Файл: Таырыбы Кеестік азастанды айта ру рекеттері ( 19851991 жж.) Жоспары.pptx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 76

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы:Кеңестік Қазақстанды қайта құру әрекеттері ( 1985-1991 жж.)

Жоспары:

Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы Қоғамның саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріндегі қайшылықтар

Дағдарыс:

Саяси сала: Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздігі; Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы; Партиялық және мемлекеттік қызметтердің бірігуі мен төрешілденуі; Заңдылықтың бұзылуы; Жариялылықтың болмауы

2. Экономикалық сала:

Шаруашылықты жүргізудің шығындық тәсілі; Ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық; Бақылаусыз басқару аппараты; Шығындық тәсіл; Инфляция; Тауар зәрулігі.

3. Әлеуметтік сала:

Тұрмыс деңгейінің нашарлауы; Әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы; Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы; Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер; Қоғамға жат әрекеттердің орын алуы 1982 ж. 10/11 – Л.И.Брежнев қайтыс болды; Партия мен үкімет басшылығына Ю.В.Анропов келді (1982-1984 жж); 1984 ж. К.У.Черненко КОКП ОК бас хатшылығына тағайындалды (1984-1985 жж); 1985 ж. КОКП ОК бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды (1985-1991 жж) 1985 жылғы сәуір КОКП ОК Пленумында әлеуметтік-экономикалық өмірдің мәселелеріне жаңаша қарауға әрекет жасаланды.

М.С.Горбачев саясатының ұрандары:

жариялылық; жеделдету; қайта құру.

Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы:

Жеделдету бағыты анық бағдарламасыз негізде жүргізілді; Әлеуметтік және экономикалық дағдарысты мемлекеттік жүйені қайта құру арқылы емес, жекелеген шаралардың көмегімен жоюға болады деп есептеді; Жеделдету бағыты жекелеген басшылар болып жарияланды. 1988 жылғы маусым –КОКП –ның ХІХ Бүкілодақтық конференцияда қоғамның әлеуметтік-экономикалық жүйесіне талдау жасалды. Шешімдері: Саяси жүйеге реформа жүргізудің қажеттігі; демократияландыру мен жариялылық; төрешілдікке қарсы күрес; халықтық реформа жүргізу; әлеуметтік әділеттілік ұстанымдарын жүзеге асыру. 1986 жыл ақпан –наурыз –Қазақстан Компартиясының ХVІ съезі әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың себептеріне талдау жасамай, жекелеген кемшіліктерді сынаумен шектелді;
1986 жылғы 16 желтоқсан –Қазақстан Компартиясы ОК –нің VПленумында ұйымдастыру мәселесі қаралды. Шешімі: КОКП ОК хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен алынды; Қазақстан үкіметінің басшылығына Г.В.Колбин тағайындалды (1986-1989 жж). Қоғамда жарияланған мақсаттар мен нақты өмір сүру арасындағы күрделі қайшылық нәтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасына әкеліп тіреді. 1986 ж. 17 желтоқсан – Алматыда жаппай толқу басталды. Басты себебі: орталықтың өктемдік әрекеттері мен қайта құру жариялаған демократиялық ұстанымдар арасындағы қарама-қайшылықтар Партия комитеттері мен өкімет тарапынан бақылаусыздыққа жол берілді: 8,5 мыңнан астам адам ұсталып, қала сыртына әкетілді; 1720 адам жарақат алды; 99 адам айыпталып, бас бостандығынан айырылды, 2 адам ату жасана кесіліп, 83 адам – 1,5 жылдан-15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды; 52 адам партия қатарынан шығарылды; 246 студент оқудан шығарылды және т.б жағдайлар орын алды.