Файл: 1! КандинскийКлерамбо синдромына тн сандыра.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 406

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
деперсонализация

Науқас 1 ай бойы психиатриялық ауруханада жатыр. Дәрігердің аты-жөнін есінде сақтай алмайды, ағымдағы оқиғаларды есінде сақтай алмай, ұмытып қалғандарын ойынан шығарып толтырады. Синдромды атаңыз: Корсаков синдромы

Науқас 18 жаста, ауруханаға түсу себебі 3 күн бойы күңгірт, ашулы және ештеңеге көңілі толмайды. Туысқандарының айтқан ескертпелеріне агрессиямен жауап береді. Осындай жағдай эпилептикалық ұстамасынан соң дамыған. Сіздің синдромальді диагнозыңыз? Дисфория

Науқас 18 жаста, дұрыс бағытталған. Ол өте көп жіне монолог түрінде сөйлейді. Оның айтуынша, ол "әлемнің президенті болып сайланды, Марста болды,Венераға ұшып бара жатыр". Ойлауы резонерлік, сөздерінің бөлшектелген элементтері бар. Психотроптық құралдардың қайсысы жақсырақ: галоперидол

Науқас 23 жаста. Ауруханаға жатар алдында қандай да бір сыртқы себепсіз көңіл-күйі төмендеді, сабаққа баруды тоқтатты, алаңдаушылықта "асқазан жоқ, тамақ іш қуысына түседі", "перитониттің дамуынан қорқады", тамақтан бас тартты. Күрт арықтаған. Интерндердің тексеруінен үзілді-кесілді бас тартты,"жедел өлімді күтті". Қандай препараттардың комбинациясы жақсырақ: галоперидол, амитриптилин

науқас 25 жаста. Бөлімшеге 3 ай бұрын түскен. Күні бойы төсегінде жатады немесе бөлімшеде мақсатсыз әрі-бері жүреді, ешкіммен әңгімелеспейді, айналадағы болып жатқан оқиғаларға мән бермейді. Оны туысқандарының денсаулығы немесе үйі жайлы ойлар толғандырмайды. Жауаптары бірыңғай, жай, монотонды дауыспен сөйлейді. Нашар көңіл күйге шағымданады. Сіздің синдромальді диагнозыңыз? апато-абулиялық синдром

Науқас 25 жыл бұрын ауыр депрессия эпизодын бастан кешіп, стационарда емделді. Туыстарының айтуы бойынша соңғы үш күн қызу, белсенді болды, көп ақша жұмсап, қажетсіз сауда жасады. Түнде ұйықтамайды, пәтерде жөндеу жүргізді. Науқаста биполярлық аффективті бұзылулар анықталатынын ескере отырып, таңдау препараты болып табылады: литий карбонаты

Науқас 47 жаста, шизофрения ұстамасынан кейін реабилитацияның бірінші сатысын өтуі қажет. Қандай емдік шараларды бірінші кезекте жүргізген дұрыс? қалпына келтіру терапиясы

Науқас 49 жаста, ауыр инфекциялық аурудан соң тез шаршағыштыққа, тітіркенгіштікке, ұйқышылдық пен нашар тәбетке шағымданады. Қай синдром туралы ойлауға болады? астениялық

Науқас 55 жас, анамнезінде созылмалы алкоголизм, психиатриялық ауруханада көп рет емделген.Жұмыс істемейді, бөтелке жинап, соның ақшасына күн көреді. Есте сақтаудың және интеллекттің төмендеуі байқалады. Бөлімшеде көңілді, сайқымазақтық, әзілдейді, өзінің әзілдеріне өзі қатты күледі. Ешнәрсемен айналыспайды, жүріп журеді немесе бір орында стереотипті күлкімен отырады.Науқата қандай ЕҢ ЫҚТИМАЛ көңіл күй бұзылысы тән
мория

Науқас 70 жаста, сенильдік деменциямен ауырады, соңғы 3-4 күн ішінде оның көңіл-күйі төмендеді, жабық жағдайда болды, нашар ұйықтады, тамақ ішуді тоқтатты. Науқастың соматикалық жағдайы жас мөлшері шегінде. Қандай емді жүргізу керек: аз дозада антидепрессанттар

