Файл: азастан Республикасыны Оуаарту министрлігі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.11.2023

Просмотров: 25

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

«------------------------- орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

      Әдебиеттік оқу 99-сабақk


Бөлім:

Болашаққа саяхат

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Өтірікшілер еліне саяхат

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу

Сабақтың мақсаты

  • таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосып жалғастырады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру

8 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.

Өткен тақырыпқа шолу:

-Үй тапсырмасын сұрау.

-Бір-біріңе өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, жауап алыңдар.

Топқа бөлу «Пазл» әдісімен сурет бөліктерінің бірін таңдау арқылы жүреді.

Жаңа оқу материалын жариялау «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы жүреді.

- Пазлды құрастырғанда ненің суреті шықты?

-Бұл қандай кілем?

-Өмірде ұшатын кілем бола ма?

-Олай болса, бүгінгі сабақта өтірікшілер еліне саяхат жасап, таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосып жалғастыратын боламыз.

Жаттығу жасайды.
Топқа бірігеді.

Сұрақтар қояды, жауап береді.


«Ауызша мадақтау» әдісі:

Жарайсың!

Тамаша!

Жақсы!


Әртүрлі ұшатын кілем суреттері пазлы



Жаңа білім

15 мин


2 мин
Бекіту

15 мин


(Ұ, Д) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі:

А) Сөздік жұмысы.



Ә) Суретпен жұмыс.

-Суретке қарап, Алдарбайдың қиял-ғажайып ойларымен саяхат жасаңдар.

Қайсысы шындыққа жақын?

Бұл өтіріктердің зияны бар ма?

Б) Мәтінмен жұмыс.

-Өлеңді мәнерлеп, дауыстап оқыңдар.

-Кейіпкер Іле өзенінің бойының қандай кейіпкерлерді көрді?

-Көп өтіріктің ішінен қай сөз шындыққа жақын?

-Адамның ұшқыш кілеммен ұшу туралы арманы қалай орындалды?

Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады.

Кейбір оқушыға:

- Тағы қандай өтірік өлеңдерді білесің?
Сергіту сәтінде әнге қосылып айтады.
(Т) 2-тапсырмада «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен орындалады.

А) Мәтінді оқып, әңгімеле.



Ә) Шығармашылық жұмыс.

- Өтірік өлеңдерді тыңдап, өздерің де өтірік өлеңдер құрастырып көріңдер.

Б) Зерделеу.

-Өлең шумағының ұйқасын әріппен белгілеңдер.

В)Қорытындылау.

-Бір тұжырымды таңдап, өз ойларыңды айтыңдар.



- Тапсырма орындайды.


Ән айтып сергиді.

-Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді.

Дескриптор:

Сөздікті жазады, жаттайды-1балл.

Алдарбайдың қиял-ғажайып ойларымен саяхат жасайды-1балл.

Өлеңді мәнерлеп оқиды-2балл.

-Өлең мазмұнын туралы сұрақтарға жауап береді-1балл.

Өтірік өлең туралы түсіндіреді-1балл.

- Өтірік өлеңдер құрастырады-1балл.

Өлең шумағының ұйқасын әріппен белгілейді- 1балл.

Бір тұжырымды таңдап, өз ойларын айтады-2балл.

«Әде-

биеттік оқу» оқулығы

3-бөлім

4 сынып 2019ж




Қорытын-ды

5 мин

Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді.

Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.

Оқу тапсырмасы: өлеңді жаттау, сурет мақал жазу.

Сабақтан түйген ой-пікірін айтады.

ҚБ қойылады.






Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

«------------------------- орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

      Әдебиеттік оқу 100-сабақ

Бөлім:

Болашаққа саяхат

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Роботтың болашағы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.2.1 шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

Сабақтың мақсаты

  • шығарманы бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауап береді.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру

8 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Ізгі тілек» арқылы өтеді.

Топқа бөлу «Таңдау» әдісімен жүреді.

-Берілген роботтар суретінің біреуін таңдап, топқа бірігіп отырыңдар.

Өткен тақырыпқа шолу:

-Үй тапсырмасын сұрау.

-Бір-біріңе өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып жауап алыңдар.

Жаңа оқу материалын жариялау «Ой қозғау» әдісі:

-Суреттегі болашақтың роботтарына қандай сұрақтар қояр едіңдер?

-Өте жақсы, бүгінгі сабақта жақсы тілектер еліне саяхат жасап, өз ойымызды өмірде болған оқиғалармен салыстыра отырып білдіретін боламыз.

Ізгі тілек айтады.
Топқа бірігеді.


Сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді.




«Ауызша мадақтау» әдісі:

Жарайсың!

Тамаша!

Жақсы!



Әр түрлі робот суреттері





Жаңа білім

15 мин

2 мин
Бекіту

15 мин


(Т) 1- тапсырма «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен орындалады.

А) Сызбамен жұмыс.

Тұрмыстық техника құралдарының жұмысымен байланыстырып, роботтың әрекетін қалай түсіндірер едіңдер? Етістік сөздерді пайдаланып әңгімелеңдер.

Ә) Пікірлесу.

-Адам өмірі болашақта роботтармен қалай байланысты болмақ?

Б) Білгенге маржан.

-Мәтінді оқып, әңгімелеңдер.

Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады.

Кейбір оқушыға:

- Робот туралы қандай мультфильм, ертегілер білесің?
Сергіту сәті «Роботтар биі».
(Д, Т) 2-тапсырмада «Ашық микрофон» әдісі, дәптермен жұмыс жүзеге асырылады.

А) Мәтінмен жұмыс.

-Мәтінді дауыстап, тізбектей оқыңдар.

