Файл: Программа деуді кіріктірілген ортасында есептерді шешу андай кезедерден тратынын біледі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 62
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
әҚұрметті әріптес!
Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңына сәйкес авторлық құқық заңмен қорғаланатынын ескертеміз. Сатып алған ҚМЖ – ны тарату туралы факт анықталған жағдайда әкімшілік айыппұл салынады.
«USTAZ tilegi» ғылыми әдістемелік орталығының әкімшілігі
№472 бұйрығы бойынша жасалған ҚМЖ келесі бетте
Бұл ҚМЖ ust.kz сайтында жасалынған. «USTAZ tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығының сайтынының ҚМЖ бөлімінде кез-келген пән, кез-келген сынып бойынша ҚМЖ және презентацияны жүктеп ала аласыз. Ол үшін сілтеме арқылы өтіңіз.
https://ust.kz/qmg
Қысқамерзімді жоспар
Бөлімі: | 5-бөлім. «Практикалық программалау» |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | 5.1. Проблеманы қою |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу. |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушы үшін: есептің программасын құрастыру кезеңдерін біледі. Оқушылардың көбі үшін: программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу қандай кезеңдерден тұратынын біледі. Кейбір оқушылар үшін: проблеманы қоюды немесе бастапқы деректерді өңдейді. |
Бағалау критерийлері |
|
Тілдік мақсаттар | Диалогтер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:
қандай кезеңдерден тұрады деп ойлайсың? |
Құндылықтарға баулу | “Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады. |
Пәнаралық байланыстар | Математика |
Алдыңғы білім | Тармақталу алгоритмдерін программалау |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин. | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. «Шаттық шеңбері» әдісі Оқушылар шеңбер бойымен тұрып бір-біріне тілек айту арқылы, бір-бірінің көңіл күйін көтереді. Мысалы: Сен бүгін ерке сұлусың! | Топтастыру Кәмпиттер арқылы 2 топқа бірігеді. Оқушыларға кәмпиттер таратылады және кәмпит түрлеріне қарай топтасады. | | | ||||||||||||
| (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар топтамасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі. |
| Бағалау Оқушылар бір-бірін «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». | | ||||||||||||
5 мин. | Жаңа сабаққа кіріспе «ДЖИГСО» әдісі (Т) Топтарға оқулықтан жаңа сабақтың мәтіні бөліп беріледі. Арнайы белгіленген уақыт ішінде мәтінді оқып шығады. Кейін топтар арасында жаңа ақпаратпен таныстыру, ой бөлісу жұмысы жалғасады. | Дескриптор: - Берілген мәтінді оқиды. - Топ ішінде өзара талқылау жүргізеді. - Топтар арасындағы түсіндіру, жеткізу, баяндау жұмысында белсенділік танытады. | Бағалау Топтар бір-бірін «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар» | | ||||||||||||
| (Т) Талдау 1-тапсырма Практикалық жұмыста берілген тапсырманың программа кодына талдау жасаңдар. Программаға a=7, b=20, c=9 және a=13, b=11, c=0 мәндерін қойып, қолмен тексеріңдер. Бұл мәндерді қабылдау барысындағы программаның әрбір қатарындағы командалар жұмысының нәтижесін қағазға жазып отырыңдар. Алған нәтижелеріңді талдау барысында программада есепті шешуге көмектескен қандай алгоритм идеясы жатыр? Анықтаңдар. Программа коды: a, b, c=map (int, input ().split ()) t=k=h=p=s=0 if (a+b+c)%3= = 0: k= (a+b+c) / / 3 t= a-k; p=b-k; h=c-k if t > 0: s=s+t if p > 0: s=s+p if h > 0: s=s+h print (s) else: print (-1) | Дескриптор:
| Бағалау Оқушылар бір-бірін «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». | | ||||||||||||
| 2-тапсырма Үш санның үлкенін табу алгоритмімен және программасымен таныссың. Ал берілген a, b, с бүтін сандарының арасынан екінші үлкенін қалай табуға болады? 1-схемадағы программа құрастыру кезеңдерін толық пайдаланып, тапсырманың программасын құрастыр. Тапсырмадағы проблеманы қою кезеңін қалай жүзеге асырдың? Нәтижені экранға шығар.
| Дескриптор:
| Бағалау Жұптар бір-бірін «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». | | ||||||||||||
Сабақтың соңы
Рефлексия | Сабақты бекіту (Ұ) «Еркін микрофон» әдісі | Оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты сабақ барысында не түсінгенін және сабақ жайлы өзінің қысқаша қорытынды ойын айтады | Бағалау Оқушылар бір-бірін «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». | | | |||||||||||
| Үй тапсырмасы Төрттаңбалы N саны берілген. Осы санның барлық цифрлары жұппа анықта. Егер барлық цифры жұп болса, онда экранға «0», әйтпесе «тақ» жауабы шықсын».
