Файл: Жамбыл облысы кімдігіні білім басармасы Жаатас кпсалалы колледжі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 27

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар! 
Қайрат:
Тоқта! Айтар сөзім бар.
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар, 
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық»,
Атам десең атыңдар.
(Қайратты кісендеп алып кетеді.)

2- жүргізуші:  03-18 тобында орындауындағы «Желтоқсан желі» әнін желтоқсан құрбандарын еске алып, тағзым етіп қосыла шырқайық!

Ажар

  Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын жас қайратты халқымның.

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусарған,

Намысынды жықпай өттің тәубе, дүлей маусымнан.

Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма,

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей ер намысы жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

Рамазан:

Тұрса да биік өр басын,

Қазаққа бақыт орнасын.

Сексен алтыншы жылғыдай,

Желтоқсан желі болмасын.

Күн кешіп лапылдаған жастарым,

Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.

Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін,

Қорғау үшін көтерді олар бастарын.

Береке:

Желтоқсанның 16-шы жұлдызы

Зар жылады қазағымның ұл-қызы.

Тыңдамады ешқайсысы оларды

Колбин келіп, тыныштықты сол бұзды.

Көтеріліске шықты жастар, боздақтар,

Елін ойлап, намыс отын жаққандар.

Неге Колбин? Басқа қазақ ұлы емес?

Көп қой ұлттың қамын ойлар адамдар.

Қайрат, Ләззат, Ербол сынды батырлар.

Қазағымның намыс отын жақтыңдар.

Ұмытпаймыз біз олардың ерлігін

Тәуелсіздік аңсап өткен тарландар.

1- жүргізуші: Пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін рахым күтіп, кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екендігі сезе алмаған еді.

 

2- жүргізуші: Бостандықтың жарық сәулесі үшін аянбай арпалысып жатқанда, оның тағдырына бүкіл әлем құлақ түрген еді. 1987 жылдың шілдесінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы А. Громыконың атына Венгрияның 41 адамы қол қойған хат келді. Чехословакияда 77 адам қол қойып, үндеу көтерді. Варшава да үн қосты. 70 адам қол қойған Лех Валенса бастаған хат кешірілім беруін талап етті. Германияда 1987 жылы 31 тамызда ГХДП жастар бөлімінің төрағасы Христоф Боркет Қайрат Рысқұлбековты босатуын талап етті. Америкада Рональд Рейган 1987 жылы 19 шілдеде М. Горбачев пен бас прокурор А. Рекуновқа телеграмма жолдады.


 

3- жүргізуші: Халықаралық осы пікірлердің өлім жазасының 20 жылға ауыстырылуына сөзсіз ықпалы болған еді. 500 күннен астам өлім камерасында өзегі талып үміт пен үрей құшағында отырған Қайрат енді 20 жылға Свердловскіге айдалып бара жатып, кенеттен Семейден шықты. 21 -мамырда Семей түрмесінде 21-камерада қаскөйлікпен қаза тапты.

1-жүргізуші:
Есті ерлер жүрмейді желік ертіп,
Елеулі іске қосар емірентіп.
Бүгінгі кеш қонағы апайымыз
Сөз сөйлесін баршаны тебірентіп,-дей отырып,...................................................................... сөз береміз. 
 

2-жүргізуші: 
Тәуелсіздіктің түп тамырына желтоқсан оқиғасының тікелей байланысы бар екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.

3-жүргізуші:
Бүгінде 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына 29 жыл толуда. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды тамашалағандарыңызға рахмет.

Жаңатас көпсалалы колледжі

2018-2019 оқу жылы

«Лаула, лаула желтоқсанның мұзда жанған алауы»

тақырыбында өткізілген кездесудің фото есебі
Мамандығы:1305000 - Ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша)

Тобы: 03-18

.









Топ жетекшісі: Ж.Әбілдаева