Файл: Сабаты таырыбы Онды блшектерді 10 100 1000 жне 0,1 0,01 0,001 сандарына кбейту жне блу.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 64
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасы Оқу–ағарту министрлігі
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Байзақ ауданының білім бөлімінің
Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді 10; 100; 1000;.. және 0,1; 0,01; 0,001;.... сандарына көбейту және бөлу
Бөлім: | Мәтінді есептер |
Педагогтің аты-жөні: | Жузбаева А |
Күні: | 24.02.2023 ж |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Ондық бөлшектерді 10; 100; 1000;.. және 0,1; 0,01; 0,001;.... сандарына көбейту және бөлу |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 5.1.2.29 ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 және 0,1; 0,01; 0,001 көбейту ережелерін қолдану; |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар үшін: сыни тұрғыдан ойлау арқылы ондық бөлшектерді 10,100,1000... және 0,1; 0,01; 0,001 т.с.с көбейту және бөлу, оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білу. Көпшілік оқушылар үшін: логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетіледі. Белсенділіктерін арттырады, пәнге деген қызығушылығын дамыйды.. Кейбір оқушылар үшін: Оқушылар ондық блшектерді 10,100,1000, разряд бірліктеріне көбейту ,бөлуге арналған есептерді шығара алады.сабақ барысында Ажәне В деңгейдегі есептерді шығара алады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 7 мин | Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 3.Топқа бөлу (сандар арқылы) (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі, «Фри» ойыны арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі. Өзгенің пікірін толықтырады. |
| Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. | Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға 10 мың теңгелік қағаз ақшамаен ынталандыру. |
Үй тапсырмасы 3 мин | Есептің дұрыс жауаптары тақтаға ілінеді | Оқушулар сағат тілімен дәптер алмасып үй тапсырмасын тексереді | Дескриптор: Жалпы - 2 балл Оқушулар сағат тілімен дәптер алмасып үй тапсырмасын тексереді 1-есеп – 1балл 2-есеп – 1балл | Оқулық, жұмыс дәптерлері, постер |
Сабақтың ортасы Топтық жұмыс 5 мин | 1-тапсырма Сандарды өсу ретімен жазу Ондық бөлшектерді салытыру мақсатында мұнара құрастыру керек. Мұнараның ең төменгі жағында үлкен саннан кіші санға жоғарылайды, яғни, сандарды өсу ретімен орналастырады | Ондық бөлшектерді салытыру мақсатында мұнара құрастыру керек. Мұнараның ең төменгі жағында үлкен саннан кіші санға жоғарылайды: 0,27 0,215 0,2058 0,2005 0,1567 | Дескриптор: Жалпы - 2 балл 1. Ондық бөлшекті cалыстыра алады. 2.Сандарды өсу ретімен орналастырады | |
| | | | |
| | | | |
Жұптық жұмыс 7 мин | 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. «Үтір қайда тығылды» ойыны | 3-тапсырма Жұмыс дәптерге орындалады. Дұрыс жауабы тақтаға ілінеді. Оқушылар сағат тілімен ауысып тапсырмаларды тексереді 1. Санды 10, 100, 1000 есе кемітіңдер. 81,7 : 10 = 8,17 87,45 : 100 = 0,8745 8 : 1000 = 0,008 81 : 10 = 8,1 816,5 : 100 = 8,165 81 : 1000 = 0,081 72,9 : 10 = 7,29 72,9 : 100 = 0,729 72,9 : 1000 = 0,0729 | Дескриптор: Жалпы - 2 балл
| 5-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. Постер, ынталандыру |
Сергіту сәті 1 мин | Көңілді ән қойылады | Балалар орындарынан тұрып, қол шапалақтап билейді | | |
Топтық жұмыс 10 мин | 3- тапсырма «Пазл» әдісі «Мозайка» ойыны 1. Пазл бөлшектерінің артында тұрған есептерді шығарады 2. Постердегі дұрыс жауап тұрған жерге апарып жабыстырады 3. Сурет бойынша мәтін құрайды | 1-топ 5,6 : 10 = 0,56 37,6 : 10 = 3,76 178,5 : 100 = 1,785 2,43 *1000 = 2430 0,46 *1000 = 460 8 : 100 = 0,08 4,23 : 100 =0,0 423 0,6 : 10 = 0,06 2-топ 8,7 : 10 = 0,87 57,6 : 10 = 5,76 278,7 : 100 = 2,787 3,48 * 1000 = 3480 0,39 * 1000 = 390 6 : 100 = 0,06 7,52 : 100 = 0,0752 0,9 : 10 = 0,09 3-топ 4,9: 10 = 0,49 90,7 : 10 = 9,07 789,3 : 100 = 7,893 6,74 *1000 = 6740 0,28 *1000 = 280 3 : 100 = 0,03 6,38 : 100 = 0,0638 0,7 : 10 = 0,07 4-топ 6,1: 10 = 0,61 57,6 : 10 = 5,76 278,7 : 100 = 2,787 3,48 * 1000 = 3480 0,39 *1000 = 390 5: 100 = 0,05 7,52 : 100 = 0,0752 0,2 : 10 = 0,02 | Дескриптор: Жалпы - 3 балл 1. Пазл бөлшектерінің артында тұрған есептерді шығарады 2. Постердегі дұрыс жауап тұрған жерге апарып жабыстырады 3. Сурет бойынша мәтін құрайды | 5-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. Постер |
Жеке жұмыс 5 мин | 4- тапсырма «Жоғалған сөзді тап» ойыны Әр оқушыға жеке-жеке карточкалар таратады. Жеке-жеке түсіп қалған сөздерді жазып шығады | 4-тапсырма Әр оқушыға жеке-жеке карточкалар таратылады. Жұптасып түсіп қалған сөздерді жазып шығады. Дұрыс жауабы тақтаға ілінеді. Оқушылар сағат тілімен ауысып тапсырмаларды тексереді | Дескриптор: Жалпы - 1 балл 1. Сандардың дұрыс оқылуын біледі | 5-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері, карточка |
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | «Күн шуағы» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. | Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын жазу арқылы сабаққа қорытынды жасайды. | Мұғалім оқушыларды «Күн шуағы» әдісі арқылы бағалайды. Үш түсті стикер таратылады: Жасыл - бәрі түсінікті. Сары - әлі де түсінбеген сұрақтарым бар Қызыл - мүлдем түсінбедім. | Стикер |