Файл: осымша1 орта білім беру йымдарыны Оушылары арасында тетін тіл ндылы атты республикалы байау туралы ереже 2023 жылы 10 наурыз 15 суір аралыында орта білім беру йымдарыны оушылары арасында Тіл ндылы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.11.2023

Просмотров: 41

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Оқуға ұсынылатын аңыздар:

1. Қазығұрт тауы

2. «Үш қыз» тауы

3. Асан қайғының жерұйығы

4. Райымбек батыр бұлағы

5. Бетбақдала

6. Екібастұз

7. Ұмай бұлағы

8. 360 әулие

9 Алакөл

10. Жусан

11. Оқжетпес

12 Жұмбақтас

13 Биші қайыңдар

14 Айғайқұм

15 Қарағанды
Аталымдар (номинациялар):

1. Аңыздың ақтаңгері

2. Туған жердің тастүлегі

3. Өлкетанушы өрен

4. Шебер шежіреші

5 Желі жұлдызы

ІІІ. Қазақ тілінде оқытатын негізгі мектептің 8-9-сынып оқушылары арасында өтетін байқаудың талаптары мен бағалау критерийлері


1-кезең. Ұлылар мұрасы – ұрпаққа өнеге
Тапсырма. Тізімдегі фильмдерді көріп шығып, өзіңіз таңдаған бір фильмді жарнамалайтын бейнематериал дайындаңыз.

Талаптар:

  • бейнематериалды электронды түрде ұсыну керек (бейне пішімі: mp4);

  • қатысушылар баяндау барысында бет-бейнелерін көрсетіп сөйлеуі тиіс;

  • бейнематериалда кинодан үзінділерді пайдалануы керек;

  • бейнематериалда сюжетпен қоса мәтіндік шешім болуы керек;

  • шешендік сөз, мақал-мәтел, қанатты сөздерді орынды үйлестіре алуы тиіс.


Бағалау критерийлері:

Критерийлер

Ұпай

Сөздің әсерлілігі, дұрыстығы, тазалығы, байлығы, ойын көркем де дәл жеткізе білуі

15

Бейнематериалда шешендік сөз, мақал-мәтел, қанатты сөздерді орынды кіріктіруі

10

Бейнематериалдың техникалық сапасы

10

Уақытқа сыйымдылығы

5

Инста парақшада жарияланған бейнероликтерді көрушілер мен «лүпіл» саны

10

Барлығы

50



Ұсынылатын фильмдер тізімі (киноларды YouTube немесе «Qazaqstan» ұлттық арнасының телехикаялар бөлімінен көруге болады):

1. «А. Байтұрсынұлы. Ұлт ұстазы».

2. «М. Дулатов. Оян, қазақ!»

3. «Әлкей. Ғұлама ғұмыр».

4. «Мағжан. Мен жастарға сенемін!»

5. «Дина. Күй-құдырет».

6. «Қаныш. Қазына».

7. «Мұқағали. Мен бұл ғасырдан емеспін».

2-кезең. «Кәнеки, тілім, сөйлеші...»
Тапсырма. Ұсынылған тақырып бойынша өз ойыңызды дәйектеп әңгімелеңіз.

Талаптар:

  • тақырыпқа қатысты өз көзқарасы көрінуі;

  • тақырып туралы ойын еркін жеткізуі, ой жүйелілігін сақтауы;

  • нақты дәйектер келтіруі;

  • сөйлеу мәнерін, орфоэпиялық заңдылықты сақтауы керек.



Бағалау критерийлері:


Критерийлер

Ұпай

Тақырыпқа қатысты өз көзқарасын білдіруі

20

Шешеннің сөз саптауы (бейнелі қолданыстар, мақал-мәтел, тұрақты сөз тіркестерін қолдану, т.с.с.)

10

Статистикалық мәліметтерді қолдануы

10

Дауыс мәнері, орфоэпиялық норманың сақталуы

10

Барлығы

50



Монологтік сөз тақырыптары:

  1. «Фастфут өнімінің денсаулыққа әсері»

  2. «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны»

  3. «Жастар қызығатын мамандықтар»

  4. «Қазақ әні, қайда барасың?»

  5. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!»

  6. «Қазақ спортының жұлдыздары»

  7. «Қазақ елін әлемге танытқан тұлғалар»

  8. «Тик-ток жұлдызы» атану сән бе?»

  9. «Қазіргі жастар кімге еліктейді?»

  10. «Ана тілің – арың бұл...»

  11. «ХХІ ғасырдың көшбасшысы қандай болуы керек?»

