Файл: Жер сілкінісі кезіндегі ауіпсіздік ережелері Жер сілкінісі кезіндегі міндеттер.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 20
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Жер сілкінісі кезіндегі міндеттер
Жер сілкінген сәтте сіздің ой-әрекетіңіз бен іс-қимылыңызға 5-10 секунд қана уақытыңыз бар. Осы сәтте үрейге еркіндік беріп, абдырып-сасып қателессеңіз, арты бақытсыздыққа әкелуі ықтимал. Өзіңізді де, өзгелерді де үрейлендірмеңіз.
Үйдің ішінде:
Сілкініс кезінде далаға жүгіріп шығуда немесе жер сілкінісінің яғни үйдің ішінде кетуді пәтердің қай қабатта орналасуына байланысты шешуге тиіссіз. Егер сіз көп қабатты үйдің бірінші немесе екінші қабатында тұратын болсаңыз, далаға шығуға мүмкіндігіңіз бар. Далаға қашып шыққаннан кейін үйден аулақ тұрған жөн. Үшінші және одан жоғары қабаттардан қашып шығу қауіпті екенін естен шығармаңыз.
Сілкініс кезінде қауіпті және қауіпсіз жерлерді анық білген жөн.
Қауіпсіз жерлер:
Үйде (ғимараттың ішінде)
1)Босаға есік жақтауы
2)Ішкі бұрыш
3)Мықты қабырға
4)Бел ағаш
6)Парта,стол,кереует
Далада:
1)Ашық алаң
2)Биік ғимараттардан аулақ болу
3)Биік ағаштардан аулақ болу
Қауіпті жерлер:
1)Терезе жақтағы бұрыш
1)Биік ғимараттар
2)Биік ағаштар
3)Баспалдақ
4)Лифт
5)Жиһаздар
6)Шам жағу қауіпті
7) Соңғы қатардағы шеткі бөлмелер
Далада:
1)Биік ғимараттар
2)Биік ағаштар
3)Электр жүйелері
4)Жер асты өткелі
Сілкініс басталысымен үй ішіндегі қауіпсіз деген орындарға тез жетуге тырысыңыз. Ішкі қабырғаның қауіпсіз тұсында үйдің ішкі бұрышында, есік жақтауларының ортасында, тіреуіш ашалардың жанына тұрасыз (шкаф іші кереует). Терезелер мен ауыр жиһаздардан алыс тұрыңыз.
- лифтті пайдаланбаңыз.
- есіктен далаға шыққан уақытта жанталасып, бір- біріңізге кедергі жасамауға тырысыңыздар.
- үйлерден электр бағаналардан аулақ тұрыңыз, электр сымына жақындамаңыз.
- сілкініс кезінде үйге кірмеңіз.
Автомобиль ішінде:
- сілкініс басталған сәтте жүріп келе жатқан автомобильді ашық жерге тоқтатқан дұрыс.
- жолаушылар асып-саспай байыпты түрде транспорт ішінде отырып, жер сілкінісінің басылуын күткен жөн.
Келешекте болуы ықтимал күшті сілкіністердің құпияларымен жеке таныс болған жөн. Жер асты дүмпуінің болу себептерін, анық қай жерде болып, қалай таралатындығының қандай қосымша әрекеттерінің өзі де көптеген мәліметтер оқып -білу қажет. Екіншіден, тұрған халықтың апаттан сақтану дайындығы дәрежесі жоғары болуы тиіс. Тек осы шарттар орындалған жағдайда ғана зілзала апаттар адам өмірі мен халық байлығына айтарлықтай шығын келтірмейді.
Суға шомылудың негізгі ережелері
-
Суға шомылатын жерді, оның тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріңіз; -
Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз; -
Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыз; -
Суға абайлап кіріңіз. Денеңіздің суға бейімделуіне мүмкіндік беріңіз; -
10-15 минутқа дейін ғана шомылыңыз; -
Аяқ-қолыңыздың сіңірі тартылған жағдайда сасқалақтамаңыз, су бетінде қалып, адамдарды көмекке шақыруға тырысыңыз; -
Мас күйде суға шомылуға болмайды; -
Қоршау белгілерінен тыс аумаққа шықпаңыз; -
Техникалық ескерту белгілерінің үстіне шықпаңыз.
Неге тыйым салынады?
Суға түскен кезде иесіз және техникалық ақауы бар қайықтарды пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ, қайық, кемелерге көп жолаушы мен ауыр жүк алуға болмайды. Балалармен бірге демалған кезде оларды қараусыз қалдырмау керек.
Бассейн, теңіз бен көлдерге мас күйде шомылмау қажет. Қайықта жүзіп келе жатқанда орын ауыстырып, бір қайықтан екіншісіне ауыспаған жөн. Қайықтан, катамараннан тікелей суға түсуге және моторлы кемелерге жақындауға болмайды.
Қайық, кемелерді түнгі уақытта пайдалануға тыйым салынады. Бұл – адам өмірі үшін қауіпті.
Суда аяқ-қолдың сіңірі тартылса, не істеу керек
Суық суда шомылу аяқ-қол сіңірінің тартылуына әкеп соғуы мүмкін. Егер ондай жағдайға тап болсаңыз, төмендегі іс-әрекеттерді жасаңыз:
-
егер сіңір тартылса, жүзуді тоқтатып суға шалқадан жатыңыз; -
қолыңыздың сіңірі тартылса, жұдырығыңызды түйіп, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз; -
балтыр бұлшық етінің сіңірі тартылғанда, қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып, бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз немесе аяғыңызды судың астына созып, бармақтарды алға иіңіз. Кейін балтырыңызды сылаңыз.
Алғашқы көмек көрсету жолдары
Зардап шегушіні судан шығарғаннан кейін оған тезірек оттегі беру шарт. Сондықтан зардап шегушінің дем алуын және тамыр соғысын анықтаңыз. Тамыры соқпаса, ауызбен дем беру қажет.
Бас бармақ және сұқ саусақпен адамның мұрнын қатты қысып, демді ішке терең алып, оның аузына минутына 18-20 рет дем жіберу керек.
Сонымен қатар оның жүрек соғысын ұдайы қадағалап отыру керек. Егер оның жүрек соғысы тоқтап қалса, массаж әдісін қолданған дұрыс. Ол үшін адамның жүрек тұсына екі қолды айқастырып қою керек. Одан соң, сол жерді минутына 70 рет жиілікпен басқан жөн (5 рет басып, 1 рет ауа үрлеу керек).
Зардап шегушінің жүрек соғысы мен тыныс алуы қалпына келген соң, оның ішіндегі суды сыртқа шығаруға тырысу қажет.
