Файл: Педагогикалы істжірибе бойынша есеп 5В010300 педагогика жне пстхология.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 31

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ

ФАКУЛЬТЕТІ ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ СПОРТ МАМАНДЫҒЫ
Педагогикалық іс-тәжірибе бойынша

ЕСЕП

« 5В010300- Педагогика және пстхология» мамандығының

(шифр, мамандық атауы)

_______________күндізгі______________

(оқу түрі)
_4_ курс студенті

Утешева Сабина
Өскемен қаласыны ТОО Ульба Центр
Білім беру мекеме атауы (іс-тәжірибе орны)


«17» «Қаңтар» 2022 жылдан «25» «Наурыз» 2022жыл аралығы



Студент

__________

қолы




Ушетова Сабина

Педагогика және психология 4-курс


Іс-тәжірибе жетекшісі


__________

Қолы





Рахимова Р.А


Пән Мұғалімі


_____

Қолы








Қорытынды баға

«Бекітемін» «Келісілді»

С.Аманжолов атындағы Өскемен қаласы

ШҚУ педагогика, психология ТОО Ульба Центр

және мәдениет факултетінің директоры

С.М.Аубакирова

деканы Куленова Г.Б.

«» 2022ж «» 2022ж


С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

(оқу орнының атауы)
5В010300-«Педагогика және психология » мамандығы бойынша іштей оқу түрінде білім алатын 4 курс студенті
Утешова Сабина

(аты-жөні,тегі)

Оқу-тәрбиелік педагогикалық іс-тәжірбие боиынша жұмыс жоспар кестесі



р/с




Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес орындауға (оқытуға) жататын жұмыстар тізбесі

Кәсіптік практиканың бағдарламасын орындау мерзімдері

Ескертпе

Басталуы

аяқталуы




1

Мектепте директормен, оқу- ісі жөніндегі меңгерушімен, дәрігермен, дене шынықтыру сабағының мұғалімімен танысу

24.01.2022

25.03.2022




2

Педагогика және психология сабағының жұмыс жүйесімен және мазмұнымен әңгімелесу

24.01.2022

25.03.2022




3

Мектептің жалпы нормативтік құжаттарымен танысу

24.01.2022

25.03.2022




4

Ұйымның педагогика және психология мұғалімінің құжаттарымен (жылдық, күнтізбек жоспарымен, сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау)

24.01.2022

25.03.2022




5

Мұғалімдердің сабақтарына қатысу және оны бақылау

24.01.2022

25.03.2022




6

Ұйымның негізгі санитарлық-гигиеналық жағдайымен танысу

24.01.2022

25.03.2022




7

Сабақтарды өз еркімен өткізу

24.01.2022

25.03.2022




8

Жолдастарының сабақтарына қатысу, сабақ тығыздығын есептеу және оны талдау

24.01.2022

25.03.2022




9

Жүргізілген сабақ тиімділігін талдау (пульсометрия)

24.01.2022

25.03.2022




10

Тоқсандық жоспарға сәйкес толық талдау жасау

24.01.2022

25.03.2022




11

Іс-тәжірбие бойынша құжаттарды жоспарлау құрастыру (бекітілген сыныптарға жеке жоспар, сабақ кестесін, бір оқушыға мінездеме және т.б)

24.01.2022

25.03.2022




12

Іс-шараларды өткізуге қатысу және ұйымдастыру

24.01.2022

25.03.2022




13

Іс-тәжірбие күнделіктерін толтыру

24.01.2022

25.03.2022




14

Педагогика, психологиядан тапсырмаларды орындау, Іс-тәжірибе есебін құрастыру.

