Файл: Темір ауданы ардагерлер спартакиадасыны ашылуы. тетін орны ызылжар спорт кешені фок 29 суір 2023 жыл. Саат 09 00 Музыкалы нмер. Би.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 63

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Темір ауданы ардагерлер спартакиадасының ашылуы.Өтетін орны: Қызылжар спорт кешені /ФОК/29 сәуір 2023 жыл. Сағат 09:00Музыкалық нөмер. БиЖүргізуші: Қайырлы күн құрметті спорт сүйер қауым, ардақты ағайын, қымбатты спорт жанкүйерлері!«Қарттарын ардақтаған ел ардақты» деп текке айтылмаса керек. Қартың болса жазып қойған хатпен тең дегендей, тәлім-тәрбиенің, көрегендіктің қамқоршысы болған ардагерлерге қоғамымызда қамқорлық қашанда ерекше болған. Ендеше  асыл қарттарымыз  қашанда  аман – сау  жүрсін  деп  тілейік. Қоғамның қазынасы, ақылшысы ардагер спортшыларымыздың құрметтеріне орай ұйымдастырылған Темір ауданы ардагерлері спартакиадасын ашық деп жариялаймыз. Қош келдіңіздер!ТУШНазар аударыңыздар! ҚР Әнұраны орындалсын.Жүргізуші : Қойнауы кенге, баурайы берекеге толы, Темір ауданында өткізіліп жатқан дәстүрлі «Ардагерлер спартакидасын» салтанатты түрде ашу құрметі Темір аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қалмағанбетов Әділет Нұрланұлына ұсынылады. __________________________________________________________________/егер бар болса айтамыз/Бейбіт еліміздің көк туын желбіретіп бүгінгі спорттық жарысқа жеңіс тілеп, жігерлі сөздерін арнап келген .............................................................................................. ардагер спортшымызға сөз береміз. ТУШЖүргізуші:Дүниеге келер бір рет,Дария кеуде тау мүсін.Құрыштай күйген құдірет,Қарттарым аман-саумысың?Өздерің болса жанымда,Ел іші жомарт еңселі.Дән исі сіңген қанымда,Даламның бір бөлшегі.Жүргізуші:Ендігі кезекті Темір балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жас буын спортшыларының спорттық көріністеріне кезек берелік. /Трюктер/Жүргізуші:Болса дағы қанша қиын айналым,Спортшылар күш өнерді сал бәрің.Елім сенің жарқырасын маңдайың!Биіктерден бір танбасын байрағың! - деп Тәуелсіз еліміздің көк туын көкке желбіретіп, Темір ауданының бұқаралық спортының дамуына қосқан зор үлестері үшін бірнеше ардагер спортшыларымызды марапаттауға кезек берсек.
/Марапат екіге бөлініп беріледі. 1 топ. Естелік суретке түсіру. 2 топ./Жүргізуші:Олай болса, Спортшыларымызға сәттілік тілей отырып, құрметті спортсүйер қауым «Ардагерлер спартакиадасы» ойындарын бірге тамашалайық.