Файл: Логикалы есептер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.11.2023

Просмотров: 152

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бірлескен жұмыс

  1. Ағаш кесушілер бригадасы үш күнде 184 куб.метр отын дайындады. Бригада бірінші күні жоспарлағаннан 14 куб.метр артық, ал екінші күні 2 куб.метр кем отын дайындады. Үшінші күні бригада жоспарды 16 куб.метрге асыра орындады. Бригада жоспар бойынша күніне неше куб.метр отын дайындауға тиіс?

  2. Ұста мен оның шәкірті 1 ауысымда жоспар бойынша 65 тетік жасауы тиіс еді. Ұста өзінің жоспарын 10%-ке, шәкірті 20%-ке артық орындағандықтан, бір ауысымда 74 тетік жасалды. Ұста мен шәкірті жеке-жеке жұмыс істегенде жоспар бойынша бір ауысымда неше тетік жасауы керек еді?

  3. Жоспар бойынша кооператив күніне 60га жерге астық себуі керек еді. Алайда кооператорлар әр күні жоспарын 25%-ке артық орындады, сондықтан жұмысты уақытынан 4 күн бұрын бітірді және жоспардағыдан 15га артық септі. Кооператив неше гектеар жерге егін екті?

  4. Жоспар бойынша кооператив күніне 40 га жерге астық себуі керек еді. Алайда кооператорлар әр күні жоспарын 30%-ке артық орындады, сондықтан жұмысты уақытынан 2 күн бұрын бітірді және жоспардағыдан 4 га артық септі. Кооператив неше гектар жерге егін екті?

  5. Құрамындағы никельдің мөлшері 5 % және 40 % болатын болаттың екі түрлі сорты бар. Құрамындағы никельдің мөлшері 30 % болатын 140 т болат алу үшін екі сорттың әрқайсысынан неше тоннадан алу керек?

  6. 1 кг алмұрт шабдалыдан 20%, ал 1 кг алма алмұрттан 10% арзан, 1кг алхоры 1 кг алмадан 15% арзан. 1 кг алхоры 1 кг шабдалыдан неше процент арзан?

  7. Пісірген кезде ет өз салмағының 35 %-ін жоғалтады. 520 грамм пісірілген ет алу үшін қанша шикі ет қажет?

  8. Сыныптағы әр оқушы сыныптағы өз жолдастарын мейраммен құттықтауды ойлады. 1332 құттықтау ашық хат жолданған болса, сыныпта қанша оқушы болғаны?

  9. Екі айлақтың арасы 72,3 км. Кеме екі айлақтың арасын ағыспен 3 сағат жүрді. Ағыс жылдамдығы 4,1 км/сағ, кеменің өз жылдамдығын табыңыз.

  10. Тізбектес екі натурал санның көбейтіндісі 240-ге тең. Осы сандардың қосындысын табыңыз.

  11. Бөлшектің алымын бірге кемітсе, онда -ге тең болатын бөлшек шығады, ал оның бөлімін бірге кемітсе, онда бөлшек -ге тең болады. Осы бөлшек санды табыңыз.

  12. Құны 225 мың теңгелік екі бағалы тері халықаралық аукционда 40% пайдамен сатылды. Егер бірінші теріден 25 %, екіншісінен 50 % пайда түскен болса, әр терінің жеке бағасы қанша?

  13. Картоп егілген жердің бір бөлігінің ауданы екіншісіне қарағанда 2 га артық. Бірінші бөліктен 748 тонна, екіншісінен 720 тонна картоп жиналды. Егер екінші бөліктің 1 гектарынан жиналған картоп бірінші бөліктің 1 гектарынан жиналған картоптан 4 тоннаға көп болса, онда әр бөліктің 1 гектарынан қанша картоп жиналды?

  14. Бір жылқы мен екі сиырға күн сайын 34 кг шөп беріледі, ал екі жылқы мен бір сиырға 35 кг шөп беріледі. Күн сайын бір жылқыға қанша кг және бір сиырға қанша кг шөп беріледі?

  15. 6 күннің ішінде 24 адам құлпынай салынған учаскенің шөбін жұлды, онда 36 адам сол жұмысты неше күнде орындайтынын табыңыз:

  16. Фирма жарнама агенттеріне заказ құнының 5%-ін төлейді. 2000 теңге табу үшін, заказдың құны қанша болу керек?

