ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Методичка
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 03.02.2019
Просмотров: 369
Скачиваний: 5
Клиникалық жағдай: «Асқазанның ойық жара ауруы, өршу сатысы»
Ситуациялық есеп: Сіз – кезекші дәрігерсіз. Қабылдау бөліміне 13 жасар науқас келіп түсті.
Тапсырма:
-
Анамнез жинаңыз және науқасты қарап, тексеріңіз.
-
Зертханалық-аспаптық зерттеулердің мәліметтерін интерпретациялаңыз.
-
Диагноз қойыңыз.
-
Науқасты жүргізу тәсілін анықтаңыз.
Қорытынды нәтиже(outcomes):
-
Асқорыту ағзаларының аурулары бар науқастан жауап алу, қарап тексеру.
-
Ойық жара ауруының клиникалық диагностикасы.
-
Клиникалық-зертханалық-аспаптық зерттеулерден алынған мәліметтердің интерпретациясы.
-
Ойық жара ауруы бар науқасты жүргізудің тәсілі, функционалды жағдайын бақылау.
-
Науқаспен тиімді қатынасты орнату және қорқыныш сезімін басу.
«Асқазанның ойық жара ауруы, өршу сатысы»
медициналық симуляцияның
бағалау парағы (check-list)
№ |
Қадамдарын бағалау критерийлері |
Балл түріндегі бағасы |
||
Дұрыс орындады |
Ескертулермен орындады |
Орындамады |
||
1 |
Анамнез жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? |
2,0 |
1,0 |
0 |
2 |
Жалпы қарап тексерудің реттілігі мен кезектілігін сақтады ма–жалпы қарап тексеру |
2,0 |
1,0 |
0 |
3 |
Физикалды қарап тексерудің жүргізілуінің дұрыстығы |
2,0 |
1,0 |
0 |
4 |
Медициналық симуляция жағдайында берілген симптомдар интерпретациясының дұрыстығы |
2,0 |
1,0 |
0 |
5 |
Болжам диагнозды негіздеу |
1,0 |
0,5 |
0 |
6 |
Зерттеу жоспарын тағайындау |
1,0 |
0,5 |
0 |
7 |
Салыстырмалы диагностика жүргізу |
1,0 |
0,5 |
0 |
8 |
ЖҚА, ЖЗА интерпретациясы |
1,0 |
0,5 |
0 |
9 |
Қанның БХА интерпретациясы |
1,0 |
0,5 |
0 |
10 |
ЭФГДС, Н.pilory –ге қанның ИФА интерпретациясы |
1,0 |
0,5 |
0 |
11 |
Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ интерпретациялау, копрограмманың интерпретациясы |
1,0 |
0,5 |
0 |
12 |
Қорытынды диагнозды негіздеу |
1,0 |
0,5 |
0 |
13 |
Емдеу тәсілін анықтау |
2,0 |
1,0 |
0 |
14 |
Емнің тиімділігін бақылау |
1,0 |
0,5 |
0 |
15 |
Науқаспен тиімді қатынасты орнату |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
БАРЛЫҚ балл саны |
20 |
|
|
Стандартты әртіске (науқасқа) арналған сценарийдің мәтіні және оның рөлі туралы түсінік:
Науқас 13 жаста
Шағымдары: аш қарынға эпигастрий аймағының ауру сезімі, ол ауру сезімі түнгі мезгілде мазалайды, тамақ қабылдаған соң басылады, қышқылмен кекіру, қыжыл.
Сұрақтың мәні |
Әртіске арнап құрастырылған сұрақтар |
Жауабы |
Аурудың сипаты |
Эпигастрий аймағындағы ауыру сезімінің сипаты қандай – тескен тәрізді, қысқан тәрізді, басып тұрғандай ма? |
Ауру сипаты тескен сипатта |
Ауыру сезімінің пайда болуы |
Ауру сезімі тұрақты сипатта ма әлде ауық-ауық мазалайды ма? Эпигастрий аймағындағы ауру сезімін не дамытады? |
Эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі аш қарынға ауырады, жиі түнгі мезгілде, тамақты қабылдағаннан кейін басылады. |
Қыжыл, жүрек айну |
қыжыл, жүрек айну үнемі мазалайды ма әлде ауырған кезде пайда болады ма? |
Қыжыл аш қарынға мазалайды, жүрек айну тамақты қабылдағаннан кейін пайда болады. |
Нәжістің өзгеруі |
Ретсіз нәжістің көрініс қалай байқалады? |
Іш қатуға бейімділік байқалады |
Ұйқысының бұзылуы |
Ұйқының бұзылысы немен байланысты? |
Түнгі мезгілдегі ауыру сезімінің есебінен. |
Ауру анамнезінен: ер бала 5 жыл бойына ауырады, ауық-ауық іштегі жедел аурулар мазалайды, тексерілмеген. Диспансерлік есепте гастроэнтеролог маманында тұрады, аурудың өршуіне байланысты ауруханалық ем қабылдауға жатқызылды.
Өмір анамнезінен: ер бала 5 жылдан бері ауырады. Аллергоанамнезі асқынбаған. Тамақтануы біртекті, тамағы «құрғақ», ащы, қуырылған тағамдарды жақсы көреді. Баланың анасында – созылмалы гастрит ауруы бар.
Объективті: баланың жалпы жағдайы орташа ауырлықта, терінің бозарғаны айқындалған. Тілі ақ жабындымен өңезделген. Өкпесінде тынысы везикулярлық. Жүректің шекаралары қалыпты көрсеткіштер деңгейінде, шу жоқ. Іштің беткей пальпациясында – жеңіл дефанс, іштің терең пальпациясында эпигастрийдің сол жағында айқын ауырсыну бар. Мендель симптомы оң. Іш қатулары бар.
Жалпы қан анализі
Эритроциттер – 3,3 х 1012/л
Гемоглобин – 105 г/л
Түстік көрсеткіш – 0,8
Лейкоциттер – 8,4 х 109/л
Нейтрофилдер:
Т/я - 1
С/я- 51
Эозинофилдер - 1
Лимфоциттер- 32
Моноциттер-7
ЭТЖ– 17 мм/сағ.
Биохимиялық қан анализі
Көрсеиткіштер |
Нәтиже |
АЛТ |
27 МЕ |
АСТ |
35 МЕ |
Холестерин |
3,9 ммоль/л |
Глюкоза |
3,6 ммоль/л |
Билирубин |
12 мкмоль/л |
Креатинин |
36 ммоль/л |
Тимол сынамасы |
3,1 бірлік. |
СРБ |
+ |
Копрограмма: қалыптасқан, қоңыр түсті, көлденең сызықты бұлшық ет талшықтары+++, дәнекер тіндер++, бейтарап май++, қышқыл май++, қортылмаған клетчатка++.
ЭФГДС: өңеш өткізгіштігі қалыпты, шырышты қабаты қызғылт, кардиальды жом қабысады, асқазанның шырышты қабатында дөңгелек пішінде, көлемі 1.0х1.5см жаралық дефект анықталады, айналасы қызарған, дефкттің түбі лас-сұрғылт түсті фибринмен көмкерілген.
Асқазанның шырышты қабатын цитологиялық зерттеу: Helicobacterpylori анықталды.
ИФА НР тест: оң.
Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ: бауыры ұлғаймаған, паренхимасы гомогенді, эхогенділігі өзгермеген, қан тамырлық тор кеңімеген.
Өт қапшығы алмұрт тәрізді 55-21см, денесіне қарай иірілген, құрамы гомогенді қабырғасы 1мм. Ұйқы безі: басы 17мм(қалыпты 18), денесі 5мм(қалыпты15мм), құйрығы18мм( қалыпты 18мм) эхогенділігі өзгермеген.
«Асқазанның ойық жара ауруы, өршу сатысы»
медициналық симуляцияның жауап эталоны
№ |
Қадамдарын бағалау критерийлері |
Жауап эталоны |
1 |
Анамнез жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? |
Сұрақтар қойды – тамақтанудың сипаты (құрғақ тамақтану, қуырылғанды жақсы көреді), эпигастрий аймағындағы ауру сезімі, ол бірнеше жылдар бойы ауық-ауық мазалайды, баланың анасы созылмалы гастритпен ауырады. Эпигастрий аймағындағы ауыру сезімінің тамақ қабылдаумен және тәуліктің байланысы барын анықтады. |
2 |
Физикалды қарап тексерудің реттілігі мен кезектілігін сақтады ма? |
Ауырлық жағдайын, терісін бағалау, тілінің өңезделгендігіне назар аударды. |
3 |
Асқорыту жүйесінің физикалды зерттеуді жүргізудің дұрыстығы |
Ішке пальпация жүргізудің техникасы. Бауырдың пальпациясы, оның көлемін анықтау. |
4 |
Медициналық симуляция жағдайында берілген симптомдар интерпретациясының дұрыстығы |
Пальпацияда – іштің беткей және терең пальпациясында ішінің ауыратындығын анықтады. Мендель симптомы оң. |
5 |
Болжам диагнозды негіздеу |
Асқазанның ойық жара ауруы, өршу сатысы |
6 |
Зерттеу жоспарын тағайындау |
ЖҚА, ЖЗА, қанның БХА (жалпы белок, АЛТ, АСТ, холестерин, глюкоза, билирубин, креатинин, СРБ, тимол сынамасы), ЭФГДС, асқазанның шырышты қабатын цитологиялық зерттеу. H. Pylori қанның ИФА, құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ. |
7 |
Салыстырмалы диагностика жүргізу |
Созылмалы гастритпен, созылмалы панкреатиттің өршуімен, өт-тас ауруымен салыстыру қажет. |
8 |
ЖҚА, ЖЗА интерпретациясы |
ЖҚА: тапшылықты анемия, гипохромды, шамалы лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. ЖЗА: өзгеріссіз. |
9 |
Қанның БХА интерпретациясы |
СРБ + |
10 |
ЭФГДС, Н.pilory ИФА интерпретациясы. |
Асқазанның ойық жарасы. Асқазан шырышты қабатын цитологиялық зерттегенде H. Pylori анықталды, H. Pylori қанның ИФА - оң. |
11 |
Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ, копрограмманың интерпретациясы. |
Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ: патология жоқ. Копрограммада: патология жоқ. |
12 |
Қорытынды диагнозды негіздеу |
Асқазанның ойық жара ауруы, өршу сатысы |
13 |
Емдеу тәсілін анықтау |
№ 1а,б стол, Амоксиклав 375 мг күніне 3 рет тамақтанғаннан соң 10 күн; Метронидазол 0,25 табл. күніне 2 рет 10 күндей; париет 20 мг күніне 2 рет 1 ай бойы, регенерацияны жақсарту үшін - солкосерил 2,0 мл б/е күніне 1 рет 10 күн бойы, спазмолитик но-шпа, седативті – валериана |
14 |
Емнің тиімділігін бақылау |
Жалпы жағдайының жақсаруы ауру, диспепсиялық, астеновегетаивті және интоксикациялық синдромдардың азаюы. |
15 |
Коммуникативті дағдылар |
Науқаспен тиімді қатынасты орнату және қорқыныш сезімін басу |
Симуляцияның жабдықталуы:
-
Тапсырма бар қағаз, волонтерға (еріп жүрген адамға, ата-анасына) арналған сценарий, қадамдарын бағалау критерийлері.
-
ЖҚА, қанның БхА, ЖЗА, копрограммы, ЭФГДС, асқазанның шырышты қабатын цитологиялық биопсиясы, H.pylori ИФА, құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ нәтижелері.
-
Фонедоскоп, тонометр
1. әртіс – науқас
Жағдай: оқу бөлмесі – қабылдау бөлімі.
1. Кушетка -1
2. Аспаптарға арналған үстел-1, препараттар
Құрастырған : Жетписбаев Г.А., Чой С.В.
Аударған: Жунусова А.Ж.
Рецензент: Қатарбаев А.Қ.
Бекіту күні ББК мәжілісі хаттамасының номері: №6 хаттама, 25.02.14 ж.