Файл: Бір дастархана бір рет ойылатын жілік Сіз бала трбиесінде балаа е бірінші неге шектеу оясыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.11.2023

Просмотров: 19

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  1. Бір дастарханға бір рет қойылатын жілік?


  2. Сіз бала тәрбиесінде балаға ең бірінші неге шектеу қоясыз?


  3. Жас келін болып келгеніңізде сізге ең қиын болған не?




  1. Өз ренішін білдіру үшін табаққа қандай бас ұсынған?


  2. Сіз бала тәрбиесінде баланы ұрып-соғуға қалай қарайсыз?


  3. Жолдасыңызбен бір мәселе бойынша ақылдасқанда кімнің айтқаны көбірек дұрыс болып шығады?




  1. Неге әкесі бар адамға басты ұстауға болмайды?


  2. Сіз балаларға пайдалы болсын деп қандай тамақтарды көп дайындап бересіз?


  3. Алғаш бала көтергеніңізде жасаған қандай қателіктеріңізді кейін жасамайтын болдыңыз?




  1. Жастар мен қарттардың ет табақтарында қандай ерекшеліктер бар?


  2. Сіз бала тәрбиесінде қандай шешімдерді балаңыздың өзіне қабылдатасыз?

  3. Сізді пайдаланып кеткен досыңыз болса сол оқиға жайлы айтып берсеңіз.




  1. Басты дастарханға тартарда неге қасқалап тіледі?


  2. Сіз балаларыңыздың тәрбиесінде нені ескермей кеткеніңізді байқайсыз?


  3. Жолдасыңызды жаман жолға тартатын достарын оған қалай дұрыс жеткізуге болады?




  1. Қандай құдағиға бас тартпайды?


  2. Перзентіңізге өмірлік жарын таңдап беруді дұрыс деп санайсыз ба?


  3. Ене болу қиын ба, келін болу қиын ба, қалай ойлайсыз?




  1. Бас табақ, орта табақ, аяқ табақтың бәріне салынатын жілік түрі?


  2. Сіз бала-шағаның тәрбиесінде әкесіне қандай міндеттер қоясыз?


  3. Енеңізбен болған алғашқы кездесуіңіз қалай өткен?




  1. Қай кезде күйеубалаға төс тартылмайды?


  2. Балаңызды жаман жолға бастайтын достарынан қалай ажыратасыз?


  3. Келін ретінде жаңа отбасына үйренуде қандай қиындықтар болған?





  1. Басты мүжіген адам малдың көзін басқаға ұсынатын болса қалай ұсынады?

  2. Балаңыздың қандай қателіктерін әкесінен жасыру керек деп ойлайсыз?

  3. Жолдасыңыздың сізге ұнамайтын әдеттерімен қалай күресесіз?



  1. Ортан жілік кімдерге ұсынылады?

  2. Сіздің тапқан ақшаны, әперген заттарыңызды балаңыз бағаламай жатса оған қалай жеткізесіз?

  3. Жолдасыңызға ақша табуға қалай мотивация бересіз?



  1. Қыз табақ қай кезде берілген?

  2. Баланың бойындағы қабілетін дамыту үшін қандай кеңес бересіз?

  3. Жолдасыңыз сіз ауырып қалғанда жақсы қарамаса не істейсіз?



  1. Не үшін беташарда пісірілген палауды жас жұбайларға берілмейді?

  2. Сіз балаңыздың қандай маман иесі болғанын қалайсыз (қаладыңыз) және не үшін?

  3. Ата-ене жас жұбайлардың отбасындағы қандай мәселелерде араласпауы керек деп санайсыз?



  1. Құйымшақ кімнің сыбағасы?

  2. Сіз бала-шағаңызбен қандай тақырыпта сөйлеспейсіз?

  3. Отбасылық бюджетті кім басқаруы керек деп санайсыз?

.

  1. Ет дәмді болуы үшін соғымды қалай тұздау керек?

  2. Сіз ата-анаңыздың бала тәрбиелеудегі қандай әдісін өз балаңызға пайдаланып жүрсіз?

  3. Жолдасыңыздың бауырларымен қарым-қатынасына қай кезде араласқан дұрыс деп ойлайсыз?



  1. Асату дәстүрі жайлы не білесіз?

  2. Сіз балаларыңызды қаражатты табу , дұрыс пайдалану, жинау бойынша қалай тәрбиелейсіз?