  17. Тізбектес екі натурал санның көбейтіндісі 182-ге тең. Осы сандардың қосындысын табыңыз.

  18. Сыныптағы әр оқушы сыныптағы өз жолдастарын мейраммен құттықтауды ойлады. 756 құттықтау ашық хат жолданған болса, сыныпта қанша оқушы болғаны?

  19. Қарбыздың 98%-і су. 5 кг қарбызда қанша су бар?

  20. Бір жүкті тасуға үш тонналық 10 машина керек. Сол жүкті тасу үшін екі тонналық неше машина керек?

  21. 2,8 м3 қара бидай дәнінің салмағы 1,96 т 4,8 м3 қара бидай дәнінің салмағы қандай?

  22. Теңіз суында 5% тұз бар. Құрамында тұз мөлшері 2 % болу үшін 80 кг теңіз суына қанша таза су қосу керек?


Қозғалысқа байланысты есептер

  1. Өзен бойындағы екі қаланың ара қашықтығы 80 км. Теплоход бір қаладан екіншісіне барып қайтуға 8 сағ 20 мин жұмсайды. Өзен ағысының жылдамдығы 4 км/сағ. Теплоходтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз

  2. Моторлы қайық ағыс бойымен 18 км және ағысқа қарсы 14 км жүрді, осы жолдың барлығына ол 3 сағ 15 мин жұмсады. Қайықтың меншікті жылдамдығы 10 км/сағ. Ағыстың жылдамдығын табыңыз.

  3. Аэропортта 880 жолаушы ұшақ күтіп отыр. Олардың 35%-і еркектер. Әйелдер мен балалардың жалпы санының 75%-ін әйелдер құрайды. Аэропортта қанша әйел және қанша бала болғанын табыңыз?

  4. А пунктінен өзен ағысымен сал жіберілгеннен кейін 5 сағат 20 минут өткен соң салдың соңынан моторлы қайық шығып, 20 км жүзгеннен кейін салды қуып жетеді. Егер моторлы қайық салдан 12 км/сағ жылдам жүретін болса, салдың жылдамдығы неге тең?

  5. Екі айлақтың арасы 55,4 км. Кеме екі айлақтың арасын ағыспен 2 сағат жүрді. Ағыс жылдамдығы 2,8 км/сағ, кеменің өз жылдамдығын табыңыз.

  6. Поезд 2 сағатта 144 км жол жүреді. 3 сағатта қанша жол жүреді?

  7. Жаяу адам 10 км жолды белгілі бір жылдамдықпен жүру керек еді, бірақ ол жылдамдығын 1 км/сағ арттырып, 10 км жолды 20 мин тезірек жүріп өтті. Жаяу адамның алғашқы жылдамдығын табыңыз.

Комбинаторика және ықтималдық

  1. Сыныптағы 32 оқушының 14-і мектепте өткен футбол турниріне, 10-ы баскетбол турниріне және 8-і волейбол ойынынан жарысқа қатысқан. Мұнда 6 оқушы әрі футбол, әрі баскетбол жарысына, 5 оқушы әрі футбол, әрі волейбол жарысына, 4 оқушы әрі баскетбол, әрі волейбол турниріне, ал 3 оқушы барлық үш ойыннан жарысқа қатысқан. Сынып оқушыларының нешеуі осы турнирлердің бірде – біреуіне қатыспаған?

    Талдау:
    Эйлер – Венн диаграммасын қолданайық.
    А – футболға қатысқан оқушылар жиыны,
    В – баскетбол,
    С – волейбол,
    U – сыныптағы барлық оқушылар жиыны болсын. Есеп шарты бойынша: 

     



     

     

    (3) формула бойынша 

     Сыныптағы оқушылардың жарыстың қандай да бір түріне қатысқандарын біліп алдық. Онда сыныпта   оқушы жарыстың бірде – бір түріне қатыспаған.

    Көбейту ережесі.
    Кез келген санаулы элементтері бар А және В жиындары үшін барлық  қос элементтер саны   осы жиындар элементтері сандарының көбейтіндісіне тең.



    Есеп.
    Асханада І-ші тамақтың екі түрін  , ІІ тамақтың үш түрін   және екі түрлі десерт  ұсынады. Асхана қанша түрлі түскі тамақ ұсынуға болады?


    Бұл тәсіл графиктік жолмен кескінделген. Бұл схеманы талдау ағашы деп атайды.