Өрт шыққанын білгенде…
1.Өрттің ауқымы кішкентай болса, крандағы сумен, болмаса қалың дымқыл матамен өшіруге тырысыңыз;
2. Өрт ауқымды болса, 101 нөміріне хабарласып, өрт шыққан мекен-жайды, ненің қалай жанып жатқанын айтыңыз. Өзіңіздің атыңыз бен нөміріңізді де беріңіз. Ол өрт сөндірушілерді күтіп алып, өрт ошағына жедел апаруға керек. «Менен де басқалар хабарласқан шығар» деп отыруға болмайды;
3. Ғимараттағы барлық тоқ көздерін ажыратып, газ құбырларын жабыңыз;
Егер өрт көп қаббатты ғимараттың төменгі қабатында шықса, ғимараттың жоғарғы қабатына немесе төбесіне шығып, көмек күту керек;
4. Далаға шығу жолдарында от болмаса, тез арада ғимаратты тастап шығыңыз;
5. Өрт шыққан аумақтан өту үшін синтетикалық киімдерді шешіп, орнына жүн немесе мақтадан тігілген киім кию керек. Киімдерді сулап, басыңызға ішік, жейде, орамал сынды қалың дымқыл жамылғы жабыңыз. Дәл осылай мұрныңыз бен ауызыңызды да жабу керек. Ол түтіннен уланып қалудың алдын алады;
6. Есіктерді қатты жабыңыз. Себебі от оттегі келіп, жел соққан сайын өрши түседі;
7 .Түтіннің арасынан еңкейіп, тізерлеп немесе бүк түсіп өту керек;
8. Пәтерден шықпас бұрын есіктің ар жағында оттың бар-жоғын тексеріңіз. Ол үшін есікке жақын барып, оның тұтқасы сияқты металды жерлерін ұстап көріңіз. Ол ыстық болса, есікті ашпаңыз. 9. Керісінше, есіктің саңылауларын дымқыл матамен бітеп тастаңыз. Есіктің бер жағына су шашыңыз;
10 .Ауыз-мұрныңызды дымқыл матамен жауып, пәтердегі барлық адамдарды балконға алып шығыңыз. Балкон болмаған жағдайда, терезені ашып, сырттағыларға белгі беріңіз. Олардың сізді естігеніне сенімді болсаңыз, барлық адамдарды алып, жуыну бөлмесіне кіріп, есігін ішінен мықтап жабыңыз. Ол жерде суды ағызып, үстілеріңіздегі барлық киімді сулау керек. Сол жерде көмек күтіңіз;
11 .Өрт шатырда немесе жертөледе шықса, өрт сөндірушілерді шақырып, олар келгенше өрт шыққан аумаққа апаратын есік-терезелерді, люктарды жауып тастау керек;
12. Өрт шыққан үйден адамдарды эвакуациялау кезінде балалардың төсектің астына, сөрелер мен қуыстарға тығылып қалатынын естен шығармаңыз.
Не істеуге болмайды?
Киіміңізге от тигенде жүгірмеңіз. Ол оттың одан сайын өршуіне әкеледі. Одан да киімді шешуге тырысу керек, болмаса еденге жатып аунау керек. Егер жаныңыздағы адамның киімі жанып жатса, оны өшіру үшін үстіне дымқыл мата жабыңыз;
Терезелерді ашып, түтінді шығаруға болмайды. Таза ауа отты өршітеді;
Лифтті қолданбаңыз. Өрт кезінде электр тоқтары өшірілетін болғандықтан, лифт кез келген жерде тоқтап қалуы мүмкін;
Қорқынышқа бой алдырып, жоғарғы қабаттан секіруге болмайды.
Зардап шеккендерге алғашқы көмек
103 нөміріне хабарласып, жедел жәрдем шақырыңыз;
Күйік алған адамдардың үстіндегі киімін шешуге болмайды. Күйген жеріндегі киімін қиып, теріге жабысқан күйі қалдыру керек. Күйікті спирттелген немесе марганец ерітіндісіне батырылғын матамен жабады;
Өте үлкен күйікке шалдыққан адамды үлкен матаға немесе төсек жаймасына орап, ыстық сусын беріп, жылылау керек;
Түтінге уланған адамды таза ауаға алып шығу қажет.
Өрттің алдын алу үшін:
Үйде темекі шекпеңіз. Толық сөндірілгеніне көзіңіз жетпей терезеден лақтырмаңыз;
Тамақ істеп жатқанда газ плитасын қараусыз қалдырмаңыз;
Электр тогы мен газ құбырларын үнемі тексеріңіз. Қандай да бір ақау барын байқасыңыз, бірден арнайы мамандарға хабарласыңыз;
Өртке арналған сатылар мен төтенше жағдайда шығатын есіктерді жаппаңыз;
Өрт сөндіргішті қолданып үйреніңіз және оны отбасыңыздың мүшелеріне де көрсетңіз. Себебі, өрт шыққанда оның нұсқаулығын оқып тұруға уақытыңыз болмайды;
От жағуға арналған сіріңке, оттықтарды балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз;