Файл: 31 мамыр Саяси уынсргін рбандарын еске алу кні Есімі рпа жадында.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 17

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін

құрбандарын еске алу күні

Есімі ұрпақ жадында


Өткен өмір, кешегі күн – бүгінгі тарих. Тарих - халықтың, елдің, әр адамның өткен өмірінің айнасы. Қазақта «адам өмірі қамшының сабындай қысқа» деген нақыл сөз бар.Саналы өмірде, жарық дүниеде адам баласы біреу артық, біреу кем үлес қосады, әркім өзінше артында із қалдырады, өзінше аты қалады. Ал біз барды бағалай, асылды ардақтай білуге тиіспіз. Заманымыздың ұрпакка ұласар, халықтың есінде ұзақ сақталар есімнің бірі де бірегейі, Кулагино орта мектебінің қалыптасуына зор үлес қосқан ардақты ұстаз Қалам Есқалиев
Қалам ағайдың кейінгі ұрпағына қалдырған тындырымды істері әркез ел жадында. Осы саналы ғұмырына көз жіберсе қиын да қызықты ұстаздық қызыметпен тығыз байланысты екенін көреміз.

Қалам Есқалиев 1915 жылы қазан айында Есбол болысының Қызылжар аталатын 4- ауылында дүниеге келген.

1929 жылы № 4 ауылда бастауыш мектепті 14-жасында аяқтап, 1930 жылы Гурьевтың ФЗО-сына түсіп, оны 1932 жылы жақсы бағамен тәмамдаған. ФЗО-да үздік оқығаны математика пәні болған. Ыждағатты, ынталы, әрбір жұмысына тиянақты бала бесінші разрядты токарь болып шыққан. Біраз уақыт токарь болып жұмыс жасап, мұнай техникумына түседі. Алайда денсаулығына байланысты тәмамдай алмайды. 1934 жылы Кулагинода шыға басталған аудандық Есбол аудандық «Социалистік мал шаруашылығы» үнқағазында 1935 жылы облыстық «Социалистік құрылыс» үнқағазды редакциясында жұмысқа ауысады.

XX ғасырдың 30 жылдарының орта тұсы-Қазақстан үшін мүлдем жаңа заман, халықтың жаппай сауат ашуға, хат тануға, ұжымдасуға ұмтылған дәуірі.

Мұғалім кадрлары жетіспеген заман. 1935 жылы Қалам Есқалиевті Гурьев қалалық оқу бөлімі мен комсомол комитеті Доссор кәсіпшілігіне тау-кен өнеркәсіп оқушылары мектебіне математика мұғалімі етіп жібереді. 1936 жылдың тамызында Қалам Кулагино орталау мектебінің директоры болып тағайындалған. Осы кезеңде Есбол ауылында бірде-бір орта мектеп болмай, мектебінде алгебра, геометрия пәндерін жүргізіп, сабақтар кестесіне енгізген.
Аудан тарихында алғашқы орта мектеп 1936 жылы құрылып, директорлығына Қалам Есқалиев тағайындалған. Жамбыл есіміндегі алғашқы орта мектептің ірге тасын қалап, өзі математикадан дәріс берген. Өнегелі өмірі бар ардагер ұстазымыз-Қалам Есқалиев- ұзақ жылдар бойы халықты сауаттандыру, білікті ету, түрлі мамандықтарды меңгеруіне жол ашып, білім беру саласында үлкен еңбек сіңірді.


Қысқа мерзім ішінде Кулагино орталау мектебі, білікті зиялы мұғалімдері бар орта мектепке айналады. 1938 жылдың қазанына дейін орта мектеп директоры, әрі математика мұғалімі болып қызмет етеді. Жергілікті халықтың есінде қазіргі Кулагино орта мектебінің іргетасын өзі бастап салдыртып, құрылысын аяғына дейін жеткізуді игілікті жұмысы ретінде бағаланады. Екі қатарлы үй аудандағы ең тұңғыш сәулетті ғимарат Кулагинодағы шіркеу тасынан клуб қалаған тастары мектеп үйіне пайдаланылған. Жетіспеген тас Өрліктен өгіз арбамен тасылған. Мектеп құрылысына 200 мың сан жетпей қалғанда Қалам ағай Қазақстан үкіметіне хат жазып, 50 мың сан қаражат бөлгізіп, оқу корпусын тез арада сапалы аяқтатқан.

