Файл: ысамерзімді жоспар Сабаты таырыбы Минералды тыайтыштар. 8 крсетілім Минералды тыайтыштар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 34

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы:Минералды тыңайтқыштар. №8 көрсетілім «Минералды тыңайтқыштар»

Бөлім:

9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) -топ элементтері және олардың қосылыстары

Педагогтің аты-жөні:

Курбанбекова П.К

Күні:

24.02.2023ж

Сыныбы:9 а,в

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Минералды тыңайтқыштар.

8 көрсетілім «Минералды тыңайтқыштар»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.4.2.3 -минералды тыңайтқыштардың жіктелуін және олардың құрамына кіретін қоректік элементтерді атау

9.4.2.4 -азот және фосфор тыңайтқыштарының қоршаған ортаға әсерін зерделеу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Минералды тыңайтқыштардың жіктелуін анықтайды.Көпшілік оқушылар үшін:

Азоттың құрамына кіретін қоректік элементтерді анықтайды

Кейбір оқушылар үшін:

Азот және фосфор тыңайтқыштарының қоршаған ортаға әсерін зерттейді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Топ ережесін еске түсіру.
Топтастыру.

Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:

Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.

I – Үшбұрыштар тобы

II – Дөңгелектер тобы

III – Төртбұрыштар тобы


Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Фигуралар салынған конверт



Жаңа сабаққа кіріспе

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Өсімдіктің өсуіне қажетті маңызды элементтер?
2.Азот,Фосфор,Калий тыңайтқыштарының маңызы?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

35 мин.


Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Минералды тыңайтқыштардың жіктелуін анықтайды.

Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру.




Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1.Тапсырма

Өсімдіктерге қажет элементтердің сіңірілу жолдарын сипаттап береді



Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Талдау жасайды.

ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.




Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

2.Тапсырма

1. Екі стаканға екі пияз салып,біреуіне құбыр суын ал екіншісіне тыңайтқыш ерітілген су құйыңдар. Бақылауларыңды түсіндіріңдер


Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Тәжірбие жасайды

ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин.


«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Үйге тапсырма.Минералды тыңайтқыштар.Оқу

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.