ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 25
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Астана қаласы әкімдігінің«Техникалық колледжі» МКҚК
ГККП «Технический колледж» акимата города Астаны
Оқу сабақ жоспары/ План учебного занятия
Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия | А.Құнанбаев. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі. | |
Модульдің/пәннің атауы/ Наименование модуля /дисциплины | Қазақ әдебиеті | |
Дайындаған педагог/ Подготовил педагог | Уакаева Надира Адиловна | |
Күні/ Дата | 21 .09.2022ж./г. | |
1. | Жалпы мәлімет / Общие сведения | І Курс 1 ЛМК-11 тобы |
Сабақтың түрі/ Тип занятия | Тәжірибелік | |
2. | Мақсаттары, міндеттері/ Цели, задачи | Өлеңдегі еңбекші халықтың мүддесі, ақынның өзі өмір сүрген қоғамның тарихи шындығын бейнелеуі, заманның кемшілік, қайшылықтарын сынауы, «Бас-басына би болған өңкей қиқым» деп, елдің сиқын бұзып жүрген мансабы жоғары шенеуніктердің психологиясы туралы тұжырымы, Абай лирикасында ұлттық мінез психологиясының көркем жинақталуы, Абайдың адам жанының сырлары жөніндегі танымы туралы ұғындыру. |
3. | Күтілетін нәтижелер/ Ожидаемые результаты | «Қалың елім, қазағым қайран жұртым» өлеңіне композициялық талдау жасау. |
4. | Қажетті ресурстар/ Необходимые ресурсы | Абай Құнанбаевтың өлеңдері. https://yandex.kz/video/preview/10418503330808972110 |
5. | Сабақтың барысы/ Ход занятия | |
5.1 | Ұйымдастыру кезеңі/ Организационный момент | Сәлемдесу. Ұйымдастыру кезеңдері. Білім алушылардың назарын сабаққа аударту. |
5.2 | Өткен тақырыпты қайталау/ Повторение пройденной темы | Абай Құнанбаевтың «Сегіз аяқ» өлеңін жатқа сұрау. Сұрақ-жауап әдісі бойынша жауап беру. |
5.3 | Жаңа тақырып жоспары/ План новой темы |
Абай өлеңдерінің жалғасын тап. (Ойдан өзі шығару керек) |
5.4 | Жаңа тақырыптың мазмұны/ Содержание новой темы | 1.«ҚАЛЫҢ ЕЛІМ, ҚАЗАҒЫМ, ҚАЙРАН ЖҰРТЫМ...» - Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. Көлемі 30 жол. Бұл шығармада тұтас халыққа арнап айтылған терең де күрделі ойлар шерлі жүректен шамырқанып, толқып шыққан. Үлкен адамгершілік, қайраткерлік, оқымыстылық биікке көтерілген ақын үні бірде айбарлы, бірде кекті, бірде мұңлы. Қазақ халқын бөлмей-жармай, түгел қамтып, тұтас шолып, баршасына бағыштап айтылған өлеңнің әлеуметтіксалмағы орасан зор. Ақын алдымен көз алдыңызға мұрты аузына түскен, бір ұрты май, бір ұрты қан, алғашқыда шырайы сартша жылтырап тұрған қазақтың кескінін алып келеді. Осыдан кейін барып оның ішкі әлемін, мінез ерекшеліктерін айқындап аша бастайды. Бұл өзі іске жоқ, қу сөздің адамы, өзі сөйлесе болды, өзгені тыңдауды білмейді, мылжың, бөспе, қырт. Күндіз күлкі, тұнде ұйқысының бұзылу себебі – өз малына өзі ие емес сорлы. Байлауы жоқ көрсеқызардың әлеуметтік қалпы тіпті сиықсыз, тұтастық, ірілік жетіспегендіктен, әрқайсысы шолтаңдап жеке қамшы үйіріп, би болғансып, қиқымданып кеткен жерде елдің күйті кеткен, бірлік жоқтықтан, береке жоқтықтан дәулеті шайқалып, байлық шашылған. Жыртың-жыртың мағынасыз күлкіге малданған тиянақсыз, байлаусыздың түбіне жеткен елдің соры биліктен айрылып өзгенің табанына түсіп құл болатынын ақын ашына зар етеді. Ұлттың бойындағы сордың үлкені-күндестік, бірін-бірі көре алмау, етектен тарту, пыш-пыш халқымызды сан рет орғажығып, өртке қамаған алауыздық. Зығырданы қайнаған шерлі ақын елді түзеудің амалын қарап, тығырықтан шығар соқпақ іздеп, басын тауға, тасқа соқса да, жол таба алмай, ақыры елінің ырқынан айрылып, езгіге бодан болатынына бармағын шайнайды. Халқының бойындағы қаны сорғалаған жараларды аша отырып, ақын омырауы жасқа толса да, сай-сүйегі сырқыраса да, сесті, кекесінді күйінде қалады. Жеңіл-желпі басу айту, оңай өріс нұсқау жоқ. Ары ширығып, намысы қайнаған ұлы ақын туған халқының барлық буын, барлық нәсілін өзі күйдіріп айтқан кесел-кесепаттардан, сор-сұмдықтардан арыл, тазар, сонда ғана белге шығасың деп тұрғандай. Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы үлгісінде жазылған. Туынды ағылшын, араб, азербайжан, қарақалпақ, қырғыз, татар, түрікмен, орыс, өзбек, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған. 2.Бейнебаян. «Қалың елім, қазағым қайран жұртым» өлеңі https://yandex.kz/video/preview/10418503330808972110 3.«Топтастыру» стратегиясы. Топтастыру әдісі бойынша тапсырмалар орындау |
| Жаңа тақырыпты бекіту/ Закрепление новой темы |
Абай өлеңдерінің жалғасын тап. (Ойдан өзі шығару керек) ————————— Пайда ойлама, ар ойла, ————————— Талап қыл артық білуге. Ұстаздық еткен жалықпас, ————————— Үйретуден балаға. ————————— |
6. | Сабақ бойынша рефлексия/ Рефлексия по занятию | Ой- толғаныс және рефлексия: Аяқталмаған сөйлемдер Бүгінгі сабақта мен... Мен үшін ең маңыздысы... ...біраз қиналдым. Бұл маған ... үшін қажет. Менің ... сәтті шықты. Өзім үшін ... Өтілген тақырып маған ... ұнады. |
7. | Бағалау/ Оценивание | Сабаққа белсенді қатысқан білім алушыларды бағалау. |
8. | Үй тапсырмасы/ Домашнее задание | Г.Орда, С.Дәрібаев, А.Сатылова. Қазақ әдебиеті. 10 сынып. 21 бет. 1-2 тапсырмалар. Эссе жазу. «Абай даналығына түйген ойым» немесе «Абай атаға хат». |