| |
Қысқамерзімді жоспар
Бөлімі: | 5-бөлім. «Практикалық программалау» |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | 5.2. Алгоритмді әзірлеу |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу. |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушы үшін: алгоритмді сипаттаудың түрлері және қасиеттерімен танысады. Оқушылардың көбі үшін: алгоритмді сипаттаудың программалау барысындағы маңыздылығын біледі. Кейбір оқушылар үшін: есепті программалау барысында, оның алгоритмін әзірлейді. |
Бағалау критерийлері |
|
Тілдік мақсаттар | Диалогтер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:
|
Құндылықтарға баулу | “Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады. |
Пәнаралық байланыстар | Математика |
Алдыңғы білім | Проблема қоюды қалыптастыру |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 2 мин. | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сыныпта жақсы көңіл күй мен ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында «Заряд алу» әдісімен психологиялық ойын ойнайды. | Топтастыру «Мозаика» әдісі Арнайы қиылға қағаз қиыныларын жинақтау арқылы 2 топқа бірігеді. 1-топ. 2-топ. | | Қағаз қиындылары | ||||||||||
3 мин. | (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар топтамасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі. |
| Бағалау Оқушылар бір-бірін «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды. Сары түс – талпын. Көк түс – жақсы. Күлгін түс – жарайсың. | | ||||||||||
| Жаңа сабаққа кіріспе «ДЖИГСО» әдісі (Т) Топтарға оқулықтан жаңа сабақтың мәтіні бөліп беріледі. Арнайы белгіленген уақыт ішінде мәтінді оқып шығады. Кейін топтар арасында жаңа ақпаратпен таныстыру, ой бөлісу жұмысы жалғасады. | Дескриптор: - Берілген мәтінді оқиды. - Топ ішінде өзара талқылау жүргізеді. - Топтар арасындағы түсіндіру, жеткізу, баяндау жұмысында белсенділік танытады. | Бағалау Топтар бір-бірін «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды. Сары түс – талпын. Көк түс – жақсы. Күлгін түс – жарайсың. | | | |||||||||
Сабақтың ортасы 21 мин. | Практикалық жұмыс Оқушылар оқулықта берілген практикалық жұмыстың үлгісімен танысып, алгоритмдерді есептер шешуде қалай қолдануға болатынын түсініп, келесі талдау жасайтын 1- тапсырманы орындайды. (Т) 1-тапсырма 2, 3 және 4-схемаларды, олардың 1, 2 және 3 - суреттегі программа кодтарымен салыстыра отырып талдаңдар. 4-суреттегі «Жалақы» есебінің программа кодының блок-схемалық алгоритмін әзірлеңдер. | Дескриптор:
| Бағалау Топтар бір-бірін «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды. Сары түс - талпын. Көк түс - жақсы. Күлгін түс - жарайсың. | | | |||||||||
| (Ж) «Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі 2-тапсырма Егер берілген үш таңбалы N саны жұп болса, санның соңғы цифры 5 тен үлкен болса, сан екі жақтан оқығанда бірдей оқылса (палиндром), онда экранға «1», әйтпесе «0» шығар. Тапсырманың блок-схемасын құр.
