Файл: 1. Ошауланан бейтараптамасы бар ш фазалы желілер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 70

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1. Оқшауланған бейтараптамасы бар үш фазалы желілер

Оқшауланбаған  бейтараптамалы   жүйесінде бір фазалы жерге  қысқа  тұйықталу тоқтары негізінен жерге қатысты таратылған сым  сыйымдылығымен шартталған сыйымдылық құраушыларымен  анықталады, [кейбір жағдайларда жетілдірілмеген желі оқшауламасы  арқылы  жылыстау (утечки)  тоғы ескеріледі ].

Қалыпты жұмыс  тәртібінде  тораптың  жерге  қатысты  фазалық 

кернеуі  (UА, UВ, UС) симметриялы  және фазалық  кернеуге  сәйкес  болады,

ал фаза аралық  сыйымдылықты  шама және фазалық  сыйымдылық жерге  қатысты симметриялы және бірдей  болады. Сонда, фаза аралық сыйымдылықты ескермегенде фазалық сыйымдылықты (зарядты)  тоқтар  

IСОА, IСОВ, ICОС  жерге  қатысты симметриялы  және өзара  тең  болады. 

Мұндай  жағдайда үш  фаза  арасындағы  сыйымдылықты тоқтардың геометриялық қосындысы  нөльге тең, ал  бір фазадағы сыйымдылықты  тоқ  қалыпты тәртіпте  бірнеше  амперден  аспайды және  генераторлардың  жүктелуіне  әсер  етпейді.

Кез келген  бір фазаның жерге металдық  қысқа  тұйықталуы болғанда (мысалы, А фазасы) жүйеде кернеу және  тоқ  симметриясы  бүлінеді: бұзылған  фаза  деңгейі  нөлге дейін  төмендейді, ал бүлінбеген  фазалар  кернеуі  есе  артады, яғни сызықты  кернеуге  теңеседі. Бір уақытта бейтараптамада  потенциалдар  айырымы жерге қатысты   болады  бүлінген фаза  кернеу  мәніне тең, бірақ 1.1. суретінде  көрсеткендей  теріс  таңбалы  болады.

        

                      

1.1 Сурет – Оқшауланбаған  бейтараптамалы  тораптағы бір фазаның  жерге  тұйықталуы

Кернеу  симметриясының бүлінуіне  байланысты жерге  жылыстау тоқтардың  симметриясы  бұзылады, яғни

               
 

 

.

 

Жерге  тұйықталу  тоғы  тоқтар қосындысы  ретінде  анықталады,  ,

.

Алынған  өрнектен  келесіні аңғаруға болады, жерге тұйықталу  тоғы  нөлдік тізбектіліктің  үш еселенген тоғы  болып  табылады ;

                                                                                  .

Дәл  осы  нәтижені  векторлық диаграммадан   алуға болады.

Сыйымдылық  мәні С жерге  қатысты әуе желісіне  және кабель құрылысына

тәуелді болады және  жерге  қатысты  сым орналасуына  байланысты тербеледі (колебляться). Тәжірибелік  есептерге  орташаланған мәндерді қолдануға  болады: әуе  желісі  үшін мкФ/км; кабельдер  үшін  мкФ/км. Сонда жердегі  тоқтар  үшін  сәйкесті  өрнекті  аламыз ;

             (ауа  тораптары  үшін) және  (кабель  тораптары  үшін)

 мұнда    - тораптың  желілік  кернеуі (кВ);

Іс жүзінде жерге өтпелі  кедергі арқылы  тұйықталу  жиі  болады, мысалы, бүлінген оқшаулама және ағаш   тірек  арқылы. Бұл  жағдайда бейтараптама  ығысуы аз болады және бүлінбеген фазада  кернеу артуы  және жерге  тұйықталу  тоғы  аз  болады.



Жерге  тұйықталу  үзілісті болуы  мүмкін, жерге қатысы  бар кез келген заттар үзілісті және жүйесіз тізбектің  ток  өткізгіш  бөліктерімен  түйісуге  жақын келеді. Мұндай  тұйықталуға  мысал  ретінде ағаш  бұтақтарының қатты боран  кезінде  және нашар  тазаланған  трасса  кезінде  желіге  жанасуын жатқызуға  болады .

Оқшауланбаған бейтараптама жүйесінде жерге  бір фазалы  тұйықталу жақынырақ  болып басқасымен  жалғасуы  мүмкін. Мұндай  тұйықталуда  жұмысшы  жиіліктің әрбір  жарты  период  уақытындағы  доға жүйелік түрде (систематический) тұтанады және жерге тұйықталумен  бірге  сөнеді (50 Гц жиілігінде— секундына 100 рет).

