Файл: Дріс Мектепке дейінгі балалар психология пні, мселелері жне зерттеу дістері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 53
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Дәріс 1. Мектепке дейінгі балалар психология пәні, мәселелері және зерттеу әдістері.
Мектепке дейінгі балалар психологиясы ғылым ретінде. Балалар психологисының шығу тарихы. Балалар психологиясының теориялық және практикалық маңызы. Балалар психологиясының басқа ғылым салаларымен байланысы. Балалар психологиясының зерттеу әдістері.
Бала психикасының дамуы туралы ғылым – бала психологиясы. Бұл ғылым 19-ғасырдың аяғында салыстырмалы психологияның бір тармағы ретінде туындады. Бұл мәселені жүйелі түрде зерттеуге қозғалыс берген ғалым дарвинист В.Прейердің «Бала жаны» еңбегі болды. Бұл еңбегінде В.Прейер келесі мәселелерді суреттейді. Өзінің баласын бақылап күнделік жазады. Онда көбінесе баланың сезім мүшелерінің дамуына, моториканың, ерік, ақыл-ойы және тіл байлығына дамуына көңіл аударған. В.Прейер баланың психологиясына объективтік көзқарасты ендіруімен негізделеді.
Балалар психологиясына объективті көзқарас 19-ғасырдың аяғыда қалыптасқан, өнеркәсіптің интенсивті дамуымен және қоғамның дамуымен байланысты болды. Тәлімгерледің ең бірінші сұрағы? Балаларды қалай тәрбиелеу керек және балаларды қалай оқыту керек ? Мұғалімдер мен ата-аналар «үре-дұра» тәрбиені, эффективтік тәрбие ретінде қабылдай алмады. Сондықтан бұған қарағанда демократиялық тәрбие түрлері пайда болды. Баланың жан дүниесін түсінетін уақыт келді. Адам өзін-өзі үлкен адам болып түсінетін болғаннан кейін , балалық шаққа зерттеу жасау керек болды. Бұл үшін тек қана, баланың психологиясын зерттеу арқылы, үлкен адам психологиясын түсінуге болатын болды.
Баланың психологиясын зерттеуге Дж.Уотсон, В.Штерн, К.Бюлер, К.КофФка, К.Левин, А.Валлон, З.Фрейд, Д.Н.Узнадзе, А.р.Лурия, Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин т.б. өз үлестерін қосты.
Бала психикасын эксперимент қолданып зерттеуге еңбек сіңірген психологтар: А.Бинэ (1857-1911), В.Штерн (1871-1933), К.Коффка (1886-1941), Ж.Пиаже (1896-1980). Бұлар экспериментті әржастағы балаларға қолданды, осылардың ішінен баланың қалай есейетінін зерттеуге үлкен үлес қосқан А.Бинэ мен В.Штерн, Ж.Пиаже болды. Ж.Пиаже 1916 жылдан бастап балалардың ой-өрісін шұғыл зерттеуге кірісті. Ж.Пиаже Женева қаласында балалардың ой-өрісін білу жөнінде эпистемология дейтін ілімнің негізін салып, осы туралы Біріккен Ұлттар ұйымы жанындағы ЮНЕСКО тарапынан эпистемологияорталығын ұйымдастырып, сонда зерттеу жүргізіп, өзінің осы жөіндегі қорытындыларын бір неше тілде көп том етіп жариялады.
Балалар психикасын зерттеу АҚШ-тағы Калифорний университетінің жанындағы психологиялық лабораторияда кеңінен дамыды. Бұлардың қолданатын зерттеу әдістерінің бірі – генетикалық (төркін, шығу деген сөзден) тәсіл. Генетикалық тәсілді, сол лабораторияда Лонгитюд деп атайды.
Біздің елімізде бала психологиясының тарихына келсек осыған орай жүргізілген зерттеулер тек Октябрь революциясынан кейінгі кездері болды. Мұндай зерттеулерге әсер еткен: 1-шіден, И.П.Павлов шәкірттерінің жұмысы- Н.И.Красногорскийдің т.б. осы салада Н.И.Красногорский 1903 жылдан бастап зерттеу жүргізді. 2-шіден, В.М.Бехтеревтің басшылығымен оның шәкірттері (Н.М.Щелованов) жүргізілген зерттеулер. Сол кездегі бала психологиясын зерттеуге үлес қосқандар: Н.А.Рыбников (1880-1961), К.Н.Корнилов (1879-1959), П.П.Блонский (1884-1941), Л.С.Выготский (1896-1934) және соңғы кездерде шұғыл айналысқандар: Д.Б.Эльконин, Л.И.божович, П.Я.Гальперин т.б.