  12. «Ата дәстүрі – ұрпаққа аманат»

  13. «Құмарта оқыған кітаптарым» (қазақ тіліндегі кітаптар бойынша)

  14. «Тарих ақтаңдақтары»

  15. «Қазақ сөзінің құдыреті»


Аталымдар:

Сөз зергері

Сарабдал сөздің иесі

Сөз маржанын терген дарын

Үздік насихатшы

Көрермен көзайымы

ІV. Қазақ тілінде оқытатын бейіндік мектептің 10-11-сынып оқушылары арасында өтетін байқаудың талаптары мен бағалау критерийлері
1 кезең. «Мәдениетті тіл ғана мәртебелі...» («Тіл сақшысы» бағдарламасы ізімен)
Тапсырма. Қазақ тілінде қате жазылған қолданыстарды тауып, талдаңыз. Оның дұрыс нұсқасын көрсете отырып, бейнематериал дайындаңыз.
Талаптар:

  • бейнематериалды электронды түрде ұсыну керек (бейне пішімі: mp4);

  • қатысушылар баяндау барысында бет-бейнелерін көрсетіп сөйлеуі тиіс;

  • қолданыстардың қате екенін негіздеп, дұрыс нұсқасын дәлелдеуі қажет;

  • баяндау желісі мен бейнематериал сәйкес келуі керек;

  • техникалық талапқа сай болуы тиіс.




Критерийлер

Ұпай

1

Тақырыптың ашылуы

10

2

Сөз саптамы, сөйлеу мәнері

10

3

Ұсынылған қолданыстың дәйектілігі

10

4

Бейнематериалдың техникалық сапасы, уақытқа сыйымдылығы

10

5

Инста парақшада жарияланған бейнероликтерді көрушілер мен «лүпіл» саны

10

Барлығы

50



Ескерту:

  1. Таныстырылым уақыты 5 минуттан аспауы керек.

  2. Қате қолданыстар 5-тен кем болмауы тиіс.

  3. Қате қолданыстар маңдайшалардан, тауардың этикеткаларынан, жарнамалардан, билбордтардан және т.б. алынуы керек. Дайын материалдарды қолдануға болмайды.



2-кезең. Аңыз адам
Тапсырма. Ұяшықтың бірін таңдап, онда суреті көрсетілген Алаш зиялысы туралы әңгімелеңіз.

Талаптары:

  • тұлғаға қатысты берілген тақырыптың ашылуы қажет;

  • нақты деректер келтірілуі керек;

  • бейнелі қолданыстар, мақал-мәтел, дәйексөздер орынды қолданылуы қажет;

  • сөйлеу мәнері жатық, сауатты болуы тиіс.


Бағалау критерийлері

Критерийлер

Ұпай

Тұлғаның ұлтжандылық бейнесін, қоғамдық-әлеуметтік қызметін жан-жақты ашып айтуы

10

Сөз саптамы, ойын жүйелі жеткізуі

10

Нақты деректерге сүйенуі

10

Тұлғаның идеялары мен тұжырымдарын бүгінгі өмірмен байланыстыра алуы

10

Өз ойын берілген уақытқа (3 минут) сыйдырып айта алуы

10

Барлығы

50


Монологтік сөзге ұсынылатын тақырыптар:


  1. А. Байтұрсынұлы  ұлт ұстазы

  2. Ә. Бөкейхан  қазақ жерінің жоқшысы

  3. Х. Досмұхамедов тіл туралы

  4. М. Дулатұлы және «Қазақ» газеті

  5. Н.Төреқұлұлы  тұңғыш елші

  6. М.Жұмабайұлы  педагог-ғалым

  7. Ж. Аймауытов  жазушы, психолог.

  8. М. Тынышбайұлы  тұңғыш теміржол инженері

  9. Ж. Ақбаев  құқықтану магистрі

  10. Ж. Досмұхамедов  заңгер, ауызша сөздің шебері

  11. М.Шоқай  түркі әлемінің көсемі

  12. С. Асфендияров  тұңғыш қазақ дәрігері

  13. С. Сейфуллин  қазақтың атақты ақыны

  14. І. Жансүгіров  от ауызды, орақ тілді ақын

  15. Е.Омарұлы  педагог, аудармашы, публицист


Аталымдар (номинациялар):

  • Көркем ойдың кемеңгері

  • Сөз шебері

  • Кестелі сөздің иесі

  • Даналық ойдан дән іздеген

  • Тіл сақшысы

V. Оқу тілі қазақ тілінен өзге бастауыш мектептің 3-4-сынып оқушылары арасында байқаудың талаптары мен бағалау критерийлері
1-кезең. Ертегілер әлемі
Тапсырма. Өзің қалаған ертегі мазмұны бойынша комикс әзірле.

Талаптар:

  • комикс электронды түрде ұсынылуы керек;

  • ертегінің сюжеттік желісін сақтай отырып кемінде бес иллюстрация (комикс) құрастырылуы қажет;

  • сөйлемдердің құрылымы жеңіл, мағынасы түсінікті болуы керек.

  • кейіпкерлер арасындағы диалог қысқа, ой анық жеткізілуі тиіс.

