Файл: Пн Жаратылыстану Сынып 3 Табиат физикасы Мектеп Малімні атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 30

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар


Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3

Табиғат физикасы

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні




Тақырыбы

Электр энергиясы қайдан алынады?

Оқу мақсаты

3.5.5.1 электр энергиясы көздерін анықтау;

3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу

Сабақтың мақсаты

Электр энергиясының көздерімен танысады


Бағалау критерийі

Электр энергиясының көздерін атайды.

Электр энергиясының көздерін қауіпсіздігі мен пайдасына байланысты сипаттайды.

Тілдік мақсат


Тірек сөздерді сөйлемде пайдаланады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Электр энергиясының көздері

Құндылықтар

Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

Математика, қазақ тілі, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Электр тогымен жұмыс істейтін құралдарды атайды, электрдің адам өміріне қажетін сипаттайды. Электрлену құбылысына мысал келтіреді, электрдің ашылуы туралы біледі.

Сабақ барысы


Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Кіріспе тапсырма. Жедел жауап.

Әңгімелесу. Мақсаты: Төменгі сыныптарда өткен материалдарды қайталау.

-Үйде қандай электрмен жұмыс істейтін құрылғылар бар? (Үтік, компьютер және т.б.)

- Олардың жұмыс жасауы үшін не қажет? (Электр тогы.)

- Олар жұмыс істеуі үшін қандай әрекет жасайсың? (Батарея салу немесе тоққа қосу; Үйдің қабырғаларында болатын розеткаларға қосылады).

  • Бұл розеткаларға ток қайдан келеді?

  • Үйге ток қайдан келеді?

  • Адамдар электр энергиясын қалай алады?

  • Батареядағы ток қайдан келеді?

Сұрақтарды талқылау.

Оқушылардың болжалды жауабы.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау (Сабақта электр энергиясының көздері, яғни токтың қайдан алынаты туралы білеміз).




Сабақтың ортасы


Жұмыс істемейтін қоңыраулы сағатты көрсету

- Сағат не себепті жұмыс істемеуі мүмкін? (батареясы жоқ)

- Батареялардың қандай түрлерін білесіңдер? (Саусақтық, шынашақтық.)

- Олар неге бұлай аталған?

- Неге құрылғыларға батарея орнатады? (Ол энергия көзі болып табылады.)

- Барлық электр құрылғылар батареямен жұмыс істей ме?

Мысалы, теледидар энергиямен қалай қамтамасыз етіледі? (Токқа қосылады).

- Электр тогы розеткаға қалай келеді? (Ол электр стансасынан сымдар арқылы үйге келеді).

- Электр стансасы деген не?

- Электр стансаларының қандай түрлері бар?

Қосымша ақпарат көзімен немесе оқулықта берілген материалмен жұмыс.

Электр энергиясын қалай алады?

Топтық жұмыс (төрт топ: химиялық, су энергиясы, күн және жел энергиясы).

- Қандай электр энергиясының көздері бар?

- Таза электр көздерін пайдаланудың маңызы қандай?

- Электр энергиясының қаншалықты пайдасы мен зияны бар?

- Алдағы уақытта елімізде күн батареялары мен жел генераторларын кеңірек қолданудың қандай мүмкіндіктері бар?

Топтардың жұмыстарын тыңдау.

ҚБ. «Бас бармақ» әдісімен бағалау. Қалауларынша толықтыру.

Зерттеу жұмысы.

Оқушыларды ынталары бойынша саралау, топтарға бөлу. Ынтасы жоғары оқушыларды алғашқы екі топқа, ал қалған оқушыларды басқа екі топқа бөлу.

Әр топқа кішкене шам немесе сымға жалғанған жарықдиодтар (светодиод), лимон, түйреуіш немесе мырыш бұрама шеге тарату. Алғашқы екі топқа онымен қоса, картоп, тұздалған қияр мен алма алады.

Тапсырма: көгөністер мен жемістерді энергия көзі ретінде пайдалану, нәтижесінде шам жану қажет.

Алғашқы екі топқа

  1. Қыстырғышты сымдардың біреуіне қыстыру. Жуан инемен лимонның қабығына тіліктер немесе тесіктер жасау.

  2. Сым мен қыстырғышты бір-бірінен алысырақ етіп лимонға кіргізу.

  3. Оны лимонның мәйегіне жететіндей етіп тығу керек.

  4. Тәжірибенің нәтижесін талқылау.

  5. Басқа көгөністерді пайдалана отырып, тәжірибені қайталау.

  6. Қорытынды жасау.

  • Шам барлық жағдайда бірдей жап-жарық болып жанды ма?

  • Қандай қиыншылықтар болды?

Тәжірибе жақсырақ орындалу үшін нені өзгерту керек? Талқылау.

Келесі екі топқа:

  1. Қыстырғышты сымдардың біреуіне қыстыру.

  2. Жуан инемен лимонның қабығына тіліктер немесе тесіктер жасау.

  3. Сым мен қыстырғышты бір-бірінен алысырақ етіп лимонға кіргізу.

  4. Оны лимонның мәйегіне жететіндей етіп тығу керек.