Қазақстанда Бала психологиясына қатысты еңбектер жазған психологтар: С.Балаубаев, Е.Суфиев, Ш.Әлжанов, А.Темірбеков, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, т.б. Балаларды жан-жақты зерттеумен басқа ғылымдар да айналысады.
Балалар психологиясы балдырғанды зерттейді. Баланы зерттейтін басқа ғылымдар да бар. Олардың әрқайсысы өзінше, өзінің ерекше жағынан зерттейді. Балалар психологиясы балдырғанның басқа адамдармен қарым-қатынас жасай алатын, еңбектенетін, жаңалық ашатын, өнер туындыларынан ләззат ала білетін ересек адамға қалай айналатынына көңіл бөледі. Үлкендер кейде баланың «ақылына» таң қалады. Шынында бұл жердегі құпия ақылда емес, табысқа тез жетуде, бала кеше қолынан клмегенді бүгін үйреніп үлгермегендігінде жатыр. Баланың үнемі ілгері ұмтылуы, оның мінез-құлқында, іс-әрекетінде жаңалықтың пайда болуы, қарапайымдылықтың неғұрлым күрделі, ойланып атқарылатын қимылға ауысуы, сөйлеуді игеруі дербестілігінің алғашқы көріністерінің пайда болуы, міне, осылардың бәрі сәбидің дамуын сипаттайтын фактылар.
Балалар психологиясы тек балдырғанның психикалық дамуын, психикалық дамудың әрбір сатысын сипаттайтын негізгі компоненттерді зерттейді. Бойының өсуін, салмағының артуын, дене пропорциясының өзгеруін, нерв жүйесінің құрылымы мен жұмысының жетілуін, ішкі секреция бездерінің жұмыс атқару өзгерістерін – дамудың осы жақтарының бәрін жас ерекшелігі анатомиясы мен физиологиясы зерттейді.
Бала психологиясы – балдырғанның психикалық даму факторлары мен заңдылықтарын: оның іс-әрекетінің дамуын, психикалық процестерінің және сапаларының дамуын, оның жеке басының қалыптасуын зерттейтін ғылым.
Балдырған психикасының дамуын зерттеген кезде бала психологиясы кейбір басқа да ғылымдардың мәліметтерін пайдаланады және өз кезегінде, олар үшін маңызды мәні бар материал беріп тұрады.
Жасқа байланысты өзгерістер эволюциялық, революциялық және ситуациялық болып бөлінеді. Эволюциялық өзгерістерге адам психикасында болып жатқан сандық және сапалық өзгерістер жатады бір жас тобынан екіншісіне ауысқан кезде. Мұндай өзгерістер баяу, бірақ мұқият жүреді және бірнеше айдан (нәрестелер үшін) бірнеше жасқа дейін (егде жастағы балалар үшін) өмірдің маңызды кезеңдерін қамтиды. Олар келесі факторларға байланысты: а) биологиялық жетілу және организмнің психофизиологиялық жағдайы; б) оның әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі орны; в) интеллектуалды және жеке даму деңгейі.
Революциялық өзгерістер тез, қысқа мерзімде жүзеге асырылады, олар эволюцияға қарағанда тереңірек. Бұл өзгерістер психика мен мінез-құлықтың эволюциялық өзгерістерінің салыстырмалы түрде тыныш жүретін кезеңдері арасындағы ғасырлар аралығында пайда болатын жас даму дағдарысында орын алады.
Ситуациялық өзгерістер баланың психикасына әсер етумен байланысты нақты әлеуметтік жағдай. Бұл өзгерістер процестерді көрсетеді, баланың психикасы мен мінез-құлқында оқу мен тамақтанудың әсерінен болады.