Осы  тұйықталудың қауіптілігі  жүйеде асқын кернеуде пайда  болады (3 3,5) -ге  дейін. Мұндай қысқа мерзімдік асқын кернеу жұмысшы  кернеуі 35 кВ-қа  дейін тораптарда  қалыпты  оқшауламаға  қауіп туғызбайды. Алайда  олардың ұзақ  уақыттық  әсер етуі оқшауламаларда жылулық  тесілу түрін  тұғызуы  мүмкін. Сыйымдылық тоғы 5-10 А артық болғанда жылылық  доғаның пайда болуы ықтимал. Осыған  байланысты,  ығысу  тоғының рұқсатты мәні ЭҚҚЕ (Электр қондырғыларын құру ережелері- ПУЭ) мен нормаланады және  келесі  мәндерден  аспауы  керек:

Торап кернеуі ,кВ…………………………………3-6     10     15-20     35  

     Жерге тұйықталудың сыйымдылықты тоғы, А…. .30      20        15       10

          Желілері темір бетонды және  металл  тіректі 3-20 кВ  тораптарда,  IC

мәні 10 А жоғары  болмайды. Генератор-трансформатор блокты сұлбада генератор  кернеуінде сыйымдылықты тоқ  5 А ден   аспауы керек.

Осындай  жағдайда, оқшауламаланған бейтараптамалы торапта фазаның

жерге  тұйықталуы қысқа   тұйықталу  болып  табылмайды, өйткені  тоқ  мәні жерге фаза  сыйымдылығымен  анықталады  және сыйымдылықты  тоқ  аз  болады. Сол  себепті желілік  кернеу  үшбұрышы бұрмаланбайды (не искажается), ендеше фаза аралық кернеуге қосылған тұтынушылар қалыпты   жұмыс  істей  береді.

Соның  салдарынан, жерге тұйықталу кезінде бүлінбеген  кернеу шамасы  есе артады, жерленбеген бейтараптамалы оқшаулама  тораптарында  фаза аралық  кернеу  есептелуі  керек. Бұл кернеуі 35 кВ


тораптағы  бейтараптама жұмыс  тәртібін қолдануды шектейді, мұнда электроқондырғылардың оқшаулама құны анықтаушы  болып  табылады, және оның кейбір  құнының артуы тұтынушылар сенімділігімен қарымталанады.

Алайда басқа фазалардың оқшауламасының  бүлінуі    және фаза аралық жерге  тұйықталу  ықтималдығы  неғұрлым жоғары болады және тұйықталу тоғы  жер   арқылы электрлік  байланысқан тораптар екінші жерде  қайталануы тіпті   басқа  жерде  болуы  мүмкін.  Сонымен  қатар 1.2  суретте  көрсетілгендей  қысқа  тұйықталу  бірнеше  бөліктер  болып  оларды  ажыратуы  мүмкін.  Сол  себепті жерлендірілмеген бейтараптамалы тораптарда арнайы оқшаулама бақылайтын  сигналды құрылғыларды  қарастырады, олар торапқа НТМИ типті кернеу өлшеуіш трансформаторы арқылы немесе 1.2 суретінде көрсетілгендей ЗНОМ типті бір фазалы бір топтық  трансформаторлары арқылы қосылады .

Өлшеуіш трансформаторларының  екіншілік  орамалары сұлба бойынша: (I) – жұлдызша, екіншісі (II) – ажыратылған  ұшбұрышша жалғанады. I орама барлық кернеу  фазаларын өлшей  алады,  II орама барлық  кернеу фазаның геометриялық қосындысын  бақылау  үшін  қолданылады.



1.2Сурет–Оқшауланбаған бейтараптамалы тораптағы

оқшауламаны бақылау  сұлбасы
Қалыпты  орамалар қысқышында II кернеу нөлге тең.  Тораптағы біріншілік кернеудегі бір  фазаның  металды  жерге  тұйықталуы орамалар

қысқышында II, екі бүлінбеген  фазалар кернеуінің геометриялық 

қосындысына  тең кернеу  пайда  болады. Кернеу  релесі орамға  қосылғанда II, сәйкесті  түзетуден  кейін біріншілік тораптың  оқшаулама  бүлінуіне  әсер  етеді  және  сигналдық  құрылғыны іске  қосады (қоңырау, табло).

Қызметкер (персонал) теңсіздік  кернеуін  вольтметрлермен  және    бақылай алады. ТҚЖЕ (Техникалық қажетке жарату ережелері -ПТЭ) сәйкес жерлендірілген фазалы  тораптың шекті  жұмыс   ұзақтығы   екі  сағаттан  аспауы   керек.


