ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 22
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспары | |
Бөлім | Компьютер және қауіпсіздік |
Педагогтың аты-жөні | Курманбаева Айлана Саяткызы |
Күні | 30.03.2023 |
Сынып: 5 | Қатысушылар саны Қатыспағандар саны |
Сабақтың тақырыбы: | Компьютерде өзіңе зиян келтірмей қалай жұмыс істеуге болады? |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 5.4.1.1 қауіпсіздік ережелерін бұзу салдары туралы талдау |
Сабақтың мақсаты : | қауіпсіздік ережелерін бұзу салдары туралы талдайды; компьютерде жұмыс істеген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтайды; |
ЕББҚО: мұғалімнің көмегімен қауіпсіздік ережелерін бұзу салдары туралы талдайды. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Миға шабуыл | 1.Оқушылармен амандасу. Жағымды ахуал тудыру. .Психологиялық ахуал тудыру (Заряд алу әдісі) «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы оқушылармен бірге жаңа сабақты анықтайды. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстырады. Жаңа тақырып. Видеожазба көру арқылы оқушыларға тапсырмада сұрақтар беріледі.
| 1.Мұғаліммен амандасады. Суреттерді көру арқылы жаңа тақырыпты анықтайды. Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. Видеожазба көре отырып, сұрақтарға жауап жазады. | ҚБ Мадақтау Дескриптор
| Презентация https://youtu.be/VCRhnMafa7E |
Сабақтың ортасы Топтық жұмыс. Сергіту сәті. Жеке жұмыс. | Жаңа тақырыпты түсіндіру. Қазіргі таңда адамдар көп уақытын компьютердің алдында өткізеді. Бұған интернетте ақпарат іздеу, әлеуметтік желілерде жұмыс істеу, онлайн режімде сөйлесу, фильм көру, музыка тыңдау және т.б. жатады. Компьютердің алдында ұзық уақыт отыру адам денсаулығына үлкен зиян келтіруі мүмкін. Компьютермен жұмыс істеу кезінде адам ағзасына зиян келмеу үшін негізгі ережелерді есте сақтау керек. 1-тапсырма. «jamboard.com» әдісі арқылы онлайн постер жасайды. Тақырыбы: Компьютер алдында отырған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау . 1 топ: Нені істегені дұрыс 2 топ: Нені істемегені дұрыс Көзге арналаған жаттығуларды орындатады. 2-тапсырма. Функционалдық сауаттылық тапсырмасы. Берілген мәтінді оқып, қауіпсіздік ережелерін бұзылу салдарын анықтап, астын сызып, талдайды. Мирас әдебиет сабағынан А.Құнанбаевтың шығармалары туралы комьпютерде баяндама жазды. Баяндама жазу барысында интернеттен бір сағат көлемінде ақпарат іздеді. Сонымен қатар, Мирас компьютер алдында тамақтанды. Ол мониторды өзіне қарай жақындатып,орындықта шалқайтып отырды. Мирас баяндаманы орындап отырып, кеш батқанын аңғармай қалды. ЕББҚО. Суретке қара. Дұрыс әрекеттер ұяшығын жасыл түспен боя. Бұрыс әрекеттер ұяшығын қызыл түспен боя. | Мұғалімді тыңдайды. Ережені дәптерге жазады. «jamboard.com» платформасында топтар онлайн постер құрады. Көзге арналған жаттығуларды орындайды. ЕББҚО. Мұғалім көмегімен орындайды.Суретке қара. Дұрыс әрекеттер ұяшығын жасыл түспен бояйды. Бұрыс әрекеттер ұяшығын қызыл түспен бояйды. | Дескриптор:
Дескирптор:
1 балл
1 балл ҚБ.Смайлик арқылы бағалау | Презентация 5 сынып - Google Jamboard |
Сабақтың соңы Үй тапсырмасы Рефлексия: | 5 сынып - Plickers онлайн платформасы арқылы оқушылардан тест алады. Тест сұрақтары.
А. Тамақтануға, жақын отыруға болмайды. В. Ақпарат іздеу С. Презентация жасау D. Видео көру 2. Компьютерде жұмыс істеу кезінде қанша уақыт отыру қажет ? А. 60 минут В. 45-50 минут С. 30-35 минут D. 15-20 минут 3. Көз бен монитор экранының ара қашықтығы қанша см болу керек ? А. 50 см кем болмау керек В. 20 см болу керек С. 80-90 см болу керек D. 35-40 смболу керек 4. Балаларды компьютердің алдында тапжылмай отырғызып, тәуелді ететін не? А. Ворд программасы В. Мәлімет іздеу С. Әлеуметтік желі D. Сабаққа байланысты видео көру 5. Егер адам тәулігіне 3 сағат компьютер алдында уақытын өткізетін болса, онда аптасына қанша уақытын өткізеді. А. 18 В. 21 С.24 D . 26 Қауіпсіздік белгішелері арқылы сабаққа кері байланыс алады. § 5.1, 102 беттегі үй тапсырмасы. 1- кестені толтыру Мен __________ үйрендім Мен __________ білдім Мен __________ сақтаймын Мен үшін бүгінгі сабақ ___________ | Берілген платформада тест тапсырмасын орындайды. Балалар айнаға қарап , өздеріне рефлексия жасайды. | Әр дұрыс жауап 1 балл | |