Файл: Мизамхан Алтынгл бастауыш сынып малімі, араанды облысы, Абай ауданы, Абастау ауылы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 49
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мизамхан Алтынгүл бастауыш сынып мұғалімі,
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ақбастау ауылы,
Ақбастау ЖББМ КММ
Бастауыш сынып оқушыларының
функциональдық сауаттылығын арттыру
Білімнің іргетасы бастауыш сыныптан қаланады. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының бүгінгі заман талабына сай функиональдық сауаттылығын арттыру ұстаз алдындағы парыз. Білім беру жүйесін жаңғырту жолында бүгінгі мектеп оқушыларға білім берумен қатар білімді өз бетінше ала алу, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу дағдыларын алу әрекеттерін де меңгертуі тиіс. Бұл – функционалдық сауаттылық мектеп қабырғасында қалыптастыру ісі болып саналады. Функциональдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында атап айтылған. Білім – қоғамдық құндылықтардың аса маңыздысы. Сонымен қатар білім алу құқығы. Бұл құқық əртүрлі бастау тұжырым, бағыттардың дүниетаным шарттарына сəйкестендірілген нақты дəуір білім жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оның негізгі мақсаты – оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Білім, өз кезегінде, мемлекеттік, қоғамдық жəне жеке тұлғалық құндылықтарға ие. Оқушылардың функциональдық сауаттылықты арттыруда:
-Оқушылар мен ата аналардың оқуға қатынасын диагностикалау, мектеп тарапынан оқу үрдісінде қажетті құралдармен мүмкіндігінше қанымдау, ғылыми зерттеушілік жұмыстарына басшылық ету
— Білім беру жолындағы көштен қалмай үнемі білім мазмұнын заман талабына сай жаңартып отыру, мемлекеттік білім стандартын басшылыққа алу, мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламалары функционалдық сауаттылық пен құзыреттілік тәсіліне бағытталған білім беру мазмұнын қамтамасыз ету, оқу жоспары бойынша жүйелілігін, коммуникативті дағдыларын қалыптастырудағы білім алудағы дербестік, ақпарат пен технологияны пайдалана білу, іскерлік пен сыни тұрғыда ойлауды жүзеге асыру;
— Функционалдық сауаттылықты көтеру үшін оқу әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету (қазіргі заманғы технологиялар мен ұстанымдарды педагогтердің практикасына енгізіп, жүзеге асыру, мектеп оқушыларын оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ақпараттандыру мен пайдалану деңгейін арттыру )
-Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі (білім нәтижелерін үнемі назарда ұстап, тәуелсіз мониторингтік зерттеулер жүргізу, сыни тұрғыдан бағалау, білім алушылардың өзін-өзі бағалау жүйесін енгізу.)
— Мектептегі қосымша білім беру жүйесі, материалдық –техникалық базаның болуы (мектепті заман талабына сай жабдықтармен қанымдау)
Ұлттық жоспардағы функционалдық сауаттылықты дамытудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асады:
-
1-бағыт оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту -
2-бағыт оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жаңарту -
3-бағыт балаларды оқыту мен тәрбиелеуде ата аналардың қосар үлесі -
4-бағыт қосымша білім беру жүйесін дамыту
Бірінші бағыт– оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Ескірген немесе сұраныс жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге сұраныс көп және болашағы бар бағыттарды күшейту керек. (Елбасы Жолдауынан)
Бағдарламада белгіленген, жеке тұлғаға бағытталған оқытуды қамтамасыз ететін жаңа форматтағы оқулықтарды әзірлеу қажет.
Екінші бағыт оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жаңарту. Яғни, функционалдық сауаттылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жинақтау сияқты өлшемдер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін біртіндеп мектеп өміріне енгізу. Қазіргі біз қолданып отырған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға болатыны нақты анықталмаған. Білім саласындағы ең өзекті мәселенің бірі– функциональдық сауаттылықты дамытуда оқушылардың жетістіктерін мониторингтеу мен кешенді бағалау. Оларда ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері арқылы жүргізіледі.