  5. Тәжірибенің нәтижесін талқылау.

  6. Қорытындылау.

Тәжірибені орындағаннан кейін оқушылардың назарын олар жасаған батареяның қуаты тек кішкене шамның жануына ғана жететініне аудару. Ал қолшамның жануы үшін қуатты батарея керек.

  • Неге көгөністерден жасалған батареяларды пайдаланбайды? (Энергия аз, көгөністер бұзылады.)

Оқушылар зерттеу кезінде қандай қиыншылықтармен кездескенін талқылау. Тәжірибені орындап болғаннан кейін оқушылар батарея электр энергиясын оның құрамына кіретін заттардан өндіретінін түсінеді.

ҚБ. Өз жұмыстарын бағалау.

Сергіту сәті.

Сен білесің бе? айдары бойынша талқылау ұйымдастыру. ЭКСПО-2017 логотипін көрсету.

(Көрмеде жаңа техникалық өнертабыстар көрсетіледі. Лодыгиннің шамы мен электр розеткасы осы көрмеде көрсетілгеннен кейін әйгілі болды. ЭКСПО-2017 ұраны – «Болашақ энергиясы» болды. Қазір ғалымдар адамға және қоршаған ортаға қауіпсіз энергия көздерін ойлап тауып жатыр).

Қауіпті және қауіпсіз. Энергия көздері туралы түсініктерін кеңейту.

  • Энергия көздері адам мен қоршаған ортаға қауіпсіз бе?

Топта инфографиканың көмегімен қуат көздерінің ең қауіпсізі қайсысы екенін және басқалары қандай қауіп төндіре алатынын көрсетеді.

Ойлан. Жарамсыз бірнеше батареяны зерделеу.

- Жарамсыз болған батареямен не істеу керек?

Жауаптарын тыңдау.

Батареялардың сыртындағы суреттерге назар аударту (айқышталып сызылған қоқыс контейнері мен жасыл сызықшалар).

- Бұл нені білдіреді?

Оқушылардың болжалын тыңдау, толықтыру. (Батареяның ішінде қауіпті химиялық заттар бар. Егер батареяны жай тастай салса, онда Күн мен жаңбырдың әсерінен металл бүлінеді, ал химиялық заттар топырақ пен жер асты суларына түседі. Сол аумақ уланады. Бір кішкентай батарея топырақты уландырып, бірнеше ағаштар мен мыңдаған тірі ағзаларды жоя алады. Сондықтан батареяны арнайы орындарға өткізу керек. Батарея жер астында екі жылға дейін сақталуы мүмкін деген де ақпарат бар).

Үй жұмысын саралау үлгілері.

  • Үйдегі электр құралдар электр энергиясын қайдан алатынын бақылау, жазып алу.

  • Елімізде қай қала, елді мекендерде жарамсыз батареяны қабылдайтын орындар бар екенін анықтау (мүмкіндік болса).

  • Электр құрылғыларымен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

  • Жергілікті жер қандай электр стансасынан энергия алатынын анықтау.

Өзіндік жұмыс

52-жұмыс парағы. «Электр энергиясын қалай алады?». Электр энергиясын неден алады? Тапсырмада бірінші бағандағы суреттерді екінші бағандағы сөздермен жалғау керек.

53-жұмыс парағы. «Электр энергиясының көздері». Сөйлемдерді аяқта. Электр көздері жайлы білімін бекітуге бағытталған сөйлемдерді аяқтайды.

Болашақтың қаласын жаса. Балама энергия көздерінің қандай жерлерде орналасуы тиіс екенін анықтайды және өздері қалаған орындарға олардың суретін салады.

ҚБ. мұғалімнің жазбаша кері байланысы

тарақ, шар, ұсақ қағаз

Суреттер немесе слайд

кішкене шам немесе сымға жалғанған жарықдиодтар (светодиод), лимон, түйреуіш немесе мырыш бұрама шеге. Алғашқы екі топқа онымен қоса, картоп, тұздалған қияр мен алма алады.

ЭКСПО-2017 логотипі

Парақ, маркерлер

Жарамсыз батареялар

Жұмыс дәптері


Сабақтың соңы


Рефлексия кезеңі.

Сабақ кезеңдерін пысықтау. Не үйрендік?

Кері байланыс.

Мен білдім: .........................

Мен түсіндіре аламын ................................

Менің түсінбегенім .....................................

ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы.


Кері байланыс парағы





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сұрақ қою барысында саралау.

Тапсырмалар бойынша саралау.

Зерттеу жұмысында ынталары бойынша саралау.


Қалыптастырушы бағалау құралдары:

- мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау, бағыттау);

- жұпта өзара бағалау;

- мұғалімнің жазбаша кері байланысы;

- оқушылардың жазбаша кері байланысы;

- оқушылардың жауабын, іс-әрекетін бақылау;

- «Бас бармақ» әдісімен бағалау

- Сабақ барысында іс әрекет жиі ауыстырылады;

- сергіту сәті орындалады;

- қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе, себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыс дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқу орын алды ма? Неліктен?




Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім