Балаңызға қолынан ұстап тұрып жақсы жақсы тілек тілек құшақтасып қойсаңыздар
5) Тағы да ортаға 3 ананы шақырғым келіп тұр Сіздерге жасырын сурет арқаларыңызға ілінеді , Мен сұрақ қоям сіздер соған жауап бересіздер
1. Сіз ол жерге қанша рет барасыз?
2. Сіз ол жерге кіммен бірге барғыңыз келеді?
3. Ол жерге баратын кезде ең қажетті зат деп нені алар едіңіз?
4. Сізқазір артыңыздағы суреттегі мекенді көрген кезде ол жерде не істейтін едіңіз?
6) Енді мен сіздерге үй тапсырмасы ретінде тапсырма берген едім сол тапсырмаларымызға кезек берсек
7) 1. Балаңыздың ең жақын досы кім?
2. Балаңыздың сүйікті асы?
3. Балаңыздың аяқ киім размері?
4. Балаңызға ашуланғанда бірінші айтатын сөзіңіз?
5. Балаңызды қалай еркелетесіз?
6. Балаңыз қандай киім түстерін ұнатады?
7. Балаңыздың сүйікті мұғалімі?
8. Балаңыздың сүйікті пәні?
9. Балаңыздың сүйікті спорт түрі?
10. Балаңыздың туған күні , жылы, айы?
-Осымен Ризашылық пен Алғыс атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Келіп алтын уақыттарыңызды бөліп қатысқандарыңызға мың да бір рахмет, сіздерге мың да бір алғыс тілеймін !!!
-Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңыздар! Өмірдің әрбір сәтін бағалай біліңіздер және табиғат анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақсы адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды Сіз де ұмытпағайсыздар! Алғыс алайық, алғыс білдіруді ұмытпайық, ағайын!
Бүгінгі мерекелік шағын концертімізді тамашалағандарыңызға «Мың алғыс!».Сау болыңыздар!