Психиканың жасқа байланысты эволюциялық және революциялық өзгерістері тұрақты, қайтымсыз, жүйелі нығайтуды қажет етпейді. Олар адам психологиясын тұлға ретінде өзгертеді. Ситуациялық өзгерістер тұрақсыз, қайтымды және келесіде бекітуді қажет етеді жаттығулар. Мұндай өзгерістер жеке нысандарды түрлендіруге бағытталған мінез-құлық, білім, дағдылар.
Балалар психологиясының міндеттері және ғылыми зерттеулердің өзекті бағыттары. Балалар психологиясының теориялық міндеті-онтогенездің ерте кезеңдерінде психикалық дамудың заңдылықтарын зерттеу, даму кезеңдерін белгілеу және бір кезеңнен екінші кезеңге өту себептері, даму мүмкіндіктерін, сондай-ақ психикалық процестері жас ерекшеліктерін, баланың әлеуметтенуінің жас ерекшеліктерін анықтау.
Балалар психологиясының теориялық мәселелерін шешудегі жетістіктер оны іс жүзінде енгізу мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Балалар психологиясының практикалық міндеттері:
- оқыту және тәрбиелеу үдерістерін жандандыру
- балалардың даму процестерін бақылау
- диагностика және арнайы мекемелерге балаларды іріктеу
- жалпы психологиялық теріс факторлардың әсерін алдын алу
және баланың жеке дамуы
- білім беру процесі субъектілерінің психологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Балалар психологиясының міндеттері:
- Баланың жеке басының дамуы мен болу механизмдерін анықтау және сипаттау
- Даму үрдісінде және даму үрдісінде көрінетін адам нологиясы феноменінің сәйкессіздігін ерте жастағы кезеңдерді талдау.
Қазіргі балалар психологиясының теориялық және практикалық міндеті. Қазіргі балалар психологиясын зерттеудің педагог үшін теориялықта, практикалық та маңызы зор. Өйткені баланың жас кезеңіне байланысты айырмашылық дағдарыстарын зерттеп білу педагогқа программалық материалдың көлемін анықтауға септігін тигізеді. Психологияны жете игеру тәрбиешілерді көптеген қателіктерден сақтануға жөне балалармен дұрыс байланыс қарым-қатынас орнатуға көмектеседі және педагогтарға тек баланы түсініп қана қоймай, қолдап, жақсы қасиеттерін дамытуға, баланың жан дүниесін сезе білуге көмектеседі. Оқу-тәрбие жұмысы, ғылым саласында болып жатқан реформалық жаңалықтарды ғылыми тұрғыда зерттеу осы ғылымның негізгі міндеті. Мысалы, баланы мектепке 6 жастан бастап оқыту, басқа ұлт мектептерінде қазақ тілін кеңінен игерту немесе мүмкіндігіне қарай бастауыштан бастап шет тілдерін игерту. Ауылдық жердегі мектептің оқу-тәрбие үдерісінің ерекшелігі халықтың бала тәрбиесіне байланысты жинақтаған бай тәжірибесі, психологиялық идеялар ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдауды талап етеді. Осының бәрін балалар психологиясынсыз шешу мүмкін емес.
Баланың барлық іс-әрекеті үлкендерден өзгеше қалыптасады. Мәселе
оның білімін үлкендердің білімімен салыстыруға болмайтындықтан емес, қарапайым күнделікті бақылауларынан баланың сезінуі, ойлауы үлкен кісілердей емес екендігін білеміз. Сәбидің сезімдері күшті, бірақ көбіне тұрақсыз болулары мүмкін. Бүгін құштар болған нәрсесін ертең ұмытып кетуі ғажап емес. Үлкендердің астарлап сөйлегенін балалар түсіне бермейді. Жас бала өзін қызықтырмаған істі зорлап орындай алмайды.
Үлкендер кейде баланың «ақылына» таң қалады. Шынында бұл жердегі құпия ақылда емес, табысқа тез жетуде, бала кеше қолынан келмегенді бүгін үйреніп, үлгермегендігінде жатыр. Олардың барлығы да дамудың бір кезеңдерінен, сатыларынан өтеді. Осы жағдайларды ескеріп тәрбиешінің балалармен жұмысжасауы тәрбиешінің білімділігін талап етеді
Балалар психологиясының басқа ғылым салаларымен байланысы.
