Файл: Соналы негізгі орта мектебі Дарынды оушымен жргізілетін жмысты жылды есебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 42

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Соналы негізгі орта мектебі

Дарынды оқушымен

жүргізілетін жұмыстың жылдық есебі


Бастауыш сынып мұғалімі: Мурзахметова А.А.

Дарынды оқушымен жүргізілген жұмыс есебі

... Бізге керегі шын дарындар.
Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын,

мемлекет өзінің талантты ұлдары мен

 қыздарын, нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын

тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті.”
Н.Ә.Назарбаев.
Мақсаты: Оқушының қабілетін анықтау. Сол бағытқа байланысты тереңдетілген түрде тапсырмалар беру арқылы даму деңгейін, ой – өрісін одан әрі дамыту. Білім алудығы негізгі талаптарды жүзеге асыру.

Жүргізілген жұмыс түрі:
Оқытуда түрлі тақырыптарда әңгіме, пікірталас өткізіп, алған әсерлері туралы шығарма жаздыртамын. Күрделі тапсырмалар орындатамын. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақтар, ребус, шығарма жазу, өлең шығару, т.б.) өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастырамын. Мектепішілік, Қашықтықтан өткізілетін олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға, қатыстырамын.

Сунделиталина Айжан – сурет салғанды өте жақсы көреді, суреттерді ашық, түрлі түсті етіп салады, көбінесе гүлдерді салғанды ұнатады. Тек қана сурет салып қоймай бейнелеу өнерінің басқа да түрлерімен айналысады. Витарждар жасағанды, бисермен тоқығанды, оригами жасағанды өте ұнатады. Нағыз дарынды бала болғандықтан бір нәрсемен үнемі айналысқан оны жалықтырып жібереді, сондықтан мен  Айжанға жұмыс түрлерін ауыстырып отырамын, яғни қызықтырып жұмыс жасауына жағдай жасап отырамын. Мектепте жыл сайын жеке көрмелерін ұйымдастырып отырамын, ол  Айжанның жұмыс істеуіне жақсы стимул береді.

Дарын – бұл табиғаттың берген сыйы болса, оқушы бойындағы жылт еткен сәулені сөндіріп алмай, әрі қарай шыңдау – ұстаздың кәсіби біліктілігіне байланысты. «Дарынды оқушы – ұлт болашағы» десек, әр мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Қыркүйек айында оқушының ой-өрісін зерттеу арқылы дарынды оқушыны анықтадым. Күрделі тапсырмалар, зерттеулер беріледі. Әр сабақта оқушының ой-өрісінің өсуіне жағдай жасалады. Оқуға деген белсенділігін дамытып, арттыру. Адамгершілікке, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп өсуіне ықпал жасау.Күрделі жұмыстарға шығармашылықпен бара алады. Айналаға сыни көзқараспен қарай алатын, өзіндік баға беру қабілеті бар. Мектептегі дарынды оқушылармен ұйымдастырылатын шараларға белсенділік танытып қатысады.


2022-2023 оқу жылы бойынша дарынды оқушымен жасаған жыл бойынғы жоспарым өз деңгейіне жетті , себебі олар өздеріне жүктелген жүктемені сезініп, жақсы атқара білді, өз жауапкершіліктерін түсінді, және өз шығармашылық қабілеттерін шыңдай түсті.