Файл: Оушыларды кн тртібіні сауытыру ісшаралары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.11.2023

Просмотров: 18

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

9 апта

Күн тәртібінде сауықтыру іс-шараларын орындаудың негізгі амалы - дене тәрбиесі жаттығулары мен теориялық білім. Ол амалдар дене тәрбиесі сабағында, оқу күні ішіндегі дене тәрбиесі-сауықтыру шараларында (сабаққа дейінгі гимнастика,ұзақ үзілістердегі қозғалмалы ойындар мен дене  жаттығулары, сергектік сәттер) және сабақтан тыс уақыттардағы сыныптан тыс жұмыстар кезінде орындалады.

Оқушылардың күн тәртібінің сауықтыру іс-шаралары

Жас ұрпақтың жалпы дене қуатын  дамыту үшін,  үлкен өмірге, еңбек етуге, Отан қорғауға дайындау үшін, олардың мектепте оқыған кезеңдерінде күн тәртібінің сауықтыру іс-шараларын дұрыс ұйымдастыру керек.

Күн тәртібінде сауықтыру іс-шараларын орындаудың негізгі амалы - дене тәрбиесі жаттығулары мен теориялық білім. Ол амалдар дене тәрбиесі сабағында, оқу күні ішіндегі дене тәрбиесі-сауықтыру шараларында (сабаққа дейінгі гимнастика,ұзақ үзілістердегі қозғалмалы ойындар мен дене  жаттығулары, сергектік сәттер) және сабақтан тыс уақыттардағы сыныптан тыс жұмыстар кезінде орындалады.

Күн тәртібіндегі дене тәрбиесі - сауықтыру шаралары.

Дене тәрбиесінде оқушылардың күн тәртібінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Ол мынадай түрлерге бөлінеді.  - Таңертеңгілік жаттығу  - Қимыл- қозғалыс ойындары, спорт ойындары. 

-Таза ауадағы дене шынықтыру  - Сабақтан тыс ұйымдастырылған спорттық үйірмелер

Жан-жақты дамытатын жаттығулар. Бұл жаттығулар негізінен үш топқа бөлінеді:

Қол мен иық бұлшықеттеріне арналған жаттығулар: екі қолды жоғары соза көтеріп, қайтадан тура түсіру, екі қолды кезек-кезек алға (жоғары, екі жанға) созып, қайта түсіру, екі қолды артқа жасыру және алға созып көрсету, екі қолды кезекпен алға, артқа сермеу, қолды кеуде тұсына бүгіп ұстап, қол бастарын бірінің сыртынан бірін айналдыру, жұдырығын бірнеше рет түйіп, жазу, саусақтарын қимылдату.

Дене бұлшықетттеріне арналған жаттығулар: алға еңкейіп, қайта жазылу, артқа шалқаю, тік тұру, оң (сол) жаққа иілу, екі аяқты бір-бірінен алшақ қойып, кеудені оңнан солға (керісінше) айналдыру, тізені құшақтап тұрып, оған маңдайын тигізу, қолды алға созып тұрып, кеудені оңға (солға) бұру, етпетінен (шалқасынан) жатып, аяғын қолын қимылдату, етпетінен жатып, басын, кеудесін көтеру, оңға (солға) бұрылып қарау, шалқасынан жатып, етпетіне қарай аунап түсу, малдас құрып отырып, маңдайын екі тізесіне кезек-кезек тигізуге тырысу.


Аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар: екі тізені кезек-кезек бүгіп, жазу; екі аяқты кезек-кезек тізені бүкпей алға (жанға, артқа) көтеріп, түсіру; жүрелей отырып жүру; аяқтың ұшына тұрып, түсу; тізерлеп жүру; шалқасынан (етпетінен) жатып, аяқты түзу ұстау, тізесін бүгу және қайта жазу.