ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 96
Скачиваний: 11
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ӘБ отырысында қаралды ___________ Хаттама № ______ «___» __________ 2022 ж. | КЕЛІСЕМІН Оқу ісінің меңгерушісі ___________А.Жасарова «___» ________2022 ж. | БЕКІТЕМІН «Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі» КММ директоры ___________Г.Сарсенбаева «___» __________ 2022 ж. |
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 5 сыныптағы
«Математика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша
КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
Оқу жылы:2022-2023
Пән мұғалімі: Шалтыкова Базаргуль Реимбаевна
Түсінік хат
-
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 5 сынып үшін «Математика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген. -
Оқу пәнінің мақсаты – білім алушылардың әлеуметтік бейімделуіне және оларды дербес еңбек әрекетіне даярлауға ықпал ететін, қолжетімді математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру. -
Математиканы оқыту міндеттері:
-
білім алушыларға тұрмыстық жағдайларда дербес болуға, шаруашылық-еңбек әрекеті және қолжетімді кәсіпті меңгеруге мүмкіндік беретін математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру; -
білім алушылардың танымдық әрекетіндегі олқылықтардың орнын толтыруға ықпал ету, олардың жағымды эмоционалды-ерікті және тұлғалық сапаларын қалыптастыру; -
білім алушылардың тілін дамыту, оны арнайы математикалық терминдер және ұғымдармен байыту, өздік әрекетін түсіндіруге үйрету, тапсырмаларды шешу, геометриялық құрылымды орындау туралы сөздік есеп беру; -
оқушылардың көрнекі-әрекеттік және көрнекі-бейнелі ойлауы мен ойлау операцияларын (талдау, салыстыру, жалпылау және жіктеу) дамыту; -
оқу сабақтарына қызығушылықтарын дамыту, құрдастарымен және ересектермен өзара әрекеттесу біліктілігін дамыту.
-
«Математика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-сыныпта – 5 сағат, оқу жылында 180 сағатты;
-
5-сыныпқа арналған «Математика» оқу пәнінің базалық мазмұны:
-
100-ге дейін толық сандарды қайталау; -
1-1000-ға дейінгі сандардың нөмірленуі: құрылуы, жазылуы, оқылуы, жүздіктерді салыстыру. Жүздіктердің сандық қатарда реттілігі. Реттік және есептік сандар (тура, кері, берілген саннан, тең дәрежедегі сандық топтармен). Разряд туралы ұғым. Разрядтар: бірліктер, ондықтар, жүздіктер. Сандардың ондық құрамы. Сандық қатардағы сандардың реттілігі. Сандық қатардың негізгі қасиеттері. Біртаңбалы, екітаңбалы, үштаңбалы сандар. Жұп және тақ сандар. Сандарды ондық және жүздікке дейін дөңгелету. I-ден XII-ге дейінгі сандарды римдік нөмірлеу. Калькулятор құрылғысы және онымен жұмыс істеу ережелері. Үштаңбалы сандарды калькуляторда көрсету; -
қосу және азайту: 100-ге дейінгі сандарды қосу және алуды қайталау. 100-ге дейінгі сандарды түрлену барысында ауызша қосу және азайту. 1000-ға дейінгі сандарды разрядтан өту арқылы ауызша алу (алу жоғары түрлерден басталып, мысалдар бір жолға жазылады). Жақшасы бар мысалдарда әрекеттер тәртібі. Сандарды салыстыру. 1000-ға дейінгі сандарды түрге ауыспау барысында жазбаша түрде қосу және азайту (мысалдарды тізбектеп жазу). Қосу және азайтуды тексеру. Қосу мен азайту амалдарының белгісіз құрамдарын табу; -
көбейту мен бөлу: көбейту мен бөлудің кесте түріндегі мысалдарын қайталау. Сандарды еселеп салыстыру. Көбейту мен бөлуде бір мен нөлдің қасиеттері. 100-ге дейінгі кестеден тыс көбейту мен бөлу. 10 мен 100-ге көбейту. 10 мен 100-ге қалдықсыз және қалдықпен бөлу. Жүздіктерді бір сандарға көбейту және бөлу. Толыққанды үштаңбалы сандарды біртаңбалы санға разрядтан өтпей ауызша есептеу тәсілдерімен бөлу және көбейту. Көбейту мен бөлуді тексеру. Арифметикалық әрекеттерді орындауда калькуляторды қолдану; -
мәтіндік арифметикалық амалдар: меңгерген түрлерді қосу мен азайтуға қарапайым мәтіндік амалдар, сандарды әртүрлі салыстыруға мәтіндік амалдар. Сандарды еселеп салыстыру, санның бөлігін табуға қарапайым мәтіндік амалдар. Көлемдерді салыстыруға арналған қарапайым мәтіндік арифметикалық амалдар: құны, саны, бағасы; жолы, уақыты мен арақашықтығы. 2-3 әрекетті орындауды талап ететін құрамдас мәтіндік арифметикалық амалдар. Амалды қысқаша түрде жазып алу. Жауабы бар не құрамдас қарапайым амалды шешуді жазып алу. Сандарға керек атауларды жазып алу және есепті шешу амалын жазу; -
көлемдер мен оларды өлшеу бірліктері: құнның өлшемдері. Құн бірлігі: теңге және тиын. Белгілеулер: теңге – тг., тиын – тн. 1 тг. = 100 тн. арақатынасы. Монеталар мен купюралар: 100 тг., 200 тг., 500 тг., 1000 тг. Оларды майдалау мен ауыстыру. Ұзындық өлшемі. Ұзындық бірліктерін қайталау: миллиметр, сантиметр, дециметр, метр. 1 см = 10 мм, 1 дм = 10 см, 1 м = 10 дм, 1м = 100 см. арақатынасы. Километр ұзындығының бірлігі. Км. белгісі. 1 км = 1000 м, 1 м = 1000 мм. арақатынасы. Салмақ өлшемі. Салмақ өлшемі бірліктерін қайталау: килограмм, центнер және олардың арақатынасы. Салмақ бірліктері: грамм, тонна. гр., т. белгілері. 1 т = 10 ц, 1 т = 1000 кг, 1 кг = 1000 г. арақатынасы. Гірлер, таразы, олардың қызметі. Таразыны қолдана отыра заттардың салмағын анықтау бойынша практикалық жұмыстар. Уақыт өлшемі. Уақыт өлшемін қайталау – сағат, минут, секунд, тәулік, апта, ай, жыл. Уақыт өлшемдерінің бірліктік арақатынасы. Бір жылдағы күндер саны. Толы жыл. Заттың құны, ұзындығы мен салмағын өлшеуде алған сандарды санау. Заттың құны, ұзындығы мен салмағын өлшеуде алған сандарды ауызша және жазбаша түрде азайту мен қосу; -
көрнекі геометрия элементтері. Қайталау: нүкте, сызықтар, бұрыштар. Бұрыштар, тіктөртбұрыштар және квадратты сызбалы үшбұрыштың көмегімен құру. Шеңбер мен дөңгелек. Орталық пен радиус. Берілген радиус бойынша циркульдің көмегімен шеңбер сызу. Бұрыштардың түрлері бойынша үшбұрыштарды жіктеу: тік бұрышты, сүйір бұрышты және доғал бұрышты; жақтарының ұзындығы бойынша: тең жақты, тең бүйірлі және әр жақты. Циркуль және сызғыштың көмегімен берілген ұзындық бойынша үшбұрыштарды құру. Берілген ұзындықтар бойынша сынық сызықты құру. Тікбұрыш, квадрат, іргелес жақтар мен диагональдар. Куб пен діңгек. Төбелер, қырлар мен шекаралар. Геометриялық фигураларды белгілеу үшін латын әліпбиінің кейбір әріптерін қолдану. Кеңістікте геометриялық фигуралардың өзара орналасуы: өздігінен болған, өзара қабысады және бір зат екіншісіне тиесілі; -
қарапайым бөлшектер: біртұтас, сұйық және сусымалы заттың не санның екіншілік, үшіншілік, төртіншілік және бесіншілік бөліктерінің пайда болуын қайталау. Қарапайым бөлшектердің пайда болуы, бөлшектің бөлгіші мен бөлінгіші, олардың мағынасы. Бірдей бөлгіші мен бөлінгіші бар бөлшекті салыстыру. Ірі және майда бөлшектер. Дұрыс не бұрыс бөлшектер, аралас сандар, оларды салыстыру; -
5-сыныптың математика курсын қайталау.
