ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 412
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Аталған психотропты препараттардың кайсысы НЕҒҰРЛЫМ көрсетілім болып табылады?
*венлафаксин++++
*галоперидол
*финлепсин
*пирацетам
*литосан
!Ер кісі, 62 жаста.Соңғы екі жылда жадының төмендеп кеткенін айтады, жедел репродукциямен зардап шегеді . Кейбір заттарды, мысалы көз әйнегін ұзақ іздейді. Зеректігі, ой еңбегі жұмысына қабілеттілігі де төмендеген.Кей кездерде жылап алады, өзі де өзгергенін түсінеді, өз бетімен көмек сұрап келді.
Аталған психикалық бұзылудың қайсысы ең ықтимал?
* аздаған когнитивті бұзылыстар+++++++
*ипохондриялық синдром
*неврастениялық синдром
*жабысқақтық синдром
*үрейлі депрессия
!Экзогенді – органикалық психикалық бұзылыстарды емдеуде ноотропты дәрілерді қолданудың клиикалық әсері?
* церебральды метаболикалық процессті жақсартады++++
*қозуға қарсы және антидепрессивті әсер
*седативтіжәне миорелаксирлеуші әсер
*психотикалық симптотиканы жою
*тырысуға қарсы әсер
!Қандай медиатордың жетіспеушілігі когнитивті дисфункцияның пайда болуына және Альцгеймер ауруының деменциясының қалыптасуына ЕҢ ЫҚТИМАЛ алып келеді?
*норадреналин
*ацетилхолин+++
*серотонин
*мелатонин
*дофамин
!Төменде көрсетілген этиопатогенетикалық классификацияға сәйкес Альцгеймер ауруының деменциясына сәйкес келетің ЕҢ ЫҚТИМАЛ психикалық бұзылыс тән?
*эндогенді
*психогенді
*соматогенді
*экзогенді-органикалық
*эндогенді-органикалық++
!Эпилептикалық статусты басу үшін психотропты препараттардың қайсысы тамыр ішіне енгізіледі?
*амитриптилин
*галоперидол
*пирацетам
*рисполепт
*седуксен +
*!Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы эпилепсияға тән?
*пароксизмальды бұзылыстар+
*галлюцинаторлы күйзелістер
*конфабуляторлы сандырақ
*фиксациялық амнезия
*ретроградты амнезия
*!Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы эпилиптиформды пароксизмдерге тән сана бұзылысы?
*есеңгіреу
*қарауыту+
*онейроид
*делирий
*кома
*!Әйел, 68 жаста. Психиатрда диспансерлік тіркеуде тұрады. 38 жасында ауырған, ауру бірнеше рет үрейлі-депрессивті симпттоматикамен көрінген. Обьективті: үрейленген, дәрменсіз, үнемі қозғалыста қолын майыстырады. Дәрігерге оны өлтіруін өтінеді, себебі өмір сүруге лайық емес. «Күнә көп жасаған», «балаларды нашар тәрбиелегенін», «ол үшін оның отбасы зардап шегеді», олар аштық көріп отыр, киюге ешнәрсесі жоқ. Оның кінәсі туралы бәрі біледі және оны жек көреді деп есептейді.
Төмендегі көрсетілген психикалық бұзылыстардың қайсысы ең ықтимал?
*биполярлы аффективті бұзылыс, депрессивті эпизод
*адаптация бұзылысының шеңберіндегі депрессивті реакция
*рекуррентті депрессивті бұзылыс+
*жабысқатық невроздар жағдайы
*инволюционды меланхолия
*!Әйел, 30 жаста. Тұқым қуалаушылық аурулары жоқ. Психиатриялық стационарға дұрыс емес мінез-құлқығына байланысты жеткізілген: өзін «Марсиандардың жердегі өкілі» екенін, ғарыш аппараттарын ұшыру жұмыстарына қатысатынын, Марсқа ұшатынын айтқан. Науқас қозған күйде, түсініксіз заттар айтқан, қай жерде отырғанын түсінбеген. Күнді, айды шатастырады, өзін біресе Марста, біресе ауруханада екенін хабарлайды. Айналасында анасы мен әкесі қатысатын сахналық қойылым болып жатқанын мәлімдейді.
