Файл: йде оитын оушыны аза тілі мен оу жне тіл дамыту пнінен ii жартыжылды біліміне сараптама.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 27

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Үйде оқитын оқушының қазақ тілі мен оқу және тіл дамыту пәнінен II жартыжылдық біліміне сараптама

2020-2021 оқу жылында үйден оқыту бойынша 9 сынып оқушысы Утельбаева Аяжанға қазақ тілі мен тіл дамыту пәнінен сабақ беремін. Тақырыптық күнтізбелік жоспар мүмкіндігі шектеулі оқушының медициналық көрсеткіші мен психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып барынша жеңілдетіліп жасалды. Оқушымен жаңа оқу жоспары бойынша күнтізбелік жоспары бекітіліп, аптасына 2 қазақ тілі мен 1 қазақ әдебиеті пәндері бойынша сабақ өткіздім. Берілген оқу бағдарлама,мақсаттары толық орындалды.

Еліміздегі пандемиялық жағдайға байланысты қашықтан оқытуда Аяжанмен ватсап желісі видеозвонок арқылы жаңа сабақты түсіндіріп, презентациялар мен арнайы жасалған тапсырмаларды барынша қызықты әдіс-тәсілдер арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға байланысты беріліп отырды.

Аяжанмен жүргізілетін әр жаңа сабақтан кейін сұрақтар беріп отырамын,кері байланыс ретінде,сабақты қорытындылаймыз.Уақыт өте келе оқушы қалыптасып,күнделікті уақытымен тапсырмаларын өздігінен орындайтын,қатесіз сауатты жазатын жағдайға жетті. Есте сақтау қабілеті төмендеу, дегенмен де шаршамауы үшін жұмыс түрлерін өзгертіп отырамын, гугл форма арқылы да жұмыс жасаймыз.Дегенменде 7-сәуірден бастап рұқсат берілгендіктен үйіне барып сабақ бердім,қарама-қарсы оқушымен жұмыс жасаған әлде қайда тиімдірек,күніне диктант,оқу техникасын тексеріп жүрдім,көрсеткіші жоғарылап келуде. Жазған сөйлемдерінің ішінен өз қателерін табуды үйренді.Мұндай тапсырмалар арқылы Аяжан өзін жігерлендіре түсетіндігін айтты.

Жалпы алғанда, Аяжанның үлгерімі жақсы, берілген тапсырмаларды тез қабылдайды,өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланған. Басты қиындық кейбір кездері денсаулық жағдайына байланысты ауырып,емханаға жатып қалуында, өзі әлсіз,тез шаршайды, жазуы жиі өзгереді, қазақ тілі сабағына көп күш жұмсайды. Сондықтан әрбір өтілетін тақырып пен таңдалатын тапсырмалар мен жаттығулар барысын жұмыс жағдайына ыңғайластыруға тырысамын. Аяжанға бағытталып осындай жұмыстар жүргізілді,ары қарай да жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз деген ойдамын.

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі: Абдрасулова Д.С.