Бөлім | Бөлімше | Оқыту мақсаттары | | | |
1-тоқсан | Сағат саны | Мерзімі | Ескерту | ||
1. Сандар мен өлшемдер | 1.1 Натурал сандар. Бөлшектер | 5.1.1.1 дөңгелек жүздіктерді алу, атау және жазу; дөңгелек жүздіктерді тура және кері ретте атау; 1000-ға дейінгі толық сандарды алу, атау және жазу | 1 | | |
5.1.1.2 берілген саннан берілген санға дейін, 1000-ға дейінгі толық сандардың тең сандық топтарымен тура және кері ретте реттік және есептік санауды жүргізу | 2 | | | ||
5.1.1.3 1000-ға дейінгі сандардың табиғи қатарында санның орнын анықтау | 1 | | | ||
5.1.1.5 1000-ға дейінгі сандардың табиғи қатарының қасиеттерін түсініп, қолдану | 2 | | | ||
5.1.1.6 1000-ға дейінгі сандарды оқу, жазу және салыстыру | 2 | | | ||
5.1.1.7 жұп және тақ сандарды ажырату; бір, екі, үш белгілі сандарды ажырату | 1 | | | ||
5.1.1.8 сандарды разрядты кестеге жазу; санның разрядты кестесінің құрамын анықтау | 3 | | | ||
5.1.1.9 сандарды разрядты қосындылар сомасына салу, сандарды 1000-ға дейінгі разрядты қосындылар сомасы бойынша құру | 2 | | | ||
1.2 Сандармен әрекет ету | 5.1.2.2 10 000-ға дейінгі сандарды қосу және алуда ауызша (разряд арқылы көшусіз) санау әдістерін қолдану | 1 | | | |
5.1.2.3 1000-ға дейін дейінгі сандарды қосу мен алуда әрекеттер тәртібін ұстану | 2 | | | ||
5.1.2.7 көбейту мен бөлудің кестелік мысалдарын қолдану | 1 | | | ||
5.1.2.4 сандарды әртүрлі салыстыруды орындау | 1 | | | ||
5.1.2.13 Жақшасы бар және жоқ мысалдарда 1- же 2- сатылардағы әрекеттер тәртібін ұстануән | 1 | | | ||
1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері | 5.1.3.1 мм, см, дм, м, км, г, кг, ц, т және сәйкес келетін құралдарды қолдана отыра шамаларды өлшеуді жасау; шаламдарды атаумен сандарды жазу арқылы өлшеу нәтижелері | 1 | | | |
5.1.3.2 атаулары бір мағыналарды салыстыру | 1 | | | ||
5.1.3.3 шамалар бірліктерінің арақатынасын орнату: 1 см = 10 мм, | 2 | | |
| | 1 дм = 10 см, 1 м = 10 дм, 1м = 100 см 1 м = 1000 мм 1 км = 1000 м 1 т = 10 ц 1 ц = 100 кг 1 кг = 1000 г 1 т = 1000 кг | | | |
5.1.3.7 шамаларды өлшеген кездегі сандарды түрлендіруді орындау | 1 | | | ||
5.1.3.9 құн, ұзындық пен салмақтың бір не екі бірліктерін өлшеуде алған сандарды ауызша түрде қосу мен алуды Орындау БЖБ-1 | 2 | | | ||
3. Математи калық модельдеу | 3.1 Есептер | 5.3.1.1 қосынды мен қалдықты табуға, санның бірнеше бірлікке арттыруға және азайтуға, белгісіз қосылғыштарды азайтқыштар, азайғыштарды табуға арналған жай мәтіндік есептерді шешу | 2 | | |
5.3.1.5 2 әрекетті орындауды талап ететін құрамдас мәтіндік арифметикалық амалды шешу | 2 | | | ||
5.3.1.6 шартты белгілерді қолданумен бірге есептің мазмұнын қысқаша жазуды орындау | 2 | | | ||
5.3.1.7 жауабы бар қарапайым есеп, түсініктемесі не әр әрекетке қоятын сұрағы бар есепті шешуді жазып алуды орындау БЖБ-2 | 1 | | | ||
5.3.1.8 есепті шешуді жазып алуда атауларды белгілеу | 1 | | | ||
2. Көрнекі геометрия элементтер і | 2.1 Геометриялық пішіндер және олардың жіктелуі | 5.2.1.2 бұрыштың түрлері мен элементтерін тану және атау: ұшы, қабырғалары | 2 | | |
5.2.1.1 шеңбер мен дөңгелекті (ортасы, радиус) сызбада тану және атау | 1 | | | ||
2.2 Геометриялық фигураларды бейнелеу және құру | 5.2.2.4 берілген жақтардың ұзындығы бойынша сызбалы үшбұрыштың көмегімен квадрат пен тікбұрышты құруды орындау | 1 | | | |