Төмендегі көрсетілген психикалық бұзылыстардың қайсысы ең ықтимал?
*истериялық реактивті психоз, сандырақ тәрізді фантазиялар
*шизотиптік бұзылыс, психопаттәрізді синдром
*биполярлы аффективті бұзылыс, маниакальды эпизод
*параноидты шизофрения, галлюцинаторлы-параноидты синдром
*шизоаффективті бұзылыс, маниакальді-онейроидты эпизод+++++++
*!Ер адам 35 жаста, профессиясы бойынша техник. «Адам тегін жетілдіру» туралы идея жасап шығарып, оны енгізілуіне қол жеткізгелі жүр. Ғылыми- зерттеу институттарында қызметкерлерге экспериментті өздеріне жасауды, айқастыру арқылы керемет ұрпақ алуды ұсынады. Өзімен бірге газет пен танымал журналдардың кесінділерімен папка ұстап жүреді. Ғалымдардың онымен келіспеуі көре алмаушылықтан екеніне сенімді.
Берілген синдромдардың қайсысы әсіресе сәйкес?
*парафренді
*маниакальды
*паранойяльды+
*галлюцинаторлы
*психикалық автоматизм
*!Ер адам 23 жаста, психиатриялық станционарға бірнеше рет түскен. Стационарда жеке тұлғасын биік санайтын сандырақ ойлар айтқан. Өзін әкесінің миллионының жалғыз мұрагері, тегін жалғастырушы, білімді ғалым деп жариялайды, өзіне «эзотерикалық жағынан басқарушылардың» әсер еткендігін сезінетіндігін айтқан.
Психофармакотерапияның қай түрі осы жағдайда көрсетілген?
*ноотроптар
*нейролептиктер++
*транквилизаторлар
*антидепрессанттар
*психостимуляторлар
*!Әйел адам, 48 жаста, ауруханаға бірнеше рет түсті. Госпитализация алында үрейлі, мазасыз болды. Туыстары «жоқ, қаламаймын, жасамаймын» деп қайталаған сөздерін естіген. Түнде ұйықтап жатқанда күйеуін балғамен ұрып өлтірмек болған. Дәрігермен сөйлескенде Америкадан дәл басына келетін сигналдар түсетіндігін айтқан. Күйеуі мен балаларын «бөтен, басқа» деп, оларды өлтіруге бұйрық беретін дауыстарды естіген, өйткені айналасында өзіне қарсы қастандық ұйымдастырылып жатқанына сенімді, соған күйеуінің қатысы бар деп ойлайды. Шизофренияның клиникалық формасының қайсысы әсіресе сәйкес?
*қарапайым
*резидуальды
*параноидты+
*кататониялық
*гебефрениялық
*!Ер адам 56 жаста, ұзақ уақыт шизофрениямен зардап шегеді, ауруы өршігендіктен госпитализацияланған. Қарау барысында көңілді, өзін өте бай санайды, айналасындағыларға миллиондар таратады, сыйлықтар сыйлайды. Өзінің «үш дүркін әлем батыры» екендігін, «күллі әлемнің агентімін»деп жариялайды.
Ең ықтимал синдром?
*гебефрениялық
*маниакальды
*парафренді+
*параноидты
*дементті
*!Әйел адам 29 жаста, инженер, шизофрения ұстамасынан кейін ауруханадан продуктивті психотикалық симптоматикасыз шығарылды. Бірақ өзін активті қимылға шақыра алмағандықтан жұмысқа бармады. Бұрын өзі жақсы көретін жұмысына ғана емес, адамдармен араласуға да ниеті болмады. Баласына, отбасына аз көңіл бөлді. Уақыт өте өз-өзіне қарауды мүлде қойды, тек ескерткенде ғана жуынып-таранатын болды. Көп уақытын төсекте өткізеді.