    .

    .

    Сонымен асханашы 12 түрлі түскі тамақ ұсынады.
      1   2   3   4


Алмастырулар.
Х жиыны n элементтен құралған жиын болсын. Онда Х жиынының элементтерінен құралған, ұзындығы k-ға тең және элементтері қайталанбайтын әрбір шеруді n – нен k бойынша алынған қайталанбайтын орналастыру деп аталады. Оны   арқылы белгілейді.

 немесе 
145. 4 оқушыны 7 орындыққа неше түрлі тәсілмен отырғызып шығуға болады?
Талдау: Мұнда Х жиыны 7 элементтен тұрады. Онда бізге қажетті сан барлық 7-ден 4 бойынша қайталанбайтын орналастырулар санына тең. Өйткені бірнеше оқушы бір орындыққа отырмайды деп есептейміз.

Сонда  .

Есеп. Бес адамды кезекке неше түрлі тәсілмен тұрғызуға болады?
Талдау: Бізге қажетті сан 5 элементтен алынған барлық алмастырулар санына тең.  .

Есеп. Үш таңбалы саннан қанша әртүрлі цифрдан құрастырылған үш таңбалы сан алуға болады?
.

Терулер.
n элементі бар Х жиынының әрбір k элементі ішкі жиынын n – нен k бойынша алынған қайталанбайтын терулер деп атайды. 

 арқылы белгілейді. .

Есеп. Шахмат турниріне 12 ойыншы қатысты және әрбір шахматшы өзгелермен бір-бір ойыннан ойнайды. Турнирде барлығы неше партия ойналды?

Талдау: Әрбір партияны өткізуге екі ойыншы қатысады. Онда барлық өткізілген партиялар саны 12-ден 2 бойынша алынған терулер санына тең.

.

  • Суға батқан кемеден 6 қап алтын монеталар табылған. Бірінші қапта 60, екіншіде 30, үшіншіде 20, төртіншіде 15 алтын монеталар болды. Барлық қапты санағанда монеталар санында заңдылықтың бар екені байқалды. 5-ші, 6-шы қаптарда қанша алтын монета бар?

  • Көгілдір түс алу үшін ақ түсті бояу (6 бөлік) мен көк түсті бояуды (2 бөлік) араластыру қажет. Егер қолымызда 3 грамм ақ және 3 грамм көк түсті бояу болса, онда неше грамм көгілдір түсті бояу алуға болады


  • Сыныпта 27 бала бар. Олардың 12-сі вокалға,15-і биге қатысады, ал 6-уы ешқандай үйірмеге қатыспайды. Неше оқушы екі үйірмеге де қатысады.

  • Сыныпта 28 бала бар. Олардың 14-сі вокалға,10-і биге қатысады, ал 3-і екі үйірмеге қатысады. Бұл сыныпта екі үйірмеге де қатыспайтын бала саны қанша.

  • Сыныпта 33 бала бар. Олардың 18-сі жеңіл атлетика үйірмесіне,10-ы суда жүзу үйірмесіне және 5-уі екі үйірмеге бірдей қатысады. Осы сыныптың неше оқушысы бұл үйірмелердің бірде-біреуіне қатыспайды.

  • Суретші Сәрсенбаев бір айда 42 сурет салды. Олардың 17-де орман, 29-да өзен, 13-де орман да,өзен де салынған. Қалған суреттерде түсініксіз бейнелер бар. Қанша түсініксіз сурет бар?

  • 27 монетаның біреуі жалған және ол басқалардан ауырлау. Табақшы таразымен гірсіз үш рет өлшеу арқылы жалған монетаны қалай табуға болады?

  • Қораптың ішінде 12 сары түсті және 12 көк түсті қаламдар бар. Қораптың ішіне қарамай, бір-бірінен өзгеше түсті екі қалам шығару үшін ең кемінде қанша қалам шығару керектігін табыңыз.

  • Қызыл, жасыл, көк, сары түсті шарлардың барлық саны 123. Қызылдан басқа шарлар саны 94, жасылдан басқа шарлар саны 81, көктен басқа шарлар 89. Сары шарлар саны-М, көк шар саны-К болса:

  • Қоржында 8 көк, 11 қызыл және 4 қара түсті доптар бар. Қоржынға қарамастан ең кемінде неше доп алынса, олардың арасында бірдей түсті екі доп міндетті түрде табылады?

