Файл: Сабаты таырыбы Денсаулы зор байлы Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 21

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақтың тақырыбы: «Денсаулық – зор байлық»
Мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру. Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: жұмбақтар, мақал - мәтелдер, слайдтар.

Барысы: Ой ашар сұрақтары:
А) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)
Ә) Тіс тазартатын құралдар?(тіс щеткасы мен паста)
Б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ(дене тәрбиесі)

Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ . Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды.

Денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?

«Жалғастыр» ойыны
1. **** – денсаулық кепілі. (спорт)
2. **** - денсаулық негізі. (тазалық)
3. Денсаулық - ****** (зор байлық)
4. Жарлының байлығы -***** саулығы. (денінің)
5. Бірінші байлық -****. (денсаулық)
Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.

«Әлемдегі ең пайдалы азықтар»   
Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. 
Жаңғақтар:  Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.
Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы. 
Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.
Көк шәй:  Ішектердің, тыныс жолдарының жұмысын реттейді. Салмақ реттелуін оңайлатады.
Алма – дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.
Шие – күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді. 
Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.

Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры
Қызылша – бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді. 
Банан – жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді. 
Қауын – жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бүйректерге пайдалы. 
Оқушылар, енді жұмбақтар шешіп көрейік.
Дымқылдап күнде сен,
қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір-ласың,
Тап-таза боласың. (Сабын)

***

Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сүртеді қолын да,
Сүртеді жонын да. (Сүлгі)

***

Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тіліжоқ, өзіжоқ.
Бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар. (Тарақ)

***
Біз едік, біз едік,
Отыз екі қыз едік.
қатар-қатар тізілдік,
Кезек-кезек үзілдік. (Тіс)
Қалтамдағы бұйыммен,

Алыс-жақын, қиырмен,

Хабарласам шұғыл мен. (ұялы телефон)
«Серпілген сауал» кезеңі. Оқушылар ұялы телефонның біздің денсаулығымызға әсері қандай?

Ұялы телефонның мынадай жағымсыз салдарлары болуы мүмкін:
- Иммунитетке қосымша күш түсіреді. Ұялы телефонды жиі пайдаланатындардың басы жиі ауырады, күндізгі ұйқышылдықпен қиналады, ашуланшақ келеді және жиі тұмаумен ауырады;
- Электромагниттік толқындар ішкі тіндердің қызуын ынталандырады. Мобильді құрылғы торлы қабықпен, мимен, есту және көру аппараттарының құрылымдарымен жұтылатын қауіпті сәулеленуді тудырады. Сондықтан осы органдар да, жүйке ұштары да жағымсыз әсерге ұшырауы мүмкін;
- Көру, есте сақтау және психоэмоционалды төзімділік нашарлайды;
- Ұйқы нашарлайды. Ол ұйқы фазаларының (жылдам және баяу) дұрыс ауысуын бұзып жібереді. Сондықтан адамның ұйқысы қанбай оянады.
- Ол артериялық қысым, ми белсенділігі, когнитивті қызметтер және жүрек жүйесіне жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Ұялы телефонның адам денсаулығына зиянын азайту үшін мына факторларды ескеру керек:
1. Телефонның дыбысын арттыру сәулелену қуаттылығының өсуіне ықпал етеді;
2. Үйде ұялы телефонды қасыңызға алып жүрмей, келесі бөлмеге тастап кетіңіз;
3. Ұялы телефонды қалтаңызға емес, сөмкеге салып жүріңіз.
4. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлеспеңіз. Қаншалықты аз сөйлессеңіз, оның жағымсыз әсері де соншалықты аз болады. Мүмкіндік болса, ол адаммен жеке кездескен дұрыс. Егер ұялы телефон арқылы келіссөз жүргізу керек болса, үзіліс жасауға тырысыңыз.

Қорытынды сөз:

- Балалар, біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?(Денсаулық)
- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз? (Жаман әдеттен аулақ болуымыз керек)


- Сіздер, қандай азамат болып өсулерің қажет?(Дені сау, ақылды, білімді, адал болып)

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Денсаулық – зор байлық»

Сыныбы: 7 «Г»

Жетекшісі: Амирбекова Гүлбану



Ақтау қаласы