  3. Есіңізден кетпейтін ренішті қалай жеңесіз?



  1. Сорпаны әр жерде іртүрлі дайындайды, сіз қандай әдістерін білесіз?

  2. Балаңызға ренішіңізді қалай білдіресіз?

  3. Стажы бар келін ретінде жас келіндерге қандай баға берер едіңіз?



  1. Бас табаққа қандай жіліктер тартылады?

  2. Балаға ең басты қандай инвестиция жасалуы керек деп ойлайсыз?

  3. Өмірлік жарыңыздың қай қасиеттері үшін бағалайсыз?



  1. 12 жілікті атап бере аласыз ба?

  2. Қыз тәрбиелеп отырған аналарға кеңесіңіз...

  3. Өз ата-анаңызға жақсы перзент болу үшін, перзент ретінде өз қарызыңызды жат жерде жүріп өтейсіз?



  1. Қазақта шүмек жасауда қай жілікті пацдаланған?

  2. Бала босану кезінде қандай кеңес бересіз?

  3. Қандай өткен нәрселерге өкінесіз? Қандай нәрселерге қуанасыз?



  1. Жаңа босанған әйелдің сыбағасы қандай?

  2. Ұл бала тәрбиесінде қандай кеңес айтасыз?

  3. Ұзатылып кеткен қыз ретінде төркініңізде өзіңізді қалай ұстайсыз?

  4. Бір дастарханға бір рет қойылатын жілік?



Жауаптары

Бір дастарханға бір рет қойылатын жілік? Кәрі жілік

Өз ренішін білдіру үшін табаққа қандай бас ұсынған? Тісін қақпай пісірген

Неге әкесі бар адамға басты ұстауға болмайды? Қонақтың алдында балалар асқа жармаспасын деп.

Жастар мен қарттардың ет табақтарында қандай ерекшеліктер бар? Жастарға майлы емес еті бар жіліктер салынған

Басты дастарханға тартарда неге қасқалап тіледі? Бастың жолы ашық болсын. Төрт құбыласы тең болсын деп.

Қандай құдағиға бас тартпайды? Құда тірі кезде құдағиға бас бермеген.

Бас табақ, орта табақ, аяқ табақтың бәріне салынатын жілік түрі? Омыртқа.

Қай кезде күйеубалаға төс тартылмайды? Өлім-жітімге жайылған дастарханда.

Басты мүжіген адам малдың көзін басқаға ұсынатын болса қалай ұсынады? Екі қолымен екі көзді бірге бір адамға ұсынған. Ала көз болмасын деп бір адам жесін деп ырымдаған.

Ортан жілік кімдерге ұсынылады? Жастарға және орта табақтарға.

Қыз табақ қай кезде берілген? Қыз алғаш төркіндеп келгенде оған арнайы табақ дайындайды.

Не үшін беташарда пісірілген палауды жас жұбайларға берілмейді? Бқл сұрақтың жауабын іздеудеміз. Нақты ешкім білмейді. Біреулер ұрпақсыз болып қалмас үшін десе, біреулер өздері берген құдайы асты жемейді дейді.

Құйымшақ кімнің сыбағасы? Малды сойған адамның.

Ет дәмді болуы үшін соғымды қалай тұздау керек? Әр кімнің әдісі әртүрлі

Асату дәстүрі жайлы не білесіз? Ұялып отырған қонақ аш болмасын деп үлкен ата-апалар қолымен ас жегізген.

Сорпаны әр жерде іртүрлі дайындайды, сіз қандай әдістерін білесіз? Еттің сорпасын әр өңірде әртүрлі дайындайды. Қатық, құрт, қымыз қосып жатады. Қазір тағы лимон қосылған сорпа трендте.

Бас табаққа қандай жіліктер тартылады? Бас, жамбас, омыртқа, асықты жілік, кәрі жілік

12 жілікті атап бере аласыз ба?

Қазақта шүмек жасауда қай жілікті пацдаланған? Асықты жілікті сүтте қайнатып алып, кептіріп, жонып, шүмек жасаған.

Жаңа босанған әйелдің сыбағасы қандай? Қалжа деп аталады. Арнайы қой сойылып, бір бөлігін босанған әйелдің шілде терін шығарып сорпа берген, бір бөлігін құдайы деп таратқан