Файл: Тзету жмысы Баланы са ол моторикасын, ойлауын, сйлеу тілін дамыту. Саба таырыбы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 14
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Түзету жұмысы | Баланың ұсақ қол моторикасын , ойлауын, сөйлеу тілін дамыту. | |||
Сабақ тақырыбы | Дене мүшелері | |||
Сабақтың мақсаты | Балалардың дене мүшелері туралы түсініктерін қалыптастыру | |||
Сөздік материалдар | Түрлі –түсті құмдар, ақ қағаз, қалам, дидактикалық карточкалар, қиылған дене мүшелері суреті, фетр, түйме | |||
1.Ұйымдастыру. 2. Негізгі бөлім Қорытынды | Қайырлы таң, көздерім, сендер ояндыңдар! (көздерін сипалау) Қайырлы таң, құлақтарым, сендер ояндыңдар!(құлақтарын ұстау) Қайырлы таң, қолдарым, сендер ояндыңдар!(қолдарын шапалақтау) Қайырлы таң, аяқтарым, сендер ояндыңдар!(аяқтарын топылдату) Мультфильм кейіпкері Маша арқылы дене мүшелерін таныстыру
«Дене мүшелерін құрастырайық» ойыны Ойын шарты: үстел үстінде қиылған дене мүшелерін құрастыру «Ізін қалдыр» ойыны Ойынның шарты : түрлі-түсті құмдарға балалар аяқтарын басып , ізін қалдыру. Ойынның мақсаты: балалардың ірі, ұсақ маторикасын белсендіру Тіл ұстарту жаттығулары Ол-ол- ол мынау біздің қол. Өз –өз-өз мөп-мөлдір көз Ын-ын-ын әдемі мұрын. Ыз-ыз-ыз тамақ жейтін ауыз «Көп» және «біреу» ұғымдарын түсіндіру. Балалар біздің бәрімізде бас, дене, қол, аяқ бар. Адамның дене мүшелерінің қайсысы көп, қайсысы біреу, қайсысы екеу? Біздің қолымыз нешеу? Аяғымыз , құлағымыз, көзіміз нешеу? Басымыздағы шашымыз нешеу, кірпігіміз нешеу?– көп, мұрын, ауыз, тіліміз неше? – біреу. Оң қолымыздың саусағы нешеу, сол қолымыздың саусағы нешеу? «Көзді қалай күту керек?» Біздің көзіміз ең қажетті дене мүшелерінің бірі. Көзіміз жақсы көру үшін біз оны күте білуіміз қажет. Теледидарды көп қарауға, жақыннан қарауға болмайды. Сәбізді көп жеуіміз қажет. Сәбізде көзге керекті жақсы дәрумендер көп. Сергіту сәті Қайда екен қолымыз Оңымыз бен солымыз Білеміз бе біз оны? Міне, оң мен солымыз Міне, алақай қолымыз! Дәптермен жұмыс х+5=32 8-х=6 «Дене мүшелерімізге алғыс білдіру» -Рақмет саған,көздерім,сендер бәрін көресіңдер. -Рақмет саған, құлақтарым,сендер бәрін естисіңдер. -Рақмет саған,қолдарым,сендер бәрін істейсіңдер. -Рақмет саған , аяқтарым, сендер топырлатып жүресіңдер. | |||
№ | Оқушының аты-жөні | Тақырыпты қабылдау дәрежесі | Балдық көрсеткіш | |
1 | | | | |
2 | | | | |
3 | | | | |
4 | | | | |
5 | | | | |
6 | | | |
Мектеп дефектологы: Асан Айсауле Анарбайқызы