Файл: Таырыбы Саяси уынсргін рбандарын еске алу кніне орай Алаш туы астында, Кн снгенше снбейміз! атты интеллектуалды саба Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 30

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!» атты интеллектуалды сабақ

Мақсаты: Интеллектуалды сабақтың өткізе отыра студенттерде білу дағдыларын  қалыптастыру. Сын тұрғысынан ойлап, әр түрлі тапсырмаларды орындай білулеріне бағыт беру. Отанға, елге,туған жерге деген мақтаныш сезімдерін туғызу.

Ертең қаралы күн... 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Әрбір елдің қуанышты күндерімен қатар қайғылы, азалы күндері де болады. Адам өмір сүргендіктен, ұлт болғандықтан өзінің тарихынан тағылым алып, қайдан шыққанын, қайдан келе жатқанын ұмытпауы керек. 


31 мамырды «Ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу күні» деп белгілеп, 1997 жылы Елбасымыз жарлыққа қол қойған. Біз бұл күнді қаралы дата деп атап өтіп, оңай айта салғанымызбен, оның түбінде үлкен қайғы-қасірет жатыр. Әрбір қазақтың баласы осы қайғы-қасіретті ұмытпауы керек. Кезінде атылып кеткен Алаш зиялылары бар, қазақтың белгілі марғасқа азаматтары бар, аштық кезінде қырылған біздің ата-бабаларымыз бар. Шамамен тарихшылардың айтуы бойынша сол кезде қандастарымыздың 60 пайызы қырылып кеткен. Бұл басқа елдермен салыстырғанда адамзат тарихында осындай қиянат болмаған. Бірақ, қазақтың мықтылығы осы тарихқа  табына отырып, болашаққа деген талпынысымыз. Кеңес өкіметі болмағанда, қолдан жасалған аштық болмағанда, қуғын-сүргін болмаған кезде қазір 30 миллиондық халқымыз болар ма еді. Яғни біздер тек қана болған нәрсені емес және қандай нәрсе болуы керек еді дегенді тарихи жадымыздан шығармағанымыз дұрыс. «Біз кімбіз, қайдан шыққан едік, біздің бабаларымыз қандай жағдайда дүниеден өтті» деген мәселелерді өзімізге өмірлік сұрақ ретінде қойып отыруымыз керек.



Ашаршылық қазақ даласында 1929 жылы бірінші рет болып, кейін 1932 жылы қайталанған. Бірінші ашаршылықта бірнеше миллион халық қырылған болса, екіншісінде одан да көп халық аштықтан көз жұмды. Ал қырылғаннан қалғандары жан сақтау мақсатында басқа елдерге босып, тозып кетті. Бұның барлығы қазақ даласына жасалған қиянат болатын. Мысалы, сол кезде Қазақстанда басшы болған Голощекиннің «Кіші октябрь» саясатының өзі халықты осыған итермеледі. Ол бастапқыда малмен ғана күнін көріп отырған байларға, кейін орташаларға, ең соңында астық екпейтін малшыларға астық салығын салды. Астықты тауып бере алмағандарын шұбыртып, қаңғытып жіберді. Ол кезде баспасөздегі материалдардың барлығы тек біржақты саяси екпінмен, тапсырмамен жазылған дүниелер болатын. Мысалы, 1930 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде Мұстафа Шоқайдың «1929 жылғы аштық» деген мақаласы жарық көрген болатын. Онда ол Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ жерінде болған аштықтың кесірі біріншіден табиғаттың қолайсыздығына байланысты болды» («Қазақ жеріндегі ашаршылық» атты мақаладан) деп айтқан пікіріне: «Бұл жерде ешқандай табиғаттың қолайсыздығы деген факті болған жоқ, қазақтың ойлы, қырлы даласында қанша қырғын, қанша жұт болса да, халқы былай жаппай қырылмаған. Сондықтан, Ахмет Байтұрсыновтың мына пікірлері кеңестік електен өткен деп, оның мақаласын шынайы сынға алады. Бұдан біз қазақ жеріндегі ашаршылыққа сол кезде билікте жүрген адамдар болсын, алаш ордашылар болсын, барлығы бір жақты ғана баға бергендігін көреміз. Яғни, олардың барлығы ашаршылықтың себебі табиғаттың қолайсыздығынан дегенге әкеліп тіреді. Ал шын мәнінде бұл биліктің халыққа жасаған қиянаты еді. Әрине, ашаршылық сол кезде жалғыз болған жоқ. Қазақта «жұт жеті ағайынды» дейді ғой. Оған 37 жылы репрессия келіп қосылды. Сол жылдары шығып тұрған газеттерде күзде егінді орып болғаннан кейін қалған масақты тергені үшін сотталып, тіпті халық жауы аталып, атылған адамдар туралы ақпарат бар. Мысалы «Еңбекші қазақ» газетінде Қызыл тақта және Қара тақта деген айдарлар болды.





Осы екі айдардың аясында қызыл тақтаға қуғын-сүргін, ашаршылыққа қарамастан шолақ белсенділік танытып жүрген мекемелер, ұйымдар, колхоз-совхоздардың басшылары туралы мақтау-мадақтау материалдары болатын болса, қара тақтада масақ теріп халық жауы атанған қарапайым, кінәсіз адамдардың есімі тізімге ілінді. Қара тақтаға ілінгендер күні ертең ату жазасына кесіліп отырды.



Кей қандастарымыз 31 мамырдың қандай күн екенінен мүлдем бейхабар. Тіпті кейбір адамдардан «осы 31 мамыр қандай мереке?» дегенді де естіп жүрмін. Мереке емес қаралы күн екенін білмеуі қынжылтады. Кейбір аймақтарда Алаш қайраткерлеріне арналған ескерткіштер орнатылмаған. Тіпті сол күні жастарымыз Алаш боздақтарына тағзым жасау үшін қайда баратындарын да білмей жатады. Бұл күні мен мұсылманмын деген әрбір қазақ мешітке барып, құран бағыштап, дұға тілеуі керек деп ойлаймын. Бұл әрбір қазақтың қолынан келетін іс. 31 мамыр Қазақстан халқы үшін жай күн емес екенін жас ұрпақ жадында сақтаса екен. Бұл қастерлі кезеңді еске алу күні. 

«Алаш туы астында,

Куә болсын арымыз.

Көркейтуге алашты,

Құрбандық біздің жанымыз!

Алаш туы астында,

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді ешкімнің алашты,

Қорлығына бермейміз!

Өлер жерден кеттік біз,

Бұл заманға жеттік біз!

Жасайды алаш, өлмейміз!

Жасасын, алаш, жасасын!» деп жырлап өткен Сұлтанмахмұт ақынның зарынан бүкіл Алаш қайраткерлерінің жанайқайы мен айта алмай кеткен жүрек сөзі естілетіндей сезіледі маған. Олар сөнген жоқ! Олардың жаны әрбір қазақтың қантамырында, жүрек соғысында. Біздің бүгінгі бейбіт күнімізге сөнбейтін Күнді сыйлаған аяулы ақтаңгерлер жер бетінде ең соңғы қазақ қалғанша мәңгі жасай бермек!  

Осы орайда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!» атты интеллектуалдық ойынымызды бастап кетейік.

1 тур. Мозайка (Қай атамыздың суреті жасырылғанын табуы қажет).

  • 1 сұрақ - Міржақып Дулатов

  • 2 сұрақ – Мағжан Жұмабаев

  • 3 сұрақ – Ахмет Байтұрсынов

  • 4 сұрақ – Ілияс Жансүгіров

  • 5 сұрақ - Әлихан Бөкейханов

  • 6 сұрақ – Шәкәрім Құдайбердіұлы


А.Байтұрсынов_және_М.Дулатов'>2 тур. Сұрақтар

  • Қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың күйеу баласы кім?/ С.Сәдуақасов

  • Қазақ газетінің редакторлары?/ А.Байтұрсынов және М.Дулатов

  • Қажымұқан Мұңайтпасұлы қандай күрес түрі бойынша әлем чемпионы атанды?/ Француз күресі

  • 1920-30 жылдары тарих пәнінен мектепке арнап оқулық құрастырған тұлға?/ С.Асфендияров

  • Алашорда үкіметінің оқу-білім министрі болған тұлға?/ А.Байтұрсынов

  • Алаш қайраткерлері қандай идеологиялық бағыт ұстанған?/ Либерал-демократия

3 тур. Аудио/Музыкалық

  • Шәмші ағаның «Бәрінен де сен сұлу»әнінің авторы кім?/ М.Жұмабаев

  • Мұстафа Шоқайдың өз дауысы

  • «Кез болған соң кер заман біздің баққа» М.Дулатов

  • «Ғаскер» өлеңі Ж.Аймауытов

  • «Анаға хат» А.Байтұрсынов

  • «Алаш Ұраны» С.Торайғыров

4 тур. Кино

  • Алиханның Аманаты спектаклі

  • Мұстафа Шоқай фильмі

  • Жерұйық фильмі

  • Тар заман фильмі

  • Қанмен жуылған қар фильмі

  • Тыңдашы тағдыр фильмі

5 тур. Ребус

  • Қазақтың үш бәйтерегі: (С.Сейфуллин., Б.Майлин.,І.Жансүгіров)

  • «ОЯН, ҚАЗАҚ»

  • Қазақтың бес арысы: А. Байтұрсынов., Ш.Құдайбердіұлы., М. Жұмабаев., Ж. Аймауытов., М. Дулатов.

  • Торғай Облысы

  • «БАТЫР БАЯН»

  • «ҚАЗАҚ» газеті

А.Байтұрсынұлы'>Ә.Бөкейханов'>6 тур. Афоризм

  • Бұл өмір абақты ғой саналыға.../ М.Жұмабаев

  • Әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды/ Ә.Бөкейханов

  • Кедей – тамақ асыраймын деп, ақылсыз жас – атымды шығарамын деп, надан ақсақал – кек аламын деп ұрлық жасайды/ Ә.Бөкейханов

  • Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса/ А.Байтұрсынұлы

  • Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдaғанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау/ А.Байтұрсынұлы

  • Жат сөздер тілімізге екі жақтан кіріп жатыр. Бірі — араб, парсы сөздері, молдаға оқығандар, екіншісі – орысшаға оқығандардың еуропалық сөздері/ М.Тынышбаев

Қорытынды:
Үздік топтарды марапаттау, қатысқан топтарға алғыс хат беру