Балалар психологиясы жалпы психологиядан тарайтын даму психикасы туралы білімге сүйенеді. Мысалы, балалар психологиясын зерттеудің, оның іс-әрекеті, психикалық үдерістері мен жағдайлары, жеке басының қасиеттері сияқты жағдайларды бөліп көрсету, олардың бұрын жалпы психологияда бөліп көрсетіліп, сипатталғандығынан ғана мүмкін болады.
Балалар психологиясы жас ерекшелігі анатомиясы мен физиологиясының жетістіктерін, әсіресе баланың жүйке жүйесі мен жоғарғы жүйке қызметінің дамуы туралы мәліметтерді үнемі пайдаланып отырады.
Баланың психикасының даму заңдылықтарын зерттегенде балалар психологиясы басқа ғылымдардың ғылыми мәліметтерінің негізіне сүйенеді.
Балалар психологиясы табиғат пен қоғамдағы құбылыстар дамуының заңдылықтарын ашатын сананың қоғаммен сабақтастығын дәлелдейтін философия, диалектикалық материализм негізіне сүйенеді.
Бала психологиясы саласындағы білім педагогиканың ғылыми негіздерінің құрамына кіреді. «Егер педагогика адамды барлық қарым-қатынаста тәрбиелегісі келсе, – деп жазды К.Д.Ушинский, – ол ең алдымен оны да барлық қарым-қатынаста білуі тиіс».
Балалар психологиясы тек балдырғандардың психикалық дамуын, психологиялық дамудың әрбір сатысын сипаттайтын негізгі компоненттерді зерттейді. Яғни, балалардың бойының өсуін, салмағының артуын, дене пропорциясының өзгеруін, жоғарғы нерв жүйесінің құрылымы мен жетілуін, ішкі секреция бездерінің қызметін, оның өзгерісін анатомиялық-физиологиялық негізіне сүйене отырып зерттейді.
Бала психикасын зерттеу әдісінің жіктелуі.
Балалар психологиясының зерттеу әдістері – баланың дамуын сипаттайтын фактыларды анықтау тәсілдері.
Кез келген ғылымның негізгі фактылары зерттеуден тұрады. Фактылар тауып, анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми әдістер деп атайды.
Дамуға қатысты фактыларды әр жастағы балалардың ерекшеліктерін өзара салыстыра отырып алуға болады. Мұның екі жолмен яки бір баланы ұзақ уақыт бойы зерттеп, байқалған өзгерістерді есепке алып отыру жолымен, яки балалардың әр жастағы тобынан біршама көп балаларды алып зерттеп, әр жас арасындағы балалардың бір-бірінен қандай өзгерістерде болатынын анықтау жолымен жүзеге асуы мүмкін. Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы: бақылау мен эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, т.б.
2.Бала психикасының дамуын негізгі және қосалқы әдістермен зерттеу
Балалар психологиясын зерттеудің негізгі әдістері – бақылау және эксперимент. Негізгі әдістерге, жалпы психология сияқты екі әдіс- бақылау және эксперимент жатады.
Бақылау – кішкентай баламен жұмыс жасауда таптырмайтын әдіс. Баланың мінез-құлқының барлық ерекшеліктері қызықтырған кезде, тұтастай бақылау болады, бірақ көбінесе бақылау таңдаулы болады. Бақылау – күрделі әдіс, оны қолдануға бірнеше талаптар бар.
Бақылау әдісі. Бақылау кезінде зерттеуші баланың мінез-құлқын табиғи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып қадағалайды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай есепке алады. Бақылаудың табысты болуы оның мақсатының қаншалықты дұрыс тұжырымдалғандығына байланысты. Егер зерттеуші бақылау басталмас бұрын бала мінез-құлқының қай жағына көбірек көңіл аударуы керек екенін анықтап алмаса, онда әсері бытыраңқы, тұрақсыз болады.
Өзін бақылап жүргенін бала сезбеуге тиіс. Әйтпесе ол табиғилығын және еркіндігін жойып алады да, оның мінез-құлқы өзгеріп кетеді. Сондықтан бақылауды бала үйреніскен, баламен күнделікті болып жүрген адамның жүргізгені дұрыс.
Бақылаудың жаппай және ішінара бақылау деген екі түрі болады. Жаппай бақылаулар ұзақ уақыт бойы жүргізіледі де, бала мінез- құлқының көп жағын қамтиды.