Ең ықтимал синдром?
*кататониялық
*психоорганикалық
*апато-абулиялық+
*астено-депрессивті
*депрессивті-параноидты
Ер адам 36 жаста, шизофрениямен зардап шегеді. «Өзіңізді қалай сезінесіз?» деген сұраққа «сіздің сезім деген сөзді қалай түсінуіңізге қарай. Егер сіз осы сөздің астарында менің сезімдерімнен сіздің не сезінгеніңізді айтатын болсаңыз, онда сіздің өз-өзіңізді сезінуіңіз менің сіздің сезіміңіз жайлы ойыма сәйкес келмейді» деп жауап береді.
Ойлау бұзылысының қайсысы әсіресе сәйкес?
Выберите один ответ:
a. символизм
b. патологиялық байымдылық
c. резонерлік +
d. амбиваленттілік
e. паралогиялық
Ер адам 32 жаста, оған ауруханаға келетін әкесінің шын мәнінде әкесі емес, жақсы гримдалған әкесіне ұқсас адам деп есептейді. Берілген синдромдардың қайсысы әсіресе сәйкес?
Выберите один ответ:
a. паранойяльды
b. Котар
c. галлюцинаторлы
d. Фреголи+
e. онейроидты
*!Ер адам 40 жаста, шизофрениямен зардап шегеді, дәрігер қабылдауында бір туысының оған қастандық ойластырып жүргендігін айтады. Ол тусының гипноз жасай алатынын, сол арқылы оның асқазанында ауру сезімін, ішектерінде күйдіру сезімін туғызатынын, іш өтуін, ми атрофиясына әкелетінін айтқан. Сол туысы жағымсыз иістер, тамағыма жағымсыз дәм тудырады деп санаған.
Берілген психикалық бұзылыстардың қайсысы әсіресе сәйкес?
*обсессивті синдром
*фобиялық синдром
*әсер ету сандырағы++
*қызғаныш сандырағы
*зиян кетіру сандырағы
Келтірілген принциптердің қайсысы психикалық бұзылыстардың классификациясы негізіне ең ықтимал алынған?
Выберите один ответ:
a. патофизиологиялық
b. симптомтикалық
c. этиопатогенетикалық+
d. синдромальды
e. клиникалық
8 айлық бала манежде отырғанда кенеттен щұғыл бүгіліп, қолдарымен денесін құшақтап, бірнеше рет бүгіліп жазылады. Сосын керіліп ұйқыға кетеді.Анасының шақыруына жауап бермейді, аузынан сілекей ағады. Анамезінде анасы жағынан эпилепсия.
Төмендегілердің қайсысы осыған тән?
A. Ротаторлы
B. Ретропульсивті
C. Абсанс
D. Пикнолептикалық ұстамалар
E. Саламды+
балалар психиаторының қабылдауына 7 жасар бала сыртқа жағымсыз, үлкен бөліктермен нанды шайнамай жұтып, қақалады, киімдегі қиқымдарға және ауызынан аққан сілекейге мән бермейді. Сөздік қоры аз, сөздерді ауыстырып айтады, бірақ айтқанын түсінуге болады. Ақпарат қоры шектеулі. Анасының сөзінен қолданылған ыдысты раковинаға алып баруды үйреткен, әжесімен қоқыс шығарады. Мақтанғанды ұнатады, мейірімді. Қосымша мектеп бағдарламасын меңгере алмады. Үйдегі бейімдеу мен оқу ұсынылады. Ең ықтимал деген психикалық бұзылыс?