Науқас 72 жаста. Шағымдары: бас ауруы, құлағындағы шу, бас айналу. Көңіл-күйі төмен, тез шаршайды, жылайды, өмір бітті деп есептейді, өмір сүргісі келмейтін ойларын айтады. Анамнезінде БМЖ, соматогенді аурулар қатары. Сіздің диагнозыңыз: церебральді атеросклероз, депрессивті ұстама

Науқас айтады: <түні бойы ұйықтамадым. Екінші қабатта тұрамын, балконым тура үйдің бұрышында орналасқан. Және түнімен біреу әрі-бері жүреді, оның шапаны қабырғаға үйкеліп шықырлай береді: түнімен көз іле алмадым, ал таңертең қарасам – терезенің алдындағы ағаштардың бұтақтары қабырғаға тиіп сықырлап жатыр екен> дейді. Бұл - мысалы: есту иллюзияларының

Науқас алақ-жұлақ етеді, терезе жақтан біреу шақыратынын айтады, елестеуші шақыруларға жауап береді. Бұл: шынайы есту галлюцинациялары

Науқас анасына деген махаббатты,бауыр басушылықты сезінетінін, сонымен қатар мотивациясыз жек көрушілік және қатігездікті де сезінетінін айтады: амбиваленттілік

Науқас анық локализациясыз төс артындағы «ішінде құрт жеп жатқанға» ұқсайтын жағымсыз сезімдерге шағымданады. Бұл: сенестопатия

Науқас артында жоқ жануарларды көреді, бұл: экстракампинді галлюцинация

Науқас аузында жоқ шаштарды сезеді. Аузын нәтижесіз тазартуға тырысады: ауыз-жұтқыншақтық галлюцинациялар

Науқас әйеліне деген қатынасын бірден өзгерткен: оның іш киімдерін тексере бастады, оның ойынша ол киімдерден жезөкшеліктің белгілерін айқындайтын іздер табады. Өзі шомылып жатқанда, әйелі оның көзіне шөп салатынын айтып, оны ұрады. қызғаныштың сандырақ ойлары

Науқас әлем одан алыстап кеткендей және «құбыр арқылы сияқты» қабылданатын түсініксіз сезімді сезінеді: дереализация

Науқас бас-ми жарақатының алдында болған оқиғаларды есіне түсіре алмады. Бұл - белгісі: ретроградты амнезияның

Науқас басында бағынбайтын ойлар ағымының пайда болғанын айтады: ментизм

Науқас болып жатқан оқиғалардың есінде жоқтығына шағымданады, ұмытып қалмас үшін барлығын жазып жүруге мәжбүр. Бұрынғы білімдерінің қорымен сәтті пайдаланады. Психикалық функцияның бұзылу симптомдарын көрсетіңіз, ем тағайындаңыз :

фиксационды амнезия - пирацетам, танакан

Науқас бөлме қабырғасында ілініп тұрған кілем өрнектерінен әртүрлі құбыжықтарды көреді. Бұл: парейдолиялық иллюзиялар

Науқас бөлімшеде бөтен палаталарға кіреді, өз төсегін таба алмайды, емдеуші дәрігерімен бірнеше рет сәлемдеседі, оның аты-жөнін білмейді, ағымдағы күнді шатастырып, жыл, ай мен сандарды білмейді. Қандай синдром? Корсаков

Науқас бөлімшеде бөтен палаталарға кіреді, өз төсегін таба алмайды, емдеуші дәрігерімен бірнеше рет сәлемдеседі, оның аты-жөнін білмейді, ағымдағы күнді шатастырып, жыл, ай мен сандарды білмейді. Қандай препарат тағайындалады? ноотропил

Науқас бір ай бойы психиатриялық ауруханада жатыр. Не дәрігерінің аты-жөнін, не болып жатқан оқиғаларды есінде сақтай алмайды, есінде жоқ нәрселерді ойынан құрастырылған ойлармен толтырып алады. Негізгі синдром мен симптомды атаңыз. Корсаков синдромы

Науқас бір орнында отыра алмайды, үрейлі көздерімен әрі-бері жүреді, <мен жақында өлемін, бәрі бітті> дегенді стереотипті түрде қайталайды. Өзінің дұрыс өмір сүрмегендігін, күйеуі мен балаларына дұрыс қамқорлық жасамағанын айтып өзін кінәлап, өмір сүруге лайық емеспін деп санайды. Көңіл-күйінің нашарлығын, өмір сүргісі келмейтіндігін айтып, өмірден өткеннен кейінгі болатын қайғыруларын айтып қиналуда. Сіздің синдромальді диагнозыңыз? қобалжыған (ажитированная) депрессия