2. Екі жүйесі бар құрама шиналардың ТҚ сұлбалары.
Екі системалы құрама шинасы және айналмалы жүйе шинасы бар ТҚ сұлбасы үшін барлық НТП-лар қосу салдарына байланысты құрама шшиналарының сөндіргіштерін секциондау регламенттеледі.


СЭС, ГАЭС және ПС үшін қосылулар саны 16 немесе одан көп кезіде екі жұмыс шиналарын сөндіргіштермен, секционарлауға жатады. Типтік шешімдер екі ШСБ және екі ОВ орнатуда қарастырады. 12-15 қосылулары бар ПС үшін бір жүйенің құрама шиналарымен секциондауға рұқсат етіледі. Қосылулар саны аз болған кезде ПС құрама шиналары секцияланбайды.

АЭС және ЖЭС сұлбалары үщін, екі жүйенің құрама шиналары қосылулар саны 17 және одан жоғары кезінде секциондалады, бұл кезде ОВ және ШСВ функцияларын бірлестіретін екі сөндіргіштер қолданылады. Қосылулар саны 12-16 кезінде жұмысшы құрама шиналарының бірі секциондалады. Одан аз қосылулар кезінде құрама шиналар секциондалмайды.

Тәжірибе көрсеткендей, ОВ және ШСВ функцияларын бірлестіру электр қондырғыларының эксплуатацияларын қиындатады және блокировкалардың күрделігінен және екінші тізбектегі қосылулар санының көптігінен сенімділігі төмендейді. Сондықтан жоғарыда аталған ОВ және ШСВ функцияаларын бірлестіру көптеген шешімдерді шешуде маңызды тенденцияға ие.

Екі ОВ кезінде айналмалы шина системасы кейбір жағдайда айырғыштармен секциондалады немесе екі тәуелсіз бөліктер ретінде жасалады.

Бұл дегеніміз екі ОВ-ның жұмыстары айналмалы шина жүйесінің қосылулар саны екеу кезінде байланыстардың болуын жояды. ТҚ сөндіргіштерін жоспарлы жөндеу жұмыстары кезекпен орындалады. Сұлбада екі ОВ-ң болуы басқа ОВ-ң жоспарлы жөндеу жұмыстары кезінде бір ОВ-ң істен шығып, ауыстыру кезінде ақтауы мүмкін.

Айналмалы жүйе шинасы бір немесе екі системалы жүйе құрама шинаның болуы үнемі болмайды. Кейбір жағдайларда 35 кВ кернеулі ТҚ сұлбасы осы класстық кернеулерден сөндіргіштернінің жөндеу жұмыстарының ұзақтығы аз болған кезде қолданылады. Бұл, сонымен қатар КРУЕ үшін қарастырылмайды.

Бір системалы бір жүйелі құрама шиналы айналмалы система шинасы бар ПС сұлбасы үшін екі тізбектей қосылған сөндіргіштердің қосылған сөндіргіштерді құрама шина системаларын қарастырылады. Бір секционды құрама системалы шиналы ПС үшін развилкадағы екі секцияға щығатын екі шиналы айырғышы бар бір ОВ орнатылады. ЖЭС және АЭС сұлбалары үшін, ОВ орнату құрама шина секцияларының әрқайсысында орнатылады. АЭС үшін жақында 500,1000 МВА қуатты моноблоктар, сонымен қатар қуаты 500 МВА байланыс автотрансформаторы ТҚ сұлбасынан тәуелсіз кем дегенде екі сөндіргіштермен коммутацияланады.

Қазіргі таңда жобалайтын ұйымдарда ТҚ сұлбаларын дамытуға арналған ұсыныстар бар. ЖЭС ТҚ бір системалы құрамалы шиналар үшін екі тізбектей қосылған СВ орнату қарастырылған. ТҚ-да екі системалы құрама шинасы және айнымалы система шинасы бар қосылулар саны 11 кезінде немесе одан кем құрама шина системалары секцияланбайды. Қосылулар саны 12 және одан көп кезінде құрама шиналардың әрқайсысы өзінің сөндіргішімен секцияланады. Екі құрамалы системалы шиналарда секционды екі ө.м. іске қосушы резервті автотрансформаторлары бар ТҚ қосылулар санынан тәуелсіз жасалады. 500МВт және одан көп моноблоктар, сонымен қатар, екі системалы құрамалы шиналы айнымалы шиналы истемалары сұлбасы бар қуаты 500МВА байланыс автотрансформаторлары екі сөндіргіштермен коммутацияланады. 3/2 және 4/3 сұлбаларды қолдану аймағы барлық 110 кВ жоғары кернеулер үшін таратылады. Сөйтіп, осы барлық ұсыныстар ТҚ сұлбаларының сенімділігін арттыруға бағытталған. Электрлік станциялармен қосалқы станциялардың құрылымдық сұлбалары.