Бағалау критерийлері:

Критерийлер

Ұпай

Ертегінің сюжеттік желісі мен иллюстрациялардың сәйкестігі

15

Сөйлемдердің сауатты құрылуы

15

Комикс суреттері әрлі, эстетикаға сай, қанық бояулы болуы

10

Инста парақшада жарияланған бейнероликтерді көрушілер мен «лүпіл» саны

10

Барлығы

50



Оқушыға ұсынылатын ертегілер тізімі:

  1. «Қасқыр мен кірпі»

  2. «Сауысқан мен көкек»

  3. «Бір үзім нан»

  4. «Жыл мезгілдері»

  5. «Екі дос»

  6. «Ай неге жалаңаш қалады?»

  7. «Түлкі мен құмыра»

  8. «Қасқыр мен егінші»

  9. «Түлкі мен ешкі»

  10. «Үкінің тапқырлығы»

  11. «Түлкі мен тауық»

  12. «Қасқыр мен түлкі»

  13. «Арыстан мен кісі»

  14. «Түлкі мен тырна»

  15. «Түлкіден де қу бір қаз»

2-кезең. Ертегі айта аламын...
Тапсырма. Тізімде берілген ертегі бойынша ұсынылған суреттердің бірін таңда. Сурет бойынша ертегі оқиғасын әңгімеле. Тірек сөздерді пайдалан.

Талаптар:

  • берілген тірек сөздерді толық пайдалануы тиіс;

  • ертегідегі суретке қатысты оқиғаны ғана баяндауы керек;

  • кейіпкерлердің сөзі әсерлі, анық жеткізілуі керек;

  • сөйлеу үшін берілетін уақыттан (3 минут) аспауы керек.

Бағалау критерийлері:

Тірек сөздерді толық пайдалануы

10

Оқиғаны нақты баяндауы

10

Сөйлеу сауаттылығы

15

Оқиға мазмұнын жүйелі түрде жеткізе білуі

10

Уақытқа сыйымдылығы

5

Барлығы

50


Аталымдар (номинациялар):


Жас суретші

Комикс үздігі

Қылқалам шебері

Зерделі балақай

Шебер ертекші

Ең үздік ертекші

VІ. Оқу тілі қазақ тілінен өзге негізгі мектептің 5-7-сынып оқушылары арасында байқаудың талаптары мен бағалау критерийлері
1-кезең. «Атаулар сыры...»
Тапсырма. Өз өлкеңіздегі жер-су атауларына қатысты бір аңыз бойынша бейнематериал дайындаңыз.
Талаптар:

  • аңыздың танымдық мәні болуы керек;

  • бейнематериал аңыз мазмұнына сәйкес болуы керек;

  • бейнематериал оқушының өз дауысымен жазылуы керек;

  • баяндау тілі жатық, әдеби тіл нормаларына сай болуы керек.


Бағалау критерийлері:

Критерийлер

Ұпай

Аңыз мазмұнының танымдық мәні

10

Баяндау тілінің әдеби тіл нормаларына сәйкестігі

15

Бейнежазбаның техникалық сапасы

10

Бейнежазбаның уақытқа сыйымдылығы

5

Инста парақшада жарияланған бейнероликтерді көрушілер мен «лүпіл» саны

10

Барлығы:

50


2-кезең. «Таңғажайып Қазақстан...»
Тапсырма. Сурет бойынша Қазақстанның тарихи, көрікті жері туралы әңгімелеңіз.
Талаптар:

  • сурет бойынша маңызды ақпараттар қамтылуы тиіс;

  • автордың өзіндік көзқарасы болуы керек;

  • бейнелі тілмен баяндалуы керек;

  • сөйлеу мәнері мен орфоэпиялық нормалар сақталуы керек.


Бағалау критерийлері


Критерийлер

Ұпай

Жер-су атауын, неге олай аталғанын, қайда орналасқанын білуі

10

Маңызды ақпараттар мен нақты деректердің қамтылуы

10

Тілдік және этикалық нормалардың сақталуы

20

Өзіндік ой қорытуы

10

Барлығы:

50


Ескерту: сөйлеу үшін берілетін уақыт – 3 минут.
Қазақстанның тарихи, көрікті жерлерінің тізімі:

  1. Түркістан;

  2. Шарын шатқалы;

  3. Шымбұлақ;

  4. Бурабай;

  5. Оқжетпес;

  6. Хан Тәңірі шыңы;

  7. Сақ қорғандары;

  8. Бозоқ қалашығы;

  9. Әнші құм төбесі;

  10. Медеу мұз айдыны;

  11. Толағай тауы;

  12. Ақбауыр үңгірі;




  1. Есік қорғаны;

  2. Таңбалы тас;

  3. Берел қорымы;

  4. «Абылай хан» алаңы;

  5. «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені;

  6. «Беғазы» археологиялық кешені;

  7. «Саяси қуғын-сүргін құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды кешені;

  8. Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары.