Файл: Жамбыл облысы кімдігіні білім басармасы Т. Рыслов ауданы білім бліміні 1 мектеплицейікмм.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 52
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Информатика пәні мұғалімдерінің РЕЙТИНГ
| Мұғалім | Оқушы | |||||||
№ | Мұғалімнің аты-жөні | Аудандық | облыстық | Республикалық | Барлығы | Аудандық | облыстық | Республикалық | Барлығы |
1 | Тлебалдиев Бахтияр Шахтыбаевич | | | | | | | | |
2 | Дакенов Әкежан Бақытұлы | | | | | Үздік фильм І орын | Үздік фильм ІІ орын | | 2 |
3 | Қуанышбаева Айжан Халыкбековна | | | | | Білім анимация ІІІ орын Зерттеу жоба Алғыс хат | | | 2 |
4 | Дүйсен Жансая Ғалымжанқызы | Авторлық бағдарлама 3 орын | | | | | | | 1 |
6 | Талғатбек Асем | | | | | | | | |
7 | Нахимова Аида | | | | | | | | |
8 | Шоңғарова Айгуль | Семинар | | | | | | | 1 |
КЕСТЕ 5 Жас мамандармен жұмыс
қ/с | Пәні | Жас мамандардың аты-жөні | Бекітілген тәлімгері |
1 | Математика | Сатыбалды Жандос | Асипов Жангали |
Жас мамандарға бекітілген тәлімгерлер олардың сабақтарына еніп, қорытынды есептер жүргізуде, бағдарламаларды түзуде,жәрдем беріп келеді.
2023 оқу жылының 27 ақпан күні «Оқушылардың алған теориялық білімдерін практикада қолдану, құзыреттіліктерін арттыру» тақырыбында өткізілген семинар
Аудандық әдістемелік кабинет пен мектебіміздің бірлесе ұйымдастыруымен математика және физика пәндерінен " Оқушылардың алған теориялық білімдерін практикада қолдану құзыреттіліктерін арттыру» тақырыбындағы аудандық семинар өткізілді. Семинарға ауданның физика пәні мұғалімдерінен жиырма бір мұғалім,ал математика пәні мұғалімдерінен жиырма төрт мұғалім қатысты. Семинарды өткізудегі мақсат оқушылардың теорияда алған білімдерін практика жүзінде қолдану дағдыларын қалыптастыру». Ал,міндеттері қоғамдық өмір практикасына қажетті математикалық ойлауды қалыптастыру.
Семинар барысында «Математика пәнін мамандыққа бағыттап оқыту» бойынша математика пәні мұғалімдері Сейдимашева Н.Т,Сегизбаева М.Н және Асипов Ж.К 10-11 сынып оқушыларымен шеберлік сабақ өткізді.Шеберлік сағатта презентация, топтық жұмыс, ықпалдасу сәті, «Білімбанкы» кері байланысы орнын алды.Шебер сағатқа қатысқан әріптестер мен 10-11 сынып оқушылары түрлі- түс страегиясы арқылы бөлініп отырды.Презентациялық жұмыс прайзер платформасы арқылы жүзеге асты. Іштей өздерінің адами болмысын, көшбасшылық қасиеттерін байқап, жұмысқа ынталанып кірісті. Мамандыққы бейімдеу,өзіндік құзыреттілігін арттыруда,математикалық құзыреттілігін кеңейтуді міндет ете отырып, әр топ кезекпен мамандық бойынша есептерді таңдап ,берілген есептерді топта талқылау , пiкiрлecу, oй бөлicуде белсенділік көрсетті.Топпен жұмыc бaрыcындa бiр-бiрiнiң пiкiрiн тындaп, ойларын жеткізуде бірін- бірі толықтыру,түзету жұмыстары жүргізілді.
Мұғалімнің негізгі міндеті: барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету , өмірге деген қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылды. Балалардың білімі мен ойын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне мейлінше тартуға көмектесті. Оқушыларға әр-түрлі және кеңейтілген тапсырмаға қатысу мүмкіндіктері берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алды. Бұл мүмкіндіктер олардың мамандыққа деген білімін құру құралы ретінде қолданудың жаңа тәсілдерін тәжірибеден өткізуіне жол ашты. Осыған байланысты оқушының білім алуы алға жылжитынына көзіміз жетті.
Ал,физика пәні мұғалімі физика пәнінің мұғалімі: Кузенбаева Сауле Копжасаровна «Жалпы физиканың мамандықтар саласындағы қолданысы» тақырыбында шеберлік сағат өткізілді. Бұл сағатқа қатысқан аудан бойынша әріптестер мен 11 сынып оқушылары, аниамациялық презентация, физика-менің болашақ мамандығымда- атты пікір талас, жетістік баспалдығы NEARPOD платформасы арқылы өтті.
Функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың басты міндеті-оқушылардың
теориялық білімдерін практикада қолдану, физика ғылымына деген шынайы құрмет пен сүйіспеншілікті дарыту және оқушыны келешек өмірге дайындау, білім алу және кәсіптік қызметті жалғастыруда кәсіби білік пен бейімділікті қалыптастыру. Міне осы мақсатта, оқушылар таңдаған мамандықтар саласындағы- физиканың ролін анықтап, физика ғылымы мен кәсіби мамандықтар арасындағы заңдылықтардың өзара байланысын талқылап , пiкiрлecіп, oй бөлicіп, белсенділіктерін көрсетті.Мысалы; дәрігер мамандығын таңдаған 3 оқушы- оларға медицина құралдар берілді (тонометр, шприц, градусник) осы құралдардың жұмыс принципі, физиканың атмосфералық қысым заңдары орындалатынына көз жеткізді.
Математика пәні мұғалімі педагог-модератор Сатыбалды Жандос Ерланұлы 6 сынып оқушыларымен «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабағының барысында: оқушыларды «Жарық шам» әдісімен топқа бөліп,оқушылар жарық шамдарды таңдау арқылы топқа бөлді. Миға шабуыл «Боулинг» әдісін пайдаланды.Genially платформасында құрылған сұрақтарға жауап алдынды. Оқушылар сұраққа жауап беріп белсенді қатысып отырды. Жауаптың дұрыс немес дұрыс еместігі Genially-да көрсетілді. «Шаңырақ» әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгертті. Әр топқа шаңырақ постері таратылды.(шаңырақтың уығының бойында берілген теңсіздіктерді шығарды. Әр топ берілген есепті барлығы талқылап алгаритімінің шартарына өз есептеріне байланысты жазды, теңсізідікті шешті.) Үш топ «Шаңырақ» постерін толтырып, постерді қорғады.
Деңгейлік тапсырмалар берілді. Жұптағы оқушылар дәптерлерін ауыстырып өз-өздерін тексеріп бағалады. Plickers арқылы тексерілді. С-деңгейінің тапсырмасы тақтада шығарылып көрсетілді. Әр топтың оқушылары өздерінің мүмкіндігіне қарай «А», «В», «С» , деңгейнің (карточкалар) тапсырмаларын таңдады, топтан жұбын анықтады, екі оқушы келісіп отырып, дәптеріне орындады. Рефлексия: «СМС» әдісі. Оқушылар телефонға смс жазу арқылы рефлекция сұрақтарына жауап жазды. Үй жұмысын күнделіктеріне жазды. Сабақта интертақта,миға шабуыл, презентация, кері байланыс,бағалау жұмыстары жүйелі жүргізілді. Оқушылар сабаққа жақсы қатысып , өз білімдерін ортаға салды.Сабақ мақсатына жетті.
Келесі ашық сабақты педагог-модератор Шадиева Ботагоз Баяновна 10 сынып оқушыларымен « Туындыны табу ережелері » тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақты топқа бөлуде Сastlots платформасын пайдаланды. Оқушылар шеңберді айналдыра отырып оқушылардың есімдерімен үш топқа бөлді. Өткен сабақты еске түсіру мақсатында «Адасқан формулалар» әдісі арқылы ережелерді
Айту да wordwall платформасын пайданланды. Сабақ барысында жұптық жұмыс орындауда «Бинго» әдісін пайдаланды. Оқушылармен жеке жұмыс жасауда «Дұрыс таңдау жасап,жауапты дұрыс тап»әдісі арқылы Рlikers платформасында тест
пайдаланды.Оқушылармен бағалау жұмыстары жүргізілді. Сабақ соңында оқушыларға бургер парақшалары берілді, өздерінің ойын әр тармаққа бір сөйлеммен жазып жеткізді. Сабақ мақсатына жетті.
Ал,физика пәні мұғалімі Айдарова Л.Т 10 сынып оқушыларымен «Электр тогының жұмысы мен қуаты.Джоуль-Ленц заңы.Ток көзінің ПӘК-і» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Үй тапсырмасын еске түсіру мақсатында Quizizz және Learningapps платформасы арқылы өтілген материалды оқушыларға ұялы телефонға сілтеме жіберу арқылы тексерілді.Сілтемені жіберу арқылы оқушылар әрқайсысы жеке жұмыс жасады үш минут уақыт берілді.Содан соң өздері тексерді.Бүгінгі сабақты Фрайер модель әдісі арқылы сабақты түсіндірді. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар берді. Оқушылар белсенді қатысып отырды сабақты бекіту барысында Kahoot платформасында тест орындады. Сабақ өз мақсатына жетті.
Қорыта айтқанда, теориялық материалдарды игеру дәрежесін, оларды практикада қолдана білу қабілетін және алға қойылған міндеттерді өздігінен орындау мүмкіндіктерін толық көрсетіп берді. Осы шеберлік сағатта- оқылған материалдарды игеруге, шығармашылық қабілетін дамытуға, логикалық өйлауын жетілдіруге және болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға зор әсерін тигізді.