24.01.2022

25.03.2022




15

Психология, педагогика сабақтарына баға қою және құжаттарды, есептерді өткізу

24.01.2022

25.03.2022




16

Іс-тәжірибе құжаттарын дайындау

24.01.2022

25.03.2022




17

Кафедраның комиссиясы қортынды бағаларын қою және іс-тәжірбие нәтижесін қорғау

24.01.2022

25.03.2022






Өндірістік (педагогикалық) практиканың

жетекшісі __________Р.А. Рахимова

(қолы)

С.Аманжолов атындағы ШҚУ

кәсіптік практиканың жетекшісі

____________________ Ж.Т.Токаева

(қолы)

20__ ж. «____»____________

Оқу-тәрбиелік педагогикалық іс-тәжірбие есебі
Студент Утешова Сабина Курс 4

Факультет Педагогика, психология және мәдениет

Бөлімі Педагогика және психология

Мектеп Өскемен қаласыны ТОО Ульба Центр

Сынып 3 жастан 55 жасқа дейінгілер
«24» «Қаңтар» 2022 жылдан-«25» «Наурыз» 2022 жыл аралығында.

Педагогикалық іс-тәжірибеден өту барысында жоспарланған нақты міндеттер:

практика базасы басшыларымен және базамен (ұйыммен/ мекемемен) танысу: ұйымның/ мекеменің мақсаттары, міндеттері, философиясы және даму стратегиясымен

- ұйымның/мекеменің логопедімен, дефектологымен және персоналымен танысу; 

- педагог-психологиянын құжаттамаларымен танысу (жұмыс жоспарымен, бағдарламалармен, өткізілетін іс-шаралар), 

осы ұйымда/ мекемеде дефектолог қызметінің негізгі бағыттарын талдау

- практика бағдарламасын талқылау және бекіту: жеке жұмыс жоспарын және практика бағдарламасын құру.

Тәрбиешінің жұмыс жүйесімен танысу  

- Оқушылар ұжымымен жұмысты жоспарлау дағдыларын меңгеру.

- Оқушылармен тәрбие жұмысының жекелеген түрлерін өз бетінше жүргізу (әңгімелесу, диспуттар, конференциялар, конкурстар және т.б.) 

- Оқушылармен жеке жұмыс жүргізу.

 

Ата-аналарға арналған әңгіме және кеңестер.

- Тәрбие іс-шараларына қатысу және оларды балабақша немесе мектеп жоспары бойынша өз бетімен өткізу.

- Балалар үшін өзекті мәселе бойынша ата-аналармен ата-аналар жиналысын немесе басқа да жұмыс түрлерін дайындау және өткізу 

- Оқушылардың әртүрлі топтарымен сабақтан тыс уақытта ойын сабақтары.

 

Педагогикалық кеңестің, педагогтардың әдістемелік бірлестігінің жұмысына қатысу.

- Балаларды отбасында тәрбиелеу ерекшеліктерін, баланың ата-анасымен, басқа туыстарымен қарым-қатынасын зерттеу (бір мектепке дейінгі баланың немесе оқушының мысалында) 

- Ерекше білім беру жүйесі бар балалар тобымен (сыныбымен) жұмыс істейтін педагогтардың жеке басын, кәсіби қасиеттерін зерттеу қажеттіліктері.



- Психологиялық-педагогикалық рефлексия: өзін-өзі диагностикалау және өзін-өзі жобалау (өзін-өзі дамыту қабілетін анықтау, өзін-өзі дамыту бағдарламасын құру)

Оқытушының сабаққа дайындығымен танысу (Сабақтың мақсаты мен мазмұнын анықтау, сабақтың жоспарын құру, көрнекі құралдарды, ТСО және т.б. дайындау). 

Сабақтың өткізілуін қадағалау (Сабақтың мақсаты мен барысын, оқу материалын баяндау әдістемесін, оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруды, білімді меңгеруін, іскерлікті, дағдыны қалыптастыруды, оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке алуды, оларды оқыту процесінде тәрбиелеуді анықтайды).

Студенттер әртүрлі типтегі сабақтарды оқиды және өткізеді, оқытудың тиімді әдістерін қолданады, топ студенттерінің сабақтарына қатысады.

Әр пән бойынша немесе әр оқушымен немесе оқушылар тобымен 4-5 сынақ сабақтарын және 1 сынақ сабақтарын өткізеді.

▪ Пән бойынша оқу бағдарламасының бөлімдерін талдайды, қажетті ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді зерделейді, Көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар дайындайды, аралық тапсырмалар үшін тесттер құрастырады.

