Файл: азіргі заманы білім беру технологиялары жайында негізгі ымдара талдау жасаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 15

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазіргі заманғы білім беру технологиялары жайында негізгі ұғымдарға талдау жасаңыз

«Оқыту технологиясы» - алға қойылған мақсатқа ең тиімді жолмен жетуге оқу жоспары бойынша оқыту мазмұнын жүзеге асырудағы әдістер мен құралдар жүйесі. 

Көптеген зерттеушілер «оқыту технологиясы – оқыту мақсаттарын ескере отырып, оқу үрдісін дұрыс жоспарлап, оны жүзеге асыру» деген пікірмен келіседі. Оқыту технологиясын зерттеуде отандық белгілі педагог ғалымдарымыз Ж.Қараев және т.б. зор үлес қосты.

Педагогикалық технологиялар көптүрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы; екіншісі – тәжірибемен жүзеге келуі.

Оқыту технологиясы оқу мазмұнын өңдеуге, көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы болса, екінші жағынан, оқытушының оқыту үрдісінде қажетті ақпараттық, техникалық құралдарды пайдаланып, оқушыға оң әсер ету әдістерін зерттейді. Демек, оқыту технологиясы- педагогикалық әрекеттерді ғылыми- әдістемелік, іс- тәжірибелік негізде нәтижелі болатындай етіп, жоспарлы түрде ұйымдастыру.

Оқыту үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдану мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, рухани, адамгершілік, азаматтық сияқты көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі ықпалын тигізеді.