Файл: Амандасу, атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 22

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1 СЛАЙД. Амандасу, аты-жөні

Бөбекжай-бақшаның жұмысын жақсарту үшін білім беру процесінің барлық субъектілерінің қажеттіліктері анықталды: ата-аналар мен педагогтерден сауалнама алынды, балалардың даму мониторингісі зерттелді (старттық – 55,5%). Ата-аналардың жауаптары терең талдана отырып байқалғаны, сауалнамаға қатысқан ата-аналардың 65% б/б жұмысымен қанағаттанған, қалған 35 % қанағаттанбайтын мәселелері бар екенін көрсетті. Мысалы, «Менің баламды бұл б/б жақсы оқытады » деген сұраққа 68 % келіседі, 32 % келіспейді. «Менің балам бұл б/б жақсы жетістіктерге жетіп жүр» деген сұраққа 70% келіседі, 30% келіспейді және «Менің балама қабілеттеріне сәйкес тапсырма беріледі» деген сұраққа да осындай жауаптар алынды. Педагогтердің сауалнама мазмұны мен нәтижелерін бірге талдадық. Педагогтердің кәсіби құзыреттілігі 39 % құрады. Сауалнама нәтижесін талдай келе б/б дамуына әсер ететін басымдықтар анықталды: өзінің тобындағы тәжірибесіне талдау жүргізуге аз уақытты арнайтындығы, өз жоспарларын бірлесіп талдамайтындығы және өзгертпейтіндігі, б/б дамыту жұмыстарына сыртқы ұйымдар мен жекелеген тәуелсіз тұлғалардың тартылмайтындығы анықталды. Қажеттіліктердің барлығын межелеу арқылы күшті жақтары, әлсіз жақтары, мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлер анықталды.

Күшті жақтары:

  • Заманауи материалдық-техникалық базаның болуы;

  • Кең таралған интернет желісінің қосылуы;

  • Әкімшілік жұмысын тиімді ұйымдастыру;

  • Тәрбиешілердің сапалық құрамы

  • Ата-аналармен тиімді кері байланыс (Facebook, Instagram, Telegram, WhatsApp)

Әлсіз жақтары:

  • оқытудың инновациялық технологиялары толық көлемде қолданылмайды.

  • тәрбиеленушілердің ақпараттық технологияларға қол жеткізу мүмкіндігі шектеулі.

  • Арнайы мамандардың тапшылығы

  • Жаңа форматты санаттарының жоқтығы

  • Инклюзивті білімнің жеткіліксіз дамуы

Мүмкіндіктер:

  • Тәрбиешілердің кәсіби сапалы дамуына;

  • білім сапасы көрсеткіштерін жоғарлатуға;

  • түлектерін табыстылығын мониторингтеу тетігі әзірлеуге;

  • білім беру және ғылым саласының қолжетімділігі, тартымдылығы, сапасы және ашықтығы;

  • ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру.

Қауіп-қатер:

педагог кадрлардың арасында өздігінен білім алуға және кәсіби өсуге ұмтылыс деңгейінің төмендігі




  • 2 СЛАЙД. SWOTталдау нәтижесінде б/б-дағы оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде өзекті өзгерістің қажет екендігін білдік.Атап айқанда оқытуда жаңа тәсілді меңгерумен қатар қолдану, б/б даму жоспарын жүйелі жүргізу, қажет жағдайда өзгертіп отыру, әр бір жүргізілген іс-шараға кері байланыстың аса қажеттілігін, тәрбиешілер өз тәжірибесін кәсіби байланыс арқылы жетілдіруі керек екендігін, тәрбиеленушілер сапалы білім алу үшін үнемі қолдауды қажет ететіндігін, АКТ-ны қолжетімді ету керектігін айқындадық.Сондықтан шығармашылық топпен бірлесе отырып б/б миссиясын осыған негіз етіп «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі- білім сапасын арттыру кепілі» деп алдық. Мақсаты: педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру арқылы оқыту мен тәрбие беру сапасын көтеру. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер белгіленді:

  • Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету (яғни, МДҰ өз қызметінде қандай құжаттарды басшылыққа алу керектігі, олармен қалай жұмыс жасау керектігі теория және практика жүзінде іске асады).

  • Әдістемелік жағынан үздіксіз даму (педагогикалық-психологиялық көмек,оның ішінде коучинг, семинар, шебер-сынып; тәлімгерлік көмек,мыс сабақты талдау; сайттармен жұмыс жасау,республикалық конкурстарды өткізу туралы ережелер, тәжірибе жинақтау, санатын көтеру, біліктілік курстарынан өту, ата-аналармен және басқа да қоғамдық орындармен байланыста болу.)

  • Кәсіби дағдыларды дамыту (педагогтың шеберлігі мен кәсібилігі, қабілеті, ептілігі, қарым-қатынас мәдениеті тб)

  • Жаңа инновациялық технологияларды қолдану ( үшін жоғарыда айтылып кеткен педагог кәсіби дағдыларының жақсы деңгейде дамығаны қажет.

Күтілетін нәтиже: бәсекеге қабілетті, құзыретті,  өз жұмысын жақсы меңгерген, жан-жағына бағыт-бағдармен қарайтын, нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге,  әлеуметтік-саяси оңтайлы тез әрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті маман.

Б/б миссиясы 3 жылға жоспарланып отыр. Бастапқы кезеңінде , қажеттіліктерді анықтау үшін деректер жиналады, өңделеді, шыққан нәтижеге байланысты жоспар құрылады. Аралық кезеңінде жоспарланған іс-шаралар жүзеге асырылады, бақыланады, қажет болған жағдайда өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырады. Қорытынды кезеңінде мәліметтер, деректер жинақталады, жүргізілген жұмыстарға талдау жасалып баға беріледі, қорытынды жасалып алдағы уақытқа міндеттер қойылады және нәтижесі ретінде авторлық жұмыс немесе әдістемелік ұсыныстар әзірленеді.



Көрсетілген бағыттар міндетке жету құралдары болып табылады.

3 СЛАЙД. Тәрбиешілердің тәжірибесін жақсарту, қажетті қолдау көрсету үшін коучинг, семинар, менторинг, тренингтер жоспарлануда. Бұл жерде жоспарланған іс-шаралар басымдықтармен тығыз байланысты. Оқыту үдерісі қатысушыларының қажеттіліктері ескерілген. Нәтижесінде,бұлардың барлығы балаларды оқыту мен тәрбиелеуге, тәрбиешілердің кәсіби дамуына оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

4 СЛАЙД. Педагогтерді, тәрбиеленушілерді және олардың ата-аналарын ұйымды дамыту мәселелеріне тарту үшін мынадай іс-шараларды ұсынып отырмын.


Мысалы, «Жұлдызды сәт» марапаттау кешінде педагогтердің жыл бойы «Табыс баспалдағындағы» көрсеткіштерінің негізінде түрлі марапаттаулар беріледі. Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде біліктілік курстардан өткен тәрбиешілер өздерінің ашық ұйымдастырылған қызметтерінде «3 ойын» әдісін қолдануды жоспарлап отыр. Әдістің тиімділігін балалардың әрекет ету алгоритмі пайда болғанынан көретін боламыз. Өйткені,балалар алдымен педагогтің жетекшілігімен әрекет етеді, одан кейін педагог тек бағдар береді, соңында балалар жанама түрде сырттай бақыланады. «Сенім жәшігі» мен сауалнама тиімді кері байланыс алу үшін қолайлы. Ата-аналарды есеп түрінде балалармен «Мақтаныш күнін» өткізуге және балалардың бір аптадағы жетістіктерін чатқа жіберуге шақырамыз. Балалар не істегендерін айтып мақтан тұтады: олар қандай суреттер салды, аналарымен қандай тағамдар дайындады, қандай әндер мен өлеңдер үйренді, інісіне немесе қарындасына қалай көмектесті, тәрбиешінің қандай тапсырмаларын орындады. «Сүйікті тәрбиешінің аудио ертегісі» - көптеген отбасыларда отбасылық кітап оқу дәстүрі жоқ екенін сауалнама көрсетті, ата-ана баланы кітапқа қалай қызықтыратынын білмейді. Кейбіреулерінің үйде балаларға арналған кітаптары да жоқ. Тәрбиеші ертегіні жазады және сілтемені ата-аналарға жібереді. Жазбалар сериясын жасауға болады. Ата-аналар балаға ұйықтамас бұрын, ол тынышталып, тыңдауға дайын болған кезде жазбаны қоса алады. «Аспаздық шеберлік сыныптары» ас үйден репортаж жасайды: анасы отбасының сүйікті тағамын дайындайды, ал бала – суретке түсіреді немесе бейне жазады және түсініктеме береді. Бұл әдістер АКТ білімінің жоғарылауына, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, кітапқа құштарлығын оятуына да әсерін тигізеді.



5 СЛАЙД.

Миссия

Басымдықтар

Мақсаттары

Іс-шара

Қолдау тәсілдері

Мониторинг

 Педагогтың кәсiби құзыреттiлiгi – бiлiм сaпaсын aрттыру кепілі

- Педагогтердің кәсіби дамуы.

- Ата-аналармен ынтымақтастық.

- Өмірге бейімделген, толыққанды тұлға тәрбиелеу.

-  Сапалы білім беру және тәрбиелеу.

 - Педагогтердің құзыреттілігін жоғарылату.

- Ата-аналарды серіктес ретінде тарту.

- Өмірмен байланыстыра отырып оқыту және тәрбиелеу.

 - «Құзыретті педагог-жаңа формация педагогы».

 - «ҰОҚ талдау. Кері байланыс».

-«Ата-аналармен тиімді жұмыс істеу формалары»

«Тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылықтарын дамыту».

 Коучинг.

Менторинг.

Семинар.

 Сабаққа қатысу

Тәжірибе алмасу

Сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар

 37,5 % - авторлық бағдарлама әзірлейді.

62,5 %- педагогикалық санаттарын көтереді.

100 %- біліктілік арттыру курстарынан өтеді.

44,4 %- көшбасшылық қызметін атқарады.

Енгізілген өзгерістердің тиімді болатынын келесі индикаторлардан біле аламыз: педагогтердің кем дегенде 37,5 пайызы авторлық бағдарламасын әзірлеп лицензиялауға ұсынады; 62,5 пайызы жаңа формат бойынша педагогикалық санаттарын көтереді (педагог-модератор, педагог-сарапшы); педагогтердің 100 пайызы біліктілік арттыру курстарында білімдерін шыңдайды және 44,4 пайызы көшбасшы бола алады.

Педагогтің құзыреттілігі, оның ішінде,баланы дамыту мен оқытуды терең түсіну; баланың көзқарасын түсіну және қабылдай білуі; туындаған мәселелерді шешуге қабілеттілігі; өз тәжірибесіне үнемі рефлексия жасай білу және оны жетілдіру; эмоционалды интеллекттің жоғары деңгейі , сияқты компоненттері үнемі жетілдіріліп,дамытылып отырса, баланы оқыту мен тәрбиелеу сапасы да жоғары болатынына мен сенімдімін !