Бірінші күні ұжымымен барып таныстым. Ұжымның жалпы ережелерімен таныс болдым, менің іс-тәжірбиелік жұмысыма жетекшілік еткен болды. Ол кісі маған оқушылармен қалай тіл табысу керек екенін, ұжым құжаттары қалай толтыру керек екендігін көрсетіп, көптеген мағлұматтар берді. Пән жетекші нұсқауы бойынша сынып оқушыларымен жұмыс жүргіздім. Соның ішінде: оқушылардың сабаққа қатысуы, оқушының тәртібі, спорттық киім, олардың күнделіктерін тексеруді бақылауға алдым. Басқа пән сабақтарына да қатыстым .

Мен өзіме берілген оқушылардың өткізген мұгалім сабағына қатыстым. Жетекші сабақ жүргізу барысында көптеген әдіс-тәсілдерді қолданды. Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін арттыру бағытында денсаулықтары нашар оқушылармен жұмыс жүргізді. Өндірістік педагогикалық практика барысында өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген қызызушылығым мен сүйіспеншілігімді барынша дамытуға тырыстым. Шығармашылық тапсырмалар беру арқылы окушылардың білімге деген талпынысын арттырдым.
Іс-тәжірибе кезіндегі қиындық туғызған мәселелер:

  • Алғашқы уақытты сабаққа дұрыс жоспарлар құру алмадым, мақсаттарын таңдауда қиыншылықтар болды;

  • Оқушылардың білімдерін бағалауда, кейбір балалар бағаларының

көңілдері толмай маған ренжіген кездері де болды;

  • Кей уақытта, сабақ өткізгенде уақыттың жетпей қалуы орын алды;



Бұл қиыншылықтар мен кемшіліктерім пән мұғалімі мен сынып

жетекшісімен бірге отырып шешілді. Мұғалімдердің көмегімен болған

қиыншылықтарын жоя білдім. Менің осы үш айға созылған іс-тәжірибемде теориялық білімімді практика жүзінде қолданып үлкен тәжірбие жинадым. Қорыта келгенде, ме өндірістік педагогикалық үздіксіз іс-тәжірибені өте отырып ұстаз болып, балаларды тәрбиелеу әрі қызық, әрі қиын екеніне көз жеткіздім және өзімді әлі де жан-жақты жетілдіру керек екендігін түсіндім.

Студент-практиканттың қолы: Утешова Сабина

Іс-тәжірибе жетекшілері: Рахимова Р.А

Пән мұғалімі:


Сабаққа психологиялық-педагогикалық талдау жасау
Сыныбы:

Мұғалімнің аты – жөні, тегі:

Сабақты өткізетін уақыты: 25.01.2022 ж

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу қызыметі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Мақсаты: Балаларды апта күндерімен таныстыру және түсінік беру. Жыл мезгілін ай, апта күндерін суретін көрсете отырып есте сақтау қабілетін дамыту. Балаларды халық ауыз әдебиетін ұштастыра отырып, тақпақты мәнерлеп айтуға, тілдерін дамытып, байланыстыра сөйлеуге  дағдыландыру. Айналадағы қоршаған ортмен таныстыру, табиғатты аялауға қамқор болуға, бір-бірін сыйлауға, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Кіріктірілген оқу қызыметтері: Қоршаған орта, қарапайым математика, құрастыру.

Сөздік жұмыс: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі,

Билингвалды компанент: дүйсенбі-понедельник, сейсенбі-вторник, сәрсенбі-среда, бейсенбі-четверг, жұма-пятница, сенбі-суббота, жексенбі-воскресенье.

Көрнекіліктер: Ақпараттық технология, суреттер, геометриялық пішіндер,

Жеті лақ ертегісінің атрибуттары.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

          Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар бүгін бізде ерекше күн, біздің топқа көп апайлар келіп отыр, кәне бәріміз орнымыздан тұрып амандасайық.

             Шаттық шеңбер

  Күндей жарқырап

  Айдай арайлап

  Жұлдыздай жарқырап

  Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі ашық оқу қызыметін бастайық.

 

 

Сәлеметсіздерме.

 

Балалар өлеңді қайталап айтады.

 

 

Ұйымдастырушылық кезең

Қазір жылдың қай мезгілі?

Ауа-райы қандай?

Қыс мезгілінде неше ай бар, Қандай?

Бір жылда неше  мезгіл бар?

Қандай атап көрейік.

Жыл мезгілдері туралы тақпақ кім біледі, кәне еске түсірейікші.

Біз бүгін апта күндерімен танысамыз

Қ. Жұмағалиевтің  өлеңі

«Жеті ұл»

Біріншісі   -  дүйсенбі
Екіншісі    -  сейсенбі
Үшіншісі   -  сәрсенбі
Төртіншісі  -бейсенбі
Бесіншісі -  жұма
Алтыншысы –сенбі
Жетіншісі  -  жексенбі

Сендер жеті күннің   бес күні балабақшада боласыңдар

Ғажайып сәт:

есік қағылып, тоқ-тоқ Мә-мә. Ешкі  кіреді.

Сәлеметсіңдерме балалар.

Бізге орманда қасқырлар тыныштық бермеді, мен лақтарыма  шөп әкелуге кеткенімде қасқыр келіп лақтарымды қорқытқан көрінеді. Лақтарым жан-жаққа бытырап кетті

Ешкі қандай жануар?

- Ал, қасқыр ше?

- үй жануарының мекені қай жер?

Жабайы жануар қайда өмір сүреді.

Ешкіжан саған адамдармен өмір сүру   керек.

Мына балалармен бірге тапсырманы орындап көр, содан соң балалармен бірге  тауып алармыз. Иә балалар көмектесемізбе ?

1-тапсырма.

Бағдаршамның  суреті.

Мынау не? Бұл не үшін қажет?

 

Дұрыс айтасыңдар балалар.

Түстерін ажыратайықшы.

Қандай пішінге ұқсайды?

Дұрыс айтасыңдар.

 

2-тапсырма.

Геометриялық   

пішіндерден әртүрлі бейнелер құрастыр.

/үшбұрыш,төртбұрыш, дөңгелек, ромбик/

3-тапсырма

 Қоянның сүйікті тағамы не?

 Қонжық  нені жақсы көреді ?

 

4-тапсырма

Жұмбақ жасыру

Қыста ғана болады.

Ұстасаң қолың тонады.

 

Сергіту сәті.


Дүйсенбіде доп ойнадық далада
Сейсенбіде серуен құрдық аулада
Сәрсенбіде сурет салдық сәндетіп
Бейсенбіде би биледік әндетіп
Жұма күні жұмбақ шештік
Сенбі күні мультик көрдік
Жексенбіде үйде болып
Осылайша өте шығар 1 апта

Дидактикалық ойын

Сәйкестігін тап.

Суретке қарап

Тәрбиеші: Жарайсың ешкіжан меніңде сыйлығым бар саған, іздеп жүрген лақтарыңды тауып бердім. Жетеуіне жеті ат қойдым.

Ешкіжан бұдан бұлай лақтарыңа ие бол.

Ешкі: рахмет сізге, менде бір мәз болып қалдым ау

Билингвальды компонент: Дүйсенбі-понедельник, сейсенбі-вторник, сәрсенбі-среда, бейсенбі-четверг, жұма-пятница, сенбі-суббота, жексенбі-воськресения.

Сөздік жұмыс: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

- қыс

- суық

- үш ай, желтоқсан, қаңтар, ақпан

Төрт мезгіл бар

Қыс, көктем, жаз, күз

 

Ералы:

Қандай суық қыс деген
Қалтырайды құс деген
Құлақшыңды кимесең
Құлағыңды тістеген.

Лашын:
Көктем, көктем көктемде
Құстар келіп жеткенде
Қуанып бір қаламыз
Әннен қарсы аламыз

Асылнұр:
Жазды күні шілдеде
Жеміс пісіп толады
Қызыл жасыл гүлдерге
Көбелектер қонады.

Нұрбек
Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.

Балалар өлеңді мұқият тыңдайды

 

 

 

 

Сәлеметсізбе

Балалар таңырқай қарайды ешкіге.

 

Үй жануары

Жабайы

қора

орманда

 

Иә тауып береміз

Бағдаршам. Жолда қауіпсіз жүріп өту үшін

Қызыл, жасыл, сары

Дөңгелек

 

Қызыл, сары,  жасыл

дөңгелекке

 

Балалар әр-түрлі пішіндерден мүсін құрастырады

Аққала, аю, алма

Сәбіз.

Бал.

 

Қыс.

 

Балалар қимыл -қозғалыс жасайды

 

Суретке қарап сәйкестігін табады.

Д/О ойнайды

 

Балаларға жеті эмблема таратылады.дүй-сенбі,сейсенбі,сәрсенбі,

Бейсенбі, жұма, сенбі,

Жексенбі.

 

Дүйсенбі-понедельник

Сейсенбі-вторник,сәрсенбі-среда, бейсенбі-четверг,жұма-пятница,

Сенбі-суббота, жексенбі-воскресенье

Балалар сөздік жұмысты қайталайды

Рефлекстік түзетушілік

Оқу қызметін қортындылау.

Бүгін не үйрендік?

Апта аттарын өттік. Қандай ертегінің кейіпкері келді бізге?

Бүгінгі ашық оқу қызметі сендерге ұнадыма? Әрқашанда бір біріңе мейірімді болыңдар.

Оқу қызметіне белсене араластыңдар, сендер ақылды балаларсыңдар, рахмет сендерге.

Балалар ортаға шығып бәріміз бірге

«Біз бақытты баламыз» әнін орындайық.

Балалар сұраққа жауап айтады.

Апта  аттарымен таныстық.

Жеті лақ ертегісінің кейіпкері келді

ия

Балаларға жұлдызшалар таратылады

Балалар бірге өлең айтады.


 

Күтілетін нәтиже: Апта аттарын, суретке қарап әнгіме құрауды айта біледі.

Меңгерді: Берілген тапсырманы аяғына дейін орындауды үйренді.

Қолданады: Тақпақтарды мәнерлеп айтуды, құрастыруды, сұраққа жауап беруді, жұмбақ шешуді үйренді.

-

Педагогикалық іс-тәжірбиеден өтуі туралы күнделік-есеп

Білім алушы

Утешева Сабина

(аты-жөні, тегі)

Күні

Жұмыс жоспары

24.01.2022ж.


Мен Утешева Сабина С. Аманжолов атындағы ШҚУ-нің 4 Курс студентімін. 24.01.2022 – 25.03.2022 ж.ж аралығында педагогикалық іс-тәжірибеден өтуге ТОО Ульба Центрдан практика өтуге бардым. Оқу ісіне жауапты меңгерушісімен, тәрбие ісіне жауапты меңгерушісімен кезіктім. Сол кісінің ұсынысымен денсаулығында ауытқушылықтары бар балаларды алдым.


26.01.2022ж

28.01.01.2022ж


Ұжымның ,яғни психология мұғалімінің сыныбына қатыстым.Өзімді таныстырдым.

Балаларға сұрақ қою арқылы қандай спорттарға қызығатындығын сұрадым. Сыныптағы оқушылармен,

олардың оқу ауысымымен, сыныптың сабақ кестесімен

танысып шықтым. Сынып туралы мағлұмат жинадым. Оқушылардың басқа да сабақтарына қатысып көрдім.


29.01.2022ж


Топ оқушыларының психологиялық-педагогикалық сараптамасын қарау. Психологиялық-педагогикалық диагностика негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамалары мен жеке профилін жасау және құрастыру. Элементар математикалық көріністерді қалыптастыру бойынша топтық сабақты қарадым.


31.01.2022 ж

05.02.2022 ж

Топ оқушыларының психологиялық-педагогикалық сараптамасын қарап шықтым. Ойын әрекеті бойынша топтық сабақты қарадым. Сыртқы дүниемен таныстыру негізінде сөйлеуді дамыту бойынша топтық сабақ өткіздім.


07.02.2022ж

12.02.2022 ж

Тәжірибенің бірінші аптасының соңында біз мұғаліммеү өткізген математикадан топтық сабаққа қатыстық. Сыныпта 4 бала болды.