  • Қалтаға 15 ақ, 27 қызыл және 33 көк бірдей шарлар салынған. Қалтадан кез келген 3 шар бірдей түсті болатындай етіп , қалтадан кем дегенде қанша шар алынуы тиіс.

  • Екі ойын сүйегі лақтырылды. Сүйектердің жоғарғы жағында шыққан сандардың қосындысы 9 болу ықтималдығын табыңыз.

  • Қорапта 5 қызыл, 6 ақ және 1 көк шарлар бар. Қораптан қарамай бірдей екі шар шығуы үшін ең кемінде неше шар алу керек екенін табыңыз.

  • Жәшікте 12 шар жатыр. Олардың 6-ықызыл, 3-іақ, 2-іжасылжәне 1-ісары. Жәшіктен қарамай, кем дегенде екі бірдей түсті шар шығатындай ең аз алынатын шардың санын анықтаңыз.

  • Асқардың сары және жасыл жейделері; көк және қара шалбарлары; сұр, қоңыр және ақ туфлилері бар. Асқар барлық жейделерін, шалбарларын және туфлилерін ауыстырып кигенде неше түрлі болып киіне алады?

  • 9 қаламды 9 доллар бірнеше центке, ал 10 қаламды 11 доллар бірнеше центке сатып алған болса, бір қаламның бағасы қанша болатынын табыңыз. (1$= 100 центке)

  • Асықтар екі дорбаға салынған. Бірінші дорбадағы асықтар екінші дорбадағы асықтардың жартысынан 5 асық артық. Екінші дорбадағы асықтар бірінші дорбадағыдан 10 асық артық. Екінші дорбада қанша асық бар екенін анықтаңыз.


  • Қорапшада 3 қызыл және 4 көк қалам бар. Қарамай екі қалам алғанда екеуінің де бір түсті болу ықтималдығын табыңыз



    Сандар және оның қасиеттері

    1. A, B, C - әртүрлі оң цифрлар. Сонымен қатар ABC*ABC=207936. Бұл цифрлардың көбейтіндісін табыңыз: A*B*C - ?

    2. Инеш, Назгүл, Алдияр және Бауыржан саңырауқұлақ жинады. Назгүл бәрінен көп саңырауқұлақ жинады. Инеш соңғы емес, Алдияр Бауыржаннан көп жинады.

    Сұрақ: Кім саңырауқұлақ көп жинады? Қыздар ма әлде ұлдар ма?

    1. Сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан болатындай етіп, сұрақ белгісінің орнындағы санда табыңыз.



    1. Мына тізбек қандай да бір заңдылыққа сәйкес құрылған:5;15; 13;52; 48;240; ? Сұрақ белгісінің орнында тұрған санды табыңдар.

    2. Қатарды жалғастыр:1; 2; 10; 3; 9; 5; 8; 7; 7; . . .. . ..........

    3. Қазір ағасы қарындасынан 5 жас үлкен. 4 жылдан соң, олардың жастарының қосындысы 19 жас болады. Қазір қарындасы неше жаста, ағасы неше жаста?

    4. Бір кісіден сағат сұрағанда, ол: “Сағат 8 бен 9 арасында, минуттық тіл мен сағаттық тілдер беттесіп тұр,” – деген екен. Дәл уақытты анықтау керек.

    5. Болат бір бөшке квасты жалғыз өзі 14 күнде, ал Қанат екеуі 10 күнде ішіп бітіреді. Егер Қанат жалғыз өзі ішетін болса, неше күнде ішіп бітіреді.

    6. Егер берілген санның оң жағын 9 цифрын тіркеп жазып және оған екі еселенген берілген санды қосса, онда қосынды 633 ке тең болады. Берілген санды табыңыз.

    7. Сұрақ белгісінің орнына қандай сан қойылуы керек?

    0, 1, 2, 4, 6, 9, 12, 16, ?






    Жауаптардың қайсысы сұрақ белгісінің орнына дұрыс келеді?








    Сұрақ белгісінің орнына қандай сан келеді?





    Төмендегі жауаптардың қайсысы бос орынға сәйкес келеді?



    1. Сұрақ белгілерінің орнына қандай сандар болуы керек?

    10, 30, 32, 96, 98, 294, 296, ?, ?


    1. Сұрақ белгісінің орнына қандай сан қойылуы керек?