Файл: Армысыздар, аяулы да, ардаты стаздар ауымы, рметті онатар, адірменді атааналар, сйікті шкірттер!.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 19

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Армысыздар, аяулы да, ардақты ұстаздар қауымы, құрметті қонақтар, қадірменді ата-аналар, сүйікті шәкірттер!

Алтын ұя мектептің соңғы қоңырау салтанатына қош келдіңіздер! Өздерінізге арналып қағылғалы тұрған соңғы қоңырау мерекесін ашуға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші.

Жарау күндер заулайды,оралмайды.

Дамыл көрмей самғау да оған жайлы.

Жас мұрпақтар көшіне ілестіріп,

Сыр шертеді оларға өмір жайлы.

Қош айтысып балалық шақ өткеніне,

Қош айтысып сүйікті мектебіне.

Тұғырдан түлеп ұшқан жас қырандар,

Аттанып барады өмір көктеміне.

2-жүргізуші

Толқимыз толқып тұрмыз баршамыз да,

Мұндай күй болған бәлкім баршамызда.

Қол соғып қошеметпен шақырайық ,

Түлектер келсін, кәне ортамызға.

Қандай тұнық мөлдір тау бұлақтары,

Жағасында жайқалған құрақтары.

Қарсы алайық көңілді шапалақпен,

Келеді міне Нұнның ұрпақтары деп мектеп бітіруші түлектерді ортаға шақырамыз.

Сынып жетекшісі.Әкімова Анар.

Бастауыштағы мұғалімдері.

1-жүргізуші.

Күні бүгінге дейін мектебімізден мыңдаған шәкірттер білім нәрімен сусындап, қанат қағып жатыр. Алтын ұя мектептен қоштасқандарына 10-жыл, 20-жыл толған түлектерді ортамызға келіп тұр.

Сағыныш-ау ткөңілге ең керегі.

Тұлпар уақыт тыңшымай дөңгеледі,

Алып ұшқан дүрсілді кеудедегі.

Сағынышты сан жылға жыр еткелі,

Сезім қылы дір етті жүректегі.

Сіздерге алтын ұя құшағы ашық,

99-жылдың түлектері- дей келе мектепбітіргеніне 10-жыл толған түлектерді шақырамыз.

2-жүргізуші.

Бәрі есте күміс күлкі, назары тілектері,

Сағыныштан сазға толы жүректері.

Араға20 жыл салып бас қоспақшы,

Бірге ұшқан бір сыныптың түлектері.

Арада өткен 20 жыл байқатпапты,

Белгісін балалықтың қалдырмапты,

Бүгінде аяулы жар жақсы азамат.

Шақырайық ортаға еске алып бала шақты-дей келе 89-жылғы түлектерді ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші.

Қымбатты жас түлектер!Мектеп қабырғасында жүрген 11 жылда қоңыраудың дауысын 20 мыңнан аса рет естідің. Оны қолыңа гүл алып алғаш мектеп табалдырығын аттағанда естідің, ол сені әрбір білім сабағыңа шақырды. Асыр салып ойнайтын құрбы-доспен сырластын. Үзіліске де соғылды. Жапырақтары қоңыр күзде білім күнінде қайтадан сыңғырлап мектебіне шақырды.

2-жүргізуші.

Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше.

Ол әрбір жас түлек үшін соғылатын ең соңғы қоңырау.

ОЛ жүрегінді дір еткізер жан дүниене әсер етер әсем саз. Балалық

шақтан өмірдің келесі бір белесіне асыратын қоңырау.


Гүлге толы омырау

Әртүрлі әркім ойлайды.

Соғылар соңғы қоңырау,

Соқтырмай өмір қоймайды.-деп ақын жырлағандай зымыраған уақыт жаңа бір оқу жылының аяқталғанынан хабар береді.

1-жүргізуші.

Мзмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің туы мәңгі желбіресін дей отырып, салтанатты жиынымызда ән ұран орындалып, мемлекттік туымыз көтерілсін! Ту көтеру құрметіне мектебіміздің үздік оқушысы Өтелгенов Жандос ие болды.

(Ту көтеріліп, ән ұран орындалады.)

2-жүргізуші.

Ақ жол саған, Жас түлек! атты соңғы қоңырау салтанаты ашық .

Салтанатты жиынға қатысушылар:

Аудандық білім бөлімінен:

Мектеп директоры:

Оқу-ісінің меңгерушісі:

Аналар алқасының жетекшісі:

Әке тәрбиесі тобының жетекшісі:

1-жүргізуші.

Білімді шәкірттерін аялаған,

Жақсылығын ешкімнен аямаған.

Саялы бақ жанашыры жас ұрпақтың,

Ұстаз деген аяулы, ардақты жан.

Өмірде өшпейтін іс-балаларға берген білімнің, мейірймнің қамқор пейілі. Ол болашақтың бүр жарған сабағына қойған білім нәрі мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай парызым деп, қала берді аналық қамқорымыз деп түсінген мектебіміздің директоры: Бөбетай Қанзия апайға сөз береміз.

Музыкалық сәлемдеме:

2-жүргізуші:

Аяулы ұстаз!

Өлшемі жоқ бағаның.

Айтыңдаршы,таласады оған кім.

Еленуде елге істеген еңбегің,

Айтады алғыс шәкірттерін саған мың-деп мерекелік құтықтау сөз оқу-ісінің меңгерушісі: Сарайшық Шыңғыс ағайға беріледі.

1-жүргізуші:

Құрметті мектеп бітіруші түлектер! Жас түлектерді құттықтауға 2019 түлектерінің, яғни 1-сынып оқушыларының лебізін тыңдайық!

2-жүргізуші:

Мектебім-білім берген алтын-ұям,

Ер жетіп сенде сөзім артты санам.

Баулыған жылдар бойы ата-анамдай,

Әрқашан қаситті артты маған.

1-жүргізуші:

Халқымыздың бір туар ұлы,қаһарман перзенті Бауыржан Момышұлы: «Ұстаз-ұлық емес, ұлы қызмет»-деген екен. Соны мәңгі естен шығармайық.

2-жүргізуші:

Бір қырдан ұл-қыздар асып отыр,.

Көңілдері қуаныштан тасып отыр.

Көппен бірге қуаныш төрімізде,

Аудандық білім бөлімінен қоңақ кепті-дей келе, келесі сөз кезегі

---------------------------------------------------------------------------- беріледі.

Музыкалық сәлемдеме

1-жүргізуші:

Қандай ғажап қараңыз жан-жағына,

Күміс күлкі сыймай тұр қара мұнда.



Ата-анадан бақытты жан бар ма екен,

Қол жеткізген аңсаған арманына.

Сөз кезегі түлектердің ата-аналарына беріледі:

2-жүргізуші

Әлі есім де мектепке келгеніміз;

Келгеніміз сыныпқа енгеніміз.

Жасқаншақтап, таңырқап тұрған шақта,

Өзің болдың ұстазым сенгеніміз!

1-жүргізуші:

Ұқсаттың ба сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек біз сізді анамызға.

Жақын тарттық бір-бірлеп жақын тарттық

Жүргенінді ұнатып арамызда

2-жүргізуші:

Кеп-кешегі тосырқау қайда қалған,

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.Мейірімінбе ұстаздық жүрегін бе,

Жан дүниесің баланың жайлап алған-деп ортамызға бастауыш сынып м

« Ақ жол саған, Жас түлек»

1-жүргізуші:

Білімнен сыбағасын алып берген,

Жөн сілтеп ақылменне бағыт берген.

Сыныпта жетекшінің орны бөлек,

Өмірдің соқпағына салып берген-дей келе 11-сынып жетекшісіне сөз беріледі.

2-жүргізуші:

Алдарында сан тарау жолдары тұр,

Бәрі ертенгі азамат болғалы тұр.

Үлкен өмір есігін ашпақ міне,

Келген қауым қол соғып қолда бүгін-деп ақын ағаларымыз айтқандай келесі құттықтау сөз кезегін 11-сыныптың озат оқушысы Жайықбаева Ғайниға беріледі.

1-жүргізуші:

Алтын-ұя, алтын бесік мектебім,

Мәңгі есімде анам болып өткенін.

Парызыңды өтедін сен білемін,

Ал, қарызым саған берер көп менің.

Музыкалық сәлемдеме. Бөлекбаева Ғазиза.

2-жүргізуші:

Мектеппен мәңгі қоштаспақ ,

Қоштаспақ мәңгі сан түлек.

Айтылып жатыр сан тілек,

Егіліп берді-ау сан жүрек.

11-сынып оқушысы Жайлауқызы Патшайымның 1-сынып оқушысына

................................................ білім кілтін тапсыру рәсімін тамашалайық.

1-жүргізуші:

Жүректері үлпілдеген, көздері жәудіреген балалар.

Білім атты әлемге қадам басқанымызды білмесек те, жаңа өмірге, жауапкершілікті кезеңге аяқ басқанымызды сезген едік. Бұл мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кішкентай бүлдіршіндер біз едік.

2-жүргізуші:

Уақыт деген зымыраған құс секілді.

Содан бері 11-жыл өте шығыпты. Бүгінгі мектеп бітірушілер адам танымастай өзгеріп кеткен. Кешегі бүлдіршіндер бүгінгі өмірдің еш соқпақтарына дес бермейтін, біліммен қаруланған азаматтар, міне бүгін алдарынызда тұр.

Қалауова Жансая:

Кейде біздер ерінсек,

Енжарлыққа берілсек.

Қатаңдау тәртіп қоятын,

Қатені ұстаз жоятын.

Келістің бәрін көретін,


Ойының шексіз өрісі.

Қатаңда әділ төреші,

Ұрыспай айтқан ақылын.

Хор:Ұстазым-қамқор ақылшым.

Қонарбаева Жаңылсын:

Өтті біздің балалық,

Өтті бізден шалалық.

Тезге салды ұстаздар,

Текті мінез даналық.

Ұсынғаны адалдық,

Үйреткені адамдық.

Бар ұстазға тілейміз.

ХорБақыт,табыс,адалдық

1-жүргізуші:

Мектебім-білім берген алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім артты санам.

Баулыған жылдар бойы ата-анамдай,

әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе-дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармыз өлгенімше,

Есейген шәкіртіннің серті деп біл.

2-жүргізуші:

Ұлы Абайдың:

Ақырын жүріп, аңық бас,

Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға-деп айтуында үлкен мән-мағына жатыр. Шынында да ұстаз еңбегі-ұлы да ұлағатты еңбек емес пе?

Ендеше, ұлы жолдағы жауапты да абыройлы іс, жаңашылдық,шығармашылық табыс тілей-отырып 11-сынып оқушыларының мұғалімдерге арнаған тілегі.

Ер балалардың сәлемдемесі.

1. Іңкәр жүректер!

Жайлауқызы Патшайым.

Өтелгенов Жандос

1-жүргізуші:

Бізбен бірге 11-жыл бойы ыстыққа күйіп, суыққа бірдей тоңып,

әрдайым қасымыздан табылған ұстаздарымызға деген шәкірттік ризашылығымызды сөзбен айтып жеткізу қиын екен.

Бірақ оқушылық күндерімізбен бірге олардың есімдері жүрегіміз де алтын әріппен есте сақталады.

Барлығы:Білім берген біздерге,

Рахмет, ұстаз сіздерге.

Мұғалім: Оқушылар,мектеп бітіруші түлекткрдің ой-армандары, қиялдары,тілектері болады. Менің қолымда сиқырлы қорап тұр.

Қане,қазір қандай тілектерін бар. Бүгінгі тілектердің барлығы орындалады.

(оқушылар тілектерін айтады.)

1-жүргізуші:

Көркейсін ауыл мектебім,

Мол ырысқа кеңелсін.

Бейбітшілік жаршысы,

Ақ қанатың талмасын.

Көп тілегін алып ұш,

Халқымызды бағына,

Бақыт болып коншы сен,

Түлектердің басына- дей келе 11-сынып оқушыларының «Ак жол саған, Жас түлек» атты концерттік бағдарламамызды аяқтауға рұқсат етіңіздер!