ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.11.2023

Просмотров: 107

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіКүні: 07.09.2020 ж.№ 1 оқу іс-әрекет: «Таным» білім беру саласы Бөлімі: ЖаратылыстануТақырыбы: «Қош бол, жаз»Мақсаты: Табиғаттағы, ауа райындағы, өсімдіктер әлеміндегі, адамдардың киіміндегі қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға ынталандыру.Міндеттері:(4-5)Білімділік: Себеп-салдарлық сипаттағы сұрақтарға қоя отырып, табиғат құбылыстарын дербес бақылауға баулу. Дамытушылық: Күзгі табиғаттың әсемдігін байқай білуді дамыту.Тәрбиелік: Қоршаған ортаның әсемділігімен және оған деген қамқорлық қарым-қатынаспен байланысты мейірімділік сезімдерін, білуге құмарлықты тәрбиелеу.(3-4) жасБілімділік: Балаларды жемістердің белгілеріне қарап, бөлуге, оларды көрудің көмегімен сезіне білу қимылдары арқылы тексере білуге үйрету;Дамытушылық: Табиғатқа деген қызығушылықтарын ояту.Тәрбиелік:Табиғатты қамқорлау,ағаштарды баптауға тәрбиелеуҚажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: гүлдер, суреттер, үлестірмелі қағаздар.Әдіс – тәсілдер: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Бала әрекеті

Кіріспе бөлім


Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз!

Күлімдеген күндейміз!

Еш уайымды білмейміз.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.


Негізгі бөлім

Балалар мен сендермен ойын ойнағым келеді.

Д/ойын: «Бұл қай кезде болады?»

Күн ыстық болып, балалар өзенде шомылады. Қай кезде?

Қар ауып, аяз соғады. Қай кезде?

Жаңбыр жауып, жапырақтар қурап түседі. Қай кезде?

Қар еріп, бәйшешектер гүлдейді?
Балалар, қазыр қандай жыл мезгілі?

Күз мезгілің алдында қандай жыл мезгілі болды?
Д/ойын: «Гүлдер»

Шарты: Балалар сурет қиындыларын құрып, гүлдерді атайды.
Сурет бойынша әңгімелеу.

Мына суретке қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?

Қандай жыл мезгілі деп ойлайсыңдар?

Дұрыс, балалар, жаз мезгілі.

Енді міне жаз айлары өтіп күз де келді.
Сергіту сәті.

Ормандакірпікеледі,

Саңырауқұлақтереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі қайың астынан.

Біреуі терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке?

20 минут

Зерттеу.

Балалар , сендер білесіңдер ме, неге жапырақ сарғаяды?

Энциклопедиядан оқып беру



Балалар сипатына қарай

Жылмезгілін табады.
Жаз

Қыста

Күзде

Көктемде
Күз мезгілі


Түймедағы, раушан т.б.

Балалар ойнап жүр.

Далада ыстық.

Жаз.

Қимылмен көрсету.

Зер салып тыңдайды.

Қортынды бөлім

Балалар , сендер бүгін өте керемет жұмыс атқардыңдар. Жарайсыңдар! Бағалау, мадақтау.




Күтілетін нәтиже:Білуі тиіс: жыл мезгілдері жайлыНені игерді: жаз бен күз мезгілдерінің ерекшеліктері жайлы. Есеп :

+

-






Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіКүні: 14.09.2020 ж.№ 1 оқу іс-әрекет: «Таным» білім беру саласы Бөлімі: ЖаратылыстануТақырыбы: «Жомарт күз» (табиғатты бақылау)Мақсаты: Көкөністер, жемістер, саңырауқұлақтар мен жидектер туралы білімдерін кеңейту. Міндеттері :4-5 жасБілімділік: Табиғаттағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы түсініктерін кеңейту. Дамытушылық: Қарапайым экологиялық түсініктерді қалыптастыру.Тәрбиелік: Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.3-4 жас(3-4) жас .Білімділік: Табиғаттағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы түсініктерін кеңейту. Дамытушылық:Қарапайым экологиялық түсініктерді қалыптастыру. Тәрбиелік:Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: жемістер мен көкөністердің муляждары, иллюстрациялық материал, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаштар, жас көкөністер. Əр затқа жетілу деңгейінің реті бойынша 3–4-5 карточкалар (мысалы: жасыл, кішкентай қызанақ, қоңыр жəне қызыл), өсу тəртібіне қарай (дəн, сабақ, бойы биік сабақ, өсіп жетілген өсімдік).Билингвальді компонент: көкөніс – овощСөздік жұмыс: көкөністер, түбір.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Бала әрекеті