Науқас бірнеше сағаттар бойы бұрышта тұрады, сұрақтарға жауап бермейді. Оны палатаға апаруға талпынғанда қарсылық көрсетіп, қолын тартып алады. Төсекте бірқалыпта, басын жастыққа тигізбей жатады. Симптомды көрсетіңіз: кататониялық ступор

Науқас дәрігердің сұрақтарына жауап берудің орнына, оның сұрақтарын қайталайды: эхолалия

Науқас дәрігердің шағымдарыңызды айтыңыз деген өтінішіне былай жауап береді: «Сіз дәрігерсіз ғой, өзіңіз көруіңіз тиіссіз. Дәрігерлер аурудың симптомдарын білуі және оларды анықтай алуы тиіс. Оларды қаншалықты дұрыс анықтасаңыз, біздің де денсаулығымыз соншалықты мықты болмақ. Ал сау денеде – сау тән». ақылгөйлік (резонерлік)

Науқас дәрігер-психотерапевтке сексуальді сферадағы мүмкін болатын әлсіздігі жайлы үнемі миынан кетпейтін жаман ойлардан арылу мақсатында көмек сұрап келді. жабысқақ ойлар

Науқас дүкенге келді де, не сатып алуға келгенін есіне түсіре алмады. Бұл - белгісі: гипомнезияның

Науқас есінде ештеңе сақтай алмайды. Өзінде ешқашан болмаған оқиғаларды айтып отырады. Өміріндегі "Сахалин кезеңін" айтады. Ал шын мәнінде Сахалинде ешқашан болмаған. Симптомдарды көрсетіңіз:
конфабуляция

Науқас жәндіктердің өрмелеуін сезеді, бірақ бұған сындық көзқарас жоқ. Бұл ненің белгісі?: тактильді галлюциноздың

Науқас кезеңді түрде болатын бөлменің қабырғасы иіліп, оған қарай құлап кететіндей сезімге шағымданады. Бұл: психосенсорлық бұзылыстар

Науқас кенет көңіл-күйдің түсуіне шағымданады, «төс артындағы зарығуға», іш қатуға, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Жағдайы таңертең нашар болады. Бұл жерде не деп ойлауға болады?: депрессия

Науқас кешкі мезгілде бөлмеде жүгіріп жүрген тышқандарды көреді, оларды ұстап алуға тырысады. Бұл: шынайы көру галлюцинациялары

Науқас клиникалық айқын сана кезінде өздігінен пайда болып, жоғалып кетіп отыратын өзіндік және қиын жеткізілетін ойлау процесінің блокадалық жағдайына шағымданады. Бұл симптом аталады: шперрунг

Науқас көп сөйлейді, ассоциациялары беткей, оңай алаңдайды, осыған байланысты сұраққа кейде жауап ала алмайсың, жиі тақырыпты өзгертеді, алдындағы ойын аяқтамай жатып басқа тақырыптарға ауысады: Ойлаудың жылдамдауы

Науқас көп сөйлейді, қойылған сұраққа жауаптың орнына әңгіме тақырыбынан алыс, кейбір философиялық - этикалық шұғыл абстрактілі мәселелерді талқылайды: Резонерлік

Науқас күкірт газымен уланғанға дейінгі екі айдың оқиғаларын ұмытып қалған. Қайда жұмыс жасағанын, оның серіктестерінің кімдер екенін және Алматыға қалай келгенін ұмытып қалған. Психикалық функцияның бұзылу симптомдарын көрсетіңіз, ем тағайындаңыз : ретроградты амнезия - энцефабол, кавинтон, церебролизин

Науқас қасықпен тамақтанудан бас тартады, себебі «қасықпен әдеттен қайғыны ішеді» дейді. символикалық ойлау

Науқас мына жағдайда айналадағыларға қауіпті болып саналады: сананың қарауытуында