A. Ауыр ақыл-ой кемістігі
B. Орташа ақыл-ой кемістігі++
C. Жеңіл ақыл-ой кемістігі
D. Психо-сөйлеудегі дамудың кешігуі
E. Терең ақыл-ой кемдігі
қалыпты даму кезеңінен соң, 3 жас кезінде бала жүре пайда болған қабілеттерін жоғалта бастады, атымен атағанда қайтармайтын болған, «жанынан-көзқарас», әрбір күнін үстел үстінде өткізеді. Тек сіріңке қорапшасымен ойнайды, оларды бір қатарға орналастырады және тек белгілі сандағы сіріңкемен ойнайды. Қораптардың санын біледі. Әжесі асығып, бірнеше сіріңке қорапшасын өз керегіне алғанда, жылай бастады, қолынан жұлып алды да, ойнауын жалғастырды. Кейде еденді ұрып, қолдың саусақтарын, білектерін айналдырады. Төменде көрсетілген бұзылыстардың қайсысы мейлінше бұл жағдайға сәйкес келеді?
Ерте балалық шизофрения, кататоникалық синдром
Ақыл-ой кемтарлығы
Аутистикалық даму++++
Психикалық даму қалыпты
Депрессивті синдром
клиникалық белгілер бойынша Жилль де Туретта синдромы анағұрлым төмендегі тізбелердің біреуіне жатады?
A. Кататония
B. Психопатияға ұқсас
C. Тұлғаның патологиялық қалыптасуы
D. Сандырақ
E. Неврозка ұқсас++
балалық шақтағы эпилептикалық синдромға төменде аталған белгілердің ең ықтимал біреуін таңдаңыз?
A. Қоршаған ортадағы адамдармен сөйлесуден бас тарту
B. Агрессивті және ьүлдіргіш әрекеттер+++
C. Мінез-құлық бұзылысын психологиялық коррекциялау мүмкіндігі
D. Жылы шырайлылық, үлкен қызығушылық таныту
E. Адекваттылық және стабильді мінез-құлық
Сыныптастарының ортасында жасөспірім өзінің бай әкесі жайлы, бірге қымбат мейрамханаларға баратындығы және онымен қалай эстарада жұлдыздары тілдескені туралы айтады. Оның «көңіл-көтеруіне» әкесінің төлеген қомақты соммадағы есепшоттарын атаған. Мектептің жанында тұрған шетелдік автомобильдерді өзінің әкесінікі деп айтатын болған, бірақ бір жолы кезекті түрде әкесінің көлігі ретінде көрсеткен автомобиль, оның сыныптасын алып кетуге келген жүргізушінің көлігі екені анықталғанда, оның өтірігі әшкереленді. Бала әжесімен бірге тұрады, әкесі бас бостандығынан айырылған, анасы жайлы ешнарсе белгісіз. Кіші жастағы балалармен тілдеседі. Оларға қуана басшылық етеді. Өзімен жасты балалармен тіл табыса алмайды.
Төменде көрсетілген бұзылыстардың қайсысы ЕҢ ЫҚТИМАЛ?
A. Шизоидты патологиялық қиялдау
B. Невроз тәріздес синдром
C. Ерекше жаратылу сандырағы
D. Аса бағалы ойлар
E. Истериялық қиялдау++
Стационарға түскен баладан қабылдау бөлімінін дәрігері галлюцинаторлы- сандырақ бұзылысын байқады. Төмендегі дәрілердін қайсысын дәрігер беруі ықтимал?
золомакс
мелипрамин
галоперидол+
зипрекс
тетурам
12 жасар бала тез шаршағыштық, қажуға, құсуға және ұстамалы бас ауруына көлікте ,жабық жерде және ыстықта ұзыққа сақталатынына шағымданады. Төмендегі диагноздардын қайсысы болуы ықтима?
* сананың ымырт түсуі
* Неврастенияның астениялық нұсқасы
* церебрастеникалық синдром+
* белсенді астения
* делирий синдромы
Арнайы дайындығы бар жедел жәрдем бригадасы мынандай белгілері бар жасөспірімді алып келді: қимыл-қозғалыс тоқырау,бұлшық-етмелшиіп тұрып қалуымен,мутизммен, негативтілікпен,сілекей ағуынын жоғарылығымен. Төмендегі синдромдардың қайсысы осы бұзылыста болуы ықтимал?