Кіріспе бөлім


Педагог жұмбақта қандай көгөністер жайлы айтылып тұрғанын сұрайды. Сабақтың мақсатын балаларға түсінікті тілмен түсіндіріп береді: Мыршай көгөністер мен жемістердің бəрін шатастырып алды.

Жұмбақтың шешуін табыңдар.

Үстіне тігіп көк шатыр, Астында қызыл дəу жатыр. (Қызылша)

Қалың киім ұнатады, Шешіндірсең жылатады. (Пияз)

Негізгі бөлім

Педагог балалардан күзді қандай белгілеріне қарай анықтауға болатынын сұрайды. Күзде табиғатта қандай құбылыстар байқауға болады? Сол арқылы балалардың табиғат құбылыстарының атауларын ауа райындағы өзгерістермен салыстыра отырып атап көрсету қабілетін нығайтады. Мысалы, жаңбыр жауды –жер батпақ болды (дымқыл болды); жел соқты – ағаштардың бұтақтары иіліп, шайқалды; күн шығып тұр – дала жылынып, жарқырай түсті; аспанды қара бұлт торлады – күн бұлттанды.

Балаларды жемістер мен көкөністер салынған себеттен тек қана көкөністерді іріктеп алуға шақырады.

Анықтауды сұрайды: Көкөністер қайда өседі? Көкөністер қандай болады? Көкөністерді неліктен пайдалы дейміз? Балаларға дəруменнің не қажеті бар? Педагог көкөністер топырақтың үстінде жəне топырақтың арасында өсетініне балалардың назарын аударады. Көкөністерді əртүрлі себеттерге салуды ұсынады. Балаларға оларды бір сөзбен – КӨКӨНІСТЕР деп атайтынын айтады.

Көкөністермен танысуға шақырады. Олар əртүрлі жəне бірбіріне ұқсамайды. Олардың бірбірінен айырмашылығы қандай? Балалардан жасыл (көк) түсті көкөністерді табуды сұрайды – орамжапырақ, қияр, кəді; қызыл түсті көкөністер – шалғам, қызанақ; сары түсті көкөністер – шалқан т.б.

Сергіту сəті

Бақшаға біз барамыз,

Өнімдерді жинаймыз

Сəбізді жұлып, картопты қазып, Орамжапырақтың түбін кесеміз

Дəмді қымыздықтан

Аз-аздап жұламыз.

Соқпаққа түсіп, қайтамыз үйге.

20 минут

«Дəміне қарап таны» ойынын ұйымдастырады.

Балалар өз болжамдарын айтады: Далада жаңбыр жауып тұр, күн суыта бастады, салқын жел соғып, сарғайған жапырақтар жерге түсіп жатыр. Күн шығып тұрғанымен бұрынғыдай қыздырмайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетіп жатыр, аңдар да қыстың қамын қылып жатыр. Адамдар егін жинап, көкөніс пен жемістерден қыста жейтін азық дайындап жатыр.

