Файл: Сра 1 Тжірибе жасалан клбеу Пизан мнарасыны биіктігі аншаа те А 60м в 58м с 57м д 52м Сра 2 Еркін тсу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 25

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1*Еркін түсу

Пиза қаласындағы биік көлбеу мұнараның құрылысы 1173 ж. басталған болатын. Осы ғимарат сол қисайыңқыраған кезде, 1360 ж. салынып бітті. Әрине, бұл ғимарат өзінің осы ерекшелігімен қоса, Галилей ашкан заңның арқасында Пиза каласының даңқын бүкіл өлемге ғасырдан-ғасырға паш етіп келеді. Сөйтіп, ол мұнара төңірегіне жиналған пизандықтарды таңғалдырды. Мұндай тәжірибелерді Галилей пішіндері мен өлшемдері әртүрлі денелермен, олардың түрлі орталардағы түсуін бақылай отырып, сан мәрте қайталады. Міне, осылайша өз тұжырымдарының дұрыстығына тәжірибе аркылы кез жеткізе отырып, Галилей ауасыз кеңістікте барлық денелер бірдей уақытта түседі деп үйғарды. Галилей ашқан бұл заңның маңызы өте зор болды.
Сұрақ 1: Тәжірибе жасалған көлбеу Пизан мұнарасының биіктігі қаншаға тең?

А) 60м В) 58м С)57м Д) 52м

Сұрақ 2: Еркін түсу

Галилей өз ұйғарымын денелерді ауасыз кеңістікте түсіріп тексере алмады. Өйткені Галилей өмір сүрген XVII ғасырда ауа соратын арнайы құралдар, сорғылар әлі жоқ еді. Ол жүргізген тәжірибе Галилей гипотезасының дұрыс екенін дәлелдеді.

Оны тек 80 жыл өткеннен соң жүзеге асырған ғалым.

А) Ньютон В) Торричели С)Архимед Д) Кеплер
Сұрақ 3: Еркін түсу




Алайда күнделікті бақылау денелердің калыпты жағдайда түрліше құлайтынын көрсетеді. Мәселен, ауыр шар тез кұлап түседі, ал жұқа қағаз парағы біртіндеп, күрделі траектория бойымен калықтап түседі.

Құлайтын денелердің жылдамдығы мен үдеуі, қалыпты жағдайда қандай шамаларға тәуелді?

Иә немесе жоқ

Дененің ауырлығына

Иә/жоқ

Өлшемдер мен пішініне

Иә/жоқ

Тығыздығына

Иә/жоқ



Сұрақ 4: Еркін түсу

Неғұрлым дәл есептеулер еркін түсу үдеуінің сандық мәні Жер шарының әртүрлі нүктесінде аздап өзгеше болатынын көрсетеді. Мысалы жергілікті жердегі ендікке байланысты ол қалай өзгереді?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


2*Ньютон заңдары

Бұл заңда барлық материалдық обьектілерге ортақ қасиет – тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтау туралы айтылады. Яғни, кез келген дене өзінің тыныштық күйін немесе бірқалыпты және түзу сызықты қозғалысын басқа денелер әсер еткенге дейін сақтайды. Егер қозғалысты санақ жүйесімен байланыстыратын болсақ, онда қозғалушы дене әсер етуші күштен бөлек және санақ жүйесімен байланысты бірқалыпты және түзу сызықты қозғалыста болады.

Сұрақ 5: Ньютон заңдары

Жүгі бар арбаны аққу аспанға, шортан суға, шаян алға тартады. Арба орнынан қозғала ма? Тең әсерлі күш неге тең?
А) Қозғалмайды, ҒR=0

В) Қозғалады, ҒR=F1+F2+F3

C) Қозғалмайды, ҒR=F1+F2-F3


Сұрақ 6: Ньютон заңдары


Берілген суреттерден алынған тұжырым:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сұрақ 3: Ньютон заңдары



Ньютонның механика заңдары мына денелерге қолдануға келмейді.

Иә немесе жоқ

Микроәлем нысандарына (атом, молекула, элементар бөлшектер)

Иә/жоқ

Жылдамдығы біртіндеп өзгеретін денелерге

Иә/жоқ

Жарық жылдамдығына жуық жылдамдықпен қозғалған денелерге

Иә/жоқ

3*Тұрақты магниттер

Магнит тарихы екі жарым мың жылдан бері жалғасуда. Көне қытай ғалымдары б.дәуірімізге дейінгі VІ ғ. өзіне темір заттарды тартатын минералды тапқан. Қытайда оны “чу-ши” демек, “сүйгіш тас” деп атаған. “Магнит” атауын көне грек драматургі Еврипид (б.д. дейінгі V ғ.) тауып, өзінің бір шығармасында оның қасиеттерін сипаттаған. Мұндай атау бұл минерал Магнессия қаласының маңында табылғанымен байланысты. Магнит — «Магнессия тасы» дегенді білдіреді. Ерте заманда магнит қасиеттерін оның “тірі жаны” бар деп түсінді. Ерте заман адамдары ит етке қалай ұмтылса магнит те темірге солай “ұмтылады” деп ойлайды. Қазір біз мәселе магнит тудыратын ерекше өрісте екенін білеміз. Кез-келген магниттің айналасында магнит өрісі болады. Осы өрісте темірді магнитке тартады. Қазіргі кезде табиғи магнит FeO (31%) және Fe

2O3(61%) тұратын магниттік темір кесектері екендігі белгілі морт қара минерал.

Сұрақ 1 : Бұл қара минералдың тығыздығы неге тең?

А) 2000 кг/м3.

В) 5000 кг/м3.

С) 1000 кг/м3.

Д) 3000 кг/м3.

Сұрақ 7: Тұрақты магниттер

Магнит өрісі — материяның ерекше түрі, ол заттардан ерекше және магниттелген денелер айналасында болады. Магниттің магниттік қасиеттері аса күшті емес, қазіргі кезде магнит өрісі өте күшті жасанды магниттер алынды. Оларды сыртқы магнит өрісінде магниттеп, жеке тұрақты магниттер ретінде қолдануға болады. Жасанды магниттер әр түрлі формада жасалды.

Жасанды магниттер жасау үшін құрамында қандай металдары бар құйма қолданылады?

Иә немесе жоқ

Темір

Иә/ Жоқ

Никель

Иә/ Жоқ

Кобальт

Иә/ Жоқ

Сұрақ 8: Тұрақты магниттер

Бағдаршы түрінде жасалған магнит компаста қолданылады. Бұл керемет құрал шамамен екі мың жыл бұрын ойлап табылған. Алғашқы (ерте қытай) компас1-суретте көрсетілген. Ол оңтүстікті көрсеткіш деп аталған. Қазіргі заманғы (қарапайым) компас 2-суретте көрсетілген. 1-сурет пен 2-суреттердің магниттік бағдаршаның (компас бағдаршысы) басқа да магниттер сияқты екі полюсі бар. Олардың бірі географиялық солтүстікті көрсетеді, ол солтүстік полюсі (N), екінші ұшы — оңтүстік полюс (S) деп аталады. Осы символдар (атауларымен бірге) кез-келген магниттердің полюстерін белгілеу үшін қолданылады. Екі магниттік бағдаршаны бір-біріне жақындатып, әртекті магнит полюстері бір-біріне тартылатынын біртектес полюстері тебілетінін анықтауға болады. Осы заңдылық кез-келген магниттер үшін дұрыс. Екі магниттік компастың айырмашылығы неде__________________________________________________________________________________________________________________________________________________ саны өзгермейді.

Сұрақ 9: Тұрақты магниттер

Магниттердің қолдану аясы өте кең. Олар тек қана компастарда емес, электро-, радио-техникада, роботтық техникада және т.б. қолданылады. Сіздер магниттерді электр қозғалтқыштардан, дыбыс зорайтқыштардан, телефондарда, амперметрлерде, вольтметрлерде және басқа құралдар ішінен таба аласыздар.


Медицинада магниттер қолданыла ма?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________