Функциональдық сауаттылықты дамытудың үшінші бағыты – балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ата-аналардың белсенді қатысуы. Осы әдістеменің негізінде мектепте ата-аналарға арналған семинарлар және тренингтер, сауалнамалар алу. Педагогикалық білім жүйесінде отбасылық тәрбиенің озық тәжірибесін тарату, ата аналарды мектептің, сыныптың тәрбиелік қызметіне тарту жұмыстары бойынша апталықтар өткізу
.Төртінші бағыт – қосымша білім беру жүйесін дамыту. Ұлттық жоспарда оқушылар сарайы, музыка мектептері, жас техниктер мен натуралистер жұмыстарын түбегейлі өзгерту қарастырылған. Мектепте ғылыми-техникалық, экология-биологиялық, көркем-эстетикалық, туристік-өлкетанушылық, оқу –сауықтандыру бойынша қосымша білім беру қарастырылған.
Осылардың бәрі – тұлғаның кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауына мүмкіндік береді. Оқушылардың бойында шығармашылық және инновациялық қызметке деген қажеттілікті қалыптастыруға ықпал етеді.
Жалпы айтқанда Ұлттық жоспарды іске асыру оқушылардың бойында функционалдық сауаттылықты қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Бұл – шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылықты арттырады. Еліміздің Президенті Н.Назарбаев ерекше көңіл бөліп отырған білім мен еңбек қызметін меңгеруге жаңа мотивацияны тудырады. Адам табиғаттың туындысы, ол туындының жеке тұлға ретінде қалыптасуы санасына, қоршаған ортадағы тіршілікпен қатынаста бола отырып, оны тани білуіне, дүниетанымының дамуына байланысты өрбиді.
Оқу тәрбие үрдісінде оқушылардың функиональдық сауаттылығын арттыруға өзіндік пайдасы бар жеке тұлғаға бағыттап оқыту технологиясы жайлы да айта кеткім келеді. Заман талабына сай білімді, бәсекеге қабілетті шәкірт тәрбиелеу, оқыту бұл бүгінгі ұстаздың алдындағы мақсатты міндеттерінің бірі деп айтсақ артық болмас. Ақпаратты технологияның дамыған уақытында шәкіртке сапалы білім беру үшін күнделікті іздену ұстаз біліктілігін арттыра түседі. Ұстаз әр сабағын тиімді де әсерлі, тартымды өткізу үшін сабақта жаңашыл технологияларды пайдалана білуінің де маңызы бар. Жаңашыл технологиялар білім үрдісінің тиімді де сапалы болуына қосар үлесі мол. Технологияның тиімді жағы оқушымен жеке дара жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Оқушылардың қабілеттеріне, қызығушылығына, икемділігіне қарай топтарға бөліп оқыту, оқыту үрдісінде мұғалім мен оқушы арасындағы байланыстың нақтылануы және ынтымақтастықтың қалыптасуы. Оқыту үрдісінде оқушының білім деңгейі мен тұлғалық тәжірибесінің есепке алынуы, адамгершілік рухани құндылықтарын дамыту, оқушының өз бетінше ізденуі. Кез -келген пәндік әдістеменің негізгі идеясы әр оқушының бойындағы жеке тұлғалық рухани құндылық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ашу болып табылады. Бұл технологияны қолдану барысында әр оқушы үшін алдын ала оқшауланған орта құрылмайды, керісінше бала өзінің мүмкіндігін көрсетуге мүмкіндік алады. Тиімді тәсілді сабақта қолдана білу, түсінікті даралау мен саралаудың формалары оқушының таңдаған танымдық қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Мұғалім әр сабақта оқушының білім деңгейін жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, ынталандырып, әр баланың бойындағы рухани құндылықтарды дамытады. Оқушы оқу -тәрбие үрдісінде өзіне қажеттісін таңдай алады. Оқушы өзін -өзі тануға, өз бойындағы ерекшеліктерін игере отырып, қоғамда өз орнын табуға оңай икемделеді. Алған білімдерінің өмірде қажеттілігін түсініп, болашақта оның игілігін көреді.