Тапсырманы орындауға атсалысады. Жұмбақты шешеді:

Көгөніс бұл қалаулы, Жасамас онсыз палауды. (Сəбіз)

Жап-жасыл, сопақ дақыл жерде жатыр, Дер кезінде жинамасаң, Сарғайып кетер батыр. (Қияр)

Жаңбыр одан өтпейді, Қабат-қабат тоны бар, Түймелеуге жетпейді. (Орамжапырақ)

Диалогке қатысады. Өмірде көргендеріне (жеке тəжірибесіне) сүйеніп, талқылайды: Көкөністер жеу үшін қажет. Олар үлкен жəне кіші, ұзын жəне қысқа, тəтті, тұзды, ащы болып келеді. Қоңыр себеттерге топырақтың арасында өсіп-жетілетін көкөністерді салады (картоп, сəбіз, шалқан, шалғам); сары түсті себетке – жер бетінде өсетін көкөністерді салады ( қияр, қызанақ, кəді, орамжапырақ). Көкөністердің аттарын атайды. (Көкөністердің атаулары мен олардың бəрі КӨКӨНІС деп аталатынын бəрі бірге қайталайды).

Қияр, қызанақ, тəтті бұрыштан дəм татады. Атауларын атайды. Балалар шеңбер құрап отырады.

Балаларға əртүрлі реттегі карточкалар таратылады. Жүргізушінің белгісі бойынша олар тиісті суреттің реті бойынша сапқа тұрады.

Қортынды бөлім

Сабақты қорытады, алған əсерлерімен бөлісуге шақырады.

Балалар көгөніске «айналады». Өздерінің қандай екенін айтады. Көңілді, қышқыл, ащы, тəтті жəне т.б. Алған əсерлерімен бөліседі. Педагогке дидактикалық материалдарды жинауға көмектеседі.

Күтілетін нәтиже: Білді: көгөністің бірнеше түрінің атауы мен сипаттамаларын біледі;Игерді: бəрінің жалпы атауын біледі – «көгөніс»;Меңгерді: алған білімін дидактикалық ойындар барысында пайдалана алады.Есеп :

+

-






Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіКүні: 21.09.2020 ж.№ 1 оқу іс-әрекет: «Таным» білім беру саласы Бөлімі: ЖаратылыстануТақырыбы: «Қуыршақты серунеге шығуға киіндірейік»Мақсаты: Киімдердің атын, түсін,түрін және іс-әрекеттерін білдіретін сөздер жайлы түсіндіруМіндеттері:(4-5) жас 1. Адамдармен табиғат арасындағы өзгерістерді сәйкестендіруе білуге үйрету2.  Ой-өрістерін дамыту.3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.(3-4) жас1.Тәрбиешінің көмегімен әңгіме құрастыруды жалғастыру.2. Киімдердің атын түсін, түрін және іс-әрекеттерін білдіретін сөздер арқылы сөздік қорын кеңейту.3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.Көрнекіліктер: қуыршақ, интерактивті тақта,Билингвалдық компонент: қуыршақ- кукла, тәуелсіздік күні- день независимость, мемлекет- государстваСөздік жұмыс: жыл мезгіліне сай киіну. Мемлекет, тәуелсіздік.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар айтындаршы, кәзір қандай жыл мезгілі?

Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?

-Ендеше біз қалай киінеміз?

Балалар бізге қуыршақ қонаққа келді.

Кәне онымен амандасайықшы

Қуыршақтың есімі Айнаш екен

-Казір қыс мезгілі.

-Ауа-райы суық болады.

-Үстімізге күртке, басымызға тақия, аяғымызға етік, қолымызға жылы қолбақ киеміз.

Балалар қуыршақты көріп қуанады.

Балалар қуыршақпен амандасады.

Балалар қуыршақтың атын қайталайды

Ұйымдастырушылық ізденіс

Балалар қараңдаршы қуыршақтың киімі қандай әдемі ия

Көйлегінің түсі қандай екен?

Шашының түсі қандай?

Әрине шашының түсі сары

-Балалар, қуыршақ қалай киінген?

-Күн суық гой тонып қалады гой, қуыршақты киіндірейік.

Кәзір қандай жыл мезгілі дедік

Онда біз қуыршақты қыс мезгіліне сай киіндіруіміз қажет Кәне қандай киімдерді киіндіреміз?

-өте жақсы балалар, енді сендерге қуыршақ мерекеге орай бірнеше сұрақ қоям дейді

-Балалар біз қай қалада тұрамыз?

