ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 20
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Пән: Қазақ тілі | Мектеп: | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||
Бөлім | 4-бөлім:Ғарышты игеру жетістіктері | |||||||||||||||
Оқу мақсаттары | Т/А. 8.1.6.1-коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып,диолог,монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу. О.8.2.3.1-мақала,презентация құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату. | |||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||||||
Құндылықтар | Бұл сабақ академиялық тұтастық, бірлік пен командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған. Мәдениетті қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы жүзеге асырылады, топта жұмыс жасау арқылы оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді. Топтық жұмыстың нәтижесінде өз білімін жетілдіреді. | |||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Сөздер мен сөз тіркестер: ғарышты игеру жетістіктеріне байланысты өзіндік көзқарасын білдіруде ғарышқа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін қолданады. Пән лексикасы және терминология: ғарыш, ғарыштың жетістіктері, ғарышкерлер, зымыран, Байқоңыр ұшыру айлағыт.с.с Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Біздің пікірімізше...... Себебі.... Бұған дәлел...... Қорыта айтқанда,.... | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Физика, астрономия,өзін-өзі тану, тарих сабақтарымен байланыс | |||||||||||||||
Алдыңғы білім | Үлкен мәтіндерді қысқартып, жинақы мәтін жазды. | |||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||
Уақыт | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар | ||||||||||||||
Сабақтың басы 5мин | Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу. «ЖАЛАУШАЛАР» әдісі. ( 4 түсті жалауша) Жалаушаның түсіне қарай топтастыру. Сабақтың мақсатын, бағалау критерийін таныстыру, сынып болып талқылау. | https://www.google.kz/search? Суреттер google.kz сайтынан алынды | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10мин 15мин 5 мин Сабақтың соңы 5 мин | Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Ғарышқа ұшқан 5 жануар Жануарлар ғарышта болған алғашқы тірі жан иелері болды. Алғашында ғалымдар адам баласы ғарышта ұзақ уақыт бойы салмақсыздық күйінде өмір сүре алмайды деп ойлады. Сондықтан да салмақсыздықтың тірі жаратылысқа әсерін тексеру үшін олар алдымен жануарларды ғарышқа аттандырды. 1.1959 жылы ғарышқа Авель және Бейкер маймылдары ұшқан. Олар ғарыштағы саяхатты жақсы өткерген, алайда зерттеуге арналған тетіктерді шешу кезінде бірі өлген. 2.Маймылдардан басқа ғарышқа тасбақа, мысық, және ит ұшырылған. 3.Ең алғаш ғарыштық зерттеулер 1949 жылы иттерге жүргізілген. Иттердің ғарышқа ұшуы үшін бойы 32 см, салмағы 6 кг болу керек болған. Оларды ғарышқа ұшырмас бұрын алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілген. Иттердің алғашқы ғарышқа сапары сәтті болған. 4.Ең алғаш 1957 жылдың 3 қарашасында жер аумағындағы орбиталық ұшуға Лайка есімді ит ұшқан. Ол кезде космостық құрылғылардың жерге қайтып келуі екіталай болғандықтан, ит ғарышта тек 1 апта тіршілік етеді деген болжам жасалған. Алайда ғарыш кемесінде салмақсыздық байқалып, ит ыстықтан өлген. 5.1960 жылы ғарышқа Белка, Стрелка иттері мен тышқан, егеуқұйрық, шыбын ұшырылған. Ғарыш кемесі жерге сәтті оралған. Осы ұшырылымнан кейін ғарышқа адам барады деген тұжырым жасалған. Жеке жұмыс Тапсырма:а)Мәтіндегі терминдерді, маңызды деректерді кестеге түртіп отырыңыз.
Жұптық жұмыс. Тапсырма: (ә) Жағдаят: Сіз радио бағдарламасынан ғарышты бағындырған жануарлар туралы деректерді естідіңіз. Сіз үшін бұл ақпараттар қызықты болды. Осыны досыңызбен бөлісіңіз. Жоғарыдағы терминдер мен деректерді қолданып, досыңызбен диалог құрыңыз. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері, түрлері, сөз тіркесінің түрлеріне көңіл бөліңіз. Дескриптор -мәтіннен терминдер мен ғылыми деректерді анықтайды; -тақырыпқа қатысты диалог құрастырады; -сөз тіркесінің байланысу тәсілдері, түрлері, сөз тіркесінің түрлерін қолданады. -диалогте термин мен деректердіқолданады. Тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз. Ғарышкер Айдын Айымбетов Қарағанды облысына сәтті қонды Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Жерге оралды – бүгін таңғы сағат 06.51-де капсула Қарағанды облысына қонды, – деп хабарлайды «Tengrinews.kz» тілшісі оқиға орнынан. Экипаж құрамында Геннадий Падалки (Ресей), Андреас Могенсен (Дания) және қазақстандық Айдын Айымбетов бар ғарыш кемесі Жезқазған қаласының шығысынан 146 шақырым жерге қонды. Ғарышкерлер капсуладан шығарылды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың қан қысымдары жақсы. Ғарышкерлер шай ішіп, апорттан дәм татты. «Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Жоспарланған тәжірибелердің барлығын орындадым. Тағы бір рет ұшуға дайынмын», – деді қазақстандық ғарышкер тілшілерге. Айдын Айымбетовті Жерде туыстары қарсы алды. Айта кетейік, бірнеше сағаттан кейін ғарышкерді Нұрсұлтан Назарбаев қабылдайды, сондықтан да ол Астанаға кетеді. Ал бірнеше күннен кейін Қарағандыда ғарышкерлердің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтуі мүмкін. Еске сала кетейік, 2 қыркүйек күні Астана уақыты бойынша сағат 10.38-де Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-ФГ » тасымалдаушы зымыраны ғарышқа ұшты. 4 қыргүйекте «Союз» ХҒС-мен автоматты режимде түйісті. Айдын Айымбетов ғарыштағы әсерімен «Twitter» арқылы бөлісіп отырды. Ол оқырмандарына видео мен суреттер жолдады (а) Кестені толтырыңыз.
Дескриптор -мәтіннің жанрын ажыратады; -мәтіннің ресімделуін анықтайды; -жанрлық ерекшелігін анықтайды | Жазбаша/ауызша кері байланыс | ||||||||||||||
Үй тапсырмасы | 95-бет.5-тапсырма. | | ||||||||||||||
Қосымша мағлұматтар | ||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |