Файл: Блім ылым мен технология жетістіктері Сабаты таырыбы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 18
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім: | Ғылым мен технология жетістіктері | |||
Сабақтың тақырыбы: | Жаңа технологиялар | |||
Мұғалімнің аты-жөні: | А.К.Жумагалиева | |||
Күні | 15.05.2023 | |||
Сынып: | 6 «Ә» | |||
Оқу мақсаттары: | 6.2.5.1- мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру. 6.4.5.1-қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін түсіну, қолдану. | |||
Сабақ мақсаттары: | мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтай алады; тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін түсіне алады.анықталған ақпаратты ауызекі сөйлеуде, жазба жұмыстарында қолдана алады; шығармашылық жұмыстарда тыныс белгілерін дұрыс қоя алады. | |||
Жоспарланған уақыт | Жаттығулар | Ресурстар | | |
Басталуы 5 минут Ортасы 30 минут Соңы 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларымен сәлемдесу. «Шаттық шеңбері» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін айтады. Білім алушыларды сабақ мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстырамын. Содан кейін нөмірленген асықтар арқылы балаларды үш топқа бөліп аламын. Қызығушылықтарын ояту. Оқушылар бірнеше дыбыстарды тыңдайды. Тыңдаған дыбыстардың қай затқа тән екенін тауып айтады. Оқушылардың жауабынан кейін осы суреттерді интербелсенді тақтаға шығарамын.
жарайсыздар!
-Ендеше, тақтаға назар аударайық. Оқушылар «Жаңа ғасыр – жаңа технология» тақырыбында видео көреді. Тақырып бойынша түсінгендерін қысқаша айтып береді.Осыдан кейін әр топтың алдына мәтін, керекті құралдар таратылады. Топтық жұмыс. 1-тапсырма. Оқушылар мәтінмен танысып, төмендегі тапсырмаларды орындайды. 1-топ. Мәтін мазмұны бойынша тірек сызба жасайды. 2-топ. Негізгі, қосымша ақпараттарды анықтайды. 3-топ.Негізгі мәліметтерді анықтауға арналған сұрақтар құрастырады Жаңа ғасыр-ғылым мен техниканың дамып, жаңа белеске шыққан кезеңі. Себебі, бүгінгі таңда ғалымдар күн сайын технология әлемінде түрлі жаңалықтар ашып, тіпті адам өмірін жеңілдететін адамға ұқсас роботтарды ойлап табуда. Өмірге бұрын-соңды кездеспеген материалдар, тұрмыс бұйымдары, өндіріс құралдары, қалдықсыз, қауіпсіз қуат көздері келе жатыр. Мысалы, бұрын адамдар көз майын тауысып, қағаз басу үшін қаншама әріп терсе, енді оның барлығын электронды түрде көшірме жасап немесе сканерлеп алуға болады. Ал ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылы басталды. Ең алғашқы ұялы телефонның салмағы 1,15 килограмм болды. Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды. Үйдегі қолданысқа арналған шағын пештер 1955 жылы шығарыла бастады. Қысқа толқынды пеш - тамақты тез дайындауға, ысытуға және тоңазытқыштан шыққан азық-түлікті жылдам жібітуге арналған-тұрмыстық электроқұрал.Осындай жаңа технология- лар арқылы алға қадам басып келеміз. Дескриптор:
Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын алмастырып, тексереді. Жеке жұмыс. 2-тапсырма. Білім алушылар жаңа технологиялар туралы сұраулы және лепті сөйлемдер құрастырып жазады. Дескриптор:
«Бағдаршам» әдісі бойынша балалар өздеріне баға береді. Кері байланыс: оқушылар өз ойларын «ПОПС» формуласымен дәлелдейді. «Менің ойымша, ...» «Себебі мен оны былай түсіндіремін ...» «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ...» «Қорыта келгенде, ...» Үй тапсырмасы: «Технология және өмір» тақырыбына сөзжұмбақ құрастырыңыздар. | Ұялы телефон немесе ноутбук Интербелсенді тақта YouTube А4 форматы, маркерлер | | |
| |