Файл: Ткерілген сынып технологиясын олдану арылы оушыларды з бетімен оуын алыптастыру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Төңкерілген сынып технологиясын қолдану арқылы оқушылардың өз бетімен оқуын қалыптастыру

Сисенбаева Жаннат Келисовна,

Жубанова Назгуль Жетписовна

Атырау қаласы, химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәні мұғалім – модераторлары

Аралас оқыту – негізіне күндізгі оқу технологиясы мен электронды оқыту технологияларын біріктіру қағидасына негізделген АКТ және заманауи оқу құралдары ұсынатын жаңа дидактикалық мүмкіндіктерге сүйенетін оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы. Аралас оқыту – бұл білім алушы білімді онлайн, яғни, өз бетінше де мұғаліммен де ала алатын білім беру концепциясы.

Аралас оқытудың ең танымал түрі – төңкерілген сынып. «Төңкерілген сыныпты» кім және не үшін ойлап тапты? Дәстүрлі сабақта мұғалім сабақта жаңа материалды түсіндіреді оған уақытының 50 пайызын кетіреді, ал білімді қолдануға қалған уақыт кетеді,сонда мұғалімді сабақты бекітуге уақыт қалмайды. Жаңа материалды толыққанды түсіндіру сынып бөлмесінде жүреді. Оқытудың «төңкерілген моделі» білімді жеткізуді баланың жеке кеңістігіне аударады да, практикалық дағдыларды қалыптастырып, дамытуға көбірек уақыт бөлінеді – дейді «төңкерілген сынып» идеясының авторларының бірі Джонатан Бергман. Аталған тәсілдің негізін қалаушылардың бірі әрі алға апарушысы Салман Хан – ол әртүрлі пәндер бойынша бүкіл әлемдегі оқушылар мен студенттер қолдана алатын қысқа бейне дәрістерден тұратын ресурс жасап шығарды. Ханның бар идеясы мен қысқа дәрісті қашықтықтан оқып-үйрену қағидаты «төңкерілген оқытудың» негізінде жатыр. 2007 жылы орта мектептің химия пәнінің мұғалімдері Джонатан Бергман мен Аарон Сэмс сабақтан жиі қалатын оқушылаға арнап, өз дәрістерін видеоға жаза бастайды. Бұл олар үшін ыңғайлы әрі тиімді болғандықтан, олар ары қарай да осы бағытта жұмыс істейміз деп шешті. Олардың айтуынша, бастапқыда олар дәрістерін өзімшіл ниетпен жаза бастаған – себебі сабақтан жиі қалатын спортшылар үшін бөлек сабақ дайындауға көп уақыт кететін еді. Жаңа материалды түсіндіру үйде өтеді. Практикалық бөлімі сыныпта орындалады. Төңкерілген сабақ – бұл теориялық түсінікті мұғалім ұсынған түрлі ресурстар арқылы оқып біліп, түсініп және практикалық тапсырмаларды ұйымдастыру кері бағытта ұсынылатын педагогикалық модель. Оқушылар үйде қысқаша видео сабақтарды, оқыту презентацияларын көреді, тыңдайды, ал сыныпта практикалық жұмыстар орындайды, оларды талқылайды. Бұл жерде видеосабақтар төңкерілген оқыту әдісінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады, мұндай сабақтарды қазіргі уақытта пайдалану бір жағынан оқушыларды өзбетімен жұмыстандыруға да өте тиімді тәсіл.


Басқаша айтқанда, үйде оқушылар сабақты өздері оқып, түсінеді ал сыныпта үй тапсырмасын орындайды, сол арқылы оқу үрдісін төңкереді.
Әдістің артықшылығы:

  • Оқушымен жеке жұмыстану

  • Оқушылардың сабаққа белсенді қатысуы

  • Оқушылардың сабақтан тыс оқуы

  • Қызығушылық танытқан оқушылар бірін-бірі оқытады, ал оқу үрдісі оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастырылады

  • Оқушылар жеке оқуға уақыттарын бөледі

«Төңкерілген сабақ» артықшылықтары мен кемшіліктері:

Артықшылығы

Кемшілігі

Видео сабақтарды оқушылардың қайта – қайта қарауға мүмкіндіктері бар

Барлық оқушы берілген тапсырманы орындамайды.

Сабақта болмаған оқушыларға да тыңдауға мүмкіндік бар

Берілген видеоны және презентацияны қарамаған оқушыларға сабақ қызықты болмайды

Мұғалімнің оқушылармен жұмыс жасауға уақыты көп болады

Оқушы туындаған сұрақты мұғалімге қоя алмайды

Тақырыпты жақсы меңгерген оқушылармен шығармашылық жұмыстар жасауға болады және олар мұғалімге көмекші

Мұғалімге көп ізденісті қажет етеді


Мұғалімдер жаңа сабақтың мазмұны бойынша: видеосабақтар, презентациялар және басқа да бейне материалдар және тапсырмалар дайындайды. Яғни, жаңа сабақпен оқушылар үйде өз бетімен оқып, материалмен танысады. Оқушының мүмкіншіліктерін ескере отырып, электронды почта немесе диск, WhatsApp, флешка арқылы жаңа сабақты алдын – ала үйге береді.

