Файл: Оытуды лгілік оу бадарламасы негізінде 2022 2023 оу жылына арналан йымдастырылан ісрекетті перспективалы жоспары Білім беру йымы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 27
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде
2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы (балабақша / шағын орталық, мектепалды сыныбы)__«Еркетай» бөбекжайы» КМҚК
Топ: «Балапан»
Балалардың жасы: 2 жастан
Жоспардың құрылу кезеңі: (апта күндерін, айды, жылды көрсету):желтоқсан 2022-2023 оқу жылы.
Айы | Ұйымдастырылған іс-әрекет | Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері |
Желтоқсан | Дене шынықтыру | - балалардың өмірін қорғауға және денсаулықты нығайтуға, ағзаның үйлесімді психофизикалық дамуы үшін жағдай жасау; - дененің өсуі мен дамуының табиғи процестерін жетілдіру, қимыл-қозғалыстарға деген биологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру, дене белсенділігін дамытуға жағдай жасау; - балалардың күн тәртібіне, қоршаған орта жағдайларына бейімделуі үшін жағдайлар жасау; - жүру, жүгіру, өрмелеу, лақтыру, секіру, тепе-теңдікті жетілдіруге мүмкіндік беретін негізгі қимыл түрлерін дамыту; - денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру; - дене шынықтыру мен дене белсенділігіне қатысуға, дербес қимыл әрекетін орындауға қызығушылықты арттыру; - қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау. Домалату, лақтыру. Допты бір қолмен және екі қолмен ұстау, көлемдері әртүрлі доптар мен шарларды жинау, оларды өз бетінше себетке (жәшікке) салу, шарларды домалату, допты екі қолмен алға лақтыру, допты алға домалату (отырып, тұрып), допты (диаметрі 6–8 сантиметр) төменге, қашықтыққа лақтыру. Мәдени-гигиеналық дағдыларды және өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру. Ауа ванналарын күніне бірнеше рет киіну- шешіну кезінде қолдану (ауа ванналарының ұзақтығын 2-3 минуттан, 6-10 минутқа дейін ұзарту). |
Сөйлеуді дамыту | -коммуникативтік дағдыларды дамыту үшін тілдік қарым-қатынас ортасын құру; - сөйлеуді және фонематикалық естуді дамыту; - ересектердің, құрдастарының сөзіне еліктеу қабілетін дамыту; Сөзді түсіну. Күнделікті өміріне байланысты қарапайым сөз тіркестерін түсіну, өтініштерді орындау, ойыншықтармен күрделі емес бейнелі ойындар ойнау, тұрмыстық жағдаяттарды суреттейтін 1-3 әрекетті көрсету. Белсенді сөйлеуді дамыту Ересектердің сөздерін тыңдауға, «Бұл кім?», «Бұл не?», «Не істеді?» деген қарапайым сұрақтарға жауап беруге, ыммен, қимылдар арқылы көрсетуден біртіндеп сөзбен айтуға көшуге, екі сөзден тұратын сөйлемдерді айтуға баулу. | |
Көркем әдебиет | - балаларды алғашқы қарым-қатынас құралдарын (вербалды және вербалды | |
емес) қолдануға үйрету; | ||
- үй жануарларының дыбыстарына еліктеу, дыбыстарды қайталау арқылы дыбыстау мәдениетін қалыптастыру; - 2-3 сөзден тұратын тіркестерді құрастыруға, грамматикалық түрлерді қолдануға үйрету. | ||
Сенсорика | - заттарды өзіне тән қасиеттері бойынша зерттеу; - заттардың қасиеттері бойынша ұғымдарды қалыптастыру; - сенсорлық қабілеттерін қалыптастыру; - көру-есту түйсігін, қабылдау, есте сақтау, көрнекі-әрекеттік ойлау, қиял, зейінді дамыту; - түрлі балалар әрекеттерінде көз бен қол үйлесімділігін, қолдардың ұсақ моторикасын дамыту; - интелектуалды сезімді тәрбиелеу (жаңаны тануда қуанышқа бөлену). Әртүрлі әрекеттер (ашу - жабу, өткізу - шығару, домалату, қадау, сабақтау, қою, байлау, төсеу) жасау. | |
Қоршаған ортамен таныстыру | - балалардың қоршаған ортамен танысуына, бейімделуіне, ересектермен және құрдастарымен мейірімді қарым-қатынас орнатуына жағдай жасау; - баланың өз отбасының мүшесі екенін сезінуіне ықпал ету; - қоршаған ортаның заттары мен табиғат құбылыстары жайлы бастапқы түсініктерді қалыптастыру; - тіршілік иелерін бақылау және оларға қамқорлық жасауға баулу; - балаларды әлеуметтендіру үшін икемді дамытушы заттық-кеңістіктік орта құру; - баланы әрекет түрлеріне, ойын арқылы өзіне - өзі қызмет көрсетуге, адамгершілік құндылықтарға баулу; - айналасындағы заттық ортаға қызығушылықты қалыптастыру; - мінез-құлық мәдениетінің қарапайым дағдыларын (амандасу, қоштасу, алғыс айту), құрдастарымен өзара әрекеттің бастапқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету. Қоршаған ортадағы жануарларды көрсету, олардың дауыстарын (қозы - мәәә, бұзау - мөөө, мысық - мияу, ит – аб-аб) келтіру. Өсімдіктер мен жануарларға деген қызығушылықтарын ояту, оларға қамқор болуға баулу. | |
Мүсіндеу | - шығармашылық әрекет түрлеріне қызығушылықтарын ояту; - балалардың байқампаздығын дамыту; - көрнекі-қимылдық ойлауды, есті, қиялды, зейінді, қабылдауды дамыту; - қоршаған орта туралы түсініктерін байыту. Балалардың мүсіндеуге қызығушылығын ояту. Сазбалшықпен таныстыру. Ермексаздың, сазбалшықтың кесектерін алақан арасында домалатып, «шарлар» жасау, жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндеу. | |
Музыка | - шығармашылық әрекет түрлеріне қызығушылықтарын ояту; - балалардың байқампаздығын дамыту; - көрнекі-қимылдық ойлауды, есті, қиялды, зейінді, қабылдауды дамыту; - қоршаған орта туралы түсініктерін байыту. Ойындарда кейіпкерлердің қимылдарын (құс, аю, қоян) көрсетуге ынталандыру. |