Ә) Сұрақ-жауап.

-Кішкентай роботтың сыртқы бейнесі қандай?

-Робот неге күнделікті өміріне риза болмады?

-Ертегіні оқығанда қандай сезімде болдың?

Б) Пікір білдіру.

-Ертегідегі қиял-ғажайып сәттерді әңгімелеңдер.



В) Бағалау.

-Ертегінің осылай аяқталғаны сендерге ұнады ма?

Г) Білгенге маржан.

-Мәтінді оқып, әңгімелеңдер.

Б) Қорытынды.

-Кішкентай роботтан қандай үлгі алар едіңдер?

- Тапсырма орындайды.

Билеп сергиді.

-Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді.

Дескриптор:

Етістік сөздерді пайдаланып әңгімелейді-1балл.

- Адам өмірі болашақта роботтармен қалай байланысты болатыны туралы әңгімелейді-1балл.

Робот туралы оқып, әңгімелейді-1балл.

Дескриптор:

- Мәтінді дауыстап, тізбектей оқиды-1балл.

- Кішкентай роботтың сыртқы бейнесін сипаттайды -1балл.

-Робот неге күнделікті өміріне риза болмағанын анықтайды-1балл.

Ертегідегі қиял-ғажайып сәттерді әңгімелейді-1балл.

- Ертегінің осылай аяқталуын бағалайды-1балл.

- Мәтінді оқып, робот туралы әңгімелейді-1балл.

- Кішкентай роботтан қандай үлгі алатынын айтады-1балл.

«Әде-

биеттік оқу» оқулығы

4 сынып

3-бөлім 2019ж


Құстар үні

Қорытын-ды

5 мин

Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді.

Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.

Оқу тапсырмасы: ертегіні мазмұндау, әңгіме жазу.

Сабақтан түйген ой-пікірін айтады.

ҚБ қойылады.







Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

«------------------------- орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

      Әдебиеттік оқу 101-сабақ

Бөлім:

Болашаққа саяхат

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ғажайыптар еліне саяхат

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.6.1 кейіпкердің, кейіпкерлердің іс- әрекеті, мінез-құлқының өзгеру

себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау

Сабақтың мақсаты

  • кейіпкердің іс- әрекетінің өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалайды.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру

8 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Гүлмен тілек» ойынымен өтеді.

Топқа бөлу:

- Сыйға алған гүл түріне қарай топқа бірігіңдер.

Өткен тақырыпқа шолу:

-Үй тапсырмасын сұрау.

-Бір-біріңе өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, жауап алыңдар.

Жаңа оқу материалын жариялау «Ой қозғау» әдісі:

-Суреттегі заттардың қиял-ғажайып ертегі кейіпкерлерімен қандай байланысы бар?

-Өте жақсы, бүгінгі сабақта ғажайыптар еліне саяхат жасап, кейіпкердің іс- әрекетінің өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалайтын боламыз.

Гүл сыйлап, тілек айтады.

Топқа бірігеді.

Сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді.



«Ауызша мадақтау» әдісі:

Жарайсың!

Тамаша!

Жақсы!

Әртүрлі гүл

суреттері




Жаңа білім

15 мин


2 мин
Бекіту

15 мин


(Ұ, Д) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі:

А) Дәлелдеу.

Фантастикалық шығармалардағы кейіпкердің ерекшеліктерін атаңдар.

Бір фантастикалық әңгіме кейіпкері арқылы дәлелдеңдер.

Ә) Автор туралы әңгіме.

-Мәтінді оқып әңгімелеңдер.

Б) Сөздікпен жұмыс.



В) Мәтінмен жұмыс.

-Мәтінді тізбектей дауыстап оқыңдар.

-Кейіпкер не ойлап табуы мүмкін?

Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады.

Кейбір оқушыға:

- Мюнхгаузеннің тағы қандай оқиғаларын білесің?
Сергіту сәтінде әнге қосылып айтады.
(Т) 2-тапсырмада «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен орындалады.

А) Әңгімелеу.

-Мәтіннің кез келген бөлігін жалғастырып әңгімелеңдер.



Ә) Анықтау.

- Оқиғаның ең қызықты сәті қай бөлігінде? Оқиғаның ең қорқынышты сәттері қай бөлігінде?

Б) Талдау.

-Қиын жағдайға тап болған кейіпкерден өзіңе қандай үлгі алдыңдар?

-Жазушыға қандай сұрақ қояр едіңдер?

В) Құрастыру.

Ит өлген жер-алыс жер;

Зындан-түрме.

В) Қорытындылау.

-Жазушының шығармасынан сендерге не ұнады?

- Тапсырма орындайды.


Ән айтып сергиді.

-Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді.

Дескриптор:

кейіпкердің ерекшеліктерін атайды, дәлелдейді-1балл.

Автор туралы әңгімелейді-1балл.

Мәтінді оқиды-1балл.

Кейіпкер не ойлап табуы мүмкін екенін болжайды-1балл.


Мәтіннің кез келген бөлігін жалғастырып әңгімелейді-1балл.

Оқиғаның ең қызықты сәті қай бөлігінде екенін анықтайды-1балл.

Кейіпкерден алатын үлгісін айтады-1балл.

Жазушыға қоятын сұрақ әзірлейді-1балл.

Сөздердің түсініктемесін жазады-1балл.

- Жазушының шығармасынан не ұнатқанын айтады -1балл.

«Әде-

биеттік оқу» оқулығы

3-бөлім

4 сынып 2019ж



Қорытын-ды

5 мин

Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді.

Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.

Оқу тапсырмасы: ертегіні мазмұндау, сурет салу.

Сабақтан түйген ой-пікірін айтады.

ҚБ қойылады.