Жаңа материалды оқып біліп, танысуды үй тапсырмасы түрінде беру

арқылы оқушыға әр түрлі ресурстар көзін өзіне ыңғайлы болатын кез

келген уақытта қарап, мүмкіндігінше қайталап қарап түсіну – осы төңкерілген сабақтың басты ерекшелігі. Әрі бұл әдістің тағы бір ерекшелігі оқушылар өзін – өзі дамыту жоспарын құра алады, өз бетімен оқу дағдыларын жетілдіреді, оқуға, дайындалуға деген жауапкершілікті сезінеді, өзін жетілдіруге жұмыстанады.

Төңкерілген оқу әдістемесін жүзеге асыру барысында мұғалімнің ролі басқарушыдан нұсқаушылыққа ауысадыда, оқушылардың өз оқу үрдісін басқаруына өз жауапкершіліктерін арттыруға ықпалдасатын ерекше оңтайлы ахуал тудыруға алып келеді. Сонымен қатар бұл технология тақырып бойынша электронды білім беру ресурстарының дамуына ықпал етеді. Оқушылар берілетін тақырыпты дұрыс түсіну үшін олар алдыңғы тақырыпты жақсы меңгеруі керек және берілетін материалдар оқушыларға тілі және түсіндірмесі жеңіл болуы керек. Оқушылардың бәрінде интернет, компьютер немесе смартфондар болуы міндетті.



2020 – 2021 оқу жылында әлем пандемия жағдайына көшкелі қашықтан оқығанда мұғалімнің жүргізген сабағын оқушылар жазып алып, «жазбаны» қайта қарауға мүмкіндіктері болған. Осы оқу жылында оқушылардың жас ерекшеліктері әсер етті ме, әлде мотивациясы төмен оқушылар көбейіп кетті ме, оқушыларға ақпаратты меңгеру үшін аз уақыт, ал кейбір оқушылардың қабылдау жылдамдығының баяу болуына байланысты көп уақыт қажет болуы мүмкін.

Зерттеу міндетіміз:

  • бір аптаға арнап жоспар құру;

  • оқушылар қаншалықты нәтижеге жетті анықтау;

  • жетістік, ілгерілеушілік бар ма, анықтау.

Зерттеуге қажетті құралдар:

  • аптаға арналған теориялық материал, видеосабақтар, қосымша тапсырмалар;

  • оқушылар жетістігін бағалауға арналған практикалық тапсырмалар;

  • практикалық тапсырмаларға құрастырылған марк схемалар.

Зерттеу нәтижелері:

  • осы тарауды онлайн оқыған кездегі жазған жұмыстары мен төңкерілген оқу әдісі арқылы жазған жұмыстарын салыстыру;

- сынақ жұмыстарында орындалған тапсырмалардың нәтижелерін салыстыру.

Оқушылармен дайындық жүргізгеннен кейінгі білім сапасының динамикасын анықтау:

Мысалы: тарау бойынша жүргізілген жұмыстарға талдау жасайық:

  • төңкерілген оқу әдісі бойынша оқушы теориялық түсінік алды;

  • практикалық жұмыс жүргіздіңіз, оқушының жұмысына сараптама, мониторинг жасап қойыңыз;

  • тарау біткен соң соңында тарау бойынша срез жүргізіңіз, сараптама, мониторинг;

  • ББЖБ жүргіздіңіз сараптама, мониторинг;

  • ТЖБ жүргіздіңіз, осы тарау тапсырмаларына сараптама, мониторинг;

Міне тарау бойынша оқушының толық динамикасы көз алдыңызда тұрады, бұл оқушыны дамыту аймағына сілтеме болады.

Қорытынды:

1. Оқушыларды төңкерілген оқыту әдісі арқылы оқыту нәтиже береді.

Себебі, оқушылар өздері оқу арқылы жіберілген кемшіліктерінің орынын толықтыра алады, оқушылар бір материалмен дайындалғандықтан бірін – бірі оқыта алады.

2. Ресурстарды беріп қою бойынша өз қажетінше қайталап оқу жақсы нәтиже береді.

3. Өздігінен оқу үшін видеосабақтар, нақты ресурстарды, жеке орындауға тапсырмаларды мол беру керек.

4. Оқушылардың орындаған жұмыстары бойынша сындарлы кері байланыс беру оқушының даму аймағын анықтап береді.

Соның нәтижесінде байқау сынақтарының нәтижелерінен ілгерілеушілік байқап келеміз, зерттеу жұмысымыз әлі жалғасуда. Қазіргі таңда ақпараттық технологияларды пайдалану бұрынғыдан арта түсті, дәстүрлі лекциялар мен үй жұмыстарының түпкілікті өзгеріске ұшырап, оқушылар қысқаша шолу түрінде бейнесабақтар мен онлайн сабақтарды қарайды және сабақ барысында тек талқылау мен тапсырмаларға мән беру керек.