Сабақтың тақырыбы: «Көктем. 1-5 "сандық сериясын бекіту

Мақсаты: балалардың жыл мезгілі – көктем туралы білімдерін кеңейту, 1-ден 5-ке дейінгі реттік санауды бекіту.

Тапсырмалар:

Тәрбиелік:

Жыл мезгілі – көктем туралы білімдерін бекіту;

Оқушылардың көктем туралы білімдерін және апта күндерінің ретін бекіту;

Апта күнінің реттік санын анықтау дағдысын бекіту;

Арнайы көлік нөмірлерін бекіту 101,102,103.

Түзетуші:

Зейінін, есте сақтауын, сөйлеуін дамыту;

Ұсақ және жалпы моториканы дамыту;

Уақыт туралы түсініктерін дамыту.

Тәрбиелік:

Бірлескен оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыру.

Топпен жұмыс жасауға, сыпайы қарым-қатынас жасауға үйрету.

14.02.2022 ж

18.02.2022 ж

Педагог-психологпен бірлесіп кредиттік және сынақ сабақтарын өткізу кестесі жасалды.

Бүкіл тәжірибе барысында сабақтардың жоспар-конспектілері дайындалды, қажетті көрнекі материал таңдалды. Балаларды үнемі қадағалап, олардың мінез-құлқы, қарым-қатынас жасау қабілеті зерттелді. Сабақтарды дайындау және өткізу кезінде алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер ескерілді және пайдаланылды: дефектолог мұғалімнің сабақтары, мектеп-интернаттағы психологтың кеңестері, әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді зерделеу, институттағы практикалық және лекциялық сабақтарға қатысу.

Мүмкіндігінше мен дефектолог-мұғалім және стажер-студенттер өткізетін сабақтарға қатысып, барлық сабақтарға талдау жасадым.

21.02.2022 ж

25.02.2022 ж

«С-ц дыбыстарының буын мен сөздегі саралануы» тақырыбында дамытушылық сабақ және «С дыбысын автоматтандыру.Көктем мезгілі» тақырыбында 2-сынып оқушысымен жеке түзету сабағын өткіздім.

28.02.2022 ж

05.03.2022 ж

Балалардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында ойындар ойнатылды.Оқушыларға ойын шарты түсіндірілді. Бұл кезде видео көрсетілді.

07.03.2022 ж

Оқушыларға сабақ жүргізілді.. Сабақтан тыс тапсырмалар берілді. «Қимыл қозғалыс ойындарын дамыту» деген тақырыпты эссе жазып келу тапсырылды.

10.03.2022 ж

Бүкіл тәжірибе барысында сабақтардың жоспар-конспектілері дайындалды, қажетті көрнекі материал таңдалды. Балаларды үнемі қадағалап, олардың мінез-құлқы, қарым-қатынас жасау қабілеті зерттелді. Сабақтарды дайындау және өткізу кезінде алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер ескерілді және пайдаланылды: мекемедегі психологтың кеңестері, әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді зерделеу.

14.03.2022 ж

16.03.2022 ж

Сабақтан тыс жұмыстарды жүргізумен танысып,сабаққа қатыстым.Сабақтың тақырыбы: «Балалардың денсаулығын нығайту жаттығулары» болды.

18.03.2022 ж

Мекеме жетекшісімен бірлесіп тәрбие сағатын өткізу шарасына дайындық жүргіздім. Әрқилы көрнекілік әдістерін ұсыну арқылы, сонымен қатар оқушылардың карантин кезінде бос уақыттарында немен айналысқандары жүргендері туралы мәлімет алдым.

21.03.2022 ж

24.03.2021 ж

Ата-аналар онлайн жиналысына қатыстым. Жиналыста ата-аналар өз балаларының сабақ үлгерімдерін, тәртіптерін сұрап, қызығушылық танытты. Сынып жетекші әр окушының қателіктері мен жетістікке жеткендерін жеке жеке сараптап, қорытынды жасады.

25.03.2022ж.

Мұғалімдермен жиналысқа қатысып, іс-тәжірибе бойынша құжаттарды дайындауға кірістім.