ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 54
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Инклюзия» (inclusif) терминін француз тілінен аударғанда өзіне қосып алған (енгізілген) деген мағынаны береді. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алды, ал АҚШ өздерінің білім беру саясатына инклюзивті білім беру бағдарламаны 1990 жылы толық енгізді. Қазақстанда 2002 жылдан бастап инклюзивті білім беру мәселесі қолға алынды.
Инклюзивті білім беру төмендегідей нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асады:
-
Адам құқықтарының Декларациясы қай жылы қабылданды (1948 ж) -
Бала құқықтарының Декларациясы қай жылы қабылданды (1959 ж.) -
Білім саласындағы дискриминациялаумен күресу жөніндегі Конвенция (1960 ж) -
БҰҰ Ассамблеясында «Мүгедектіктердің құқығы туралы» декларациясы (1975) -
«Бала құқықтары туралы» конвенция (1989 ж.) -
«Саламанка декларациясы» (Испания,1994 ж.) -
Инклюзивті білім беру немесе «Білім баршаға» бағдарламасы қашан қабылданды (2006 ж.) -
ҚР-да инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.
Инклюзивті білім беру дегеніміз: балалардың жынысына, жас ерекшелігіне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстың және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-эканомикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу. ЮНЕСКО инклюзивті білім беруді барлық білім алушылардың түрлі қажеттіліктерін ескеру процесі деп анықтайды.
Инклюзивті (қосылған) білім беруде білім алушылардың тең құқылығын орнатуға және олардың ұжымның барлық іс-әрекеттеріне қатысуына бағытталған ресурстарға ие (мүмкіндіктерге). Инклюзивті білім берудің негізгі идеясы білім беру жүйесіне қосылуға бала емес, жүйе дайын болуы тиіс.
Инклюзивті білім берудің мақсаты ерекше білімді қажет ететін балалардың танымдық мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескеру, әлеуметтік бейімделуі мен қоғамға кіріктірілуі құқықтарын жүзеге асыру. Олай болса, ерекше білімді қажет ететін бала дегеніміз кім? Ерекше білімді қажет ететін бала дегеніміз белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене және (немесе ) психикалық кемістігі бар он сегіз жасқа дейінгі бала (балалар). Тұлға бойындағы бұзылымның пайда болу уақытына байланысты 2 категорияға бөлінеді (туа пайда болған және жүре пайда болған). Ерекше білімді қажет ететін тұлғаларды анықтау мақсатында
скрининг жүргізіледі. Ол жаппай стандартты түрдегі тексеру.
Инклюзия оқушы мен мұғалімдерге жетістіктерге жету үшін керек қажеттіліктер, арнайы жағдайлар мен қолдауды ескереді. Инклюзивті мектепте әр баланы қабылдап, ұжымның маңызды мүшесі деп санайды. Инклюзивті мектепте ерекше қажеттіліктері бар оқушыны ерекше қажеттіліктерін қамту үшін құрдастары және қауымдастықтың басқа да мүшелері қолдайды.
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір - біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті білім беруді іске асыруда келесідей кедергілер кездеседі:
- Мектептердің архитектуралық қол жетімсіздігі, «ерекше балалар жиі «оқи алмайтындар» деп саналады;
- Жалпы мектептердің мұғалімдерінің көпшілігі ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларды сыныптың оқу процесіне қосуға дайын емес.
Инклюзивті мектептің ережелері:
-
Мектептік қауымдастықтағы барлық оқушылар тең құқылы, оқу процесінде олардың барлық қажеттіліктері камтылады; -
Маңызды әлеуметтік байланыстарды орнату мен дамытуда барлық оқушылардың мүмкіндіктері бірдей болуы керек; -
Бағдарлама мен оқыту процесі әр баланың қажеттіліктерін ескереді; -
Отбасылар мектептің өміріне белсенді қатысады;
Ресейде ең алғашқы инклюзивті білім беретін мектеп 1991 жылы ашылды. Естімейтін балаларға арналған алғашқы арнайы мектеп-интернаты Алматы қаласында ашылды.Оқушылардың даму деңгейінің өзектілігін ескеріп, оқытылатын пәндер саласындағы және дамудың жақын аймағындағы білім, білік және дағдыларын ескеріп білім берудің жеке бағдарламасы құрылады.
Арнайы педагогика салаларына тифлопедагогика, сурдопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия жатады.
Есту қабілеті зақымдалған тұлғаларғаға білім беру туралы ғылыми білімдер жүйесі сурдопедагогика,
сөйлеу тілі бұзылыстары бар тұлғаларға білім беру туралы ғылыми білімдер жүйесі логопедия,
көру қабілеті бұзылыстары бар тұлғаларға білім беру туралы ғылыми білімдер жүйесі тифлопедагогика,
ақыл-ой дамында ауытқушылығы бар тұлғаларға білім беру туралы ғылыми білімдер жүйесі олигофренопедагогика
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға үйден әлеуметтік көмек ұсынысты облыстық және қалалық ПМПК береді. ПМПК денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мекемелерімен бірігіп жұмыс атқарады. ПМПК ММ-де балалар дәрігерлерімен бірге психиатр, невролог, сурдолог, окулист, мeдcтатистик, педиатр жұмыс жасайды. ПМПК КММ-де дефектолог (олигофрено, сурдолог, тифло), психолог, логопед, әлеуметтік педагог мамандар жұмыс жасайды. Білім беру бөлімдерінде әлеуметтік қорғау, дамыту, тәрбиелеу шараларын әлеуметтік мұғалім жүзеге асырады. Әлеуметтік көмек беру кеңес беру әдісі арқылы жүзеге асады.
Коррекция дегеніміз дамудағы кемшіліктерді арнайы түзету жұмыстары арқылы өзгерту, қалыпқа келтіру.
Компенсация организмнің дамымаған функцияларын қайта құру мен алмастыру
Бағалау - білім алушының оқу мақсаттарына сәйкес жоспарланған білім беру үдерісін реттеу және түзету арқылы нақты қол жеткізген нәтижені белгілеу үдерісі.
Критериалды бағалаудың құрылымына қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау, бөлім бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау жатады. Дәстүрлі бағалау жүйесінде 5 баллдық негізде оқушы білімі бағаланды және бағалау біржақты үздіксіз үрдіс ретінде жүрді (мұғалім бағалады).
Қалыптастырушы бағалау оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі
Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда оқу бағдарламасындағы бөлімдер бойынша балл және баға қою арқылы өткізілетін бағалау түрі. Бағалау Блум таксономиясы негізінде қойылады.
Блум таксономиясы 6 деңгейден тұрады: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау