Файл: КкталАрасан орта мектебі мектеп жанындаы 50 орынды интернатымен кмм.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 8

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Көктал-Арасан орта мектебі мектеп жанындағы 50 орынды интернатымен» КММ

11 сынып алгебра пәнінің оқытылуы туралы

Анықтама

Бақылау тақырыбы: 11 сынып алгебра пәнінің оқытылуы туралы

Бақылау мақсаты: 11 сыныптағы алгебра пәнінің оқуға бейімділігін, білім деңгейлерін, оқу бағдарламасының орындалуын тексеру.

Бақылау обьектісі: 11 сынып оқушылары

Бақылау әдістері: Сабақтарға қатысу, сыныпқа бақылау жүргізу.

Бақылау барысында келесі жұмыстар жүргізілді:

Пән мұғалімдері: Өмали Уали Әділханұлы білімі жоғары, санаты жалпы, еңбек өтілі 6 жыл. Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде курстан өткен.

Мектеп директорының №157 бұйрығына сәйкес 2022-2023 оқу жылының 16-23 қараша күндері оқу бағдарламасының орындалуын бақылау мақсатында оқушылардан өткен сабақтардан тест алынды. 22 қараша күні «Иррационал көрсеткішті дәреже ұғымы» тақырыбындағы сабағына қатыстым. Үй тапсырмасын сұрау бойынша сұрақтарға Венн диаграммасы бойынша жауаптар алынды.


1.Бүтін көрсеткішті және бөлшек көрсеткішті дәрежелердің қандай ұқсастығы және айырмашылығы бар?


2.Иррационал көрсеткішті дәреженің рационал көрсеткішті дәрежеден қандай айырмашылығы бар?

Жаңа сабақ кезінде тапсырмада иррационал өрнектерді қысқарту, бөлшек бөліміндегі иррационалдықтан арылу бойынша есептер шығарып талдады.

Кері байланыс алу

Төмендегі сұрақтарды жұбыңмен пікір алмасып жауап бер:


A. Бүгінгі сабақтан қандай маңызды мәлімет алдыңыз?


B. Бүгінгі сабақтан алған білімді күнделікті тұрмыста қалай қолданған болар едіңіз?


C. Қай тақырыпт игеру оңай болды?


D. Егер сізде қиындық тудырған, игерілмей қалған ақпарат болса оны игеруді қалай жүзеге асырар едіңіз?

Оқушылардан бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айтқызу арқылы сабаққа қорытынды жасалды.


Ұсыныс:

1. Уақытты тиімді пайдалану.

2. Қабілеті төмен оқушымен жеке жұмыс жүргізу.

Анықтама жазған: Қ.Зинал

Анықтамамен таныстым: У.Өмали