Файл: Анытама 3 iii оу тосанны мектепішілік баылауа сйкес 24. 0428. 04 атар аралыында 4сынып оушыларыны математика пнінен білім сапасы тексерілді. Тексеру масаттары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 84

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Анықтама №3

III оқу тоқсанның мектепішілік бақылауға сәйкес 24.04-28.04 қаңтар аралығында 4-сынып оқушыларының математика пәнінен білім сапасы тексерілді.

Тексеру мақсаттары:

Оқу процесіне қойылатын талаптардың орындауын және 4-сынып оқушыларының математика пәнінен білім, білік дағдыларын бақылау, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында әдістемелік көмек ұйымдастыру .

Тексеру түрі мен әдісі:

Математика пәнінен 4 тапсырмадан тұратын бақылау жұмысы алынды

4- сыныптар

Математика пәні бойынша 4 тапсырмадан тұратын (есепті шығару,амалдарды орындау, теңдеуді шешу, шамалардың мәндерін түрлендіру) бақылау жұмысы алынды.
Математика пәнінен алынған бақылау жұмысының нәтижесі

Р/с

Мұғалімі

Бала саны

Тексе
рілді


«5»

«4»

«3»

«2»

Сапа

Үлгерімі

4 «А»

Оспанова Гульзира

23

22

9

7

3

3

72%

86%

4 «Ә»

Игембердиева Гульнар

24

24

8

9

6

1

70%

95%

4 «Б»

Китатова Жанар

30

28

6

10

9

3

57%

89%

4 «В»

Бабашева Жанар

25

24

5

8

8

3

54%

88%

4 «Г»

Майханова Айзат

22

21

6

6

6

3

60%

86%

4 «Ғ»

Утеулиева Анаркуль

21

20

4

7

5

4

55%

85%

4 «Д»

Борамбаева Айдана

24

23

3

8

7

5

47%

85%

4 «Е»

Жарқынтаева Гулфайруз

22

18

5

6

4

3

51%

83%



Қорытынды:
4-ші сыныптарда барлығы оқушы

Бақылау жұмысын жазған - 191 оқушы (қатыспағаны - 11)

5-тік баға алған – 46 оқушы.

4-тік баға алған - 61 оқушы.

3-тік баға алған – 48 оқушы.

2-лік баға алған – 25 оқушы.

Үлгерім: 87% Сапа:56%

Математика пәні бойынша оқу бағдарламасын меңгеру деңгейі қанағаттанарлық. 1-жартыжылдықта меңгеруі тиіс оқу бағдарламасын меңгерген. Есептің шартын түсініп, қысқаша жазып, сұрағын анықтай білу, белгісізді табу үшін екі амалмен есептей білу дағдысы қалыптасқан. Құрылымы жай теңдеуді шешіп, тексере біледі. Жақшалы өрнектің мәнін тауып, шамаларды өрнектеп, амалдарды орындай алады.

Дегенмен кейбір оқушылардың жазу каллиграфиялары талапқа сай емес. Орта және төмен баға алған оқушылар мәтін есепті түсіне отырып, жауабын анықтауды және уақыт өлшем бірліктеріне берілген тапсырмаларды жетік меңгере алмай отыр. Сабақта алған білімін түсіне отырып пайдалану деңгейі орташа.
Ұсыныс

  1. Математикалық сауаттылығы орта, төмен деңгейдегі оқушылармен қосымша сабақтарда жоспарланған түрде жұмыс жасалсын.

  2. Жеке талдау барысында тапсырмаларды (мәтін есеп, жай теңдеуді шешу, жақшалы өрнек, шамалармен амалдар орындау) орындауда төмен сапа көрсеткен оқушылармен жұмыс жүргізілсін.

  3. Қанағаттанарлық емес баға алып отырған оқушылардың білім деңгейін арттыруға көңіл бөлінсін.