Науқас мына жағдайда өз-өздеріне қауіпті болып саналады: депрессия

Науқас өз өмірін балалық шағынан бастап айтып беруде, тіпті ұсақ детальдарға дейін. Дәрігердің оны бөлмек болған ойына тітіркенген түрде былай жауап береді: «сіз өзіңіз сұрадыңыз ғой, мені қазір не мазалап жатқанын!» патологиялық пысықталу

Науқас өзінше ойланады, алайда абстрактылы түсініктерімен еркін басқара отырып, жиі пародоксальді, болмайтын нәтижелерді шығарады. паралогикалық ойлау

Науқас сабырлы, мимикасы аз, әңгімеге қызығушылық танытпайды: апатия

Науқас себепсіз қозулы, қолдарымен стереотипті қозғалыстар жасайды, жан жағына теңселеді. Аяқ астынан мотивсіз күледі, бетін тыржитады, айналадағыларға шабуыл жасайды. Сұрақтарға жауап бермейді, дене қалпын өзгертуге талпынғанда қарсыласады, сол кезде бұлшықеттік сіресуді сезінеді. Дәрігердің кейбір ымдары мен сұрақтарын стереотипті түрде қайталайды. Сіздің синдромальді диагнозыңыз
? кататониялық қозу

Науқас себепсіз ішімдік ішкеннен кейін келесі күні тиіскіш, ашулы, жүзінде ыза мен наразылық:абстинентті синдром құрылымындағы дисфория

Науқас созып, баяу бірақ көп сөйлейді. Сөздерді қиындықпен таңдайды, детальдарда тұрып қалады, өзі жайлы әңгімеде негізгісін ажырата алмайды: патологиялық байымдылық

Науқас сөздерді дұрыс құрастырады, бірақ кездейсоқ ассоциацияларды қолданады, сондықтан сөздерінде логикалық мағына жоқ: ойдың үзілісі

Науқас таңертең әдеттегідей жұмысқа бара жатты. Алайда, кешке қала сыртындағы бір саябақта серуендеп жүргенін аңғарады. Қалайша ол жаққа барып қалғаны есінде жоқ. Психикалық бұзылысты көрсетіңіз: транс

Науқас төсекте қимылсыз жатыр, бет әлпеті сөнген. Сұрақтарға жауап бермейді. Оның қалпын өзгертуге талпынған сәтте сіресіп, активті түрде қарсылық көрсетеді. Тамақ қабылдамайды, аузын жауып еріндерін түйістіріп алады. Синдромальді диагнозды көрсетіңіз және психикалық бұзылыстардың симптомдарын атаңыз: кататониялық ступор - амимия,мутизм,негативизм

Науқас тітіркенген, басының ішінде ерекше «бұрқылдау және сыбдырлауға» ұқсайтын сезімді сезінетінін айтады: сенестопатия

Науқас ұйықтар алдында қорқынышты, гримаскалы бет-әлпеттің оны мазақ етіп, тілін шығаратын, мазақтайтын түрлерін көреді: гипногогиялық галлюцинациялар

Науқас үнсіз, оңашаланған, медперсоналдың сұрақтарына тек қысқа ғана формальді түрде жауап береді. Барлық бос уақыттарында ойланып отырады. Өз фантазияларын қалың дәптерге әртүрлі көптеген суреттер және символдармен иллюстрациялап жазып отырады. Бұл: аутистикалық ойлау

Науқас шағымданады, <бала бақшада өмір сүретін көрінбейтін сарыауыз жануар> оның зәр қуығына сәулелер жібереді. Берілген сандырақ түрін мынадай сандырақ деп санауға болады: әсер ету

Науқас шындығында болмаған қияли естеліктерін айтады. Бұл - белгісі: конфабуляцияның

Науқас эпистатус жағдайында неден жиі өледі? ми ісінуінен

Науқас, 30 жаста. Ұлының өлімінен кейін 3 ай бойы ешқайда шықпайды, өз-өзіне қарамайды, пәтерін жинамайды, тамақ жасамайтын болған. Күні бойы жылайды, өзін ұлының өліміне кінәлімін деп және өзін нашар анамын деп санайды. Бұрын психикалық патологиясы болмаған. Осы берілген жағдайды емдеу үшін қандай препарат тағайындалады? Амитриптилин

Науқасқа дауыстар тамақ ішпеуге және дәрілерді ішпеуге бұйрық береді, бұл галлюцинациялар - аталады: императивті