Файл: Тарих таылымы блімі бойынша жиынты баалау тапсырмалары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 84
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Тарих тағылымы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-нұсқа
Оқылатын шығарма | Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» |
Оқу мақсаты | 10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру; |
10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау; | |
Бағалау критерийі | Білім алушы |
| Ұлттық құндылықтарды контекстермен байланыстырады; |
шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, пікір білдіреді. | |
Ойлау дағдысының деңгейлері | Қолдану |
Орындау уақыты | 15-20 минут |
| |
1-тапсырма. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасындағы Тұрар Рысқұловтың бейнесі арқылы дәріптелетін ұлттық құндылықты анықтап, шығармадан мысал келтіріңіз.
Ұлттық құндылық | Драмадан мысал |
| «Менен басқалар да Қазақстандағы өрескел бұрмалаушылықты Сізге жеткізуге тырысқан. Бірақ олардың дауысы Сізге жетпей жатыр...Мысалы, жазушы Ғабит Мүсірепов бастаған бес адам Сізге хат жазған. Бірақ...хат ұсталған...» |
| «Жарық дүниеде жазықсыздарға жапа шеккізген озбырлар. Қиянатшыл бәлеқор-жалақорлар. Әділет тағынан тайғандар. Пейілі жаман пенделер. Танаураған тайтақайлар...» |
| «Мансап та ауру. Мансапқорлар да нашақорлар сияқты. Мансаптың мастығы – нашақор мастығынан да қауіптірек...» |
2-тапсырма. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасындағы Т.Рысқұлов, Ғ.Мүсірепов, Нұрхан образдары арқылы дәріптелген құндылықтың қазіргі қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін дәлелдеңіз. (5-6 сөйлем)
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3-тапсырма. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасының тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, ойыңызды «Төрт сөйлем» әдісі арқылы жеткізіңіз.
1. Пікір. Шығарманың тарихи құндылығы туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
(1 сөйлем)
2. Дәлел. Өз ойыңызды аргументпен дәлелдеңіз. (1 сөйлем)
3. Мысал. Шығарманың көркемдік құндылығына мысал келтіріңіз. (1 сөйлем)
4. Қорытынды. Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығы жайлы өзіндік қорытынды шығарыңыз. (1 сөйлем)
Бағалау критерийі | Тапсырма | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Ұлттық құндылықтарды контекстермен байланыстырады. | 1 | Кейіпкер бейнесі арқылы дәріптелген 3 құндылықты анықтайды. | 3 |
2 | Құндылықтың маңыздылығын дәлелдейді; | 1 | |
Образдар арқылы дәріптелген құндылықты анықтайды; | 1 | ||
Шығармадан дәлел келтіреді. | 1 | ||
Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, пікір білдіреді. | 3 | Тарихи құндылығын анықтайды; | 1 |
Көркемдік құндылығына мысал келтіреді; | 1 | ||
Өз ойымен байланыстырады; | 1 | ||
Төрт сөйлем арқылы өз ойын дәлелдеп мысал келтіреді. | 1 | ||
Барлығы | 10 |
«Тарих тағылымы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
2-нұсқа
Оқылатын шығарма | Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» |
Оқу мақсаты | 10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру; |
10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау; | |
Бағалау критерийі | Білім алушы |
| Ұлттық құндылықтарды контекстермен байланыстырады; |
шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, пікір білдіреді. | |
Ойлау дағдысының деңгейлері | Қолдану |
Орындау уақыты | 15-20 минут |
1-тапсырма. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасындағы Тұрар Рысқұлов, Ғ.Мүсірепов, Нұрхан бейнелері арқылы дәріптелетін ұлттық құндылықтарды анықтап, шығармадан мысал келтіріңіз.
Драма кейпкерлері | Драмадан мысал | Ұлттық құндылық |
Тұрар Рысқұлов | | |
Ғабит Мүсірепов | | |
Нұрхан | | |
2-тапсырма. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасындағы ұлттық құндылықтарды анықтаңыз. Анықтаған құндылықтарды «ПОПС» формуласы бойынша жазбаша жазыңыз.
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, драмадағы басты ұлттық құндылық - ... »
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ... »
Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын»
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен драмадағы ұлттық құндылық ... деген шешімге келдім»
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3-тапсырма. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасының тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, құндылықтарға пікір білдіріңіз.
Бағалау критерийі | Тапсырма | Дескриптор | Балл | |
Білім алушы | ||||
Ұлттық құндылықтарды контекстермен байланыстырады. | 1 | Кейіпкер бейнелері арқылы дәріптелген құндылықтарды анықтайды; | 1 | |
Драмадан мысал келтіреді. | 1 | |||
2 | Құндылықтың маңыздылығын дәлелдейді; | 1 | ||
Дәріптелген құндылықты анықтайды; | 1 | |||
Шығармадан дәлел келтіреді; | 1 | |||
Қорытынды пікір білдіреді. | 1 | |||
Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, пікір білдіреді. | 3 | Тарихи құндылығын анықтайды; | 1 | |
Көркемдік құндылығына мысал келтіреді; | 1 | |||
Шығармадағы құндылықтарды бағалап, пікір білдіреді; | 1 | |||
Өз ойын дәлелдейді. | 1 | |||
Барлығы | 10 |