| Дескриптор:
| Бағалау: Жұптар бір-бірін «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды. Сары түс –талпын. Көк түс – жақсы. Күлгін түс – жарайсың. | | | |||||||||
Сабақтың соңы 7 мин. Рефлексия | Сабақты бекіту (Ұ) «Желпуіш» әдісі бойынша оқушыларА-4 түрлі түсті параққа желпуіш жасап, әрбір бөлігіне кезекпен төмендегі 3 сұраққа өз жауаптарын жазып, кейін оны бір-бірімен бөліседі. |
| Бағалау Мұғалімнің қорытынды бағалауы «Жұлдызша» әдісі арқылы жүргізіледі. Сары түс –талпын. Көк түс – жақсы. Күлгін түс – жарайсың. | | | |||||||||
| Үй тапсырмасы Алгортимнің қасиеттеріне өмірден мысал келтіріңдер. Алгоритмнің қасиеттері бойынша өзіңді тәрбиелеу қаншалықты маңызды. Шағын эссе жаз. | |
Қысқамерзімді жоспар
Бөлімі: | 5-бөлім. «Практикалық программалау» |
Педагогтің аты-жөні: | Есенбаева Ж.Е |
Күні: | 12.04.2023ж |
Сыныбы: 7 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Тармақталған алгоритмдеріне арналған есептердің блок схемасын құру |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу. |
Сабақтың мақсаты | алгоритмді программалаудың негізгі құрылымдарымен есептерді программалауда тиімді алгортим құрудың маңыздылығын түсінеді. есепті программалау барысында, оның алгоритмін программалайды. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 2 мин. | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу. Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын бақылау. Психологиялық жағымды ауал орнату. «Бір-бірімізді тыңдаймыз десек, 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек, 2 рет. Белсенділік танытамыз десек, 3 рет шапалақтаймыз!» Ең алдымен, білім алушылар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне бір ауыз мақтау сөз айтады. Бұл білім алушылардың сабақты жақсы көңіл күймен бастауына ықпал етеді. | Топтастыру Оқушылар жеміс ағашынан өзіне ұнаған жемісін таңдап алып, бірдей жемістер арқылы топтасады. Алма жемісін таңдағандар «Алгоритм» тобына, ал алмұрт жемісін таңдағандар «Программа» тобына бірігеді. | | | ||||||||
5 мин. | Ұжымдық жұмыс «Миға шабуыл» әдісі Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар топтамасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі. |
Есептерді программалауда тиімді алгортим құру қаншалықты маңызды? | Бағалау Мұғалім оқушыларды «Мадақтау» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Тамаша! Керемет! Жақсы! Талпын! | | | |||||||
Сабақтың ортасы 26 мин. | Практикалық жұмыс Оқушылар оқулықта берілген практикалық жұмыстың үлгісімен танысып, алгоритмдерді есептер шешуде қалай қолдануға болатынын түсініп, келесі талдау жасайтын 1-тапсырманы орындайды. (Т) Талдау 1-тапсырма «Дүкенге бару» жобасының программалық кодын талдаңдар. Программaға 1) a=4; b=5; c=10 және 2) a=5; b=5; c=9 жағдайлары енгізілгенде қандай нәтижелер алынады? Алынған нәтижелерді талдап, түсініктеме беріңдер. | Дескриптор: - «Дүкенге бару» жобасының программалық кодын талдайды. - Программаға берілген мәндерді енгізіп, нәтижесін шығарады. - Шыққан нәтижелерді талдап, түсініктеме береді. | Бағалау Топтар бір-бірін «Мадақтау» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Тамаша! Керемет! Жақсы! Талпын! | 7-сынып оқулығы. Компьютер | | |||||||
| (Ж) Жинақтау 2-тапсырма «Дүкенге бару» жобасының блок-схемасын құрып, ұсыныңдар. Құрастырған блок-схема, алгортим құрылымының қай түріне жатады? Түсініктеме беріңдер. | Дескриптор: - Жобаның блок-схемасын құрып, ұсынады. - Құрастырылған блок-схема, алгортим құрылымының қай түріне жататынына түсініктеме береді. | Бағалау: Топтар бір-бірін «Мадақтау» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Тамаша! Керемет! Жақсы! Талпын! | 7-сынып оқулығы Компьютер | | |||||||
| (Д) 3-тапсырма Үш таңбалы N саны берілген. Осы санның цифларының арасындағы ең үлкенін тауып, экранға шығар. Тапсырманың блок-схемасын құр.
| Дескриптор: - Үштаңбалы N санының цифларының арасындағы ең үлкенін тауып, экранға шығарады. - Тапсырманың блок-схемасын құрады. | Бағалау Оқушы өзін-өзі «Мадақтау» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Тамаша! Керемет! Жақсы! Талпын! | 7-сынып оқулығы Компьютер | | |||||||
Сабақтың соңы 7 мин. Рефлексия | Сабақты бекіту (Ұ) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі Бағалау Есептің алгоритмін құрастырудан программалау процесіне өту кезінде алгоритмді графикалық тәсілде дайындап алудың маңызын бағалаңдар. | Сыныптастарыңмен «Есептің бірден программасын жазудан бастау керек пе жоқ алдын алгоритімін графикалық түрде дайындау дұрыс па?» тақырыбында пікірталас ұйымдастырыңдар. | Бағалау Мұғалімнің қорытынды бағалауы «Мадақтау» әдісі арқылы жүргізіледі. Жарайсың! Тамаша! Керемет! Жақсы! Талпын! | | | |||||||
| Үй тапсырмасы Сызықтық алгоритмге арналған есеп құрастыр. Құрастырған есебіңді әрі қарай тармақталу алгоритміне арналған есепке ауыстыр. Құрастырған есептеріңнің блок-схемасын құрастырып, программалық кодын жаз. | |