Файл: азастанны егемен мемлекет ретінде алыптасуы мен Даму стратегиясы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 34
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Нарықтық экономикаға көшу. Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен Даму стратегиясы" атты жұмысы
Жүмыс қашан жазылды? | 1992 жылы 16 мамырда алғаш рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» жарияланды, бұл өз кезегінде мемлекетті одақтықтан жеке және егемен мемлекетке айналдыру жолындағы жолбасшы болды. |
Жұмыста қойылған стратегиялық мақсаттар: | саясат - негізгі мақсаты экономикалық реформаларды сәтті жүзеге асыру үшін қажетті тұрақтылықты қамтамасыз ету, демократиялық бостандықтар мен адам құқықтарын сақтау арқылы Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы саяси салмағын арттыру болып табылатын жас тәуелсіз мемлекеттің дамуы; |
экономика - әлеуметтік нарықтық экономиканың қалыптасуы, тұлғаның экономикалық өзін-өзі анықтау қағидатын іске асырудың құқықтық және басқа жағдайларын қалыптастыру, тұтынушылық нарықты қанықтыру, Қазақстанның дамуы үшін шетелдік инвестицияларды тарту және тиімді пайдалану; | |
әлеуметтік даму - іс жүзінде барлығының әл-ауқаты қамтамасыз етілетін қоғамның құрылуы, кез келген ниеті бар адамға кәсіпкерлік еркіндік пен кез-келген басқа қызмет салаларында дамуына күш салу, этникалық ерекшелікті дамыту және Қазақстанның ұлттық-мәдени әртүрлілігін сақтап қалу. | |
Сыртқы саясат және ұлттық саясат саласындағы Стратегия безопасности. | Қазақстан өзінің нақты геосаяси жағдайына байланысты - теңізге тікелей шығу, сондай-ақ байланыс құралдарының алшақтығына байланысты халықаралық экономикалық қатынастарға қатысуда қиындықтарға тап болды, сондықтан көрші мемлекеттермен, соның ішінде Қазақстан үшін әлемдік байланыстың қақпасы саналатын Ресей және Қытаймен толық сенім қағидаттарына негізделген өзара тиімді достық қатынастарды қолдауға баса назар аударылды. |
Сонымен қатар ортақ шекараларға, қалыптасқан шаруашылық, экономикалық байланыстарға, тарихи әрі мәдени-этникалық өзара үйлесімділігі бар Орталық Азия мемлекеттерімен жасалатын қатынас та назардан тысқара қалмады. Қазақстан мен Түркия, Пәкістан, Үндістан, Иранмен арасында келісімдерге қол қою осы және басқа да Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты дамыту туралы айтуға негіз береді. | |
Елбасы өзінің саяси көрегендігіне сай Тынық мұхитынан Босфор бұғазына дейінгі Трансазиялық теміржол жобаларын, Алматы маңында заманауи халықаралық жолаушылар және жүк әуежайын салу, сонымен бірге Шығыс пен Батысқа мұнай құбырларын тұрғызуды ерекше маңызды деп санады: «Бұл Қазақстанның әлемдік экономикаға енуін жеделдетеді, оған Шығыс пен Батыстың, Еуропа мен Азия-Тынық мұхиты аймағының елдері арасындағы өзіндік көпірге айналуға, сондай-ақ өзінің геосаяси функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. | |
Қазақстан Н.Назарбаевпен бірге ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» жобасын қолдап, аталған бастаманың серіктестері атанды. | |
Нырыққа көшу | Нарыққа көшу алдындағы маңызды мәселелер:
Үкімет нарыққа көшуді қолдады. |
Нарықтық қатынастардың принциптері | нарықтық қатынастар-нарықтың жұмыс істеуіне байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар. Сырт көзге тауар иелерінің өзара іс-қимылы ретінде көрініс табады, осы іс-қимыл барысында тауарлар – сату үшін өндірілген өнімдер еркін, яғни тең құқықты негізде айырбасталады. Өнім тауарға айналуы үшін онда мыналар болуға тиіс: 1)сатып алушы үшін тұтыну құны,2)айырбас құны болуға тиіс. |
Қазақстандағы нарықты дамыту ерекшеліктері: | Мемлекеттік меншіктің үлесі көбінесе елдің экономикалық даму ерекшелігімен анықталады. Қазіргі уақытта жетілмеген (еркін емес) бәсеке жағдайында, нарықты реттеу дәуірінде меншік түрлерінің құрылымы кәдімгідей өзгерді: жеке меншік 30-35% көлемін, корпоративті (ұжымдық) меншік көптеген бөлігін, яғни 50%-ын және мемлекеттік меншік 15-20%-ды құрайды. |
Негізгі бағыттар экономика саласында: | Экономика саласында: меншіктің негізгі түрлерін үйлестіре және өзара іс-қимыл жасай отырып бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік нарықтық экономика құру. Адамның экономикалық тұрғыдан өзін айқындау принципін іске асыру үшін құқықтық және басқа жағдайлар жасалады. Мемлекеттік меншіктің үлесі ұдайы азая түседі және болашақта, сірә, 30-40% шеңберінде белгіленетін болар. Бұл, біздің экономиканың өзегін республиканың ерекше меншігін құрайтын жер қойнауының байлығына негізделген саласы құратынына байланысты. |
Нарыққа көшу кезінде экономикалық өзгерістерге қол жеткізудің хронологиялық шеңбері | Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да қүжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары қүрылды. |
Нарыққа көшуге ықпал ететін мүмкіндіктер | Бай табиғи ресурстар; Әлемдік нарыққа азық-түлік жеткізушісі болуға мүмкіндік беретін кең ауылшаруашылық жерлер; Жеткілікті дамыған өндірістік әлеует және білікті мамандар; Ғылыми жаңалықтар мен өнер табыстардың бай арсеналы. |
Нарыққа көшу кезіндегі қиындықтар | нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, эдіс-тэсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тэн, оның үлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы сая- си, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сэйкес өз моделі, өз жолы болуы керек. Оны әлемдік тэжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай эр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсыпғап “есеңгіретіп емдеу” деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі жэне өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жекеменшікке негізделген кэсіпорындардың үлесі өсіп, бэсеке ортасы қалыптаспай түрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру — үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмағанды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. ¥лттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі жэне сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жүмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бүзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапсыздық қосылды. Міне, бүлар реформаны жүргізуде, эконо- миканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жүмыс істеп көрмегендіктен, оның қыр-сырын, бүге-шігесін, одан шығу жолдарын білмеді. |
ҚР-дағы мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы 1993-1995 жж. | 10)Жекешелендірудің заңдылық базасы «Меншік туралы» және «Мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру туралы» заңдарымен көрсетілген.Кезең 1991-1992 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңдегі жекешелендіру процесінің негізгі бағыты – мемлекеттік орталық- танған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту үшін жағдай жасау мақсатында кең ауқымда реформалар болды. Ол кәсіпорындарды, олардың еңбек ұжымдарының, ұжымдық немесе акционерлік меншігіне жеңілдетілген талаптармен беру және сауда мен қызмет көрсету объектілерін сату, соның ішінде тұрғын үй купондарына сату жолымен жүргізіледі.Кезең 1993-1995 жылдарды қамтиды. Бұл кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1993- 1995 жылдардағы мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылады. Жекешелендірудің екінші кезеңінің негізгі мақсаты мемлекеттің республика халқына ұлттық мүлікті өндіріс объектілері мен басқа да мемлекетке тиесілі материалдық және материалдық емес активтерді өтеусіз және өтеуімен өткізіп беру жолымен қайтаруды процесіндегі меншік құқықтарының дербестену негізінде орталықтанған-жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуге қажетті жағдай жасау болып еді. |
Жекешелендірілген Қазақстанның өнеркәсіптік алыптары | Республикалық мемлекеттік жэне коммуналдық мемлекеттік кэсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі үлттық компаннялар арқылы сақталды. Мүнай-газ секторында — бүл “ҚазМүнайГаз”, энергетикада — “КЕГОК”, телекоммуникацияда— “Қазақтелеком”, темір жолда — “Қазақстан темір жолы”. |
Қазақстанға нарыққа көшуы кандай мүмкіндік берді? | Бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді. Онда елдің ішкі бекем тұстарын және сыртқы саясатындағы мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, мемлекеттің дамуындағы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру көзделген. Олар: 1) ұлттық қауіпсіздікті сақтау; 2) ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту; 3) нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу; 4) Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтеру; 5) энергетика ресурстарын жете пайдалану; 6) инфрақұрылым, көлік және байланысты дамыту; 7) демократиялық кәсіби мемлекетті құру. |
2022 жылдың қорытындысы бойынша ҚР экономикасы қалай сипатталады? | 2022 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын жалғастырады. Кез келген елдің экономикасының жай-күйін бағалауға болатын маңызды көрсеткіштердің бірі – өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мұнай және газ өндіру, логистика сияқты және т.б. негізгі салаларда жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу.Инвестициялық тартымдылықты арттыру Үкіметтің басты міндеттерінің бірі болып қалады: отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалады, әзірленіп жатқан жобаларға мұқият мониторинг жүргізіледі, әртүрлі бағыттарда мемлекеттік қолдау шаралары іске асырылады, салықтық ынталандырулар мен преференциялар қолданылады, шынайы нарықтық бәсекелестікті күшейту жөніндегі шаралар кешені іске асырылады, заңнамалық және сот практикасы жетілдіріледі.Экономиканың нақты секторын нығайту қоғамдық өмірдің басқа да салаларына оң мультипликативті әсер береді, нәтижесінде бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына және азаматтардың әл-ауқатының артуына әкеледі.Жалпы, 2022 жылғы барлық жаңа жобалар жобалық қуаттылығына шыққан кезде олардың жиынтық өндіріс көлемі шамамен 1,7 трлн теңгені құрайды, оның ішінде экспорт – 1,1 трлн теңге, импортты алмастыру – 0,6 трлн теңге.Жыл бойы Үкімет Қазақстанға бірқатар ірі шетелдік компанияны көшіру бойынша белсенді жұмыс жүргізді. 62 компания бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізді: 21-і релокацияланды, 13-і пысықталуда, тағы 28-імен белсенді келіссөздер жүргізілуде. 2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласы ең жоғары өсу қарқынын көрсетті: жалпы өнім көлемі 8,5%-ға ұлғайып, 8,8 трлн теңгені құрады. |