Файл: Малімні атыжні НрСлтан аласы, 8 мектеплицейіні аза тілі мен дебиеті пніні малімі Бейсенбаева Алтынай Оспановна ПнСынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 23
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Мұғалімнің аты-жөні: | Нұр-Сұлтан қаласы, №8 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бейсенбаева Алтынай Оспановна | |||||||||||||||||
Пән/Сынып: | қазақ тілі, 6-сынып | |||||||||||||||||
Қай аптаның нешінші сабағы | IIІ тоқсан 1-апта 3- сабақ | |||||||||||||||||
Тарау немесе бөлім атауы: | Су – тіршілік көзі | |||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Су – тіршілік көзі. Сілтеу есімдігі | |||||||||||||||||
Оқу мақсаттары: | 6.2.1.1. Мәтіннен негізгі және қосымша детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру; 6.3.3.1. Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графикалық мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрін құрастыру. | |||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | Мәтіннен негізгі және қосымша детальді ақпаратты анықтау; Деректер жинақтай отырып, графикалық мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрін құрастыру | |||||||||||||||||
Бағалау критериі: |
| |||||||||||||||||
Саралап оқыту тапсырмалары | ||||||||||||||||||
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі | Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету | |||||||||||||||||
Уақыты | Кезеңдері | Сабақтың мазмұны | Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не? | Ресурстар | ||||||||||||||
2 минут | Ұйымдастыру Ой шақыру | Сәлеметсіңдер ме? 6-сыныптың қазақ тілі пәніне қош келдіңіздер! Сабағымыздың тақырыбы: Су – тіршілік көзі
Жауабы
| | Видео-аудио суреттер, кесте, презентация, электронды құралдар, т.б. | ||||||||||||||
5- 6 минут | Жаңа сабақ |
Судың табиғаттағы маңызы және судың адам өміріндегі маңызы Табиғаттың баға жетпес ең қымбат қазынасының бірі - су. Су - адам өміріндегі оттектен кейін екінші орын алатын маңызды қосылыс. Адам денесінің 65-70% су кұрайды. Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады екен. Атап айтқанда, қанның 83%, бұлшық еттердің 75%, мидың 74%, сүйектердің 22% судан тұрады. Ал егер денеде 20% су жетіспеушілігі байқалса, онда ол адамның өліп кетуі әбден мүмкін. Сусыз, адам сияқты, ешбір өсімдік өмір сүре алмайды, оған әрдайым құнарлық қажет. | | | ||||||||||||||
3 минут | Тапсырмалар | 1-тапсырма Судың адам үшін және табиғат үшін қандай маңызы бар? Сызба кесте арқылы түсіндіріп беріңіздер.
Өзіңді тексер
Дескрипторы:__-_Кестені_толтырады;_-Судың_табиғаттағы,_адам_өміріндегі_маңыздылығын_жазады.2-тапсырма'>Дескрипторы:
-Судың табиғаттағы, адам өміріндегі маңыздылығын жазады. 2-тапсырма Сурет бойынша сілтеу есімдіктерін қолдана отырып шағын мәтін құраңыздар. Дескрипторы:
Өзіңді тексер Табиғатты аялайық Асқар мен Айша екеуі бір үйдің балалары. Ата-анасы жұмысқа ерте кетеді. Таңғы астарын ішкеннен кейін, үйдің маңайындағы талдар мен гүлдерге су құйып баптау үшін далаға шықты. -Асқар, сен анау тұрған талдарға су құйып біткеннен кейін, мынау кішкентай шыбықтарға да құя сал. Ал мен мына тұрған гүлдерге су құйып, қопсытып алайын, - деді Айша.Екеуі кешке дейін үйдің маңайындағы талдарға, гүлдерге су құйып, маңайды тазалап, ата-аналарын қарсы алды. 3 тапсырма Графикалық диктант Төменде берілген сөздерді көп нүктенің орнына қойып жазыңдар. 1.Су табиғатта бір мезгілде ... түрлі күйінде кездеседі. 2. Жер астынан шығатын және жаңа қасиетке ие болған суды... ... . 3. Тұщы судың бір көзі - ... . 4. Өзеннің басталар жерін ... деп атаймыз. 5. Ең үлкен көл ... 6. ... көлі – ең терең көл. Керекті сөздер: Каспий, өзен, минералды су, Байкал, бастау, үш Дескрипторы:
Өзіңді тексер 1.Су табиғатта бір мезгілде үш түрлі күйінде кездеседі. 2. Жер астынан шығатын және жаңа қасиетке ие болған суды минералды су 3. Тұщы судың бір көзі - өзен . 4. Өзеннің басталар жерін бастау деп атаймыз. 5. Ең үлкен көл Каспий 6.Байкал көлі – ең терең көл 4 тапсырма Берілген мәтіннен графикалық сызба жасаңыздар Табиғаттың баға жетпес ең қымбат қазынасының бірі - су. Су - адам өміріндегі оттектен кейін екінші орын алатын маңызды қосылыс. Адам денесінің 65-70% су кұрайды. Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады екен. Атап айтқанда, қанның 83%, бұлшық еттердің 75%, мидың 74%, сүйектердің 22% судан тұрады. Ал егер денеде 20% су жетіспеушілігі байқалса, онда ол адамның өліп кетуі әбден мүмкін. Сусыз, адам сияқты, ешбір өсімдік өмір сүре алмайды, оған әрдайым құнарлық қажет. Дескрипторлар:
Өзіңді тексер | | | ||||||||||||||
2 минут | | Кері байланыс
| | | ||||||||||||||
1 минут | Қосымша тапсырма | «Тіршілік» сөзін қалай түсінесіздер? Тіршіліктің пайда болуында судың рөлі қандай? Қосымша деректерді пайдалана отырып, дәлелдемелік эссе жазыңыздар. | | |