-Мемлекетіміз?
-балалар ертең бізде қандай мереке?

-тамаша, ол қандай мереке?

-біздің тууымыздың түсі қандай?

-тууымызда ненің суреті белгіленген?
Сергіту сәті:

«Қыймылды жаттығу»

Жеке жұмыс: Алуамен сөздерді буынға бөліп екі,үш рет қайталату.

-Мемлекет

-тәуелсіздік

-қуыршақ

-Кәне балалар қуыршақты үйіне қайтарайық

-Қуыршаққа сау бол деп айтайық

20 минут

Дидкатикалық ойын: "Қай мезгілде киеміз?"

Қуыршақтың киіміне көңілдері ауады.

Киімдерінің түсін айтады. Шашы қысқа шашының түсі сары


Қуыршақ жұқа киінген тонып қалады


Қыс мезгілі
-Қалың тоң ,бас киім, қолғап, етік немесе пима кигіземіз.

Ия сұрақ қойсын, біз жауап береміз

-Біз Қостанай қаласында тұрамыз

-Қазақстан
-ертең 16шы желтоқсан
-тәуелсіздік күні
-туу көк түсті
-күннің және бүркіттің

-бір жақ шетінде оюдың суреті бар

Балалар қимылмен мына тақпақты айтады:

Орнымыздан тұрайық

Қолымызды ұрайық

Бір отырып,бір тұрып

Біз демалып алайық

Мем-ле-кет 2рет

Тәу-ел-сіз-дік 2 рет

Қу-ыр-маш 2 ретқайталау

-Сау болыңыз қуыршақ

Рефлексивті –коррекциялау


Балалар бізге қонаққа кім келді?

Қуыршақтың аты кім екен?

Біз қуыршаты қайттік

-Қуыршақ бізден не туралы сұрады

Бүгінгі ҰОІӘ жақсы ат салысқандарыңа рахмет

Бізге қуыршақ қонаққа келді

-қуыршақтың аты Айнаш

-қуыршақты киіндірдік

Тәуелсіздік күніне орай сұрақтар қойды

Күтілетін нәтиже:әңгіме құрастыруды ұғынадыКиімдердің атын, түсін,түрін және іс-әрекеттерін білдіретін сөздер жайлы түсінедіДыбыстарды айтуды қолданады.Есеп :

+

-





Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіКүні: 28.09.2020 ж.№ 1 оқу іс-әрекет: «Таным» білім беру саласы Бөлімі: Жаратылыстану Тақырыбы: «Жиһаз фабриасына саяхат».Міндеті:Қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту.Мақсаты:Қарапайым тәжірибелерді жүргізуге қызығушылықтарын, зейіндерін дамыту.Міндеттері:(4-5) жас 1.Үй ішіне қажетті жиһаздардың жеке бөліктерін  сөзбен дұрыс айтуға (дөңгелек үстел, түсі көк , төрт аяғы бар) үйрету;Бөлменің ішіндегі жиһаздар туралы айта білуді үйрету; 2.Баланың зейінін, логикалық ойлауын, тілін дамыту; 3.Жиһаздары күтуге тәрбиелеу.(3-4) жас 1. Адамдармен табиғат арасындағы өзгерістерді сәйкестендіруе білуге үйрету2. Күн сәулесінің пайдасы туралы түсініктерін дамыту.3.Табиғатты қамқорлау,нәзіктікке тәрбиелеу.. Алдын-ала жұмыс:балабақша ішіне саяхат,тақпақтар жаттату.Сөздік жұмыс:жиһаз-жиһаздар, керует-керуеттер, үстел-үстелдер,орындық-орындықтар.Көрнекі-құралдар:жиһаздар слайды, жиһаздар макеттері,топтағы жиһаздар.Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, көрсету,көркем сөз,ғажайып қонақ,сұрақ-жауап, желілік ойын «Жиһаз дүкені», д/о «Не артық?»Билингвальды компонент: Жиһаз-мебель,керует-кровать,үстел-стол, орындық-стул.

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық.

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңбер құруға шақырады.