5.2.2.5 циркульдің көмегімен берілген радиус бойынша шеңбердің құруды орындау БЖБ-3 | 2 | | | ||
| 1 тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | | | |
2-тоқсан | | | | ||
1. Сандар және шамалар | 1.1 Натурал сандар. Бөлшектер | 5.1.1.10 сұйық және сусымалы заттарды қоса, тұтас заттың екінші, үшінші, төртінші, бесінші, оныншы үлестерін алу | 2 | | |
5.1.1.11 қарапайым бөлшектердің құрылуын көрсету; ірі және майда бөлшектерді ажырату | 2 | | | ||
5.1.1.12 қарапайым бөлшектер мен аралас сандарды оқу, жазу; бөлшектердің алымы мен бөлімінің мағынасын түсіну | 2 | | | ||
5.1.1.13 бөлімі бірдей бөлшектерді салыстыру, алымы бірдей бөлшектерді салыстыру | 2 | | | ||
5.1.1.14 дұрыс және дұрыс емес бөлшектер, аралас сандарды ажырату | 2 | | | ||
5.1.2.4 сандардың әртүрлі салыстыруын орындау | 2 | | | ||
5.1.2.8 сандардың еселік салыстыруын орындау | 2 | | |
| | 5.1.1.7 сандарды ондыққа дейін дөңгеленту | 2 | | | |||
1.2 Сандармн әрекет ету | 5.1.2.2 1000-ға дейін қосу мен алудың жазбаша (разряд арқылы ауысумен) амалдарын қолдану | 2 | | | ||||
1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері | 5.1.3.1 ай, жыл бірліктерін қолдана отыра көлемдерід өлшеуді орындау | 2 | | | ||||
5.1.3.3 шамалардың арақатынасын орнату: 1 жыл = 12 ай, 1апта.= 7 тәу, 1 жыл = 365; толық жыл = 366 жыл; 1 ай = 28, 29, 30, 31 тәу, БЖБ 4 | 2 | | | |||||
3. Математикалық модельдеу | 3.1 Есептер | 5.3.1.1 сандарды әртүрлі салыстыруына қарапайым мәтіндік есептер шешу | 2 | | | |||
5.3.1.2 сандардың еселік салыстыруы және санның бөлігін табуға қарапайым мәтіндік есептерді шешу | 2 | | | |||||
5.3.1.3 2 әрекетті орындауды талап ететін құрамдас мәтіндік арифметикалық амалды шешу | 2 | | | |||||
5.3.1.4 шартты белгілерді қолданумен бірге есептің мазмұнын қысқаша жазуды орындау | 2 | | | |||||
5.3.1.5 жауабы бар қарапайым есеп, түсініктемесі не әр әрекетке қоятын сұрағы бар есепті шешуді жазып алуды орындау | 2 | | | |||||
5.3.1.6 септі шешуді жазып алуда атауларды белгілеу. БЖБ 5 | 2 | | | |||||
2. Көрнекі геометрия элементтер і | 2.1 Геометриялық пішіндер және олардың жіктелуі | 5.2.1.4 жақтарының түрлері мен бұрыштары бойынша үшбұрыштарды жіктеу | 2 | | | |||
2.2 Геометриялық фигураларды бейнелеу және құру | 5.2.2.6 циркуль және сызғыштың көмегімен бүйірлердің берілген ұзындығымен үшбұрыштарды құруды орындау БЖБ 6 | 3 | | | ||||
| 2 тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | | | ||||
| 3-тоқсан 50 сағат | | | | ||||
1. Сандар және шамалар | 1.2 Сандармен әрекет ету | 5.1.2.7 көбейту және бөлудің кестелі мысалдарын қолдану; кестеден тыс көбейту мен бөлуді орындау: 30х3, 60:3; 12х3, 36:3 | 3 | | | |||
5.1.2.10 1 мен 0-ден көбейту және азайту; 10, 100 сандарымен көбейту және азайтуды орындау | 3 | | | |||||
5.1.1.4 ХII-ге дейінгі рим нөмірленуін оқу, жазу және қолдану | 2 | | | |||||
5.1.2.9 1000-ға дейінгі дөңгеленген ондықтар, жүздіктер, толық екітаңбалы және үштаңбалы сандарды біртаңбалы санға көбейту мен бөлуді (разряд арқылы көшусіз) орындау | 3 | | | |||||
5.1.2.11 көбейту және азайтуды тексеруді орындау | 3 | | | |||||
1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері | 5.1.3.7 көлемдерді өлшеген кезде алған сандарды жаңартуды орындау | 3 | | | ||||
5.1.3.9 құн, ұзындық, салмақ, уақыттың бір, екі бірліктерін өлшеуде алынған сандарды жазбаша және ауызша қосу мен азайтуды орындау БЖБ 7 | 3 | | |