Кейін Камен аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі ,облыстық оқу бөлімі жанындағы педагогикалық курстарының оқу меңгерушісі ,Есбол ауданы Индербор орта мектебінің директоры болды. 1943 жылы әскер қатарына шақырылып , бірақ көп ұзамай денсаулығына байланысты әскер қатарынан босатылады. Осы жылы Есбол аудандық партия комитетінің нұсқаушысы,1946 жылы Зеленый балалар бағым үйінің директоры қызметін атқарады. 1951 жылы «Елбасын кінәлап сөз айтыпсың, қалхоз құрылысын сынапсын» деген айып тағылып ,№58-10 бабының 1-бөлімінен «Ату жазасына немесе 10 жыл түрмеге ауыстырылсын» деген үкім шығарады. Бұл айыптаулардың барлығы ол айыбы нақақ, қолдан ұйымдастырылған жала екендігі дәлелденіп, 1955-жылы босап, елге келеді.

Ауылға келген соң өзі қалаған ұстаздық қызметін жалғастырып, Зеленый орта мектебінде мұғалім, кейін директор болады. 1963-жылдан 1985-жылға дейін қайтадан Кулагино орта мектебінде ұзақ жылдар жемісті еңбек етті.

Қалам ағайдың еліне сіңірген еңбегі ескерусіз қалған жоқ.

1951-жылы Қазақ ССР-і Жоғарғы Советінің грамотасымен, 1961- жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 1970 жылы «КСРО халық ағарту ісінің үздігі белгісімен марапатталған.

Қалам ағай мен Хамида апай екеуі алты қыз, екі ұл тәрбиелеп өсірген. Олардың бәрі де жоғары білімді, бүгін де өмірден өз орындарын тапқан жандар. Қызы Дарико апай-Гурьев педагогикалық институтының физика-математика факультетін тәмамдап, ұзақ жылдар Жамбыл орта мектебінде ұстаздық қызмет етіп, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарған. Ұлы Ғазиз ағай-Ақтөбе медицина институтын «Көз дәрігері» мамандығы бойынша аяқтаған, осы салада ұзақ жылдар бойы еңбек етті.

Қыздары Мәрия апай-Қарағанды техникалық институтын бітірген, инженер-экономист. Роза апай- Гурьев педагогикалық училищесін «Мектепке дейінгі балалар тәрбиешісі» мамандығы бойынша аяқтаған.



Айгүл апай-Ақтөбе педагогикалық институтының «математика» факультетін бітірген.

Шолпан апай-Қарағанды политехникалық институтын аяқтаған инженер-педагог.

Зоя апай-Талдықорған қаласындағы заң техникумын тәмамдаған, заң қызмекері. Ал, ұлы Хайдар-Ростов мемлекеттік университетін «социолог-политолог» мамандығы бойынша аяқтаған.

Ұлы Абайдың: «Адамның бір қызығы бала деген,

Баламды оқытуды жек көрмедім»,-деген тағылымы әке талабымен қабысып, балаларының жүрегінен жол табуы қуанарлық та, қызығарлық жайт емес пе?

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабына «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органның үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үқіметтің 2016 жылдың 5 қарашадағы № 662 «Атырау облысының кейбір мемлекттік білім беру мекемелерін қайта атау туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігінің 2016 жылдың 2 желтоқсандағы № 267 Қаулысын басшылыққа ала отырып, Индер аудандық білім бөлімінің «Кулагино орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «Қалам Есқалиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атауы берілді.

Мектеп басшысы Қанатов Руслан Бағытұлының басшылығымен , мектеп ұжымындағы мұғалімдер, оқушылар Республикалық,облыстық, аудан көлеміндегі сайыстардан жүлделі орындар алып, мектеп абыройын асқақтатып жүр.

Иә, уақыт жылжып өтер, дүниеге жаңа ұрпақ келер, Қалам ағайдың парасаттылығы мен ақыл-ой өрісі, білімпаздығы, қайраткерлігі келер ұрпақпен бірге жасай берері сөзсіз.

Айсауле Борангалиева

Қалам Есқалиев орта мектебінің тарих пәні мұғалімі