Армысың, алтын күн,

Армысың, алтын жер

Армысың, көк аспан,

Армысың, жан досым.

Жылуыма жылу қос ,

Міне, менің қолым.

Бүгін біз үй жиһаздары туралы кеңінен білетін боламыз.

-Балалар үй жиһаздары барлығының үйлеріңде бар.

Қандай жиһаздарды білесіңдер?

Жарайсыңдар балалар!

 Балалар мен бүгін балабақшаға келе жатып ,бір сандық тауып алдым.Бұл сандықта біреу бар

секілді.Қарайықшы қане, балалар, қораптың аузын ашып көрейін.

Ой, балалар, мұнда хат бар екен .

Хаттың ішінде жұмбақ жазылыпты соның шешімін табайық.

 Қорбаң, қорбаң етеді.

Орман оның мекені.

Тәтті балға тойып –ап

Қыста ұйқыға кетеді.(аю)

 Бұл не балалар?

 Осы кезде топқа қолына дорба ұстаған қонжық кіреді.

Қонжық: -Сәлеметсіңдерме, балалар мен апайлар?

Мен кішкентай қонжықпын.

-Сәлеметсіңба, қонжық? Қош келдің, төрлет!

-Қолыңдағы не, қонжық?

-Ой,балалар,дорбаның ішінде менің киімдерім.

-Қонжық, сен неге ол киімдерді өзіңмен тасып жүрсің?

-Үйімде киімдерімді салатын жиһаздар жоқ,сондықтан оларды өзімен алып жүрмін.

-Ал сіздің балабақшада жиһаздар бар ма?

 

-Балабақшада балаларға арналған жиһаздар бар .Біздің балалар балабақшада сурет салуды, жапсыруды,ермексаздан мүсіндеуді үйре- неді,тамақтанады,ұйықтайды сол себепті, балабақшада түрлі жиһаздар болады.

Балалар шаттық шеңбер құрып, өлең сөздерін айтады.

 

 

 

 

 

 

Балалар тәрбиеші нің сұрақтарына жауап беруге тырысады.

Балалар

жиһаздарды атайды.

Қызығушылық танытады.

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақты шешеді

 

 

 

 

 

 

 

Қонжықты көреді.

 

Балалар қонжықпен амандасады.

 

Біздің балабақшада жиһаздар өте көп.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

Тәрбиеші слайд арқылы жиһаздар түрлерін көрсетіп ,олардың атауларын естеріне түсіреді.

Сөздік жұмыс жүргізеді.

Қонжық: Ал менің інімде ешқандай жиһаздар жоқ.Менде осындай жиһаздарды қалаймын.

Бірақ білмеймін қандайын таңдап алатынымды. Сендер маған көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші:-Балалар ,қонжыққа жиһаз таңдауға көмектесесіңдерме?

Желілік ойын «Жиһаз дүкені» (санамақ арқылы кейіпкерлерді таңдайды).

Тәрбиеші: Ал ендеше, жиһаздар сататын дүкенге барайық.

Балалар қонжықтың бөлмесіне қандай жиһаз ыңғайлы деп ойлайсыңдар?

Ал қонжық саған алған жиһаздар ұнады ма?

Қонжық: Иә, ұнады.

Тәрбиеші: Олай болса, балалар, қонжық сатып алған жиһаздардың атауын есінде сақтап қалу үшін мен сендерге жұмбақ жасырайын .

Жұмбақ:

-Төрт аяғы болса да,

Етік киіп көрмеген.

Жалқаулығы соншама,

-Аттап шықпас бөлмеден. (үстел)

Мен жайлымын жұмсақпын ,

Мені табу қиын емес

Ұнатады әжелер мен сәбилер

Отыруға ,жатуға. (диван)

 -Кеш батты,шаршадың сен, ұйқың келді.

Ұйқы бөлмеде күтіп тұр сені. (керует)

 Тәрбиеші: Ал, қонжық, сен есіңе сақтап алдың ба? Жарайсың,қонжық!

Балалар,сендерде жарадыңдар! Қонжыққа жиһаз таңдауға көмектестіңдер.

 -Қонжық, біздің балалар сен туралы орысша тақпақтар біледі.

Сен соны тыңдағың келеме?

 -Әрине,қуана-қуана тыңдаймын.

 -Мишка лапою мохнатой

Не спеша малину рвёт,

Ходит, ищет косолапый

Сладкий и душистый мёд.

 

-Мишка очень любит мед

Свежий из пчелиных

Он бы с пчелкой подружился

Этим лакмством розжился

Только пчелы вот беда

С ним не дружат никогда.

-Умеет мишка бегать.

На дерево залезать

Проплыть неплохо сможет.

Малину с мёдом съесть.

-В лесу-хозяин мишка.

Ещё б, такой большой

И вовсе не с добрейшей,

И радостной душой.

Билингвальды компонент:

Жиһаз – мебель,керует – кровать,үстел – стол, орындық – стул .

 

Қонжық: Рахмет, балалар, сендер мені қуантып тастадыңдар.

Тәрбиеші:

Ал, қонжық, сен шаршаған боларсың, біздің балалармен бірге бір серігіп ал. Біздің балалар ағылшынша сөйлейді үйреніп жүр.Қазір ағылшын тілінде сергіту жасайды.

Сергіту сәті:

Бейнетаспадан сергіту сәті жүреді.

 Қонжық: Мен балалармен «Не артық?» ойын ойнағым келіп тұр.(шарты:топтасқан жиһаздардың ішінен артық затты алып тастау»

 Тәрбиеші:

Д/о: «Жиһазды құрастырамыз»

Олай болса, енді біз тақтаға қарайық .Тақтада жиһаздардың жарты бөлігі көрінбейді , сол жиһаздың бөлігін тауып көрейікші.

 

Қане, кім шығады ?

Жарайсыңдар, балалар, сендер бүгін белсенділік көрсеттіңдер . Қонжық:Иә, балалар, сендер көп нәрсе біледі екенсіңдер. Мен сендерге риза болдым.Сендер маған көп көмектестіңдер.Мен енді жиһаздарымды үйіме апарып орналастырайын. Ал енді мен сендерге әкелген сыйлығымды таратайын.Сау болыңдар балалар.

Тәрбиеші: Олай болса, қонжық, сау бол!

Қонжық: Сау болыңдар!

Балалар слайдқа қарап жиғаздардың атауын атайды.

 

 

 

 

 

 

Ия, көмектесеміз.

 

 

Балалар санамақ арқылы сатушы, кассир,сатып алушы адамдарды таңдайды.Қызығушылықпен ойынға қатысады.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жұмбақтардың шешімін табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тақпақтар айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қонжықпен бірге сергіту сәтін жасайды.

 

Балалар кезекпен жиһаздарды атай-ды.Ол не үшін керек екенін айтады.

 

 

Сергіту сәтін орындайды.

 

Балалар қожықпен бірге ойын ойнайды.

 

Балалар тақтаға назар салады.

Балалар ойынға қатысады.

 

Балалар қонжықпен қоштасады.

Рефлексивті түзетушілік

Балалар, біз бүгін немен таныстық, не туралы әңгімелестік?

Жиһаздарды атаңдаршы?

 Жиһаз бізге не үшін керек?

 Жиһазды бүлдіруге бола ма?

 Балалар бізге қонаққа кім келді?

Қонжыққа біз не таңдап бердік?

Жарайсыңдар балалар! Сендерді бүгін мен смайлик арқылы бағалаймын.

Жиһаз туралы

 Шкаф, үстел, диван, отырғыш, керует.

Демалу,отыру,

ұйықтау үшін керек.

Жоқ,жиһаздарға ұқыпты қарау керек.

Қонжық келді.

Жиһаздар таңдап бердік.

Балалар қуанады.

 

Күтілетін нәтиже. (ересек топ)Біледі: жиһаз түрлерін, қажеттілігін, оларды ұқыпты пайдалануды.Түсінеді:жиһаздардың орысша атауларын.Игереді:жұмбақтар шешуді , тақпақтар айтуды, ойын тапсырмаларын орындауды. Күтілетін нәтиже. (ортаңғы)Біледі: жиһаз түрлерін, қажеттілігін, оларды ұқыпты пайдалануды.Түсінеді:жиһаздардың орысша атауларын.Игереді:жұмбақтар шешуді , тақпақтар айтуды, ойын тапсырмаларын орындауды. Есеп:

+

-





Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіКүні: 05.10.2020ж.№ 2 оқу іс-әрекет: «Таным» білім беру саласы Бөлімі: ЖаратылыстануТақырыбы: «Менің Отбасым» (суреттер қарастыру немесе бейнефильм көрсету)Мақсаты: Үй жануарлары, құстар туралы, олардың коректенуі, қимылдары, шығаратын дыбыстары, жануарлар мен құстарға күтім жасауда ересектердің еңбегі туралы білімдерін нақтылау.Міндеттері:Білімділік: Балаларды үй жануарларымен таныстыру. Үй жануарлары олардың төлдерімен, отбасы, туған – туысқандар туралы балалардың білімін кеңейту. Дамытушылық: Сөйлеу мәнерін дамыту, тақырып бойынша сөздікті жандандыру.Тәрбиелік: Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.(3-4)жасБілімділік:Балаларды өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары, олардың жақсылығы мен қайырымдылығы, мәдениеті мен сыпайылыққа қатысты сөздерді қолдануға үйрету.Дамытушылық:Өзінің отбасы мүшелерінің бір-біріне қалай көмектесетіндіктері жайлы сұрақтарға жауап беруге, басқа балалардың да отбасы туралы айтқандарын тыңдап, түсіне білуге ынталандыру.Тәрбиелік: Отбасы мүшелеріне құрметпен, сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері, дидактикалық құрал «Сиқырлы қалам».Билингвальді компонент: Үй жануарлары - домашние животные

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Бала әрекеті

Кіріспе бөлім


Қайырлы таң, балалар! Біз әдепті баламыз
Айтқан тілді аламыз
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Бас иеміз біз

Балалар ортаға тұрып, шаттық шеңберін құрады. Бір-біріне жақсы сөздер айтып, жылы лебіздерін білдіреді.

Негізгі бөлім

- Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
- Күзде табиғатта қандай өзгешіліктер болады?
- Балалар, қараңдаршы, бүгін ауа райы қандай керемет! Олай болса, сендерді әжеміздің ауылына қонаққа апарамын.
Қонаққа барғыларың келе ме?
- Олай болса кеттік.
(Музыка ойнайды. Тәрбиеші балаларды жайлауға ертіп келеді. Олар жолда төрт - түлікті көреді. Әжемен амандасады)
Әже: - Айналайындар, келдіңдер ме, құлындарым, ботақандарым, кішкентай аппақ қозыларым!
- Иә, балалар сізді сағынып қалыпты біз
жайлаудағы төрт - түлікпен танысуға келдік.
- Балалар, мынау - жылқы. Жылқы ер қанаты. Ол сезімтал, талғампаз жануар. Балалар, жылқының төлін қалай атайды? Жылқыға мініп көрдіңдер ме?
Мынау - түйе. Түйе төрт түліктің төресі, жүні киім. Түйе таптырмас көлік, ол шөлге шыдамды. Түйенің сүті қалай аталады? 
Мынау - қой. Ол ұсақ малға жатады. Төрт түліктің момыны. Қойдың еті, сүті, майы пайдалы. Жүнінен кигіз басады, киім - кешек, алаша, кілем тоқиды.
Балалар, қойдың төлі қалай аталады?
Ал мынау - сиыр. Ірі қара малына жатады. Сиырдың еті, сүті пайдалы. Сүтінен қаймақ, құрт, ірімшік жасайды. Балалар, сиыр төлі қалай аталады?
Мынау - ешкі. Ол уақ малға жатады. Оның мінезі жеңіл, ұшқалақ. Тастан тасқа секіріп тыным таппайды. Оның сүті, түбіті пайдалы. Балалар, ешкі төлі қалай аталады?
- Балалар, әжемізге төрт түлік мал туралы тақпақ айтып берейік.
Жарайсыңдар, балалар, енді ойын ойнайық.
Дидактикалық ойын: «Дауысынан таны»
Сергіту сәті:
Шөре - шөре лағым
Тентек болма шырағым!
Секектеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Балалар, төрт түлік жайында қандай теңеу, мақал - мәтелдер білесіңдер?
Төрт түлікке байланысты қандай санамақ білесіңдер?
Балалар, төрт түліктің төлдері қалай аталады?

20 минут
Рефлекстік түзету Балалар, төрт түлікке байланысты жұмбақ жасырайын:
1. Апан - апан, ескі шапан
Иір қобыз, жарық жұлдыз.
2. Екі айнасы бар
Екі найзасы бар
Төрт жылтырмағы бар
Бір шыбыртқысы бар.
3. Кішкене ғана бойы бар
Айналдыра киген тоны бар
4. Туа сала жүріп кеткен
Енесін қуып жеткен
5. Басында екі таяғы бар
Төрт аяғы бар
Адам деуге болмайды
Бірақ сақалы бар.
Жарайсыңдар, балалар. Әжемізбен қоштасайық!
(музыка ойнайды, жолда табиғатты, төрт түлік малды тамашалайды)


Күз мезгілі
- Күн суыта бастайды.
- Жапырақтар сарғайып жерге түседі.
- Жаңбыр жиі жауады.
- Құстар жылы жаққа ұшады.
- Иә. Барғымыз келеді!
- Апамызды сағындық.
- Сәлеметсіз бе, әже!
- Құлын.
- Иә, мініп көрдік.
- Шұбат.
- Қозы, қошақан.
- Бұзау.
- Лақ.

Тақпақтар айтады:
Мынау тұрған лақ
1.Салпаңдаған құлақ
Су ішетін жері
Сылдыраған бұлақ.
2.Момақаным, маймағым
Келмейді әлі ойнағың
Қалтырайсың үйде де,
Қошақаным қайда әлің?
3.Екі көзің мөлдіреп,
Кекіл шашың желбіреп.
Енең жүрген далаға
Көп қарайсың елжіреп.
4.Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды
Жібек жүнің үлбіреп,
Қарасам көз тоймайды.
5.Құлыншағым құндызым,
Құлдырайды шабады.
Жылтылдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.
6.Кіп-кішкене момақан
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам қозым деп,
«Қошақаным» өзің деп!
1. Мал өсірсең қой өсір
Өнімі оның көл көсір
2. Мал төлімен жарасты
Жер гүлімен жарасты
3. Малды баға біл
Бабын таба біл
4. Ер қанаты - ат
Сөз қанаты - хат
5. Жылқы - малдың патшасы
Түйе - малдың қасқасы.
Санамақ айтады.
- Түйе төлі - ботақан
Мөлдіреп көзі ойнаған.

- Жылқы төлі - құлыншақ,
Тұяғы жерге ұрыншақ.
- Қойдың төлі - қошақан
Өріске қашқан қорадан
- Сиыр төлі - бұзау
Сүйкімді әрі асау
- Ешкі төлі - лақ
Тыныш тұрмайды ол бірақ.
Түйе, сиыр, қой, құлын, ешкі
- Сау болыңыз!

Қортынды бөлім

- Балалар, айналаға қараңдаршы не байқап отырсыңдар?
- Иә, балалар, малдардың бізге қандай пайдасы бар екен? Олар бізге не береді?
- Жарайсыңдар, балалар, сендер төрт түлік жайлы жақсы түсінік алыпсыңдар! Біз малды қалай ұстауымыз керек?
- Жарайсыңдар, балалар. Міне тобымызға да келдік.

Малдар жайылып жүр.
- Сүт, ет, май. Киімнің бәрі мал терісінен тоқылады.-

Күтуіміз керек, баптауымыз керек.