ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«№14 орта мектеп-гимназиясы»
(мектептің атауы)
(Сабақтың тақырыбы)
Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі.
Бөлімі: | 6.3 С. Координаталық жазықтық | |
Педагогтің аты-жөні | Тоқшылықова Л.С. Шенгельбаева Н.Б. Тыналиев Б.Т. | |
Күні: | 03.03.2023ж | |
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі. | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: | 6.3.2.3 кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табу; | |
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтын басы Ұйымдастыру (2мин) Үй жұмысын тексеру (2мин) | Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру (оқушыларға жылы лебіздер айту). Оқушылардың сабаққа дайындығын анықтау, сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру. Үй жұмысын тексеру.Шығарылмаған есептерге көңіл аудару. Жіберілген қателерді талдау. Дескриптор: Таблицаны дұрыс сәйкестендіреді - 2балл | Оқушылар амандасады. Сұрақтарға жауап береді. | ҚБ-2 балл; | 1-2 слайд 3 слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Алғашқы білімдерін тексеру (4 мин) Сабақтын ортасы Негізгі бөлім. (10 мин) | ІІ. Алдыңғы білімдерін тексеру. Ауызша жұмыс. Координаталық жазықтық ұғымын еске түсірейік? Ол үшін сәйкестікке арналған тапсырманы орындау керек.
| Оқушылар ауызша жауап береді. ЕБҚО қолдау көрсету.
| | Бағалау парағы Үлестірме материалдар электрондық түрде 4 слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||
1 тапсырма: Жұптық жұмыс 1. Координаталық жазықтықта ABCD квадраттың үш төбесінің координаталары А(-3;-2); В(-3;2); С(1;2) бойынша төртінші төбесі D-нің координаталарын тауып, квадрат салыңдар. Дескриптор: -Координаталық жазықтықта координаталары бойынша нүктені орналастырады-1балл -Кесінділерді координаттық жазықтықта салады-1балл -Координаттық жазықтықта D нүктесінің координатасын табады-1балл; | Оқушылар жұптасып тапсырманы орындайды,қажет болған жағдайда бір-біріне қолдау көрсетеді. ЕБҚО жұбының тарабынан қолдау көрсетіледі. | ҚБ-3 балл; | 5-6 слайд Үлестірме материалдар | |||||||||||||||||||||||||||||||||
(2 мин) | 2 тапсырма: «Карта». /функционалдық сауаттылық/ Координаталық жазықтықтағы орналасқан карта бойынша қалалардың белгіленген нүктесінің координаталарын табыңдар. Дескриптор: -Координаталық жазықтықтағы қалалар нүктесінің координаталарын дұрыс табады-1 балл; | Тапсырманы талқылауда белсенді қатысып, сұрақтарға жауап береді | ҚБ-1 балл; | 7-Слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||
8 мин+10 мин | 3 тапсырма: Жеке жұмыс (үлестірме ) 1. Координаттық жазықтықта M(6;6), N(-2;2), K(4;1), P(-2;4) нүктелерін белгілеңіз. MN және KP түзулерін жүргізіңіз. а) MN түзуінің абсцисса осімен қиылысу нүктесін G нүктесімен белгілеп, координатасын анықтаңыз; ә) KP түзуінің ордината осімен қиылысу нүктесін L нүктесімен белгілеп, координатасын анықтаңыз. 2. Координатаның бас нүктесінен G нүктесіне дейінгі ара қашықтықты табатын программа кодын жазып, экранға шығар. Дескриптор: - MN түзуінің абсцисса осімен қиылысу нүктесін G нүктесімен белгілеп, координатасын анықтайды – 1балл; - KP түзуінің ордината осімен қиылысу нүктесін L нүктесімен белгілеп, координатасын анықтайды – 1балл; - Программада енгізілетін деректер мен олардың типтерін дұрыс анықтайды – 1балл; - Есептеуді дұрыс ұйымдастырып, нәтижені экранға шығарады – 1балл. | Оқушылар жеке жұмыс жасайды ЕБҚО (ауызша немесе жазбаша кеңес беріледі) | ҚБ-4 балл; | 8-9; 10-11-12 слайд үлестірме материалдар | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы Рефлексия/ 2 мин. 5 мин. | Бекіту сұрақтары: - Кесінділердің, сәулелердің, түзулердің бір-бірімен қиылысу нүктесінің координатасын қалай табамыз? -Абссица осьімен қиылысу нүктесін тапқанда, ординатасы нешеге тең болады? - Ордината осьімен қиылысу нүктесін тапқанда, абссицасы нешеге тең болады? Кері байланыс. Бағалау. Үй тапсырмасы: Осы нүктелерді координаталары бойынша белгілеңіз. Ол нүктелерді қосқан кезде сурет пайда болады. Ай: (-4;4),(-7;2),(-11;3),(-12;5),(-12;7),(-11;9), (-7;10),(-4;8),(-7;9),(-9;8),(-10;6),(-9;4),(-7;3) Жұлдыздар: (-2;3),(1;3),(4;3),(7;3),(10;3),(1;6), (4;6),(7;6),(10;6),(4;9),(7;9),(10;9) | Оқушылар сабақтағы іс-әрекеттеріне рефлексия жасайды, өз іс-әрекетіне өзін-өзі бағалау жүргізеді. | ҚБ, өзін-өзі бағалау жиынтығын кунделікке қою. | 13 слайд Padlet.com платформасы. |