Файл: за мерзімді жоспарды тарауы Аудан Кні 10. 02. 22.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 43

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Аудан

Күні: 10.02.22

52 м/л Практиканттың аты-жөні: Спатаева Афина

Сынып: 8 А


Қатысқандар: 20 Қатыспағандар: 4

Сабақтың тақырыбы

Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары : Трапеция ауданы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


8.1.3.13

трапецияның ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;

Сабақтың мақсаты

  • Трапецияның ауданын есептеу формуласын меңгерту, есептер шығаруда қолдана алу дағдыларын қалыптастыру;

  • Есептеу іскерліктерін қалыптастыру, ұйымшылдық қасиетін дамыту, сыни тұрғыда ойлап, оқушыны жан-жақты дамыту;

Бағалау критерийлері

  • трапецияның ауданының формулаларын біледі;

  • трапеция ауданының формулаларын қорытып шығарады;

трапеция ауданының формулаларын есептер шығаруда қолданады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, шаттық шеңберін жасап, бір-біріне тілегін айтады. Сосын «Жер», «Марс», «Юпитер», «Сатурн» атты 4 топқа бөлінеді.
II. Өткен материалды қайталау. Мұғалім оқушылармен жаңа тақырыпты меңгеру үшін қажетті ұғымдарды қайталайды. Мұғалім оқушыларға келесі тапсырмаларды ұсынады:

III. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

Фигура мен формуланы сәйкестендір:




Допты қағып алу арқылы ауызша сұрақтарға жауап береді:

  1. Екі табаны бар фигура, ол не?

  2. 2 ТАБАНДАРЫ ПАРАЛЛЕЛЬ БОЛУЫ МҮМКІН БЕ?

  3. 3. ТАҒЫ ЕКІ ҚАБЫРҒАСЫ БАР? ОЛ ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?

  4. 4. БҮЙІР ҚАБЫРҒАЛАРЫ ТЕҢ БОЛУЫ МҮМКІН БЕ?

  5. 5 ТІК БҰРЫШЫ БОЛУЫ МҮМКІН БЕ?

  6. 6 ДИАГОНАЛЬДАРЫ НЕШЕУ?

  7. 7 ОРТА СЫЗЫҒЫН ЖҮРГІЗУГЕ БОЛА МА?

  8. 8 БҰЛ ФИГУРАНЫ ҚАЛАЙ АТАЙМЫЗ?




Оқушылардың белсенділіген байланысты бағаланады.

Презентация

Слайд 3-7
плакат


Сабақтың ортасы

IV. Жаңа тақырыпты меңгеру.

Мұғалім оқушыларға келесі формулаларды көрсетеді:

Трапецияның ауданын оның табандары мен биіктігі арқылы табу; диагоналдары мен арасындағы бұрыштары арқылы табу; төрт қабырғасы арқылы ауданын табу;


V. Білімді бекіту. Жеке жұмыс.

Мұғалім оқушыларға қиындық туған сәтте көмек береді. Оқушылардың типтік қателері бүкіл сыныппен талқыланады. Мұғалім қажеттілігінше тақта алдында жұмысты орындауды ұйымдастыра алады және сол кезде шешімді дұрыс жазуға назар аудара алады.

Үй тапсырмасы:

Содан соң оқушылармен бірлесіп алғашқы формуланы дәлелдейді.
1)  ,

мұндағы AD және BC трапецияның табандары, ал BH - биіктігі.

Дәлелдеуі: BD диагоналін жүргізіп, ABD және CDB үшбұрыштардың аудандарын анықтаймыз:


, мұндағы DP – сыртқы биіктігі.

Бұл теңдікті және BH және DP биіктіктері тең екенін ескере отырып:



жақша сыртына шығарайық.


Дәлелденді.

Слайдта сыныпта шығару үшін екі есеп беріледі. Оны бірге сыныпта шығарамыз.

1-2 есеп

Трапецияның табандары 8 см және 7 см, ал оның ауданы 225 см2. Трапецияның биіктігін табыңдар.

Ары қарай сергіту сәті. Әр топтан 1 оқушыдан шығып, үрленген шарды жарады. Жардың ішінен логикалық сұрақтарға жауап береді.

Келесі кезеңде психологиялық тест.

Сосын топтық жұмыс болады. Әр топқа есептер беріледі. Топ тапсырмалары:

1 тапсырма

S-трапецияның ауданы, a және b – табандары , h-биіктігі деп алып, кестені толтырыңыз.

a 4 5

b 2 3

h 3 ?

S ? 24

2 тапсырма

Егер трапецияның диагональдері 12 см және 14 см болса және де олар өзара перпендикуляр болса, трапецияның ауданын есепте.

3 Тапсырма

Математикалық диктант.

1. Трапецияның бүйір қабырғаларын орталарын қосатын кесіндіні трапецияның ....... деп аталады.

2. Бүйір қабырғалары тең трапеция............. деп аталады.

3. Бір бұрышы тік трапеция ………………… деп аталады.

4. Трапецияның орта сызығы табандарына ………….........................................................

5. Трапецияның орта сызығы табандарының …………. тең
6. Трапецияның ауданы ……………………….

…………………………………………………………………………………………………………


Есеп 1. Егер трапецияның табаны 6 см және 8 см, ал биіктігі 5 см болса, трапецияның ауданын тап.

Есеп 2. Егер трапецияның орта сызығы 10 см, ал биіктігі 6 см болса, трапецияның ауданын тап.

Есеп 3. Егер трапецияның табандары 11 см және 28 см, ал бүйір қабырғалары — 25 см және 26 см болса, трапецияның ауданын тап.


Бағалау критерийлері:

Оқушы

  • трапецияның ауданын оның табандары мен биіктігі арқылы табады;

  • трапецияның ауданын оның биіктігі мен орта сызығы арқылы табады;

  • трапецияның ауданын оның диагональдері және олардың арасындағы бүрышы арқылы табады;

трапецияның ауданын оның төрт қабырғасы арқылы табады.


Оқушылардың белсенділіген байланысты бағаланады.

Мұғалім оқушылардың жұмысын белгіленген критерийлер бойынша бағалайды.


Презентация

Слайд 8-16


Сабақтың аяғы

VI. Сабақты қорытындылау. Рефлексия

Мұғалім оқушылардан сабақты түсінген-түсінбегендігін сұрайды. Кішкене парақшалар таратылып, сабаққа не жетіспегендігін жазуын айтады.



.

Қорытынды, жауап береді.

Оқушылардың белсенділіген байланысты бағаланады.

Презентация

Слайд 15

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.


Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.